ПОӘК 042-18.18.1 56/01 2016
|
№1 басылым 11.01.2016
|
беттің беті
|
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК
042-.............2016
|
«Тарих методологиясы» пәнінің бағдарламасы
|
№1 басылым
11.01.2016
|
«ТАРИХ МЕТОДОЛОГИЯСЫ»
пәні бойынша
5В020300 «тарих» мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Пәннің студенттерге арналған бағдарламасы
1 ЖАСАЛЫНДЫ
Құрыстырған : «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Санкайбаева П.С.
«__11__» __01__ 2016 ж.
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 « Қазақстан тарихы» кафедрасында
Хаттама №_4__ « 11_»_01_ 2016 жыл
Кафедра меңгерушісі ____________ Н.Мухаметжанова
2.2 Экономика, заң және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросында
Хаттама «_12_»__01_ 2016 жыл № 4
Төрағасы_________ С.Х.Тойкин
3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және басылымға ұсынылды
Хаттама «_15_»__01__2016
жыл №1
Оқу -әдістемелік кеңестің төрайымы ________ Г.К. Искакова
Мазмұны :
1.Глоссарий.................................................................................................
2.Қысқаша дәрістер мәтіні...................................................................
3. Практикалық (семинар) сабақтары ...............................................
4. Студенттердің өздік жұмыстары......................................................
6.3.1 ГЛОСАРИЙ
1. Аридтік аймақ- ауа райы құрғақ аймақ.
2. Гоминид- адамның арға ата-бабалары.
3. Плиоцен- өтпелі кезең.
4. Палеолит- ерте тас дәуірі
5. Мезолит- орта тас дәуірі.
6. Неолит- жаңа тас дәуірі.
7. Матриархат- аналық рулық қауым.
8. Патриархат – аталық рулық қауым.
9. Тұрақ-ежелгі адамдар мекені.
10. Археология- (архео-көне, ежелгі;логос-оқимын) .
11. Этнография-(этнос-халық, логос- оқимын)
12. миф-аңыз,ертегі.
13. Методология- зерттеу әдістерінің жиынтығы.
14. Шежіре- төтенше маңызды жазба дерек.
15. Руналық- ежелгі түркі жазуы.
16. Шаньюй- ғұндар көсемі, ханы.
17. Он оқ будун- 10 тайпа одағы.
18. Түркі- «төркін», «әскери ақсүйек».
19. Этногенез- халықтың шығу тегі.
20. Қаған- ең жоғарғы әскери лауазым, хан, тек.
21. Эфталиттер- ақ ғұндар.
22. Половецтер- қыпшақ тайпалары.
23. Протогород- үлкен, қала тектес қоныстар.
24. «Шад» - түмен (10 000 адам) басы.
25. Вассал- біреуге бағынышты, тәуелді.
26. Моңғол империясы- Шыңғыс хан және мұрагерлері құрған мемлекет.
27. Тархан- ақсүйектерге берілетін әскери лауазым.
28. Ұлыс бектері- тарханнан төмендеу билік иесі.
29. Қараша бектер- қара сүйектен шыққан билеуші.
30. «Яссы» (Жасақ)-заңдар жинағы.
31. Тамға-ерекшелік белгісі, таңба.
32. Құл- ешқандай құқы жоқ, басыбайлы адам.
33. Кесене-архитектуралық құрылыс, мазар.
34. «Диуани хикмет» (Даналық кітабы) – Қожа Ахмет Яссауидың кітабы.
35. Тарихнама- шежіре, ауызша және жазбаша естелік.
36. Әз, Әз Жәнібек, Әз Тәуке- әділ билік жүргізген ел басыларына айтылатын билік сөзі.
37. «Қасым ханның қасқа жолы» - Қасым хан кезіндегі мемлекеттік құқықтың негізін реформалау үлгісі.
38. «Жеті Жарғы»- Әз Тәукенің билік және заң қағидалары.
39. «Қазақтардың алтын ғасыры»- Тәуке хан билік құрған жылдар.
40. «Жоңғар» - батыс-моңғол тайпалары, «сол қол » деген ұғымды білдіреді.
41. «Ойрат» - төрт тайпа одағы деген ұғым.
42. «Қоңтайшы»- Жоңғар билеушісі.
43. «Ақтабан шұбырынды»- 1723 немесе Жоңғар шапшылығының нәтижесінде қазақтардың босуы.
44. Торғауыттар- еділ бойы қалмақтары.
45. Бодандық- өз еркімен бағыну, бой ұсыну.
46. Рухани мәдениет- адамның ақыл-ойының, санасының өсуі.
47. Материалдық мәдениет- заттай мәдениет.
48. Елші-бір елдің өкілі, дипломат.
49. Төре, қожа- жоғарғы діни қабаттың өкілдері.
50. төлеңгіт- төрелерге қызмет етуші әлеуметтік топ.
51. Сұлтан- ақсүйек, Шыңғыс хан ұрпағы.
52. рулық одақ- «Ата балалары» , біріккен тарихи топ.
53. Тайпа- біріккен бірнеше рулық одақ.
54. шариғат- мұсылмандардың діни заң-қағидалары.
55. Жырау- философиялық толғау- өлең шығаратын халық әдебиет өкілі.
56. Би- шешен, халық мойындаған ру-жүз, мемлекет қайраткері.
57. Отар- бір елді екінші бір үлкен елдің күшпен немесе саяси әдіспен жаулап алуы.
58. Зекет, харадж- алым-салық түрлері.
59. Ұлт-азаттық қозғалысы- белгілі бір ұлтты, халықты азат ету жолындағы күрес.
60. Блокада- әскери қысым, қоршау.
61. Уақытша ереже- 1867-1868 жылдардағы реформа.
62. Облыс- 5-8 уезден тұрды (19-ғасыр)
63. Уезд- 5-8 болыстан тұрды (19-ғасыр)
64. болыс- 8-15 ауылдан тұрды (19-ғасыр)
65. адай көтерілісі- 1870 жылы Кіші жүз қазақтарының қозғалысы.
66. «алаш» партиясы- 1917 ж жілдеде Орынборда құрылды.
67. I. Дүниежүзілк соғыс- 1914-1918ж соғыс.
68. Азамат соғысы- 1918-1920 ж соғыс.
69. Автономия- жеке билеу құқығы бар мемлекет.
70. Федерация- бір мүдделі бірнеше мемлекеттер одағы.
71. Қазақ АКСР- Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы.
72. Индустрияландыру- ауыр өнеркәсіп саласын дамыту.
73. Күштеп ұжымдастыру- 1929 ж басталған саяси-экономикалық науқан.
74. «Кіші Қазан» идеясы- Ф. Голощекиннің Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату саясаты.
75. Репрессия- жазықсыз жазалау, қудалау шаралары.
76. Ұлы Отан соғысы- 1941-1945 ж арасындағы соғыс.
77. тың игеру- жоспарсыз егіс көлемін ұлғайту (1954)
76. АЛЖИР, КарЛАГ, ГУЛАГ- жазалау орындарының қысқарған атауы.
77. «Жылымық жылдар»- 1953-1964 жылдар аралығындағы Н.С. Хрущевтік кезең.
78. Тоқырау жылдары- 1970-1980жж. Саяси-экономикалық, әлеуметтік дағдарыс.
79. Қайта құру – 1985ж. КСРО басшысы М.Горбагевтың саясаты.
80. Желтоқсан оқиғасы – 1986ж. Жастар, студенттер қозғалысы.
81. Егемендік туралы декларация – 1990ж. 25- қазандағы Қазақ КСР-нің тәуелсіздігі туралы құжат.
82. Мемлекеттік рәміздер – ту, елтаңба, әнұран.
83. Конституция – Ата заң, мемлекеттің негізгі заңы.
84. Парламент – Заңдар шығарушы өкімет органы.
85. Сенат- Жоғарғы палата.
86. Мәжіліс – Төменгі палата.
87. Үкімет – Министрлер кабинеті.
88. «Қазақстан-2030» - Қазақстан Республикасының 2030жылға дейінгі даму бағдарламасы.
89. Президент – Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша ең жоғарғы мемлекеттік лауазым.
90. Жолдау – Қазақстан Республикасы президетінің жыл сайынгы
халыққа беретін қортынды есебі, құжат.
6.3.2 Қысқаша дәрістер
МОДУЛЬ-1. Тарихи шындық және тарих ғылым ретінде- 6 сағат
1-тақырып.Кіріспе. Тарих ғылым ретінде-2сағат
Жоспар:
1.Тарихи шындық деген не?
2.Арнайы тарих
3.Тарих ұжымдық және жеке қоғамның естелігі ретінде
1.Тарих дегеніміз біздің өткен өміріміз. Кешегі күн бүгін тарих. Ол адам санасындағы өткен өмірдің, болмыстың сәулесі.Тарих болған жағдайды, өткен өмірді сол күйінде қайталамайды. Оны екшеп, ішіндегі маңыздысын, әсерлісін әңгіме етеді. Міне осы тұрғыдан қарағанда сол өткен өмір халық тәжірибесі болғандықтан,оның өнеге, сабақ болатын жағы бар.
Тарих үйретеді, тәрбиелейді. Тарихтың тәрбиелейтін мәнін айтқанда, оны тек жақсы жағы, табысты жағы ғана тәрбиелік роль атқарады десек, мәселеге сыңар жақты қараған болар едік. Әрине, жақсы-үлгі; жақсыға қашанда адам баласы ұмтылады. Жақсы-өнеге. Бірақ та, жақсы да, жаман да, табыс та, шығын да, даму да, тоқырау да, ілгері басу да, шегіну де өмірде болады. Олардың қайсысының тәрбиелік, сабақ болатын жағы бар? Әрине, оның екі жағы да сабақ. Тарихтағы бұрыстық та сабақ. Тарихтың кемістік, қолайсыз, керексіз жағын түсіну, оның себептерін ашу, одан қорытынды жасау, жағымсыз жағдайды қайталамау бұл да сабақ. Адам ой тұжырымдары өмірден сабақ алу арқылы қалыптасады. «Көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады» деген мәтел, айталық, өмірден алынған. «Аузы күйген үрлеп ішеді» дейді халық. Осылардың барлығы - өмір сабағы. Тарихты зерттегенде де, оның өткен өмірді осы тұрғыдан алып қарайтынын аңғаруға болады.
Бізде кейде тарихқа алалап қарау орын алып келді. Былайша айтқанда, тарихқа таптық көзқараспен ғараудың орнына тарихтың кейбір фактыларын, оқиғаларын айтпай, тастап, аттап кету жағдайлары бел алды. Соның салдарынан көптеген адам есімдері, олардың атқарғар істері, болған оқиғалар айтылмай, олардың орны ойсырып қалатын жағдайлар кездесіп отырады. Бірақ, тарихта физика заңы сияқты бос қуыс болмайды. Бос қалған дәуір, кезең басқа фактылармен, кейде ойдан шығарылған жағдайлармен, тұжырымдармен толықтырылады. Көбіне олар қолдан жасалған, өмірден алшақ жағдайда кездеседі. Сондықтан олардың тәрбиелік мәні де шамалы, жоқтың қасы. Немесе оның әсері тіпті керісінше. Тарихқа қашанда объективті, шындық көзбен қарау керек.
Айтайық дегеніміз кез-келген жағдайларға жан-жақты диалектикалық талдау керек екендігі. Қорытынды сыңар жақты, өмірге байланыссыз болып шығады да, ондай әдістін тарихтың тәрбиелік мәні көрінбей қалады. Тарихпен тәрбиелеудің өзектілігі осында. Тарихқа объективтік, шыншыл, әділ анализ керек. Сонымен бірге талдаудың қорытындысы қоғамдық қоғамдық прогрескеқызмет етуі шарт.
2.Тарих-өткен өмір айнасы. Өткенді зерттеу, оны қайталап жазу, қағазға түсіру аса қажет. Бірақ ол, ғашан данақтылы деректерге, документтерге (хаттарға, қол жазбаларға, күнделік дәптерлерге, архив қазыналарына) сүйеніп жазылады. Тек солар арқылы ескі өмірдің, тарихтың әлеуметтік, мәдени, саяси портретін жасауға болады. Түрлі тарихи дәуірді жазылған кітаптар, археогиялық қазбалар, этнографиялық суреттемелер, хабарлар бұл тұрғыда үлкен роль атқарады.
Қазақ даласы жәйлі, халқының тұрмысы мен шаруашылығы жәйлі мағлұматтар орыс, грек, араб, парсы, қытай саяхатшыларының жазып қалдырғандарынан археогиялық қазбалар бастап көне замандардағы асықтардың, немесе сол заманда дүние салған кісініңқабіріне ер-тоқым, қамшы, қылыш, айбалта, сауыт, ыдыс-аяқ, тағамдар қалдыруыы сол кездегі адамдардың ақыл-ойын, діни көзқарастарын, негізінде адамдырдың рухани-мәдениет дережесін халықтардың ауыз әдебиетінен; ертегі-қиссаларынан, мақал-мәтелдерінен, жұмбақтары мен жаңылтпаштарынан т.б. байқап пайымдауға болады. Тарих тағылымы осы.
3.Тарихта бір елмен бір ел ұдайы сауда-саттық, мәдени, басқа да байланыста болған. Байланысыз, өзара әсерсізешқандай прогресс мүмкін емес. Бүкіл ғылымитехникалық прогресс бір ғана елдің, не бір ғана халықтың табысы емес. Қашанда бір халықтан бір халық үйреніп отырған, Мәселен, атақты грек тарихшысы Геродот скифтерге арналған IV томында қазіргі Каспий маңында «Даи» деген халық тұрған деп жазды. Ол«Даи» деп отырғаны өзгертіліп айтылған қазіргі«Адай» руы емес пе екен деген ойға қаласыз. Сонда Геродот «Даи»-ды қайдан білді? Өзі бұл жерге келмегенді, әрине, оны оған сол кездегі жиһанкездер мен саудагерлер айтса керек. Скифтер туралы көп мағлұматтарды солардан естігенін Геродот өзі мойындайды.
Тарихты творчестволықпен зерттеу керек. Шығармашылықпен зерттеу дегеніміз – болған жағдайды сол күйінде алып, оның жақсы – жаман жақтарына ғылыми диалектика тұрғысынан талдай білу, мәселенің логикасына жүгіну. Жақсы неліктен жақсы, қандай себептері арқылы ол солай, жаман неліктен жаман? Тек сондай салыстыру арқылы тарих нанымды болады. Тарихтың тәрбиелік ролі оның шыншылдығында. Тарих аңғартады, ол үйретеді, ол тәрбиелейді. Сондықтан тарихты саралауды кез-келген қазақстандық азамат білуі қажет.
2-тақырып. Тарихтың зерттелу бағыты туралы-2 сағат
Жоспар:
1.Тарихи қызығушылықтың қалыптасуы
2. Тарих ғылым ретінде
3.Тарихи ғылымы және оның обьектісі
1.Қазақ елінің тарихы патшалық және кеңестік билік заманында бұрмаланып, дұрыс жазылмай келді. Тек еліміз еркіндікке қол жеткізгеннен кейін ғана «ақтаңдақ» беттері ашылып, ұлттық тарих жазыла бастады. Қазақ еліТәуелсіздігінің 24 жылдығына дейін көптеген зерттеу еңбектері жарыққа шықты. Бірақ әлі де зерттеуді қажет ететін өзекті тақырыптар бар. Соның бірі – тарих ғылымының теориясы мен методологиясы. Себебі теория-методология мәселесін көтермейінше, зерттеу жұмыстары да өз дәрежесінде болмайды.
Қазіргі жаһандану заманында қазақ халқының ұлт болып сақталуы үшін ұлттық құндылықтары насихатталып, төл деректері, құнды мұралары зерттеле түсуі қажет. Әлемдегі өркениетті елдердегі сияқты тарих ғылымының теориясы мен методологиясы біздің еліміздегі отандық тарих ғылымы бойынша дұрыс жолға қойылуы керек. Осы аталған тақырыпқа қатысты бір қатар зерттеушілердің шағын мақалалары мен жинақтары жарық көргенімен, арнайы нұсқаулық немесе оқулық ретінде жазылған теория-методологияға қатысты іргелі зерттеу еңбектержоқ.
Патшалық және кеңестік империяның тұсында тарих бұрмаланды және оны басқа ұлт өкілдері жазды. Қазақ зиялыларының да ел тарихына байланысты қалам тартып, зерттеулер жазғаны болды. Бірақ оларға шектеу қойылып, қуғындалды. Тек саяси идеология құралына айналдырылған тарихжазылды. Бір сөзбен айтқанда, үлкен қиянат жасалып, тарихымыз таптаурын күйге түсті. Соның салдарынан осы күнге дейін Отандық тарих ғылымының теориясы мен методологиясы қалысқалып келді. Мысалы, Қазақстан бойынша Қаз КСР Ғылым академиясы төралқасының 1978 жылғы 7 қыркүйектегі №131 қаулысымен Тарих институтында «Қазақстанның тарихнамасы» деп аталатын бөлім ғана ашылды. Оның өзі кеңестік идеологияның шеңберінен шығып, зерттеулер жасай алмады. Ал басқа институттар мен университеттерде арнайы Отан тарихының теория-методологиясымен айналысатын кафедралар мүлдем ашылған жоқ. Сондықтан тарихшыларымыздың алдында тұрған үлкен бір міндет осы салаға қатысты болып тұр.
2.Тарих ғылымының теориясы мен методологиясына қатысты ұғымдар және түсініктеріне тоқтала кетсек.
Тарих теориясы – жалпы тарих туралы теория немесе ондағын ормандық теория, манор теориясы тағы басқа да теория түрлері жайында. Қалай айтқанда да, тарих теориясы – бұл жоғары, тарихи танымның дамыған деңгейі. Яғни нақты тарихи оқиғалар мен құбылыстардың сипатталу деңгейін көрсетеді. Тарихи зерттеу теориясында тарихтың жалпы проблемалары, шындығы және танымы қарастырылады.
Тарих методологиясы – (грек тіл. methodos – әдіс, таным жолыlogos – сөзі) – тарих ғылымының әдістемелік таным туралы пәні және тарауы болып табылады. Әдістеме – тарихи зерттеудің құралы ретінде пайдаланылады. Әдістемелер арқылы тарихшы жаңа білім алып, оқиғалар туралы мәліметтерді нақтылайды.
Қазіргі заманда «методология» ұғымы бастапқы мағынадағыдай ғана аясы тар емес, тарихи танымның жалпы негізін құрайды. Бір сөз бен айтқанда, тарих методологиясы нақты тарихи зерттеу тәжірибесінің теориялық көрінісі ретіндегі әдістемелер, ұстанымдар, ғылыми тарихи түсініктерт.б. Тарих –шының зерттеу жұмысының тәжірибесін баяндай отырып, методология танымға жетелейтін ойға мүмкіндіктер береді. Демек, методология тарихи зерттеуде жеке және жалпы проблемаларға сараптама жасайды. Бірақ кезкелген проблемаға нақты жауапты даярлап тұрмайды. Оны қарастырудың, зерттеудің жолдарын көрсетеді.
3.Тарих ғылымында методология мен метод бір-біріне тәуелді емес. Методология мен методтың өз алдына жеке танымдық формалары бар. Мәселен, методология жеке зерттеу әдістеріне қолданылмайды. Зерттеу жүйесінде техникалық әдістерді методология емес, метод деп қарастырған жөн. Ал методология міндеті ғылыми мәселелерді шешуде жалпы теориялық ұстанымдарды көрсету болып табылады. Бұл жалпы ғылыми қарым-қатынас сипатын, көрінісін байқатады.
Қазақ зиялысы А. Байтұрсынов былай деп жазған еді: «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынан өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады». Демек, Отан тарихын тарихшылар өз дәрежесінде зерттеу үшін тарих ғылымыныңтеориясы мен методологиясына баса назар аударуы қажет.
Деректанушы ғалым Қ.М. Атабаев Отан тарихы ғылымының методология мәселесіне байланысты мынадай тұжырым жасаған: «Отандық тарих ғылымындағы басты кемшілік – методологиялық кемшілік. Барлық ғылымның негізі методологияда жатыр. Методологиялық, теориялық мәселелерді анықтап алмай, басқа ғылымдар сияқты, тарих ғылымының да өз дәрежесінде дамуы мүмкін емес. Қазақстанда тарих ғылымының міндеті, функциясы не болуы керек? Алдымен осыны анықтап алуға тиіспіз. Ең бастысы, методологиялық проблема – осы. Қазақстан тарихы ғылымының міндеті қазақ ұлтының тарихын зерттеу болуыкерек».
Тарихшы Б.Ғ. Аяған ұлттық тарихты қарастыруға қатысты мынадай пікірін білдірген: «Біздің міндетіміз – тарихшылардың ғылыми мектептері арасындағы интеллектуалды ой жарысын, бәсекелестікті қолдай отырып, қазақтарихының табиғаты және мәні туралы терең толғанған туындыларды өмірге келтіру. Бұл ерекше тарих екені анық. Ол – Батыстың да, Шығыстың да тарихи дәстүрлеріне бағынбайтын феномен. Ол құбылыс өзегі – Дала өркениеті, мыңдаған жылдар бойы үзілмей келе жатқан тарихи жалғастық, ауызша дәстүр тағы басқалары. Сондықтан, Қазақ елінің тарихындағы өзекті мәселелеріне қатысты тұжырымдамалар қажет. Ол үшін кең ауқымды және терең зерттеулер керек. Мысалы, тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеудегі міндеттерді шешу үшін жан-жақты білім алған, теориялық дайындықтары жақсы, жаңаша ойлайтын мамандар қажет. Осы мәселелерді ширақ, ауқымды ретте шешіп отыру тарихшылардың міндеті болуы тиіс».
Қазіргі заманда «тарихтан тәрбие», «тарихтың тәрбиелік күш-қуаты» деген негізді ұғымдар біздің мәдениетіміз бен қоғамдық өмірімізде қолданысқа енген. Әсіресе Тәуелсіздік алған уақыттан бері мемлекеттің алдында жасұрпақты жаңаша тарихи көзқарас тұрғысынан оқыту мен тәрбиелеу міндеті қойылды. Ондағы мақсат тарихын білетін, ұлты мен мемлекетін сыйлайтын жасұрпақты тәрбиелеуге байланысты еді. Міне, осындай рухани ұлттық құндылықтар мен тарихын терең білетін ұрпақ қана ұлт жанды болып өсетіндігі сөзсіз. Сондықтан тарихшы қауым ел тарихының әр түрлі кезеңдері мен маңызды салаларына қалам тартуы тиіс.
3-тақырып. Тарихи зерттеудің танымы мен рөлі-2 сағат
Жоспар:
1.Тарихи ғылымның әлеуметтік қызметі
2.Тарих методологиясының түсінігі туралы
3.Тарихи философия
1.Адам баласы қай дәуірде болсын, көрген білген жағдайларға, оқиғаларға ат қойып, белгі салып, сақтап отырған. Мәселен, «Кер бұлақ», «Қос құдық», «Тақыр көл», «Байжан сай» немесе «Қарауыл төбе», «Үш ағаш», «Бәге құм», «Ақтам» деп ат қойған. Тіпті жұлдыздарға да қазақ басқа халықтардай ат қойып, сол арқылы түн мезгілдерін байқаған: «Есек қырған», «Үркер», «Таразы», «Ақ боз ат», «Көк боз ат», «Жеті қарақшы», «Темір қазық» т.б. кейде осындай аттарға сүйеніп,геологтар жер байлықтарын аңғарған. Мәселен, «Май көп», «Май қайың», «Байқоңыр» (қоңыр көмір шығатын жер ), «Алтын шоқы», «Жезді». Мұны топономия дейді. Осылардың бәрі жай еріккеннен айтылған нәрсе емес. Адамдардың өміріне, тіршілік нысана, барлық елге бірдей түсінікті болу үшін жасалған. Сол сияқты есте сақтау үшін дүние салған беделді, не бай адамдарға мавзолей, ескерткіштер орнатты, зират басына қой тас, құлпы тас, түйе тастар қойған, төбелер(қорғандар) жасаған. Бұл кәде барлық халықтарда бар. Сірә, осының негізінде бір кезде жазу-сызуы жоқ сауатсыз елдерде бірден-бір әдіс-естелік арқылы ұрпақтан –ұрпаққа тарап жететін болған. Осылардың барлығында тарих сыры бар.
Біріншіден тарихи ескерткіштерге қарап, сол дәуірдегі адамдардың шаруашылықтың қай түрімен айналысқанын, нені кәсіп еткенін байқауға болады: сол арқылы олардың өмір сүрген тарихи кезеңі пайымдалады.
Екіншіден, сол ескерткіштерден бір заманда өмір сүрген адамдардың әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін, діни көзқарастарын байқаймыз. Мәселен, кейбір археологиялық қазбалардан бұдан 3 мың жыл бұрын өмір сүрген адамдардың да асық ойнаумен айналысқанын, ал, асық ойнау үшін одан да бұрын мал өсіргенін аңғарамыз. Немесе бұдан 6-8 мың жыл бұрын өмір сүрген адамдарда музыка аспаптары болған. Қазіргі қазақ жеріндегі музыкалық аспаптардың ең ертедегісі қобыз деуге болады. Өйткені, ол ең оңай жасалатын аспап. Айталық, қуыс ағашқа қыл тартып, оны екінші шыбыққа тартылған қылмен үйкелсе дыбыс шығатынын ерте заманнан-ақ байқап, оны пайдаланатын болған.
Үшіншіден, сол мәдени мұраларға қарап, бір ел мен екінші ел арасындағы ұдайы шаруашылық, мәдени байланыстар болғанын, бір мәдениеттін бір мәдениетке әсерін байқаймыз. Өмірде байланыссыз бірде- бір құбылыс болған емес. Бұл диалектикалық заңдылық. Сол ескерткіштерден қай елдің қай елге әсері болды, кімнен, кім нені үйренді. Бүкіл цивилизация тарихының байланысын танытады. Ыбырай Алтынсариннің «Сыйса көйлек үстінде тоқуменен табылған, өнер-білім бәрі де оқуменен табылған, кел, балалар, оқылық, оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық»дегені бар. Басқасын былай қойғанда, осы екі шумақта қаншалықт тарихи тәрбиелік мән жатыр десеңізші. Париждің «Мүгедектер үйінде» Наполеон I, оның баласы Наполоен II, Наполоенның жақын маршалдарының қабірлері жатқан пантеон бар. Бір кезде Наполен айтқан екен: «Өлгенімде, денемді Сена жағасына, мен өте жақсы көретін француз халқының ортасына жерлеңдер» деп. Француз халқы оның ол тілегін орындап, Наполоен дүние салғаннан кейін, оны «Қасиетті Елена аралына сүйегін алып келіп, жаңағы пантеонның дәл ортасына жерлеп, үстіне көк мрамордан жасалған үлкен құлпытас қойылған. Сол пантеонда бір орын бос қалдырылған. Оны кезінде де Голльге арналған орын деседі екен. Бірақ де Голль Париждан 250 км жердегі өзінің соңғы мекен- жайы болған Коломб селосындағы зиратқа өзі қарапайым етіп жерлеуін қалаған. Ал шын негізінде ол Францияға сіңірген еңбегі жағынан Наполеонмен тең тұрған адам, деседі ол жөнінде француздар. Ендеше ел тарихын оқыта отырып, Отанды сүю, елге құрмет, жерді қадірлеу дегенді жастарға тарихты оқыта отырып бергеннің еш қателігі болмайды. Себебі тарих үйретеді, және тәрбиелейді. Заман талабынан туған заңдылықтар осылай болмақ. Бұл орайда тарихи ескерткіштер мен мұражайлардың, жер тарихының берері көп7
2. Методология - дүниені білу тәсілдері туралы ілім. Ғылымның методологиясы - ғылыми зерттеу әдістерін, белгілі бір ғылымның пәнін (зерттейтін жері) зерттеу кезінде басшылыққа алынатын ұстанымдарды анықтайды. Әрбір ғылымның өзінің зерттейтін саласы, оған тән зерттеу әдістері бар.
Оның сипаты зерттеу алдында тұрған міндеттерге байланысты.
Педагогиканың методологиясы дегеніміз - кез келген педагогикалық мәселені зерттеу негізіне жататын жалпыға ортақ ережелер, философия заңдары. Кез келген ғылым зерттелгелі отырған құбылыс туралы жалпы ережелерді қолданып, өзіне тән әдістерін қолданады. "Даму" сөзі - философиянікі.
Ғылым өз пәнін үнемі зерттеп отырмайынша дами алмайды. Педагогика ғылымы да өзінің күш-жігерін, тәрбие, білім беру, оқыту мәселелерін зерттеуге бағыттайды. Педагогикалық зерттеу әдістері - педагогикалық болмыс туралы зерттеуші жинаған фактілерді және білімдерді талдаудық негізгі тәсілдері. Педагогикалық зерттеулер теориялық және эмпирикалық деп бөлінеді. Теориялық әдістер: ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау; индукция; дедукция; жіктеу; аналогия; салыстыру. Эмпирикалық әдістер: мәліметтерді жинау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест); тексеру және өлшеу (шкалалау); мәліметтерді өңдеу; математикалық, статистикалық, графикалық, кесте; баға беру әдістері (өзін-өзі бағалау, рейтингі, педагогикалық консилиум); зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу (эксперимент). Зерттеулерде мына әдістер пайдаланады.
Педагогикалық бақылау. Бақылау баланың мінез-құлқын әр түрлі жағдайларда көруге мүмкіндік береді. Бақылау арқылы мұғалім өте құнды материалдар алады. Байқағыштық - педагогикалық біліктіліктің көрсеткіші.
Л.Н. Толстой "Мұғалім баланы үнемі бақылап, ол туралы көзқарасын өзгерту үшін қайта бақылау керек", - деген. Бақылау нәтижелерінің дұрыс болуы оған сезім мүшелерінің бәрінің қатысуына байланысты. Күрделі бақылау - зерттеу жұмысында қолданылатын бақылау. Бақылау арқылы қандай да бір педагогикалық құбылыс мақсатты түрде бақыланып, ол туралы фактілер жиналады. Бақылау - еңбек операциясының, іс-әрекеттің құрамдас бөлігі. Алынған мәліметтер бірден өңделеді. Бақылаудық негізгі қызметі - зерттелетін процесс туралы материалдарды талдау, оларға баға беру.
Ол танымның бас кезінде жүргізіледі. "Нақты пайымдау" ой елегінен өткізумен байланысты, аталған әдіс арқылы күрделі педагогикалық құбылыс, процестердің байланысы ашылып, ғылымда белгілі құбылыстарға түзетулер енгізіледі. Бақылау тиімді болу үшін басқа әдістермен байланыста қолдану керек. Мысалы, эксперимент барысын және нәтижесін бақылаусыз анықтау мүмкін емес. Зерттеушінің зерттеу объектісімен байланысына қарай тікелей, жанама, ашық, жабық бақылаулар болады.
Бақылаудық бағдарламасы жасалып, болған фактілерді тіркеу әдістері белгіленеді. Тікелей бақылауды жанама бақылау толықтырады. Жанама бақылау зерттеушінің тапсырмасымен жүргізіледі.
Бақылау және экспериментпен ұштасса, нәтижелі болады.
Педагогикалық эксперимент - педагогика ғылымындағы негізгі әдіс. Эксперимент - оқыту және тәрбиенің қандай да бір әдісін, тәсілін тәжірибе арқылы сынақтан өткізу. Педагогикалық эксперименттің негізгі міндеті - педагогикалық ықпал мен оның нәтижелері арасында байланыс орнату. Эксперимент өткізер алдында белгілі бір педагогикалық әдіс-тәсілдің тиімділігі туралы ғылыми гипотеза айтылады.
Ғылымға сүйеніп жасалған, алдын-ала айтылған ой - гипотеза деп аталады.
Көлемді экспериментке көп оқушылар қатысады. Жергілікті, микроэксперименттерге аз оқушы қатысады. Кең көлемді, ірі эксперименттерді мемлекеттік, ғылыми мекемелер және білім беруді басқару органдары өткізеді. Мысалы, XX ғасырдық 60-жылдарында балаға алты жастан бастап жалпы білім беру үлгісі тексеріліп, оған көп оқушылар қатысқан эксперимент өтті. Нәтижелері жақсы болған соң балалар алты жастан бастап білім алуға көшті.
Ойдағы эксперимент - іс-әрекетті санада жасау. Жасанды жағдай - бір не бірнеше оқушыны ұжымнан бөлу. Эксперимент педагогикалық жұмыстың қандай да бір әдісінің тиімділігі туралы қорытынды болғанда өткізіледі.
Тексеру эксперименті, ғылыми педагогикалық зерттеу институттары шығарған оқулықтарының пайдалылығын арнайы мектептерде тексеру эксперименті арқылы зерттейді. Мектептегі озат тәжірибелерді зерттеу процесінде пайда болған болжамды анықтау үшін тексеру эксперименті қолданылады.
Мысалы, педагогикалық ғылыми-зерттеу институттары жаңадан шығарылған оқулықтардың, бағдарламалардың тиімділігін тексеру эксперименті арқылы зерттейді. Оқу мен тәрбиенің мазмұнын ұйымдастыру түрлерін, принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі, оны жасампаз эксперимент дейді.
Мақсатына қарай эксперимент анықтаушы, тексеруші, нақтыландырушы деп бөлінеді. Озат және көпшілік тәжірибені зерттеу процесінде жасалған гипотеза тексеріледі. Жасампаз, өзгертуші эксперимент арқылы жақсы жағдайлар жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |