Практическая работа по развитию способности к выразительному чтению через произведения разных жанров по «Литературному чтению»


Адам: О, айбарлы арыстан, сенен күшім артық деп мақтанбаймын! Ал,  сен шынымен күшті болсаң, дəлелдеші...  Арыстан



Pdf көрінісі
бет64/100
Дата19.07.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475729
түріПрактическая работа
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   100
4. Развитие навыков выразительного чтения

    Бұл бет үшін навигация:
  • Адам
Адам: О, айбарлы арыстан, сенен күшім артық деп мақтанбаймын! Ал, 
сен шынымен күшті болсаң, дəлелдеші... 
Арыстан: Қандай дəлел керек саған?
(Адам қулығын асыра түскісі келіп, былай дейді.) 
Адам: Анау жолда бір нəрсе жатыр. Соның астынан өтіп көрші.
Арыстан: Адам айлакер деуші еді, қулығыңды біліп тұрмын. Алдымен 
өзің өт, сонан кейін байқайын.  
(Адам өзі құрып қойған аудың астынан жып етіп өте шықты. Сонан 
соң, арыстан келеді де, қарғып өту үшін бар пəрменімен секіреді. Сөйтіп, 
торға шырмалып қалады. Адам шырмалып жатқан арыстанның кеудесіне 
мініп былай дейді).
Адам: Міне, менің күшім, енді көзің жетті ме?
Арыстан: Сендім, көрдім! Енді саған тиіспеймін. 
Автор: Сөйтіп, айласын асырған адам арыстанды босатып жіберіпті. 
Арыстан адамның ерлігін орманға жайыпты. Ормандағы жыртқыш аңдардың 
бəрі адамның күшінен сескеніп жүретін болыпты.  
 
ҚАСҚЫР МЕН КІРПІ 
Автор: Орман шетінде домаланып бара жатқан кірпіні аш қасқыр бас 
салады. Сол кезде кірпінің инелері қанжардай қадалып, қасқырдың тұмсығы 
мен тамағы қанға боялады.  
(Өзінің озбырлығын, қомағайлығын сездіргісі келмеген қасқыр былай 
дейді.) 
Қасқыр: Бетіңнен сүйейін деп едім. Сен-ақ түрпілеріңді тастамай 
жүреді екенсің өмірі. 
(Кірпі түрпілерінің арасынан біздей тұмсығын шығарып тұрып, 
сықылықтап күліп жауап қатады.) 
Кірпі: Асықпа, қасеке, сенің азу тісің түгел түсіп біткен кезде мен де 
түрпілерімді тастаймын. 
(Кірпі күлкісін тыя алмай кете береді, ал, қасқыр өзінің істегеніне 
ұялып қаша жөнеледі.) 
 
ТҮЛКІДЕН ДЕ ӨТКЕН ҚУ ҚАЗ 
Автор: Түлкі бір күні оттап жүрген бір қазды ұстап алып, алдыңғы екі 
аяғымен басып тұрып, мазақ қылып, біраз азаптағысы келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет