Зерттеудің
тәжірибелік
маңыздылығы
диссертациялық
жұмыс
мазмұнында келтірілген қорытындыларды, шешімдер мен ұсыныстарды
тәжірибеде қолданудың мүмкіндіктерін көрсетеді. Алынған қорытындылар мен
ұсыныстарды заң шығару қызметінде, құқық қолданушылық процесінде,
ғылыми жұмыстарда, оқу процесінде сәйкесінше:
– Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру
жұмыстарында қолдануға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жетекші
түсініктерін дайындауда;
– меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды жымқырудан
келген зардаптар мәселелерін реттейтін заңнаманы арнайы мемлекеттік
органдардың, құқық қорғау органдары мен сот органдарының дұрыс қолдануы
мақсатында;
– меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды жымқырудан
келген зардаптар туралы қылмыстық заңдардың құқықтық негіздерін дұрыс
қалыптастыру үшін ғылыми тұжырымдаманы даярлауда;
– қылмыстық құқық пәні бойынша және кейбір арнайы курстар бойынша
оқу істерін жүргізуде, сонымен қатар, оқулық және оқу әдістемелік құралдарды
дайындау үшін пайдалануға болады.
Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Диссертациялық зерттеу жұмысы
КАЗГЮУ Университетінің қылмыстық құқық, қылмыстық атқару құқығы және
криминология кафедрасында орындалды. Диссертациялық зерттеудің негізгі
теориялық ұсыныс-қорытындылары мен тақырыптың кейбір ғылыми даулы
тұстары бойынша жүргізілген зерттеулер мен оған берілген пікірлер
кафедраның отырыстарында талқыланды.
Диссертация көтерген тақырыптың кейбір мәселелері ғылыми-теориялық
және практикалық конференцияларда тыңдалып, зерттеу нәтижелері ғылыми
мақалалар түрінде (соның ішінде, ҚР Білім жіне Ғылым Министрлігінің Білім
және Ғылым саласындағы бақылау Комитетінің талаптарына сәйкес)
жарияланған.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация нормативтік сілтемелерден,
белгілеулер мен қысқартулардан, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланған әдебиеттер тізімінен құралады. Диссертацияның көлемі осындай
жұмыстарға қойылатын талаптар жөнінде Қазақстан Республикасының білім
және ғылым саласындағы қадағалау мен аттестаттау жөніндегі Комитеті
бекіткен Нұсқаулыққа сәйкес дайындалған, 139 беттен тұрады.
|