ПОӘК 042-18. 18. 1 56/01 2016 №1 басылым 11. 01. 2016



бет1/6
Дата20.06.2016
өлшемі0.67 Mb.
#149103
  1   2   3   4   5   6

ПОӘК 042-18.18.1 56/01 2016

№1 басылым 11.01.2016

беттің беті



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті




3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК


042-.............2016

«Тарих методологиясы» пәнінің бағдарламасы

№1 басылым

11.01.2016



«ТАРИХ МЕТОДОЛОГИЯСЫ»
пәні бойынша
5В020300 «тарих» мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Пәннің студенттерге арналған бағдарламасы

1 ЖАСАЛЫНДЫ

Құрыстырған : «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Санкайбаева П.С.

«__11__» __01__ 2016 ж.

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 « Қазақстан тарихы» кафедрасында

Хаттама №_4__ « 11_»_01_ 2016 жыл


Кафедра меңгерушісі ____________ Н.Мухаметжанова

2.2 Экономика, заң және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросында

Хаттама «_12_»__01_ 2016 жыл № 4
Төрағасы_________ С.Х.Тойкин


3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және басылымға ұсынылды

Хаттама «_15_»__01__2016

жыл №1
Оқу -әдістемелік кеңестің төрайымы ________ Г.К. Искакова



Мазмұны :
1.Глоссарий.................................................................................................
2.Қысқаша дәрістер мәтіні...................................................................
3. Практикалық (семинар) сабақтары ...............................................
4. Студенттердің өздік жұмыстары......................................................

6.3.1 ГЛОСАРИЙ
1. Аридтік аймақ- ауа райы құрғақ аймақ.

2. Гоминид- адамның арға ата-бабалары.

3. Плиоцен- өтпелі кезең.

4. Палеолит- ерте тас дәуірі

5. Мезолит- орта тас дәуірі.

6. Неолит- жаңа тас дәуірі.

7. Матриархат- аналық рулық қауым.

8. Патриархат – аталық рулық қауым.

9. Тұрақ-ежелгі адамдар мекені.

10. Археология- (архео-көне, ежелгі;логос-оқимын) .

11. Этнография-(этнос-халық, логос- оқимын)

12. миф-аңыз,ертегі.

13. Методология- зерттеу әдістерінің жиынтығы.

14. Шежіре- төтенше маңызды жазба дерек.

15. Руналық- ежелгі түркі жазуы.

16. Шаньюй- ғұндар көсемі, ханы.

17. Он оқ будун- 10 тайпа одағы.

18. Түркі- «төркін», «әскери ақсүйек».

19. Этногенез- халықтың шығу тегі.

20. Қаған- ең жоғарғы әскери лауазым, хан, тек.

21. Эфталиттер- ақ ғұндар.

22. Половецтер- қыпшақ тайпалары.

23. Протогород- үлкен, қала тектес қоныстар.

24. «Шад» - түмен (10 000 адам) басы.

25. Вассал- біреуге бағынышты, тәуелді.

26. Моңғол империясы- Шыңғыс хан және мұрагерлері құрған мемлекет.

27. Тархан- ақсүйектерге берілетін әскери лауазым.

28. Ұлыс бектері- тарханнан төмендеу билік иесі.

29. Қараша бектер- қара сүйектен шыққан билеуші.

30. «Яссы» (Жасақ)-заңдар жинағы.

31. Тамға-ерекшелік белгісі, таңба.

32. Құл- ешқандай құқы жоқ, басыбайлы адам.

33. Кесене-архитектуралық құрылыс, мазар.

34. «Диуани хикмет» (Даналық кітабы) – Қожа Ахмет Яссауидың кітабы.

35. Тарихнама- шежіре, ауызша және жазбаша естелік.

36. Әз, Әз Жәнібек, Әз Тәуке- әділ билік жүргізген ел басыларына айтылатын билік сөзі.

37. «Қасым ханның қасқа жолы» - Қасым хан кезіндегі мемлекеттік құқықтың негізін реформалау үлгісі.

38. «Жеті Жарғы»- Әз Тәукенің билік және заң қағидалары.

39. «Қазақтардың алтын ғасыры»- Тәуке хан билік құрған жылдар.

40. «Жоңғар» - батыс-моңғол тайпалары, «сол қол » деген ұғымды білдіреді.

41. «Ойрат» - төрт тайпа одағы деген ұғым.

42. «Қоңтайшы»- Жоңғар билеушісі.

43. «Ақтабан шұбырынды»- 1723 немесе Жоңғар шапшылығының нәтижесінде қазақтардың босуы.

44. Торғауыттар- еділ бойы қалмақтары.

45. Бодандық- өз еркімен бағыну, бой ұсыну.

46. Рухани мәдениет- адамның ақыл-ойының, санасының өсуі.

47. Материалдық мәдениет- заттай мәдениет.

48. Елші-бір елдің өкілі, дипломат.

49. Төре, қожа- жоғарғы діни қабаттың өкілдері.

50. төлеңгіт- төрелерге қызмет етуші әлеуметтік топ.

51. Сұлтан- ақсүйек, Шыңғыс хан ұрпағы.

52. рулық одақ- «Ата балалары» , біріккен тарихи топ.

53. Тайпа- біріккен бірнеше рулық одақ.

54. шариғат- мұсылмандардың діни заң-қағидалары.

55. Жырау- философиялық толғау- өлең шығаратын халық әдебиет өкілі.

56. Би- шешен, халық мойындаған ру-жүз, мемлекет қайраткері.

57. Отар- бір елді екінші бір үлкен елдің күшпен немесе саяси әдіспен жаулап алуы.

58. Зекет, харадж- алым-салық түрлері.

59. Ұлт-азаттық қозғалысы- белгілі бір ұлтты, халықты азат ету жолындағы күрес.

60. Блокада- әскери қысым, қоршау.

61. Уақытша ереже- 1867-1868 жылдардағы реформа.

62. Облыс- 5-8 уезден тұрды (19-ғасыр)

63. Уезд- 5-8 болыстан тұрды (19-ғасыр)

64. болыс- 8-15 ауылдан тұрды (19-ғасыр)

65. адай көтерілісі- 1870 жылы Кіші жүз қазақтарының қозғалысы.

66. «алаш» партиясы- 1917 ж жілдеде Орынборда құрылды.

67. I. Дүниежүзілк соғыс- 1914-1918ж соғыс.

68. Азамат соғысы- 1918-1920 ж соғыс.

69. Автономия- жеке билеу құқығы бар мемлекет.

70. Федерация- бір мүдделі бірнеше мемлекеттер одағы.

71. Қазақ АКСР- Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы.

72. Индустрияландыру- ауыр өнеркәсіп саласын дамыту.

73. Күштеп ұжымдастыру- 1929 ж басталған саяси-экономикалық науқан.

74. «Кіші Қазан» идеясы- Ф. Голощекиннің Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату саясаты.

75. Репрессия- жазықсыз жазалау, қудалау шаралары.

76. Ұлы Отан соғысы- 1941-1945 ж арасындағы соғыс.

77. тың игеру- жоспарсыз егіс көлемін ұлғайту (1954)

76. АЛЖИР, КарЛАГ, ГУЛАГ- жазалау орындарының қысқарған атауы.

77. «Жылымық жылдар»- 1953-1964 жылдар аралығындағы Н.С. Хрущевтік кезең.

78. Тоқырау жылдары- 1970-1980жж. Саяси-экономикалық, әлеуметтік дағдарыс.

79. Қайта құру – 1985ж. КСРО басшысы М.Горбагевтың саясаты.

80. Желтоқсан оқиғасы – 1986ж. Жастар, студенттер қозғалысы.

81. Егемендік туралы декларация – 1990ж. 25- қазандағы Қазақ КСР-нің тәуелсіздігі туралы құжат.

82. Мемлекеттік рәміздер – ту, елтаңба, әнұран.

83. Конституция – Ата заң, мемлекеттің негізгі заңы.

84. Парламент – Заңдар шығарушы өкімет органы.

85. Сенат- Жоғарғы палата.

86. Мәжіліс – Төменгі палата.

87. Үкімет – Министрлер кабинеті.

88. «Қазақстан-2030» - Қазақстан Республикасының 2030жылға дейінгі даму бағдарламасы.

89. Президент – Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша ең жоғарғы мемлекеттік лауазым.

90. Жолдау – Қазақстан Республикасы президетінің жыл сайынгы

халыққа беретін қортынды есебі, құжат.


6.3.2 Қысқаша дәрістер
МОДУЛЬ-1. Тарихи шындық және тарих ғылым ретінде- 6 сағат
1-тақырып.Кіріспе. Тарих ғылым ретінде-2сағат

Жоспар:

1.Тарихи шындық деген не?

2.Арнайы тарих

3.Тарих ұжымдық және жеке қоғамның естелігі ретінде

1.Тарих дегеніміз біздің өткен өміріміз. Кешегі күн бүгін тарих. Ол адам санасындағы өткен өмірдің, болмыстың сәулесі.Тарих болған жағдайды, өткен өмірді сол күйінде қайталамайды. Оны екшеп, ішіндегі маңыздысын, әсерлісін әңгіме етеді. Міне осы тұрғыдан қарағанда сол өткен өмір халық тәжірибесі болғандықтан,оның өнеге, сабақ болатын жағы бар.

Тарих үйретеді, тәрбиелейді. Тарихтың тәрбиелейтін мәнін айтқанда, оны тек жақсы жағы, табысты жағы ғана тәрбиелік роль атқарады десек, мәселеге сыңар жақты қараған болар едік. Әрине, жақсы-үлгі; жақсыға қашанда адам баласы ұмтылады. Жақсы-өнеге. Бірақ та, жақсы да, жаман да, табыс та, шығын да, даму да, тоқырау да, ілгері басу да, шегіну де өмірде болады. Олардың қайсысының тәрбиелік, сабақ болатын жағы бар? Әрине, оның екі жағы да сабақ. Тарихтағы бұрыстық та сабақ. Тарихтың кемістік, қолайсыз, керексіз жағын түсіну, оның себептерін ашу, одан қорытынды жасау, жағымсыз жағдайды қайталамау бұл да сабақ. Адам ой тұжырымдары өмірден сабақ алу арқылы қалыптасады. «Көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады» деген мәтел, айталық, өмірден алынған. «Аузы күйген үрлеп ішеді» дейді халық. Осылардың барлығы - өмір сабағы. Тарихты зерттегенде де, оның өткен өмірді осы тұрғыдан алып қарайтынын аңғаруға болады.

Бізде кейде тарихқа алалап қарау орын алып келді. Былайша айтқанда, тарихқа таптық көзқараспен ғараудың орнына тарихтың кейбір фактыларын, оқиғаларын айтпай, тастап, аттап кету жағдайлары бел алды. Соның салдарынан көптеген адам есімдері, олардың атқарғар істері, болған оқиғалар айтылмай, олардың орны ойсырып қалатын жағдайлар кездесіп отырады. Бірақ, тарихта физика заңы сияқты бос қуыс болмайды. Бос қалған дәуір, кезең басқа фактылармен, кейде ойдан шығарылған жағдайлармен, тұжырымдармен толықтырылады. Көбіне олар қолдан жасалған, өмірден алшақ жағдайда кездеседі. Сондықтан олардың тәрбиелік мәні де шамалы, жоқтың қасы. Немесе оның әсері тіпті керісінше. Тарихқа қашанда объективті, шындық көзбен қарау керек.

Айтайық дегеніміз кез-келген жағдайларға жан-жақты диалектикалық талдау керек екендігі. Қорытынды сыңар жақты, өмірге байланыссыз болып шығады да, ондай әдістін тарихтың тәрбиелік мәні көрінбей қалады. Тарихпен тәрбиелеудің өзектілігі осында. Тарихқа объективтік, шыншыл, әділ анализ керек. Сонымен бірге талдаудың қорытындысы қоғамдық қоғамдық прогрескеқызмет етуі шарт.



2.Тарих-өткен өмір айнасы. Өткенді зерттеу, оны қайталап жазу, қағазға түсіру аса қажет. Бірақ ол, ғашан данақтылы деректерге, документтерге (хаттарға, қол жазбаларға, күнделік дәптерлерге, архив қазыналарына) сүйеніп жазылады. Тек солар арқылы ескі өмірдің, тарихтың әлеуметтік, мәдени, саяси портретін жасауға болады. Түрлі тарихи дәуірді жазылған кітаптар, археогиялық қазбалар, этнографиялық суреттемелер, хабарлар бұл тұрғыда үлкен роль атқарады.

Қазақ даласы жәйлі, халқының тұрмысы мен шаруашылығы жәйлі мағлұматтар орыс, грек, араб, парсы, қытай саяхатшыларының жазып қалдырғандарынан археогиялық қазбалар бастап көне замандардағы асықтардың, немесе сол заманда дүние салған кісініңқабіріне ер-тоқым, қамшы, қылыш, айбалта, сауыт, ыдыс-аяқ, тағамдар қалдыруыы сол кездегі адамдардың ақыл-ойын, діни көзқарастарын, негізінде адамдырдың рухани-мәдениет дережесін халықтардың ауыз әдебиетінен; ертегі-қиссаларынан, мақал-мәтелдерінен, жұмбақтары мен жаңылтпаштарынан т.б. байқап пайымдауға болады. Тарих тағылымы осы.



3.Тарихта бір елмен бір ел ұдайы сауда-саттық, мәдени, басқа да байланыста болған. Байланысыз, өзара әсерсізешқандай прогресс мүмкін емес. Бүкіл ғылымитехникалық прогресс бір ғана елдің, не бір ғана халықтың табысы емес. Қашанда бір халықтан бір халық үйреніп отырған, Мәселен, атақты грек тарихшысы Геродот скифтерге арналған IV томында қазіргі Каспий маңында «Даи» деген халық тұрған деп жазды. Ол«Даи» деп отырғаны өзгертіліп айтылған қазіргі«Адай» руы емес пе екен деген ойға қаласыз. Сонда Геродот «Даи»-ды қайдан білді? Өзі бұл жерге келмегенді, әрине, оны оған сол кездегі жиһанкездер мен саудагерлер айтса керек. Скифтер туралы көп мағлұматтарды солардан естігенін Геродот өзі мойындайды.

Тарихты творчестволықпен зерттеу керек. Шығармашылықпен зерттеу дегеніміз – болған жағдайды сол күйінде алып, оның жақсы – жаман жақтарына ғылыми диалектика тұрғысынан талдай білу, мәселенің логикасына жүгіну. Жақсы неліктен жақсы, қандай себептері арқылы ол солай, жаман неліктен жаман? Тек сондай салыстыру арқылы тарих нанымды болады. Тарихтың тәрбиелік ролі оның шыншылдығында. Тарих аңғартады, ол үйретеді, ол тәрбиелейді. Сондықтан тарихты саралауды кез-келген қазақстандық азамат білуі қажет.




2-тақырып. Тарихтың зерттелу бағыты туралы-2 сағат

Жоспар:

1.Тарихи қызығушылықтың қалыптасуы

2. Тарих ғылым ретінде

3.Тарихи ғылымы және оның обьектісі

1.Қазақ елінің тарихы патшалық және кеңестік билік заманында бұрмаланып, дұрыс жазылмай келді. Тек еліміз еркін­дік­ке қол жеткізгеннен кейін ғана «ақтаңдақ» бет­тері ашылып, ұлттық тарих жазыла бас­тады. Қазақ еліТәуелсіздігінің 24 жыл­ды­ғына дейін көптеген зерттеу еңбектері жа­рыққа шықты. Бірақ әлі де зерттеуді қажет ете­тін өзекті тақырыптар бар. Соның бірі – тарих ғылымының теориясы мен ме­то­дологиясы. Себебі теория-методология мә­селесін көтермейінше, зерттеу жұ­мыстары да өз дәрежесінде болмайды.

Қазіргі жаһандану заманында қазақ хал­қының ұлт болып сақталуы үшін ұлттық құн­дылықтары насихатталып, төл де­ректері, құнды мұралары зерттеле түсуі қа­жет. Әлемдегі өркениетті елдердегі сияқ­ты тарих ғылымының теориясы мен ме­тодологиясы біздің еліміздегі отандық та­рих ғылымы бойынша дұрыс жолға қо­йылуы керек. Осы аталған тақырыпқа қа­тыс­ты бір қатар зерттеушілердің шағын ма­қалалары мен жинақтары жарық көр­ге­німен, арнайы нұсқаулық немесе оқулық ретінде жазылған теория-методологияға қатысты іргелі зерттеу еңбектержоқ.

Патшалық және кеңестік империяның тұ­сында тарих бұрмаланды және оны бас­қа ұлт өкілдері жазды. Қазақ зиялы­ла­рының да ел тарихына байланысты қалам тар­тып, зерттеулер жазғаны болды. Бірақ оларға шектеу қойылып, қуғындалды. Тек саяси идеология құралына айналдырылған тарихжазылды. Бір сөзбен айтқанда, үл­кен қиянат жасалып, тарихымыз таптаурын күй­ге түсті. Соның салдарынан осы күнге де­йін Отандық тарих ғылымының тео­рия­сы мен методологиясы қалысқалып келді. Мы­салы, Қазақстан бойынша Қаз КСР Ғы­лым академиясы төралқасының 1978 жылғы 7 қыркүйектегі №131 қаулысымен Та­рих институтында «Қазақстанның та­рих­на­масы» деп аталатын бөлім ғана ашылды. Оның өзі кеңестік идеологияның шең­бе­рінен шығып, зерттеулер жасай алмады. Ал басқа институттар мен университеттерде ар­найы Отан тарихының теория-мето­до­ло­гиясымен айналысатын кафедралар мүл­дем ашылған жоқ. Сондықтан тарих­шы­ларымыздың алдында тұрған үлкен бір міндет осы салаға қатысты болып тұр.

2.Тарих ғылымының теориясы мен ме­тодологиясына қатысты ұғымдар және тү­сініктеріне тоқтала кетсек.

Тарих теориясы – жалпы тарих туралы теория не­ме­се он­дағын ормандық теория, манор тео­риясы тағы басқа да теория түр­лері жа­йында. Қалай айтқанда да, тарих теориясы – бұл жоғары, тарихи танымның дамыған деңгейі. Яғни нақты тарихи оқиғалар мен құбылыстардың сипатталу деңгейін көр­се­теді. Тарихи зерттеу теориясында тарихтың жал­пы проблемалары, шындығы және танымы қарастырылады.

Тарих методологиясы – (грек тіл. met­hodos – әдіс, таным жолыlogos – сөзі) – та­рих ғылымының әдістемелік таным ту­ралы пәні және тарауы болып табылады. Әдіс­теме – тарихи зерттеудің құралы ре­тінде пайдаланылады. Әдістемелер ар­қылы тарихшы жаңа білім алып, оқиғалар ту­ралы мәліметтерді нақтылайды.

Қазіргі заманда «методология» ұғымы бас­тапқы мағынадағыдай ғана аясы тар емес, тарихи танымның жалпы негізін құ­райды. Бір сөз бен айтқанда, тарих мето­до­логиясы нақты тарихи зерттеу тә­жі­ри­бе­сінің теориялық көрінісі ретіндегі әдіс­­­­те­мелер, ұстанымдар, ғылыми тарихи тү­сініктерт.б. Тарих –шының зерттеу жұ­мысының тәжірибесін баяндай отырып, методология танымға жетелейтін ойға мүмкіндіктер береді. Демек, методология та­рихи зерттеуде жеке және жалпы про­бле­маларға сараптама жасайды. Бірақ кезкел­ген проблемаға нақты жауапты даяр­лап тұрмайды. Оны қарастырудың, зерт­теудің жолдарын көрсетеді.



3.Тарих ғылымында методология мен метод бір-біріне тәуелді емес. Мето­до­ло­гия мен методтың өз алдына же­ке та­ным­дық формалары бар. Мәсе­лен, ме­то­дология жеке зерттеу әдістеріне қол­­да­нылмайды. Зерттеу жүйесінде тех­ни­­калық әдістерді методология емес, ме­тод деп қарастырған жөн. Ал методология мін­­­деті ғылыми мәселелерді шешуде жал­­­пы теориялық ұстанымдарды көрсету бо­­­лып табылады. Бұл жалпы ғылыми қа­рым-қатынас сипатын, көрінісін бай­қа­тады.

Қазақ зиялысы А. Байтұрсынов былай деп жазған еді: «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынан өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады». Демек, Отан тарихын тарихшылар өз дәрежесінде зерттеу үшін тарих ғылымыныңтеориясы мен методологиясына баса назар аударуы қажет.

Деректанушы ғалым Қ.М. Атабаев Отан тарихы ғылымының методология мә­селесіне байланысты мынадай тұжырым жасаған: «Отандық тарих ғылымындағы бас­ты кемшілік – методологиялық кем­ші­лік. Барлық ғылымның негізі мето­до­ло­гияда жатыр. Методологиялық, теориялық мә­селелерді анықтап алмай, басқа ғы­лым­дар сияқты, тарих ғылымының да өз дә­режесінде дамуы мүмкін емес. Қа­зақ­станда тарих ғылымының міндеті, функ­циясы не болуы керек? Алдымен осыны анық­тап алуға тиіспіз. Ең бастысы, мето­до­ло­гиялық проблема – осы. Қазақстан та­рихы ғы­лы­мы­ның міндеті қазақ ұл­тының та­рихын зерттеу болуыкерек».

Тарихшы Б.Ғ. Аяған ұлттық тарихты қа­растыруға қатысты мынадай пікірін біл­дір­ген: «Біздің міндетіміз – тарихшылардың ғылыми мектептері арасындағы интел­лек­туалды ой жарысын, бәсекелестікті қолдай оты­рып, қазақтарихының табиғаты және мәні туралы терең толғанған туындыларды өмірге келтіру. Бұл ерекше тарих екені анық. Ол – Батыстың да, Шығыстың да та­ри­хи дәстүрлеріне бағынбайтын феномен. Ол құбылыс өзегі – Дала өркениеті, мың­даған жылдар бойы үзілмей келе жатқан тарихи жалғастық, ауызша дәстүр тағы бас­қалары. Сондықтан, Қазақ елінің тари­хын­дағы өзекті мәселелеріне қа­тыс­ты тұжырымдамалар қажет. Ол үшін кең ау­қым­ды және терең зерттеулер керек. Мы­салы, тәуелсіз Қазақстан тарихын зерт­теу­дегі міндеттерді шешу үшін жан-жақты бі­лім алған, теориялық да­йын­дықтары жақ­­сы, жаңаша ойлайтын мамандар қа­жет. Осы мәселелерді ширақ, ауқымды ретте ше­шіп отыру тарихшылардың міндеті бо­луы тиіс».

Қазіргі заманда «тарихтан тәрбие», «та­­рихтың тәрбиелік күш-қуаты» деген негізді ұғымдар біздің мәдениетіміз бен қоғамдық өмірімізде қолданысқа енген. Әсіресе Тәуелсіздік алған уақыттан бері мемлекеттің алдында жасұрпақты жаңаша тарихи көзқарас тұрғысынан оқыту мен тәрбиелеу міндеті қойылды. Ондағы мақ­сат тарихын білетін, ұлты мен мем­лекетін сыйлайтын жасұрпақты тәр­биелеуге бай­ланысты еді. Міне, осындай рухани ұлттық құн­дылықтар мен тарихын терең білетін ұрпақ қана ұлт жанды болып өсетіндігі сөзсіз. Сондықтан тарихшы қауым ел тарихының әр түрлі кезеңдері мен маңызды салаларына қалам тартуы тиіс.

3-тақырып. Тарихи зерттеудің танымы мен рөлі-2 сағат

Жоспар:

1.Тарихи ғылымның әлеуметтік қызметі

2.Тарих методологиясының түсінігі туралы

3.Тарихи философия

1.Адам баласы қай дәуірде болсын, көрген білген жағдайларға, оқиғаларға ат қойып, белгі салып, сақтап отырған. Мәселен, «Кер бұлақ», «Қос құдық», «Тақыр көл», «Байжан сай» немесе «Қарауыл төбе», «Үш ағаш», «Бәге құм», «Ақтам» деп ат қойған. Тіпті жұлдыздарға да қазақ басқа халықтардай ат қойып, сол арқылы түн мезгілдерін байқаған: «Есек қырған», «Үркер», «Таразы», «Ақ боз ат», «Көк боз ат», «Жеті қарақшы», «Темір қазық» т.б. кейде осындай аттарға сүйеніп,геологтар жер байлықтарын аңғарған. Мәселен, «Май көп», «Май қайың», «Байқоңыр» (қоңыр көмір шығатын жер ), «Алтын шоқы», «Жезді». Мұны топономия дейді. Осылардың бәрі жай еріккеннен айтылған нәрсе емес. Адамдардың өміріне, тіршілік нысана, барлық елге бірдей түсінікті болу үшін жасалған. Сол сияқты есте сақтау үшін дүние салған беделді, не бай адамдарға мавзолей, ескерткіштер орнатты, зират басына қой тас, құлпы тас, түйе тастар қойған, төбелер(қорғандар) жасаған. Бұл кәде барлық халықтарда бар. Сірә, осының негізінде бір кезде жазу-сызуы жоқ сауатсыз елдерде бірден-бір әдіс-естелік арқылы ұрпақтан –ұрпаққа тарап жететін болған. Осылардың барлығында тарих сыры бар.

Біріншіден тарихи ескерткіштерге қарап, сол дәуірдегі адамдардың шаруашылықтың қай түрімен айналысқанын, нені кәсіп еткенін байқауға болады: сол арқылы олардың өмір сүрген тарихи кезеңі пайымдалады.

Екіншіден, сол ескерткіштерден бір заманда өмір сүрген адамдардың әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін, діни көзқарастарын байқаймыз. Мәселен, кейбір археологиялық қазбалардан бұдан 3 мың жыл бұрын өмір сүрген адамдардың да асық ойнаумен айналысқанын, ал, асық ойнау үшін одан да бұрын мал өсіргенін аңғарамыз. Немесе бұдан 6-8 мың жыл бұрын өмір сүрген адамдарда музыка аспаптары болған. Қазіргі қазақ жеріндегі музыкалық аспаптардың ең ертедегісі қобыз деуге болады. Өйткені, ол ең оңай жасалатын аспап. Айталық, қуыс ағашқа қыл тартып, оны екінші шыбыққа тартылған қылмен үйкелсе дыбыс шығатынын ерте заманнан-ақ байқап, оны пайдаланатын болған.

Үшіншіден, сол мәдени мұраларға қарап, бір ел мен екінші ел арасындағы ұдайы шаруашылық, мәдени байланыстар болғанын, бір мәдениеттін бір мәдениетке әсерін байқаймыз. Өмірде байланыссыз бірде- бір құбылыс болған емес. Бұл диалектикалық заңдылық. Сол ескерткіштерден қай елдің қай елге әсері болды, кімнен, кім нені үйренді. Бүкіл цивилизация тарихының байланысын танытады. Ыбырай Алтынсариннің «Сыйса көйлек үстінде тоқуменен табылған, өнер-білім бәрі де оқуменен табылған, кел, балалар, оқылық, оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық»дегені бар. Басқасын былай қойғанда, осы екі шумақта қаншалықт тарихи тәрбиелік мән жатыр десеңізші. Париждің «Мүгедектер үйінде» Наполеон I, оның баласы Наполоен II, Наполоенның жақын маршалдарының қабірлері жатқан пантеон бар. Бір кезде Наполен айтқан екен: «Өлгенімде, денемді Сена жағасына, мен өте жақсы көретін француз халқының ортасына жерлеңдер» деп. Француз халқы оның ол тілегін орындап, Наполоен дүние салғаннан кейін, оны «Қасиетті Елена аралына сүйегін алып келіп, жаңағы пантеонның дәл ортасына жерлеп, үстіне көк мрамордан жасалған үлкен құлпытас қойылған. Сол пантеонда бір орын бос қалдырылған. Оны кезінде де Голльге арналған орын деседі екен. Бірақ де Голль Париждан 250 км жердегі өзінің соңғы мекен- жайы болған Коломб селосындағы зиратқа өзі қарапайым етіп жерлеуін қалаған. Ал шын негізінде ол Францияға сіңірген еңбегі жағынан Наполеонмен тең тұрған адам, деседі ол жөнінде француздар. Ендеше ел тарихын оқыта отырып, Отанды сүю, елге құрмет, жерді қадірлеу дегенді жастарға тарихты оқыта отырып бергеннің еш қателігі болмайды. Себебі тарих үйретеді, және тәрбиелейді. Заман талабынан туған заңдылықтар осылай болмақ. Бұл орайда тарихи ескерткіштер мен мұражайлардың, жер тарихының берері көп7



2. Методология - дүниені білу тәсілдері туралы ілім. Ғылымның методологиясы - ғылыми зерттеу әдістерін, белгілі бір ғылымның пәнін (зерттейтін жері) зерттеу кезінде басшылыққа алынатын ұстанымдарды анықтайды. Әрбір ғылымның өзінің зерттейтін саласы, оған тән зерттеу әдістері бар.

Оның сипаты зерттеу алдында тұрған міндеттерге байланысты.


Педагогиканың методологиясы дегеніміз - кез келген педагогикалық мәселені зерттеу негізіне жататын жалпыға ортақ ережелер, философия заңдары. Кез келген ғылым зерттелгелі отырған құбылыс туралы жалпы ережелерді қолданып, өзіне тән әдістерін қолданады. "Даму" сөзі - философиянікі. 
        Ғылым өз пәнін үнемі зерттеп отырмайынша дами алмайды. Педагогика ғылымы да өзінің күш-жігерін, тәрбие, білім беру, оқыту мәселелерін зерттеуге бағыттайды. Педагогикалық зерттеу әдістері - педагогикалық болмыс туралы зерттеуші жинаған фактілерді және білімдерді талдаудық негізгі тәсілдері. Педагогикалық зерттеулер теориялық және эмпирикалық деп бөлінеді. Теориялық әдістер: ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау; индукция; дедукция; жіктеу; аналогия; салыстыру. Эмпирикалық әдістер: мәліметтерді жинау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест); тексеру және өлшеу (шкалалау); мәліметтерді өңдеу; математикалық, статистикалық, графикалық, кесте; баға беру әдістері (өзін-өзі бағалау, рейтингі, педагогикалық консилиум); зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу (эксперимент). Зерттеулерде мына әдістер пайдаланады.
        Педагогикалық бақылау. Бақылау баланың мінез-құлқын әр түрлі жағдайларда көруге мүмкіндік береді. Бақылау арқылы мұғалім өте құнды материалдар алады. Байқағыштық - педагогикалық біліктіліктің көрсеткіші.
Л.Н. Толстой "Мұғалім баланы үнемі бақылап, ол туралы көзқарасын өзгерту үшін қайта бақылау керек", - деген. Бақылау нәтижелерінің дұрыс болуы оған сезім мүшелерінің бәрінің қатысуына байланысты. Күрделі бақылау - зерттеу жұмысында қолданылатын бақылау. Бақылау арқылы қандай да бір педагогикалық құбылыс мақсатты түрде бақыланып, ол туралы фактілер жиналады. Бақылау - еңбек операциясының, іс-әрекеттің құрамдас бөлігі. Алынған мәліметтер бірден өңделеді. Бақылаудық негізгі қызметі - зерттелетін процесс туралы материалдарды талдау, оларға баға беру.

Ол танымның бас кезінде жүргізіледі. "Нақты пайымдау" ой елегінен өткізумен байланысты, аталған әдіс арқылы күрделі педагогикалық құбылыс, процестердің байланысы ашылып, ғылымда белгілі құбылыстарға түзетулер енгізіледі. Бақылау тиімді болу үшін басқа әдістермен байланыста қолдану керек. Мысалы, эксперимент барысын және нәтижесін бақылаусыз анықтау мүмкін емес. Зерттеушінің зерттеу объектісімен байланысына қарай тікелей, жанама, ашық, жабық бақылаулар болады.

Бақылаудық бағдарламасы жасалып, болған фактілерді тіркеу әдістері белгіленеді. Тікелей бақылауды жанама бақылау толықтырады. Жанама бақылау зерттеушінің тапсырмасымен жүргізіледі.
Бақылау және экспериментпен ұштасса, нәтижелі болады.
Педагогикалық эксперимент - педагогика ғылымындағы негізгі әдіс. Эксперимент - оқыту және тәрбиенің қандай да бір әдісін, тәсілін тәжірибе арқылы сынақтан өткізу. Педагогикалық эксперименттің негізгі міндеті - педагогикалық ықпал мен оның нәтижелері арасында байланыс орнату. Эксперимент өткізер алдында белгілі бір педагогикалық әдіс-тәсілдің тиімділігі туралы ғылыми гипотеза айтылады.

Ғылымға сүйеніп жасалған, алдын-ала айтылған ой - гипотеза деп аталады.


Көлемді экспериментке көп оқушылар қатысады. Жергілікті, микроэксперименттерге аз оқушы қатысады. Кең көлемді, ірі эксперименттерді мемлекеттік, ғылыми мекемелер және білім беруді басқару органдары өткізеді. Мысалы, XX ғасырдық 60-жылдарында балаға алты жастан бастап жалпы білім беру үлгісі тексеріліп, оған көп оқушылар қатысқан эксперимент өтті. Нәтижелері жақсы болған соң балалар алты жастан бастап білім алуға көшті.
Ойдағы эксперимент - іс-әрекетті санада жасау. Жасанды жағдай - бір не бірнеше оқушыны ұжымнан бөлу. Эксперимент педагогикалық жұмыстың қандай да бір әдісінің тиімділігі туралы қорытынды болғанда өткізіледі.
Тексеру эксперименті, ғылыми педагогикалық зерттеу институттары шығарған оқулықтарының пайдалылығын арнайы мектептерде тексеру эксперименті арқылы зерттейді. Мектептегі озат тәжірибелерді зерттеу процесінде пайда болған болжамды анықтау үшін тексеру эксперименті қолданылады.

Мысалы, педагогикалық ғылыми-зерттеу институттары жаңадан шығарылған оқулықтардың, бағдарламалардың тиімділігін тексеру эксперименті  арқылы  зерттейді. Оқу мен тәрбиенің мазмұнын  ұйымдастыру түрлерін,  принциптері мен әдістерін  жаңадан құру үшін арнаулы  эксперимент жүргізіледі, оны жасампаз эксперимент дейді.


Мақсатына  қарай эксперимент  анықтаушы, тексеруші,  нақтыландырушы деп бөлінеді. Озат  және  көпшілік тәжірибені зерттеу процесінде жасалған гипотеза тексеріледі. Жасампаз, өзгертуші эксперимент арқылы жақсы жағдайлар жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет