Практикалық сабақтың тақырыбы №4 Бағалау кезеңдері мен құралдары
Практикалық оқыту нәтижелері: 1. Критериалды бағалауды озық елдердегі бағалау тәжірибесін терең зерделей, салыстыра алады, білім сапасын бағалаудың жолдарын меңгерген, білім сапасын арттырудың әдістерін тәжірибеде қолдана алады
2. Білім сапасын арттырудың әдістерін тәжірибеде қолдану дағдыларын көрсетеді;
3. Білімді бағалау үшін топқа педагогикалық кеңестер беруге, пікір алмасуға және өзіндік іс-әрекетте баға береді
Практикалық сабақтың міндеттері: дәріс сабақтары барысында алған теориялық білімді толықтыру,бағалаудың құралдарын ажырату, қолдану дағдыларын дамыту.
Практикалық сабақтың мазмұны:
Білім берудің жаңа стандарттарын әзірлеу оқушылардың оқу жетістігін бағалау жүйесімен байланысты ғылыми және әдіснамалық мәселелерді анықтады. Білім алушылардың оқу жетістігін бағалаудың маңызды құралдарының бірі болып табылып, білім беру үдерісін одан әрі жетілдіру үшін обьективті және тиімді болу керек.
Бағалауға критериалды-бағдарланған тәсілдер негізінде білім алушылардың білім беру нәтижелерін бақылау жүйесі мен сапасын бағалау өзекті болып табылады.
Критериалды-бағдарланған тәсілдерді қолдану білім алушылардың оқу жетістігін бағалаудың обьективтілігі мен қолжетімділігі деңгейін едәуір көтереді.Заманауи мектепте білім алушылардың білім беру қызметін бағалауға критериалды тәсілдер қажет, осындай тәсілдер кері байланысты жүзеге асыруға көмектеседі, білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына өлшенетін критерилер және оқыту нәтижесін көруге мүмкіндік береді. Оқу бағдарламасының бөлімдерін аяқтағаннан кейін ата-аналарды ақпараттандыру үшін шаблондар дайындалған.
1-кестеде бағалау құралдарын құрастыру үдерісі көрсетілген.
Бағалау құралдарын құрастыру үдерісі
Құрастыру жұмысына халықаралық жоғары деңгейдегі сарапшылардың арнайы оқытуынан өткен мұғалімдер мен мамандар тартылған.
Барлық құралдар бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылған, орындау деңгейлерінің сипаттамалары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |