8 – Тақырып. Қосылған құнға салық бойынша бюджетпен есеп айырысулардың салықтық есебі
Дәріс жоспары:
1.Қосылған құн салығының салық салу базасы және төлеушілері
2.Қосылған құн салығын бухгалтерлік есепке алу
1.Республикалық бюджет кірістерінің ішінде ең маңыздысы - қосылған құн салығы (ҚҚС). Ол тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстарды, қызмет көрсетулер) үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстарды, қызмет көрсетулер) үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Салық салу объектілері:
-
салық салынатын айналым;
-
салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектілері болып табылады.
Төлеушілері Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған мынадай тұлғалар:
-
жеке кәсіпкерлер;
-
мемлекеттік мекемелерді қоспағанда заңды тұлғалар;
-
қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;
-
заңды тұлға сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушілер ретінде танылған құрылымдық бөлімшелері қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады.
Тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілер Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес осы тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар болып табылады.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға қойылатын талаптар:
-
Қорытындысы бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша айналымның мөлшері белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан асатын болса, тұлғалар кез келген кезең (он екі айлық кезеңнен аспайтын) аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш беруге міндетті.
-
Өткізу бойынша айналымды анықтау кезінде салықтан босатылатын өткізу бойынша айналым, егер ондай мүлік кәсіпкерлік қызмет мақсатында пайдаланылмаса, есепке алынбайды.
Шаруа қожалығы үшін арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеуші, өткізу бойынша айналым мөлшерін анықтау кезінде осы арнаулы салық режиміне кіретін қызметті жүзеге асырудан түскен өткізу бойынша айналымды есепке алмауына болады.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері болған жағдайда өткізу бойынша айналым көлемі осы тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелерінің өткізу бойынша айналымдары ескеріле отырып айқындалады.
-
Өткізу бойынша айналымның ең төмен деңгейі көрсетілген кезеңнің соңғы айына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15 000 еселенген шамасын құрайды.
-
Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылуға жатпайтын, бірақ қосылған құн салығын салуға жататын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуді жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлаған тұлға қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтінішті салық органына ерікті түрде бере алады.
Тұлғалар қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтініш берген айдан кейінгі айдың алғашқы күнінен бастап қосылған құн салығын төлеушіге айналады. Жеке кәсіпкер он жұмыс күннен кешіктірмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш берген жағдайда, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы тұлға жеке кісіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушіге айналады.
Мемлекеттік мекемелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместі қоспағанда, заңды тұлға ол мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күннен кешіктірмей салық органына қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтініш берген жағдайда осы тұлғалар өздері салық төлеушілер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушілерге айналады.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қою салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу орны бойынша жүзеге асырылады.
Заңды тұлға арнайы экономикалық аймақтың аумағында объектілер салу жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, ондай зағды тұлғаның не оның құрылымдық бөлімшесін қосылған құн салығы бойынша есепке қоюды арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органы жүзеге асырылады.
Қосылған құн салығы бойынша есептен шығару:
-
Егер қосылған құн салығын төлеушінің соңғы он екі айлық кезеңдегі салық салынатын айналым мөлшері салық салынатын ең төмен айналым мөлшерінен аспаса, ол тіркелген жеріндегі салық органына өзін қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге құқылы.
-
Егер қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тұлға салық салынатын айналымдарға байланысты қызметін тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлға қызметі тоқтатылған салық кезеңінен кейінгі алты айдың аяқталуынан кешіктірмей, өзін қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге міндетті.
-
Қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын заңды тұлға таратылған жағдайда, мұндай тұлға салық төлеушілердің мемлекеттік тізімінен алынып тасталған күннен бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылуы тиіс.
Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша айналым.
-
Тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде:
-
тауарды сатуды;
-
тауарды тиеп жөңелтуді, оның ішінде басқа тауарларға алмастыруды;
-
тауар экспортын;
-
тауарды тегін беруді;
-
Тауарды төлем мерзімін ұзарту шартымен тиеп жөнелтуді;
-
Мүлікті қаржы лизингіне беруді;
-
Қарызды төлемеген жағдайда кепіл берушінің кепілге қойылған мүлкін беруін;
-
Бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде қайтаруды білдіреді т.б.
Салық салынатын айналымды анықтау.
Қосылған құн салығын төлеушінің тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша жасаған айналымы салық салынатын айналым болып табылады, оған:
-
қосылған құн салығынан босатылған;
-
өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын айналым қосылмайды.
Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алынған жағдайда, аталған жұмыстар, қызмет көрсетулер белгіленген тәртіппен алушының салық салынатын айналымына енгізіледі.
Салық салынатын импорт Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиісті, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.
Тауарды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу орны болып:
-
егер тауарды беруші, алушы немесе үшінші тұлға тасымалдайтын болса, тауарды тасымалдау басталған орын;
-
басқа жағдайларда- тауарды алушыға беру орны ;
-
егер жұмыстар, қызметтер жылжымайтын мүлікпен тікелей байланысты болса, осы мүліктің орналасқан жері;
-
егер олар жылжымалы мүлікпен байланысты болса, жұмыстарды, қызметтерді нақты жүзеге асыратын орын.
Өткізу бойынша айналым жасау күні болып:
Тауарды тиеп жөнелту күні тауар өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
Салық салынатын айналым мөлшері.
1. Егер трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мөлшері, оған қосылған құн салығын енгізбей, мәмле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілетін тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны негізінде анықталады.
2. Тауарларды тегін берген кезде салық салынатын айналым мөлшері, қосылған құн салығын енгізбей, өткізу бойынша айналым жасау күні қалыптасқан бағалар деңгейі негізге алына отырып анықталады, бірақ бұл баланстық құнынан кем болмауы керек.
3.Кепіл беруші кепілдік мүлікті берген кезде кепіл берушідегі салық салынатын айналым мөлшері, сатылатын кепілдіктегі мүлік құны негізге алынып, бірақ қосылған құн салығы енгізілмей, осы мүлікті кепілге салудан алынған займ қаражаты сомасынан төмен емес мөлшерде айқындалады.
2. Салық салынатын айналым мөлшерін түзету.
Өткізілген тауарлардың құны қандай да бір өзгеріске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі.
Салық төлеушінің салық салынатын айналым мөлшерін түзеті:
-
тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;
-
мәмленің шарттары өзгерген;
-
өткізілген тауарлар үшін баға, өтем өзгерген;
-
өткізілген тауарлар үшін теңгемен төлеу кезінде құнының айырмасын алған.
Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар. Тауарлар экспорты болып:
-
экспортқа тауарлар өткізу жөніндегі айналымға нөлдік ставка бойынша салық салынады; Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.
-
тауарлар экспорты расталмаған жағдайда аталған тауарларды өткізу бойынша айналымға көрсетілген ставка бойынша қосылған құн салығы салынуға тиіс.
ҚҚС ставкасының кему салдарлары әртүрлі.
Біріншіден, ҚҚС ставкасының кемуі есебінен салық төлеушіде, әсіресе өнімді даярлаудан өтізуге дейін ұзақ уақыт өткен кәсіпорындарда айналым қаржылары неғұрлым аз жұмсалатынын атап өту керек. ставканың кему олардың айналым қаржыларын үнемдеуіне, демек салық жүктемесін азайтуына мүмкіндік береді.
Екіншіден, ҚҚС ставкасы кеміген кезде салық төлеушілердің өз жұмыстарына немесе көрсететін қызметтеріне баға қалыптастыруға екі көзқарасты болжауға болады.
Бірінші көзқарас, бағаларды өзгеріссіз қалдыруда болып табылады, яғни ҚҚС ставкасы кеміген кезде салық төлеушінің қарауында қалған табыс сомасы ұлғайтылады. Екінші көзқарас, салық төлеушілер өз бағаларын төмендету жағына қарай түзету жасайтын нұсқа да болуы мүмкін.
Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы салық салынатын айналым бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы мен сәйкес есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.
Қосылған құн салығының ставкасы 15 пайызға тең болады және салық салынатын айналым мөлшеріне қолданылады.
Өткізу бойынша айналымдарға қосылған құн салығы нөлдік ставка бойынша салынады.
Салық салынатын импорт боыйнша қосылған құн салығының ставкасы салық салынатын импорт мөлшерінің 15 пайызға тең болады.
Қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік ай болып табылады. Егер алдыңғы тоқсан үшін бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығының орташа айлық сомасы 1000 айлық есептік көрсеткіштен кем болса, онда салық кезеңі тоқсан болып табылады. Егер күнтізбелік ай ішінде есепке жатқызысған қосылған құн салығының сомасы есептелген салық сомасынан асып кеткен жағдайда, қосылған құн салығын төлеуші дербес айқындалған күнтізбелік ай не тоқсан салық кезеңі болып табылады. Ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолданылатын қосылған құн салығын төлеушілер үшін аталған арнаулы салық режимінің күші қолданылатын қызметті жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі салық жылы болып табылады.
Қосылған құн салығын төлеуші әрбір салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етуге міндетті. Ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолданылатын қосылған құн тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолданылатын қосылған құн салығын төлеушілер әр тоқсан үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны есепті тоқсаннан кейінгі айдың-15-інен кешіктірмей табыс етуге міндетті. Декларациямен бірге салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар бойынша шот-фактуралардың тізілімі табыс етіледі.
Қосымша құн салығы бойынша шоттар корреспонденциялары
№
|
Шаруашылық операция мазмұны
|
Дебет
|
Кредит
|
1
|
Сатып алушылар шоттарына қосымша құн салығы көрсетілді
|
1210
|
3130
|
2
|
Еншілес ұйымдарға қосымша құн салығы көрсетілді
|
1220,1230
|
3130
|
3
|
Есепке алынған қосымша құн салығы
|
3130
|
1420
|
Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін мерзімі белгіленген күнге дейін немесе сол күні бюджетке әрбір салық кезеңі үшін салық төлеуге міндетті. Салық төлеуші тиіс қосылған құн салығын қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгіленген тәртіппен, кеден төлемдерін төлеу үшін Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген күні төленеді.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Салықтар бойынша декларациялар қалай толтырылады?
2.Салықтардың бухгалтерлік есебі қалай жүргізіледі?
9 – Тақырып. Әлеуметтік салық бойынша бюджетпен есеп айырысулардың салық есебі
Дәріс жоспары:
1. Әлеуметтік төлем түсінігі, әлеуметтік салық.
2. Жұмсалған шығындар бойынша шегерімдердің салық есебі
1. Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төленуі мүмкін. Әлеуметтік салықтың есебі, 3150 шоттың «Әлеуметтік салық» деп аталатын субшотында жүреді.
Әлеуметтік салық ай сайын есептелінеді, ол үшін еңбеккердің жалпы табысынан әлеуметтік салық ұсталынады.
Мысал. Ағымдағы ай үшін еңбеккерлерге 100 мың теңге жалақы, сондай-ақ 20 мың теңге мейрам күндеріне, 15 мың теңге пайдаланбаған еңбек демалыстары үшін компенсация, 50 мың теңге қызмет бабы бойынша іс-сапарға барғаны үшін компенсация есептелінді делік. Енді біз ағымдағы ай үшін әлеуметтік салықтың сомасын есептеп шығарып көрейік. Жұмыс берушінің еңбеккерлерге төлейтін жалпы сомасы 185 мың теңге құраған, жинақ зейнеткерлік қорға төлейтін міндетті зейнеткерлік жарнасы 12 мың теңге құраған(180*10%), әлеуметтік салық салынбайтын еңбеккерлердің табысы 77 мың теңге құраған (12+50+15), ал әлеуметтік салықтың сомасы 22,7 мың теңге құраған[(185-77)*21%].
Есептелген әлеуметтік салық мына шоттардың дебетінде: 8113, 8213, 8413, 7110, 7210 және 3150 шоттың кредитінде көрініс табады.
Мыналар әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады: дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар, ҚР резидент заңды тұлғалары, ҚР қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер.
Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын
ұйымдарға салық салу.
Қызметiн әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға жылдық жиынтық табысының кем дегенде тоқсан процентiн грант, қайырымдылық көмек, өтеусiз берiлген мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырмалдықтар түрiнде алынған табыстар, сондай-ақ қызметтің мынадай түрлерiнен:
1) косметологиялық қызметтердi қоспағанда, медициналық қызметтер көрсетуден;
2) қызметтің осы түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және қосымша білім беру жөніндегі қызмет көрсетуден;
3) ғылым, спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық шараларынан басқа), мәдениет (шоу-бизнестi қоспағанда) саласында қызмет, тарихи-мәдени мұраны, мұрағаттық құндылықтарды сақтау бойынша, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектердi қорғау және оларды әлеуметтiк қамсыздандыру саласында қызмет көрсетуден;
4) кiтапхана қызметiн көрсетуден алынуға тиiс (алынған) кiрiс құрайтын ұйымдар жатады.
Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға, мынадай шарттарға сай келетiн:
салық кезеңiнде мүгедектердiң саны қызметкерлердiң жалпы санының кемiнде 51 процентi болатын; салық кезеңiнде мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентiн (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 процент) құрайтын ұйымдар да жатады.
2. Әлеуметтік салаға жіберілген шығындар бойынша шегерімдер салық төлеушінің мынадай шығыс түрлері ретінде анықталады:
1.Салық салынатын табыстың үш процентінен аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде, нақты шеккен мынадай қызмет түрлерінің шығыстары:
- медициналық қызметті;
- жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беруғ қосымша білім беру саласындағы қызмет;
- мұрағат құндылықтарын сақтау жөніндегі қызметтер көрсету саласындағы қызмет;
- коммерциялық емес ұйымдарға және қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға өтеусіз негізде берілген мүліктің құны;
- көмекті алатын адамның тарапынан өтініш жасалу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кездегі демеушілік және қайрымдылық көмекті.
2. мүгедектердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстардың 2 еселенген мөлшерін және мүгедектердің жалақысының және басқа да төлемдердің есептелген әлеуметтік салық сомасының 50- пайызын.
3. жеке тұлға салық төлеушіде кемінде үш жыл жұмыс істеу міндеттемесі туралы шартты жасасқан жағдайда, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмаған жеке тұлғаны оқытуға арналған шығыстарды азайту.
Оқытуға арналған шығыстар:
-
Оқытуға ақы төлеуге жұмсалған нақты шығындар;
-
ҚР Үкіметінің белгіленген нормалар шегінде тұруға жұмсалған нақты шығыстары;
-
Оқитын адамдарға салық төлеуші айқындаған мөлшерде, бірақ ҚР Үкіметі белгілеген нормадан аспайтын ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар;
-
Оқуға түскен кезде оқу орнына және оқу аяқталғаннан кейін қайту жолына жұмсалған нақты шығыстарын қамтиды.
Бұл шегерімдер жиынтығы декларацияның 100.00 нысанының 100.00.062 жолында Салық Кодексінің 133- бабына сәйкес салық салу кірісін кеміту сомасы ретінде көрсетіледі.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Әлеуметтік салық қалай есептелінеді?
2.Оқытуға арналған шығыстар түрі қандай?
10-Тақырып. Жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысулардың салық есебі
Дәріс жоспары:
1.Табыс салығының салық салу объектілері
2.Табыс салығын есепке алу ерекшеліктері
1. Активтерді немесе міндеттемелерді мойындаудың өзінен есеп беретін компания осы активтердің немесе міндеттемелердің баланстық құнының орнын толтыруды немесе өтеуді көздейтінін көрсетеді. Егер де баланстық құнының орнын толтыру немесе өтеу бұрынғымен салыстырғанда көбірек (азырақ) салық төлеуге соқтыруы ықтимал болса, егер де мұндай орнын толтыру немесе өтеу салық салдарын тудырмайтын болса, онда бұл жекелеген жағдайларды қоспағанда, компания кейінге қалдырылған салық міндеттемелерін (кейінге қалдырылған салық активін) мойындауын талап етеді.
12 ҚЕХС мақсаты үшін пайдаға салынатын салыққа салық салынатын пайдаға негізделетін барлық ұлттық және шетелдік салықтар кіреді. Сондай-ақ пайдаға салынатын салыққа пайданың көзінен ұсталатын, еншілес компания, қауымдастырылған компания төлейтін немесе есеп беретін компанияға бөлінген пайдадан бірлескен қызмет шеңберінде төленетін салық сияқты салықтар кіреді.
Бухгалтерлік пайда - салық төлеуге кететін шығысты шегерілгенге дейінгі кезең ішіндегі таза пайда немесе залал.
Салық салынатын пайда (салық салу кезінде есептелетін залал) – салық органдары белгілеген ережелерге сәйкес анықталатын кезең ішіндегі пайда (залал), осыған байланысты пайдаға салынатын салық төленеді (өтеледі).
Салық төлеуге кететін шығыстар (салық өтемінен түскен кіріс) - ағымдағы салыққа немесе кейінге қалдырылған салыққа қатысты кезең ішіндегі таза пайданы немесе залалды есептеуге қосылатын жиынтық көлем.
Ағымдағы салық – салық салынатын пайдаға (салық салу кезінде есептелетін залалға) қатысты кезең ішінде төленуге (өтелуге) тиісті пайдаға салынатын салық сомасы.
Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері – салық салынатын уақытша айырмашылықтарға байланысты алдағы кезеңдерде төленуге тиісті пайдаға салынатын салық сомасы.
Кейінге қалдырылған салық активтері - алдағы кезеңдерде өтелуге тиісті пайдаға салынатын салық сомасы. Ол мыналарға байланысты:
есептелген уақытша айырмашылықтарға;
пайдаланылмаған салық залалдарын алдағы кезеңге көшіруге; және
пайдаланылмаған салық кредиттерін алдағы кезеңге көшіруге.
Уақытша айырмашылықтар - активтің немесе міндеттеменің баланстық құны мен олардың салықтық базасы арасындағы айырмашылық. Уақытша айырмашылықтар мынадай болуы мүмкін:
салық салынатын уақытша айырмашылықтар, активтің немесе міндеттеменің баланстық құнының орны толатын немесе өтелетін алдағы кезеңдердегі салық салынатын пайданы (салық залалын) анықтаған кезде салық салынатын соманың пайда болуына және туындауына әкеліп соқтыратын уақытша айырмашылықтар болып саналатын айырмашылықтар; не
ұстап қалынатын уақытша айырмашылықтар. Тиісті активтің немесе міндеттеменің баланстық құнының орны толатын немесе өтелетін алдағы кезеңдердегі салық салынатын пайданы (салық салу кезінде есептелетін залалды) анықтаған кезде нәтижесі ұстап қалу болып саналатын айырмашылықтар.
Активтің немесе міндеттеменің салық базасы - салық салу мақсатында активке немесе міндеттемеге берілетін көлем.
Салық төлеуге кететін шығыстарға (салық өтемінен түскен кіріске) ағымдағы салық шығыстары (ағымдағы салықты өтеуден түскен кіріс) және кейінге қалдырылған салық шығысы (салық өтемінен кейінге қалдырылған кіріс) енгізіледі.
Активтің салық базасы – компания активтің баланстық құнын өтегеннен кейін алатын кез келген салық салынатын экономикалық пайдадан салық салу мақсатында есептелетін сома. Егер де осы экономикалық пайдаға салық салынбайтын болса, активтің салық базасы оның баланстық құнына тең болады.
Міндеттеменің салық базасы оның баланстық құнына тең болады, бұған алдағы уақытта осы міндеттемеге қатысты салық салу мақсатында шегерілетін кез келген сома қосылмайды. Аванспен алынған түсімге келетін болсақ, пайда болатын міндеттеменің салық базасы оның баланстық құнына тең болады, бұған алдағы уақытта салық салынбайтын түсімнің кез келген сомасы қосылмайды.
Кейбір баптардың салықтық базасы бар, бірақ баланста актив пен міндеттеме ретінде танылмайды. Мәселен, зерттеуге кететін нақты шығын пайда болу кезеңінде бухгалтерлік пайданы анықтаған кезде шығын ретінде көрсетіледі, бірақ оны салық салынатын пайданы (салық залалын) белгілеген кезде шегеруге көпке дейін рұқсат берілмеуі мүмкін. Салық органдары болашақта шегеруге рұқсат беретін сома болып табылатын зерттеуге кететін шығынның салықтық базасы мен нөлге тең болатын баланстық құны арасындағы айырмашылық кейінге қалдырылған салық активінің пайда болуына жол ашатын шегерілетін уақытша айырмашылық болып табылады.
Активтің немесе міндеттеменің салықтық базасы онша айқын болмаған жағдайларда 12 ҚЕХС негіз болатын іргелі принципті қарастырған пайдалы: компания белгілі бір шектеулерді есептемегенде активтің немесе міндеттеменің баланстық құнының орнын толтыру немесе өтеу болашақ салық төлемдерін, егер де осы орнын толтырудың немесе өтеудің салықтық салдарлары болмайтын болса, олардың қандай боларымен салыстырғанда көбейтетін (азайтатын) болса, кейінге қалдырылған салық міндеттемесін (активін) мойындауға міндетті. С мысалы осынау іргелі принципті қарастырған пайдалы болатындай, мысалы, активтің немесе міндеттеменің салықтық базасы орнын толтырудың немесе өтеудің қажетті тәсіліне тәуелді болатындай жағдайды көрсетеді.
Шоғырландырылған қаржы есептілігінде уақытша айырмашылықтар шоғырландырылған қаржы есептілігіндегі активтердің және міндеттемелердің баланстық сомаларын тиісті салық базасымен салыстыру арқылы анықталады. Салық базасы шоғырландырылған салық декларациясына, ол есептелетін заңдылықтарға қатысты айқындалады. Басқа заңдылықта салық базасы топтағы компаниялардың әрқайсысының салық декларациясына қатысты анықталады.
Ағымдағы және алдыңғы кезеңдер үшін ағымдағы салық төленбеген сомаға тең міндеттеме ретінде мойындалуға тиіс. Егер ағымдағы және алдыңғы кезеңдерге қатысты төленген сома осы кезеңдер үшін төленуге тиіс сомадан асса, онда асып кету мөлшері актив ретінде танылуға тиіс.
Өткен кезеңдегі ағымдағы салықты өтеу үшін өткен кезеңге көшірілуі мүмкін салық залалымен байланысты пайда актив ретінде мойындалуы керек.
2.Салық залалы өткен кезеңдегі ағымдағы салықты өтеу үшін пайдаланылатын болса, компания салық залалы пайда болған кезеңде пайданы актив ретінде мойындайды, өйткені пайда компанияға түсуі және осы пайдалар дұрыс бағалануы тиіс.
Ағымдағы және алдыңғы кезеңдер үшін ағымдағы салық төленбеген сомаға тең міндеттеме ретінде мойындалуға тиіс. Егер ағымдағы және алдыңғы кезеңдерге қатысты төленген сома осы кезеңдер үшін төленуге тиіс сомадан асса, онда асып кету мөлшері актив ретінде танылуға тиіс.
Өткен кезеңдегі ағымдағы салықты өтеу үшін өткен кезеңге көшірілуі мүмкін салық залалымен байланысты пайда актив ретінде мойындалуы керек.
Салық залалы өткен кезеңдегі ағымдағы салықты өтеу үшін пайдаланылатын болса, компания салық залалы пайда болған кезеңде пайданы актив ретінде мойындайды, өйткені пайда компанияға түсуі және осы пайдалар дұрыс бағалануы тиіс.
Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері барлық салық салудағы уақытша айырмашылықты мойындаулары тиіс, егер тек ол мыналардан пайда болмаса:
а) іскерлік беделді алғашқы танумен; немесе
б) активті немесе міндеттемені мынадай операцияда:
1) кәсіпорындарды біріктіру болып табылмайтын; және
2) оны жасаған кезде не бухгалтерлік, не салық салынатын пайдаға (салық залалына) әсер етпейтін операцияда бастапқы мойындау.
Алайда еншілес компанияларға, филиалдар мен қауымдастырылған компанияларға салынатын инвестициялармен және бірлескен қызметке қатысу үлесімен байланысты салық салудағы уақытша айырмашылық үшін кейінге қалдырылған салық міндеттемесі мойындалуы тиіс.
Активтерді мойындауда компания алдағы кезеңде алатын экономикалық пайда ретінде оның баланстық құнын болашақта өтеу жатыр. Активтің баланстық құны оның салық базасынан асатын болса, салық салынатын экономикалық пайда сомасы салық салу мақсатында шегеруге рұқсат етілетін көлемнен асып түсетін болады. Бұл айырмашылық салық салынатын уақытша айырмашылық болып саналады, ал алдағы кезеңдерде туындайтын пайдаға салынатын салықты төлеу міндеттемесі кейінге қалдырылған салық міндеттемесі болып табылады. Компания активтің баланстық құнын өтеуіне қарай салық салынатын уақытша айырмашылық қалпына келеді, ал компанияда салық салынатын пайда туындайды. Бұл экономикалық пайдалар компаниялардан салық төлемі кейпінде кететін болады дегенді білдіреді.
Кейбір уақытша айырмашылықтар табысты немесе шығысты бір кезеңдегі бухгалтерлік пайданың құрамына, ал басқа уақытта салық салынатын пайдаға қосқан кезде пайда болады. Мұндай уақытша айырмашылықтар көбіне мерзімді айырмашылықтар деп аталады. Осындай уақытша айырмашылықтардың мысалдары төменде келтіріліп отыр. Бұларға салық салынады, сайып келгенде, олар кейінге қалдырылған салық міндеттемелерінің пайда болуына әкеліп соқтырады:
а) пайыздық түсім уақытына қарай бухгалтерлік пайдаға қосылады, бірақ кейбір заңды құқықтарда ол ақша қаражатын алған кезде салық салынатын пайдаға қосылуы мүмкін. Осындай түсімге қатысты баланста мойындалатын кез келген дебиторлық берешектің салықтық базасы нөлге тең болады, себебі түсім ақша қаражатын алғанға дейін салық салынатын пайдаға әсер етпейді;
б) салық салынатын пайданы (салық залалын) анықтаған кезде пайдаланылатын амортизация бухгалтерлік пайдаға қолданылатын пайдадан өзгеше болуы мүмкін. Уақытша айырмашылық - активтің баланстық құны мен оның салық базасы арасындағы айырмашылық, ал ол ағымдағы және мұның алдындағы кезеңдерде анықталған салық салынатын пайданы анықтаған кезде салық органдары рұқсат еткен осы активке қатысты барлық шегерулерді ескергенде активтің бастапқы құнына тең келеді. Салық салынатын уақытша айырмашылық амортизация тездетілген кезде кейінге қалдырылған салық міндеттемесінде пайда болады және көрінеді (егер салық амортизациясы бухгалтерлік амортизацияға қарағанда жай болса, онда шегерілетін уақытша айырмашылық пайда болады. Мұның өзі кейінге қалдырылған салық активінен көрінеді); және
в) әзірлеуге кететін шығындар бухгалтерлік пайданы анықтаған кезде алдағы уақытта капиталдандырылуы және амортизациялануы мүмкін, бірақ олар пайда болған кезеңдегі салық салынатын пайданы анықтаған кезде шегеріледі. Әзірлеуге кеткен мұндай шығындардың салықтық базасы нөлге тең болады, өйткені олар салық салынатын пайдадан шегерілген. Уақытша айырмашылық - әзірлеуге кеткен шығынның баланстық құны мен олардың нөлге тең салық базасының арасындағы айырмасы.
Уақытша айырмашылықтар сонымен қатар:
а) сатып алу болып табылатын кәсіпорындарды біріктіру жөніндегі шығын алынған теңестірілетін актив пен міндеттемелерге олардың бастапқы әділ құнымен, бірақ салық салу мақсаты үшін эквиваленттік түзетусіз бөлінеді;
б) (салық салу мақсаты үшін эквиваленттік түзетусіз активтер қайта бағаланады;
в) іскерлік бедел кәсіпорындар біріккен кезде пайда болады;
г) активтің немесе міндеттеменің салықтық базасы бастапқы мойындалған кезде оның бастапқы баланстық құнынан өзгеше болады, мысалы, компания активтерге жататын салық салынбайтын мемлекеттік субсидиядан пайда алған кезде; не
д) еншілес компанияларға, филиалдар мен қауымдастырылған компанияларға салынатын инвестициялармен және бірлескен қызметке қатысу үлесімен байланысты инвестициялардың баланстық құны инвестициялардың салық базасынан немесе қатысу үлесінен өзгеше болады.
Өздік тексеру сұрақтары:
1. Табысқа салынатын салық дегеніміз не?
2. Салық төлемі бойынша үнемдеу қалай болады?
3. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
Достарыңызбен бөлісу: |