Арнайы қолдануға арналған ыдыстар.
Къельдаль колбасы – алмұрт пішінді, мойны ұзындау болып келген шыны ыдыс. Сиымдылығы 300-800 мл, қиын балқитын, ыстыққа төзімді «Пирекс» типті шыныдан жасалған. Оны тексерілетін заттағы азотты анықтау үшін қолданады.
Дистиллят алу үшін қолданылатын колбалар. Сұйықты қайта айдап дистиллят алу үшін Вюрца, Клайзен, Арбузов және т.б. колбалар пайдаланылады.
Вюрц колбасы ұзын мойынды, өсінді түтікшелері бар, сұйықты қайта айдау үшін қолданылатын аппарат. Өсінді түтікшелерінің орналасу биіктігіне байланысты әртүрлі температураларда қайнайтын сұйықтарға тиісті аппаратты таңдап алуға болады.
Клайзен колбасының Вюрц колбасынан айырмашылығы екі мойны бар, оның біреуінен қисық пішінді түтікше шығарылады. Төменгі қысымдағы сұйықтарды айдау үшін қолданылады.
Арбузовтың колбасы – Клайзен колбасының жетілдірілген түрі. Ондағы екі мойын бір-бірімен қосылған. Егер сұйық аяқ астынан қайнайтын болса, онда ол кеңейтілген бөлігі арқылы қайта колбаға құйылады.
Аллонжылар – имек шыны түтік, сұйықты қайта айдау кезінде тоңазытқыш пен қабылдағышты қосу үшін пайдаланылады. Аллонжының кең басына таңдап алынған тығынның тесігіне тоңазытқыштың түтігін 3-4 см тереңдікке еңгізеді, ал жіңішке ұшын қабылдағышқа қосады.
Дефлегматорлар – дистілдеуге арналған қондырғы. Жоғарғы жағында жанама түтікшесі, кеңейтілген бөліктері бар шыны түтік. Фракциялық қайта қайнатуларда пайдаланылады. Олардың пішіні мен көлемі әртүрлі болып келеді. Олармен жұмыс істегенде сақтық керек. Себебі олар оңай сынады.
Эксикаторлар – шлифті жапқышы бар, ерекше пішінді қалың шыны ыдыс. Ылғалды бойына тез сіңіретін заттарды сақтау үшін және заттарды өте жәй суыту үшін қолданылады. Жіңішкертілген иық тұсында тигель қоюға арналған тесіктері болады. Фарфордан жасалған жапсырманың төменгі жағына кептіргіш заттар – қыздырылған кальций хлориді, сусыздандырылған күкірт қышқылы, кейде ангидрон немесе фосфор тотығы, силикагель және аллюминий тотығы орналастырылады.
Вакуум-эксикаторда краны бар резина түтікшені кіргізетін тесігі бар. Сол түтікше арқылы вакуум-насосқа қосылады. Жапқышының шлифін өте жұқе етіп вазелинмен немесе арнайы маймен майлар қояды. Жапқышты тік көтеріп емес жылжытып ашады. Жапқышты үстелге қойғанда шлифін жоғары қаратып қояды. Ыстық тигельдерді қойғанда басында эксикаторды толық жаппайды, 1-2 минуттай тосып барып толық жабуға болады.
Газдарды жуу үшін Вульф, Дрексель, Тищенко шынылары қолданылады.
Вульф шынысының қабырғасы қалың, сиымдылығы 250 мл – 5 л мөлшерінде болады. Екі-үш ауыз мойны бар, төменгі жағында сұйықты ағызатын тубусы болады.
Дрексель шынысы шыны тығыны бар цилиндр. Цилиндрдің ішінде оның түбіне дейін жететін түтік бар. Одан жанама түтікше кетеді.
Тищенко шынысының Вульф шынысынан айырмашылығы оның ортасында ыдысты бірімен бірі қатынаста болатын екі бөлікке бөліп тұратын қабырға бар.
Кипп аппараты қос тотықты көміртегін, күкіртті сутегін және басқа да газдарды алу үшін қолданылатын аппарат. Аппараттың төменгі жағында кеңейтілген резервуар бар. Кейбір аппараттарда ол жерде тубус болады. Оның үстіңгі жағында шар тәрізді газ шығаратын тубусы бар кең бөлігі бар. Ал үстіңгі жағы алмұрт тәрізді воронкамен аяқталады.
Аппаратты жұмысқа қосу үшін шар тәрізді бөлігіндегі кранды ашып сол арқылы, көлемі 1 см²-тан кем емес керекті газды алатын заттың бөлшектері салынады. Ұнтақ заттарды қолданбаған жөн, газ өте көп бөлініп аппараттың жоғарғы жағынан шығып кетуі мүмкін. Тубус шыны краны бар резина тығынымен тығындалады. Одан кейін тубустағы газ бөлетін кранды ашып, алмұрт тәрізді воронка арқылы тиісті сұйықты құяды. Сұйықты жоғарғы шар тәрізді кең бөліктің ортасына дейін құюға болады. Аппараттағы ауаны шығару үшін газды 5-7 минуттай шығарады да, кранды жауып қояды. Газ жүретін түтікшені газ жинайтын ыдысқа қосады. Кранды ашып-жабу арқылы газдың түзілуін және жиналуын реттеп отырады.
Тамшылатқыш – сұйықты тамшы арқылы қолдануға арналған, науалы шыны тығыны бар, одан сұйық тек тамшылап қана ағатын түтікше. Тамшы ұстағыш – кейбір зерттеулер мен анализдерде қолданылатын шыны приборлар. Олар бу арқылы түзілетін тамшыларды ұстап жинау үшін қолданылады. Олардың бірнеше түрлері бар: Къельдаль, Конта, Геккель қондырғылары; чеш тамшы ұстағышы; сулы жапқышы бар тамшы ұстағыш және т.б.
Петри тарелкасы (немістің микробиологі, 1852-1921 жж.) – бактериологиялық лабораторияларда тығыз қоректік ортада бактерияларды өсіру үшін қолданылатын ыдыс. Р.Кохтың ассистенті Петри 1887 жылы ұсынған. Петри тарелкасы екі жадағай шыны тарелкалардан тұрады, оның біреуі қақпақтың ролін атқарады. Олардың диаметрлері мен биіктіктері әртүрлі болып келеді. Жуғанда, залалсыздандырғанда аз сілтісізденетін бейтарап шынылардан жасалады. Кәдімгі тарелкалардың диаметрі 10 см, ал биіктігі 1,5 см болады.
Конвей тарелкасы – пішіні лабораториялық шыны кристаллизаторларға ұқсас, диаметрі см, ортасында диаметрі см қосымша цилиндр дәнекерленген шыны ыдыс. Ертінділердегі, қандағы, зәрдегі аммиакты анықтауға және аммиак бөлу арқылы жүретін ферментті реакцияларда қолданылады.
Жұғын шынысы – сапалы микрокристаллоскопиялық реакцияларды, бактериологиялық зерттеулерді жүргізу үшін пайдаланылады. Жұқа шынылар қыздырғанға төзімді келеді. Олармен жұмыс істегенде оның шетінен ғана ұстау керек немесе пинцетті қолданған жөн.
Лабораториялық техника.
-
Анықтамасы, классификациясы;
-
Жалпы қолданылатын құрал-жабдықтар мен аппараттар.
Лабораториялық техника – лабораториялық жағдайда әртүрлі зерттеулерді жүргізуге арналған техникалық құрылыстардың, аппараттардың, приборлар мен жабдықтардың жиынтығы.
Малдәрігерлік мекемелерде л.т. биологиялық сұйықтардың, тіндердің және қоршаған ортаның физикалық, химиялық қасиеттерін зерттеу үшін қолданылады. Зерттеушілердің еңбектерін жеңілдетеді және өнімділігін арттырады.
Лабораториялық техниканың дамуының негізгі бағыты - зерттеудің дәлдігін жоғарылату, еңбек өнімділігін арттыру. Олар өлшемдік, көлемдік анықтамалардың классикалық әдістерін өте сезімтал, дәл, жылдам және аз еңбекті электрлік, фотометрлік, ферменттік т.б. әдістермен алмастырады; дәл өлшегіш индикаторлы гемоглобинометр, кондуктометрлік цитометр, фотоэлектрлік колориметр т.б. приборлар қолданылады. Жиі кездесетін анықтау түрлерін жылдам және автоматты түрде анықтау жағдайларына көшіруге бейімделеді.
Лабораториялық техниканың классификациясы:
-
Қолдану сферасында:
-
жалпы лабораториялық техникалар – барлық немесе көптеген ветеринариялық-биологиялық зерттеулерде қажетті техникалар;
-
арнайы лабораториялық техникалар – бір бағытта немесе белгілі бір зерттеу түрінде қолданылатын техникалар.
-
Ветеринариялық-биологиялық зерттеулердің түріне қарай:
-
микробиологиялық;
-
биохимиялық;
-
гематологиялық;
-
гистологиялық;
-
иммунологиялық;
-
патолого-анатомиялық;
-
ветеринариялық-санитарлық;
-
өнімдердің сапасын сараптау үшін.
3. Лабораториялық процесстегі орнына қарай:
-
анализге дайындау үшін (ыдыстарды, реактивтерді дайындау; сынама алу; зерттедетін затты бөліп алу);
-
анализ үшін (іздеген затты табу, оны салыстыру, өлшеу);
-
көмекші операциялар үшін (анализге дайындалуға және оны жүргізуге жағдай жасау).
-
Жобалар жасауға бейімделу жағынан:
-жалпы техникалық лабораториялық техникалар. Олар тек ветеринариялық лабораторияларда ғана емес басқа да лабораторияларда қолданылады;
-ветеринариялық лабораториялық техникалар, тек ветеринариялық-биологиялық лабораторияларда ғана қолдануға бейімделген.
Жалпы қолданыстағы құрал-жабдықтар мен аппараттар.
Жалпы лабораториялық техникаларды бірнеше топқа бөледі:
-
Суды дистілдейтін және минералсыздандыратын аппараттар (дистиляторлар, бидистилторлар, апирогенді су алатын аппараттар, аквадистиляторлар, суды минералсыздандыратын аппараттар);
-
Қыздыратын, кептіретін, термостаттайтын аппараттар (тигель, муфель пештері, инфрақызыл сәуле беретін аппараттар, колбаларды қыздырғыштар, термостаттар, ультратермостаттар, лабораториялық банналар). Олардың көбі жылу энергиясын жылу көзінен бірден реакция жүретін ыдысқа береді. Жылуды жеткізетін орта ретінде су, май, парафин, құм, ауа және т.б. пайдаланылады;
-
Өлшегіш аппараттар (техникалық, аналитикалық, тең иықты, торзиондық таразылар);
-
Центрифуга аппараттары (лабораториялық, клиникалық, вакуумдық, рефрижераторлық, препараттық және аналитикалық ультраценрифугалар);
-
Табу, идентификациялау және өлшеу аппараттары (микроскоптар, колориметрлер, нефелометрлер, спектрофотометрлер, рефрактометрлер, термометрлер және т.б.);
-
Араластыратын, сілкіндіргіш аппараттар. Сиымдылығы 50 ден 1000 мл-ге дейін, айналу жылдамдығы 30-1200 об/мин. Жұмыс істеу уақыты бірнеше минуттан бірнеше тәулікке дейін. Процесс ыдыс тұрған платформаны қозғау арқылы іске асырылады. Олардың конструкциялары да, пайдалану бағыттары да әртүрлі болып келеді. Көбінесе ыдыстардың пішініне, көлеміне бейімделеді. Олардың көлемі 10 мл-ден 3 литрге дейін, түсірілетін күш 0- ден 60 кг- ға дейін болады. Қозғалу бағыты кезекпе-кезек, шайқалу, айналу, күрделі болып келеді. Тербеліс жиілігі 100- 300 1 минутына; тербеліс амплитудасы 5 -40 мм. Демалыссыз жұмыс істеу уақыты бірнеше минуттан бірнеше тәулікке дейін
-
Көмекші құрал-жабдықтар лабораториялық ыдыстарды өңдеу, жуу, кептіру үшін қолданылатын аппараттар; тоңазытқыштар; сору шкафтары; компрессорлар; вакуум-насостар және т.б.
Лабораториялық техниканың көптеген приборлары, аппараттары және құрал-жабдықтары жалпы техникалық болып келеді.
Суды дистілдеу және ионсыздандыру үшін қолданатын аппараттар.
Дистілденген су (Agua destillata) – ондағы ерітілген қоспалардан қайнату арқылы тазартылған су. Ондай су малдәрігерлік мақсатта еріткіш ретінде дәрілік заттардың ертінділерін дайындау үшін кеңінен қолданылады. Кейбір дәрілік заттардың ертінділерін дайындау үшін дистіденген суды залалсызданырады. Ондай суды кәдімгі ішетін судан арнайы аппараттар – аквадистилляторлар арқылы алады. Алдымен суды ашық қазанда 15-30 минут қайнату арқылы немесе арнайы химиялық заттарды қолдану арқылы ондағы ұшқыш заттарды ұшпайтын түріне айналдырады. Ол суды дистілдеу арқылы ұшпайтын қосылыстардан тазалайды. Дистілденген судың бірінші бөлігін қолданбайды. Осындай жолмен алынған дистілденген суды оған шаң-тозаң, бөгде қосылыстардың түсуінен сақтайды. Дистілденген су түссіз, иіссіз, дәмсіз, рН 5,0-6,8 болып келеді. Оны буландырғанда құрамындағы құрғақ қалдық 0,001 %-дан аспауы; құрамында нитриттер, нитраттар, хлоридтер, сульфаттар, кальций және ауыр металл тұздары болмауы керек. Жоғарғы тазалықтағы су алу үшін дистілденген суды екінші рет қайтадан дистілдейді, бидистілденген су алынады (Agua bidestillata).
Суды органикалық заттардан тазалау үшін екінші рет дистілдеудің алдында оған жуықтап 0,1 мл калий перманганат ертіндісі мен бірнеше тамшы күкірт қышқылын қосады. Осындай құрамында органикалық заттардың ізі де жоқ суды апирогенді су деп атайды. Бидистілденген суды арнайы кварцтан, қалайы, күміс немесе платинадан жасалған ыдыстарда сақтайды.
Суды тазалау үшін ион алмастыратын қара майлар жиі қолданылады. Ол үшін суды катиониттер және аниониттермен толтырылған колонкалар арқылы кезекпен өткізеді. Осындай жолмен алынған суды минералсызданған су деп атайды. Құрамында минералды заттары жоқ сулар ішуге жарамайды.
Дистілденген су алу үшін күші мен өнімділігі әртүрлі бірнеше аппараттар қолданылады. Мысалы, Д-1 дистилляторы арқылы сағатына 4-5 л; ал Д-25 784 моделді дистиллятор арқылы сағатына 25 л су дайындауға болады. Бірақта олардың барлығының жұмыс істеу принціпі бір – су буын қайтадан суға айналдыру, конденсациялау.
Дистилляторлардың жұмыс істеу принціпі: электр қыздырғыш элементтер арқылы су қайнатылып буға айналдырылады. Ол камераның сырты жылулықты сақтау және операторды күюден сақтандыру үшін қапталған. Түзілген бу сыртынан суық сумен қамтамасыз етілген конденсаторға түсіп суытылады. Осындай жолмен алынған су қажетті ыдысқа жиналады. Оның тазалығы тиісті аппарат арқылы экранда беріледі. Бу түзілетін камерада судың деңгейі үнемі бір қалыпта ұсталып тұрады. Ол үшін арнайы теңелткіш құралы іске қосылады. Су түспей қалған жағдайда электр қыздырғыштар автоматты түрде сөнеді. Приборды ұзақ уақыт қолданбаған жағдайда ондағы суды толық ағызу үшін ағызатын кран бар. Дистиллятор ұзақ уақыт жұмыс істеу үшін оның түтікшелеріндегі қайнатпаларды тазалап отыру керек.
Апоригенді су алу үшін қосымша жабдықталған «АА-1» аппаратын қолдануға да болады. Онда суды буландыратын камераға химиялық реагенттер қосылады. Ондағы қысымды реттеу үшін артық буды сыртқа шығаратын тесік бар. Судың деңгейін қадағалау үшін суөлшегіш шыны қондырылған. Химиялық реагенттердің дозасы цилиндр тәрізді екі шыны түтікшеден тұратын, әрқайсысы 100 мл сиымдылықты дозатор арқылы реттеліп отырады. Химиялық реагент ретінде «ХЧ» марганец қышқыл калий, алюмокалий квасцысы, фосфор қышқыл натрий препараттары қолданылады.
Дистілденген суды сақтау үшін көбінесе шыны бутыльдер қолданылады. Бірақта оны ұзақ уақыт сақтағанда шынының сілтілік реакциясы болатынын ескерген жөн.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың жетістігі дистілденген судан да таза су алуды жолға қойып отыр. Өте таза су алу үшін жаңа әдістер іске асырылуда. Ол әдістер бойынша суды ионсыздандыру, адсорбциялау және микросүзгіден өткізу қатарынан қолданылғанда дистілденген судан да таза су алуға болатындығы іс жүзінде дәлелденген.
Суды ионсыздандыру үшін оны иониттермен толтырылған колонкалар арқылы өткізеді. Ондағы катиониттер оң зарядты иондарды, ал аниониттер теріс зарядты иондарды байланыстырады.
Микросүзгілерде диаметрі 0,3 мкм бөлшектерге дейін ұсталады. Сонымен қатар иониттер микроорганизмдерді де ұстауға қабілетті. Бірақ, еске алатын жағдай, иониттерді ұзақ уақыт қолданғанда микроорганизмдердің керісінше көбеюі де мүмкін. Сондықтан оларды жиі ауыстырып отыру қажет. Аппарат жүйесінде сағат механизмі бар. Ол жұмыс режімін автоматты түрде қадағауға мүмкіндік береді.
Қыздыруға, кептіруге және қызуды тұрақтандыруға арналған аппараттар.
Қыздыруға арналған аппараттар. Лабораторияларда жиі жүргізілетін жұмыстардың бірі қыздыру. Ол үшін қазіргі кездегі лабораторияларда электр тоғы арқылы қыздырылатын приборлар жиі қолданылады: плиталар, пештер, ванналар, кептіргіш шкафтар және т.б.. Жылулықты тасымалдаушы ретінде су немесе ауа пайдаланылады. Әсіресе газ жоқ жерде және газды қолдануға болмайтын жағдайларда (жеңіл ұшқыш, тез от алғыш органикалық ертінділерді қыздырғанда) электр тоғының маңызы өте зор. Электр приборларын реостат арқылы қосып және сол арқылы реттеп отыруға болады. Ал белгілі бір деңгейге дейін реостатсыз реттеу үшін электроприборларда үш контакт болады.
Электр пештерінің әртүрлі көлемді, дөңгелек, төртбұрышты, ашық және жабық түрлері бар. Оның спиралін жабатын пластинка металлдан, асбестен немесе тальк-шамоттан жасалады. Асбес пен тальк-шмоттан жасалған түрлері химиялық реагенттердің әсеріне төзімді және қолдануға ыңғайлы болып келеді. Асбес арқылы қыздырылатын плиталардың жақтаулары бар, оларды пайдаланып құм баннасын жасауға болады. Ашық плиталар оларға қыздыратын заттың түсу қаупі болмаған жағдайда пайдаланылады.
Ванналардың бірнеше түрлері бар: су ваннасы, құм ваннасы, ауа ваннасы.
Су ванналары отқа қауіпті заттармен жұмыс істегенде өте қолайлы. Реостат арқылы тоққа қосып, сол арқылы температурасын реттеп отыруға болады. Көптеген ванналар арнайы термореттеушімен қамтамасыз етілген. Онда температураны 30-100ºС аралығында реттейтін контакты термометр бар.
Құм ванналарында әртүрлі заттарды 100ºС-дан жоғарғы температурада қыздыруға болады. Қыздыратын ортаның қызметін ұсақ етіп себілген және тазартылған құм атқарады. Құмның үстіне қойылған ыдыстың түбі керамикаға тимеуі керек. Құм ванналарының артықшылығы олардағы қыздыру температурасы тұрақты болып келеді, бірақ құм өте жәй қызады және 400ºС-дан жоғары температура алуға келмейді.
Ауа ванналары. Электр тоғы арқылы жұмыс істейтін ауа ванналары көбінесе қайнау температурасы 100ºС-дан жоғары сұйықтарды қыздыру үшін пайдаланылады. Қыздыру ортасы ауа. Ең жоғарғы қыждыру температурасы 200ºС.
Колбаны қыздырғыштар. Түбі дөңгелек шыны ыдыстардағы сұйық заттарды қыздыру үшін лабораторияларда ортасы шұңқырланған, кәдімгі плиталардан биіктеу келген арнайы плиталар қолданылады.
Колбаларды электр тоғымен тікелей қыздыру үшін қыздыру элементі колбаның түбіне орналастырылған, бірден электр тоғына қосуға болатын арнайы колбалар бар.
Пештердің түрлері: муфель, тигель, шахта, түтікше пештері.
Муфель пештері өте жоғарғы температурада қыздыру, күл алу, балқыту үшін пайдаланылады. Оларда температура 1000-1200ºС-ға дейін жетеді, ал арнайы пештерде одан да жоғары температураны алуға болады. Пеште шамоттан (отқа төзімді балшық немесе каолин) немесе басқа да отқа төзімді материалдан жасалған муфель бар. Оған қыздыру сымын орап, оны металл корпусқа орналастырады.
Тигель пештері. Олар муфель пештерінің бір түрі, айырмашылығы пішінінің өзгешелігі және керамикалық муфелінің орналасуы басқаша болады. Кераикалық муфель тигель пішіндес, металл корпуста тік орналастырылады. Оның тесігі жоғары қаратылады да, кераикадан жасалған қақбағымен жабылады.
Шахты пештері. Олар тигель пештерінен тек пішіні жағынан ғана өзгеше болып келеді, тигель пештері сияқты пайдаланылады.
Түтікше пештері. Кейбір тексерулерде реакция түтіктерін қыздыру үшін қолданылады. Мысал ретінде қопарғыш зарядтарды, органикалық синтездерді келтіруге болады.
Қатты заттарды кептіру, сұйықты буландыру және қыздыру үшін инфрақызыл сәулесі қолданылады. Оны сүтті пастеризациялау үшін де қолдануға болады. Затты жәй, ақырын қыздыру үшін электр лампаларын қолданады.
Қыздыру үшін қолданылатын газ приборлары. Лабораторияларда екі типті – Бунзен және Теклю газ оттықтары қолданылады. Меккер оттығы да бар. Газ оттықтарды іске қосуды олардың газ шығарады-ау деген жерлерін тексеруден бастау керек. Ол үшін оттықты газ кранына қосады да, тамызу арқылы реттеуші винттің жұмысын тексереді. Винттің төңірегіне сереңке арқылы газдың шығу-шықпауын көреді. Көп мөлшерде сұйықты қыздыру үшін газ плиталары қолданылады. Олардың үстелдің үстіне қоятын және тұрмыстық түрлері бар.
Сұйық оттықтар. Олардың бірнеше түрлері бар. Жиі қолданылатындары: шыны және металл спиртті оттықтар. Олар қатты жалындамайды.
Шыны спиртті оттықта спирт мақтадан жасалған фитиль арқылы беріледі, ал металлды оттықта – қабырғасының төменгі жағында орналасқан, ішіне бірнеше мыс сымы салынған, түтікше арқылы. Спирт оттықтың төменгі жағына, ішінде диаметрі кішкене мыс сымдары бар бөлігіне түседі. Оттық жоғары температура береді.
Спиртті оттықтарда жалын болмайды, температура жоғары болады. Газы жоқ лабораторияларда бензинді және керосинді оттықтар кең тараған. Олардың да бірнеше түрлері бар. Алдымен оттықты қыздырады да, одан кейін оған ауаны үрлеп толтырады. Қысым арқылы бензин немесе керосин беріледі. Кейде лабораторияларда дәнекерлегіш бензинді оттықтар пайдаланылады.
Далада жұмыс істегенде құрғақ спирт немесе қатты бензиндерді қолдануға болады. Қысқа уақытқа, бірнеше минутқа қыздыру үшін уротропиннің таблеткасын пайдалануға болады. Бір таблетка үш минуттай жанады.
Кептіргіш аппараттар.
Кептіргіш шкафтар - әртүрлі объектілерді кептіру үшін қолданылатын жабдық. Оның кептіргіш-залалсыздандырғыш түрі бар. Онда инструменттерді, ыдыстарды және басқа да бұйымдарды тек кептіріп қана қоймай залалсыздандыруға да болады. Олардың дөңгелек және тікбұрышты, бір жақты және екі жақты, отты және электрлі, жалпы қолдануға болатын және кептіргіш түрлері бар. Кептіргіш шкафтарда ыстық-суықты жібермейтін бір немесе екі есікті жұмыс камералары болады. Олардың ішінде көп тесігі бар, металлдан жасалған төсеніштері бар. Камераның ішіндегі ауаның айналуы вентилятор арқылы іске асырылады. Шкафтың көрсеткіштерінің элементтері оның сыртында, жоғарғы жағына орналастырылады. Электр шкафтарда температура автоматты түрде – термоэлементтер немесе контакты термометр арқылы іске асырылады.
Электр кептіргіш шкафтарымен жұмыс істегенде қауісідік ережесін сақтау керек. Аппарат жұмыс істеп тұрған кезде жөндеу жұмыстарын жүргізбеу керек, жұмыс камераларына жеңіл тұтанатын немесе аггрессиялық заттарды салмау керек.
2-ші кесте
Кептіргіш және кептіргіш-залалсыздандырғыш шкафтардың негізгі деректері
Шкафтардың типтері,шифрлары
|
Жұмыс камера
сиымдыл. дм
|
Қуаты
кВт
|
ДиапазонТºС
|
Қызу
уақыты
мин.
|
Биіктігі
мм
|
Ені мм
|
Ұзындығы
Мм
|
|
Жалпы дөңгелек
-2В- 151
|
20
|
0,56
|
40-200
|
100
|
600
|
472
|
85
|
|
Тікбұрышты ПГ-2
|
40
|
-
|
150
|
180
|
1110
|
375
|
440
|
|
Арнайы рентгендік
|
294
|
1,4
|
36-44
|
40
|
1657
|
550
|
675
|
|
Екі жақты
-ШСС-250
|
250
|
6
|
50-200
|
70
|
1845
|
1080
|
820
|
|
Бір жақты
- ШСС-500П
|
500
|
6,5
|
50-200
|
70
|
1880
|
1212
|
915
|
|
Екі жақты
ШШС-50 ПР
|
500
|
8
|
50-200
|
90
|
1880
|
1295
|
930
|
|
Бір жақты
ШШС-1000П
|
1000
|
8
|
50-200
|
90
|
1905
|
1450
|
1085
|
|
Екі жақты
ШШС-1000ПР
|
1000
|
10
|
50-200
|
90
|
1905
|
1865
|
1224
|
|
Бір жақты
ШШС-80П
|
80
|
2,2
|
20-200
|
70
|
1450
|
680
|
600
|
|
Бір жақты
ШШС-80П
|
250
|
6
|
50-200
|
120
|
1845
|
1000
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |