Жүмыс барысы
Қүрғақ шөп таяқшасын алу (Bacillus subtilis) 100-150 мл колбаларды кайнатады. Ол ушін 10-15 минут ішівде су қайнатады. Әр турлі қүрғақ шөпті үсақтап 500 мл көлемді колбаға салып, оның төрттен бір бөлігіне толтырып, бор ұнтағын қосып, орта қою шай тусіне ие болғанша 15-20 минут қайнатады. Шөпті түндырманы дайындалған колбаларға 1,0-1,5 қабатты етіп құяды. Содан макталы тығынмен жауып 22-25°С температурасында термостатка немесе орталық жылу беру радиатор маңында қояды.
Екі тәуліктен соң орта бетінде ақшыл қабықша Вас. Subtilis пайда болады. Ескеру кезінде 3-4 тәулікке сур -жасыл болады. Басқа микроағзалар бұнда аз және сирек өседі.
Қартоп таяқшасын алу (Bacillus subtilis var mesentericus)
Жуылған картоп туйнектерін тазаламай дөңгелектеп кеседі. Ортаны нейтрализациялау үшін олардың бетін бормен жағып, дистилденген суда малынған екі қабатты фильтрлейтін қағаздың үстіне Петри ыдысына орналастырады. Ыдыстағы картопты ортаны автокнавта 0,5 атм кезінде 10 минут үстап, 27-30°С температурасы бар термостатқа 3-4 тәулікке қояды.
Картоп кесінділерінін бетінде бүдыр тығыз картоп таяқшасының қабықшасы пайда болады. Қабықша түсі әр түрлі болуы мүмкін: ақшыл сүр, қою сары, қара. Ол дақылдың әр турлігіне байланысты.
Зертханалық жұмыс №12
Тақырып: Генетикалық зерттеу әдістері. Градиенттік таяқшалар арқылы бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау.
Мақсаты: Студенттерді градиенттік таяқшалар арқылы бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау таныстыру.
Құрылыстың ерекшеліктері мен даму циклінің күрделілігіне байланысты миксобактериялар сырғитын бактериялардың екінші тобына Myxobacteriales мен Cytophaqales қатарының ішіне кіреді. Кәдімгі бактерияларға қарағанда миксобактериялардьщ қарапайымдылардьщ қабыкшасына ұқсас жіцішке созылғьпп қабықшасы бар. Миксобактериялардьщ кебінде жекелеген ядро болады, басқаларында ядролық зат вегетативті жасушалардьщ микроцисталар кезеңіне өткен кезде оқшауланады. Микроцисталар вегетативті жасушаларына айналғанда ядролық зат қайтадан цитоплазманың ішінде диффузды орналасады. Миксобактерияларда талшықтары жоқ. Олар денесін жасушалар бөлетін шырынды заттың ішінде белсенді бүгу арқылы қозғалады.
Миксобактериялар тартылу пайда болу жолымен бөліну арқылы кебейеді.
Миксобактериялар даму цикльгада бірнеше кезендерден етеді. жас культурада миксобактериялар ұштары сүйірленген, ұршық пішіндес таяқша тәріздес болады. Жасушалар интенсивті бөлініп, кеп шырынды бөледі. Оның ішінде олар тіршілік етіп, субстратта белсенді қозғалады. Миксобактерияньщ бұл даму сатысы псевдоплазмодия деп аталадыда, 1-7тәліккесозылады.
Қартайған сайын миксобактериялар қысқарьш, жұмырланады да микроцисталарға айналады. Микроцисталар ортақ шырынды кабықшамен жамылып, цисталарға айналады. Цисталардьвд жиьшы жеміс денесін түзейді. Жеміс денелер жұмыртқа, саңырауқұлақ, пирамида, ағаш пішінді болады. Миксобактериялардьщ кейбір түрлерінде жемісті дене құрғап калган шырьганан тұратын аяқта қалыптасады. Жеміс денелердің мелшері 0,2-1,7 мм құрайды. Жеміс денелер түссіз немесе сарғыш және күлгін түстерге боялған. Миксобактериялардьщ көбі жеміс денелерді түзе алады. Бірак кейбіреулері жеміс дене, цисталар және микроцисталарды түзбейді. Оларды жетілмеген миксобактериялар деп атайды.
Жеміс денелер мен цисталар піскен кезде микроцисталар қайтадан вегетативті таякша тәрізді жасушаларга айналады.
Миксобактериялар топырақта, көнде, илде және карапгіріндіге мол ыдырап жатқан материалдарда кездеседі. Олардьщ көбі целлюлоза мен хитинді ыдыратады. Миксобактериялардьщ көбі - тек аэробтылар, коректену типі - гетеротрофтылар, негізінде сапрофитгер. Жеміс денелерді түзе алатын миксобактериялардьщ типті өкілдері Poliangium, Myxococcus, Archangium бактериялар болып табылады.
Жасушаның пішіні, сырғау қозғалысы және целлюлозаны ыдырау қасиетімен миксобактериялар мен целлюлозаны ыдырататын бактериялардың екі тұқымдасы - Cytophaga мен Sporocytophaga жатады. Бірақ осы целлюлозаны ыдырататын бактериялар жеміс денелерді түзбейді. Sporocytophaga бактериялардың вегетативті жасушалары қартайғанда, жұмырлануға және микроцисталар кезеңіне өтуге қабілетті. Cytophaga бактериялары микроцисталарды түзбейді.
Материалдар және құрал-жабдықтар
Петри шынылары, қоянның жаңа қиы, пинцет, стерильді дистиллденген суы бар колба, пипетка, жабынды шыны, спирт шамы, микробиологиялық ілмек, тегіс жиекті пробирка, фуксин немесе генцианвиолеттің судағы 1%-ті ерітіндісі, микроскоп, кең агары.
Жұмыс барысы
Миксобактериялардьщ жинақтағыш культурасын алу үшін көң агарының пластинкаларын қолданады.
Көң агарын дайындау. Қоянның жаңа қиытің ЮОг-ын қүбырының 1л суында қайнатып, жақта фильтрі арқылы сүзеді. Фильтратқа 5г крахмал және 20 г агар қосылады. Ортаны агардың еруіне дейін пісіреді де, пробиркаларға қүйып, 1 атм қысымда 30 мин. автоклавада стерильдейді.
Стерильдігін сақтап, жылытылған көң агарын Петри шыныларға қүйып, нластинкалардың суып қатқанын тосады. Ылғалдандырылған қоянның жаңа қиытің бөліктерін жіңішке үштары бар пинцетпен қоректік ортаның пластинкаларына салады. Себілген Петри шыныларын 25-28°С температурасында термостатқа қояды. жаңа қиытің түйірлерін Петри шыныларда стерильді дистиллденген сумен ылғалдандырып, үнемі ылғалды жағдайда үстау керек. Ылғал жетіспегеңде жаңа қиытің түйірлерінде зең саңырауқүлақтары дамиды. 10-14 тәуліктен кейін қиытің түйірлерінде миксобактериялардың жеміс денелері түзіледі Олар кебінесе сары, ашық қызыл түске боялған. Миксобактериялардьщ әсу сипатын зерттеу үшін, тегіс жиекті пробиркамен қиытің түйірлерімен агарланған ортадан бөліктерді ойып кеседі де, жабын шынысына салып микроскоптың аз үлкейтуде микроскоптайды.
Миксобактериялардьщ топтарының шырынды салмағынан мазоктарды дайындап, оларды бояп, МИ-90 объективті қодданып микроскоптайды. Препаратгарда ұзьш таяқша тәрізді шық пішінді жасушалар мен көптеген жұмыр микроцисталар көрінеді.
Зертханалық жұмыс №13
Тақырып: Лаборатроиялық жануарлар, оларды зақымдау әдістері.
Мақсаты: Студенттерді лаборатроиялық жануарлар түрлерімен таңыстырып, оларды зақымдау әдістері туралы мәліметтер беру.
Малдан қап алу үшін қан алынатын жердің жүнін қырқып, немесе қырып, теріні спиртпен тазалайды да, тамырды стерильденген арнаулы инемен теседі. Қанды аз мөлшерде алған жағдайда малды онша күш жұмса-май үстаған дұрыс. Кейбір жағдайларда ұсақ мал мен қүстан канды тікелей жүрек қарыншасынан алады.
Жылқы, ірі қара және ұсақ малдан қан алу әдістері. Аздаган қанды құлақтың вена тамырларынан алады. Тамыр орналасқан жерді тазартқан соң, оны арнаулы инемен теседі де, шыққан қан тамшысын шыны түтік-шемең сорып алады. Тамырдан шыққан бірінші тамшы-ны құрғақ таза мақтамен сүртіп тастаған жөн, сонда қан тамшысы жайылмайды, оны сорып алу оңайлайды.
Көп қанды ойыс венадан алады. Ол үшін малды қи-мылдамайтындай етіп байлайды да, теріні тазартып, қан алатын тамырды бас бармақпен баса үстайды. Қан тамырға жиналып, тамыр анык. көрінеді. Арнайы стерильденген инемен тері мен тамырды көлбей теседі (ине ша-мамен 45° бұрышпен қадалу керек). Қан аға бастағанда инеге таза ыдысты тосып, керекті мөлшерде қан алады. Соңғы кезде қан алу үшін арнаулы аспап — автоматтар пайдаланылады.
Созылмалы тәжірибелерде терең орналасқан қан та-мырларынан (қақпалық, бауыр, артқы қолқа, мес қарын тамырлары және басқа веналардан) ұзақ уақыт қан алу үшін катетерлеу әдісі қолданылады.
Шошқадан қан алу. Шошқаның үлкен құлақ вена-сын скальпелмен тілу арқылы аздаған мөлшерде қан алады. Ол үшін тамырдың орталық бөлігін құлақ түбі-нен саусақпен қысып тұрады.
Қанды көп мөлшерде алу үшін қайшы немесе скальпелмен құйрықтың ұшынан 1 —1,5 см шамасында кесіп тастайды. Қан алып болған соң, жараны дезинфекция-лап, құйрықтың үшын 1—2 тәулік бойына бинтпен та-ңып тастайды.
Торайлардан 5—30 мл мөлшеріпде қан алу үшін оларды шалқасынан жатқыза байлап қойып, ине немесе микропипетканың көмегімен орбитальды вена синусын теседі.
Иттен қан алу. Иттен (мысыктан) қанды аз мөлшер-де құлағының ұшынан алады. Көп мөлшердегі қанды асық жіліктің сырт жағын ала, тірсектен төмен орналас-қаң сирақ венасынан алады. Итті бір бүйіріне жатқы-зып, немесе станокқа бекітіп, аяқтарын қолмен қыса үстап, тірсектің төменгі жағынан резеңке бұрау салады да, инемен алдымен теріні, одан соң венаның қабырға-сын тесіп, қанды шприцпен сорып алады.
Қояннан қан алу. Қояннан қанды аз мөлшерде қүлақ-тың үшын тіліп, немесе қүлақ венасынан алады. Бұл кезде қоянды сүлгімен орайды, немесе басы шығып тұ-ратын арпаулы тесігі бар жәшікке отырғызады. Құлақ-ты алдын ала жылы суға салған, немесе ксилолмен (спиртпен) сүрткен жөн.
Қанды көп мелшерде кеуде венасынан алады. Ол үшін операциялық алаңды (шынтақ темпешігінен үшін-ші қабырғаға дейін) дайындап болған соң, венаны сау-сақпен басып түрып, инені қан ағысына қарсы бағытта көлбеу енгізеді.
Кейде қанды тікелей жүректің өзінен алады. Қоян-нан 15—20 мл-ге дейін қан алуға болады.
Егеуқүйрық пен тышқаннан қан алу. Егеуқүйрық пен тышқаннан қанды құлағының үшын тіліп, немесе қүй-рығының ұшын кесіп алады. Үлкен егеуқұйрықтан қанды кұйрық венасынан да алуға болады. Ол үшін күйрықты алдын ала жылы суға салады да, дәкемен құрғатып сүртеді. Содан соң құйрық түбін саусақпен кыса ұстап, венаға жіңішке ине кіргізеді де, қанды піприцпен сорады.
Құстан қан алу. Тауықтан қанды аз мөлшерде оның айдарын тіліп, ал қаз бен үйректен жұмсақ табанын тесіп алады. Құстан қанды көп мөлшерде, канаттары-ның астыңғы жағында орналасқан қанат асты венадан алады. Ол үшін қауырсындарды жұлып тастап, топшы түсынан венаны саусақпен қыса ұстап, инені тамырға көлбей енгізеді.
Қүстың қаны өте тез үйитын болғандықтан, қан ала-тын жерді алдын ала қан уйытпайтын сүйықтықпен (антикоагулянтпен) сүртеді. Шыққан қанды пипеткамен Ішінде антикоагулянты бар пробиркаға кұяды.
Тауықтан, қаздан, түйетауықтан бір ретте 10—15 мл, кегершіннен —1 —1,5 мл қан алуға болады.
Зертханалық жұмыс №14
Тақырып: Агглютинация реакциясы (АР).
Мақсаты: Студенттерді агглютинация реакциясымен таңыстыру.
Бір малдың қанын екінші малға донор (қан беруші) қаны мен реципиент (қан қабылдаушы) қаны үйлесім-ді болған жағдайда ғана құюға болады. Мұның себебі — эритроциттерде екі түрлі желімденетін заттар: А және В агглютиногендері, ал плазмада екі түрлі желімдейтін зат — а және р агглютининдері болады. Эритроциттер-дің бір-бірімен желімденуі А агглютиногені мен а агглютинин!, В агглютиногені мен [J агглютинині кездес-кенде байқалады. Қан құрамындағы агглютиноген мен агглютининдердің сипатына қарай адам қаны 4 топқа бөлінеді.
Мал қанының эритроциттерінде көптеген агглютино-гендік факторлар болады, сондықтан оларды топқа бөлмей, генетикалық жүйелерге біріктіреді. Мысалы, ірі карада 80 агглютиногендік фактор болады да, ол 12 ге-нетикалық жүйеге бөлінеді. Жылқы қанында 19 агглютиноген болып, ол 10 генетикалық жүйеге бөлінеді.
Ауылшаруашылық малы қан топтарыныц бұл ерек-шелігін иммуногенетикада пайдаланады.
Керекті заттар мен құралдар. Қанның II және III топтарының стандартты сарысуы, пипеткалар, төсеніш шынылар, қан алуға арналған инелер, мақта, спирт, иод.
Жұмыс барысы:
Төсеніш шыныньщ астыңғы бетінің бір шетіне II, ал екінші шетіне—III деген белгі салады да, белгілерге сәйкес II және III топтың стандартты қан сарысуын та-мызып, оларға зерттелетін қанның бір-бір тамшысьш араластырады. Егер тексерілген қан I топқа жатса, екі тамшыда да агглютинация жүрмейді (тамшыда ірімтік-тер пайда болмайды), IV топтың қанында екі тамшыда да агглютинация байқалады. Агглютинация III топтың қан сарысуы қосылған тамшыда жүрсе, кан II топқа, ал керісінше II топтың қан сарысуы араласқан тамшыда жүрсе—III топқа жатады.
.2. Қаннық ұю жылдамдығын анықтау (Бюркер әдісі бойышиа). Сағат шынысының бетіне дистильденген судың бір тамшысын алып, оған бір тамшы қан аралас-тырады да, уақытты белгілейді. Қанды адамның сауса-ғынан, не қоянның құлақ тамырынан алады.
Әрбір жарты минут өткен сайын иілген жіңішке шьь ны таяқшамен тамшыны жайылып кетпейтіндей етіп араластырады. Таяқщанын, ұшына фибрин жіпшелері ілінген уақыт канның ұю мерзімін көрсетеді.
Бақылау сұрақтары
-
Канды топқа бөлу негіздері.
-
Қан топтарьгнық үйлесімдігін анықтау принциптері.
-
Қан топтарын анықтау әдістері.
4. Ауылшаруашылық малы қанының генетикалық жүйелері.
5. Қанның ұюы және онын. механизмі.
6. Қаннық ұю жылдамдығын анықтау.
Зертханалық жұмыс №15
Тақырып: Преципитация реакциясы (ПР)және КБР
Мақсаты: Студенттерді преципитация реакциясы (ПР)және КБР таңыстыру.
Материал және құрал-жабдықтар
Көң тұнбасы, фуксин, эммерсион майы, микроскоп, зат және жамылғы шынысы, пересев үшін инелер мен петли, препаровалды инелер, шыны таякшалар, тіс тазалығыш немесе сіріңкелер, спиртовка, окуляр-микрометрі, объектив-микрометрі, затты шыныларға арналған штативтер.
Негізгі мағлұмат
Ирек-ирек пішінді бактериялар үш топқа белінеді: вибриондар, спирилдер және спирохеттер. Барлығы да қозғалмалы келеді.
Вибриондар-қозғалыс кезінде пішіні майыспайды; жасуша өзін спиралдың бір ирек белігін көрсетеді, пішінімен үтірге ұқсайды.
Спирилдер - қозғалыс кезінде пішіні майыспайды; жасушада бір немесе көп спираль иректері болады. Осы бактериялардьщ козғалысқа бейімделігі талшықтар арқылы болады. Қозғалыс сипатының қозғалысы бактериясының денесінде талшықтың жағдайына байланысты.
Спирилдерде пурпурлы фототрофты Rhodoshirillum.rudrum жатады. Бұл түр полярлы талшықтармен.сонымен қатар хроматофорада пурпур пягменті родопсин және бактериохлорофилдер. Бірақ та микроскопен қарағанда тірі қалпындағы жалғыз жасушалы Rhodoshirillum rudrum сұр боп көрінеді де ,тек қана көп мөлшерде бактериялық жасушалар жиналғанда дақыл сұйықтығы пурпур туске боялады.
Спирохеттер-өте ұсақ ирек-ирек пішінді.қозғалыс кезінде майысады. Прокариотты бір жасушалы организмдердің ерекше тобы. Басқа бактерияларға қарағанда жасуша қабықшасынашар ригидті, сондықтан спирохеттердің денесі қозғалыс кезінде жылан сияқты бүктенеді. Жасушаньщ ішкі құрылымьшда спирохеттерде айырмашылық белгісі; мысалы,аксимальді цитоплазмалық жіпшенің болуы, бактерияның бүкіл денесі бойында орналасқан.
Спирохеттер адамға қауіпсіз, мысалы, ауыз қуысында және патогенді, олар топырақта, су қоймасында және адам, жануар ағзасында тіршілік етеді.
Tic шабуылының микроскопиялық зерттеу
Зат шынысына бір тамшы су алады, сосын сіріңкемен немесе тіс тазалығышпен кішкене тіс шабуылын алады да сумей араластырады, шатпақты дайындайды, бекітеді және фуксинмен бояйды. Шайылған және кептірілген препаратты иммерсионды объективпен қарайды. Препаратта әр түрлі пішінді бактерияларды көреміз. Bac.maximus buccalis, Shirochaeta buccalis, S.dentum, Vibrio buccalis, Streptococcus aldus және басқа кейде кездейсоқ тұрлері.
Bac.maximus Ьассаііз-аэроб.ұзынша пішінді жуан жіпшелер. Колонияға сары, боз-сары немесе алтын түс береді.
Spirochaeta buccalis-аэроб, жасушалар үзын, ірі спиральді бүралған жіпшелер түрі болады.
S.denyum-ол да спиральді бүралған жіп, бірақ та S.buccalis-ке қарағнда жіңішкелеу.
Көң тұнбаның микпоскопиялық зертгеу
Зат шынысына бір тамшы көң тұнбанысалады, шынымен жауып тірі қалпында микроскоптың үлкен үлкейтумен қараймыз.
Препаратга әр түрлі пішінді бактериялар кереміз (вибриондар, спирилдер, спирохетгер). Бактерияньщ қозғалысын анық көреміз, егер салбыраған тамшысында қарасақ.
Достарыңызбен бөлісу: |