№
|
Іс-шаралардың мазмұны
|
Мерзімі
|
Жауапты
|
I. ұйымдастыру-гуманитарлық бағыт;
|
1.
|
Аудан әкімі орынбасарының қатысуымен «Шекарасыз жақсылық Мектепке жол» ұранымен «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі облыстық ұйымдастыру комитеттерін немесе штабтарын қалыптастыру және бекіту
|
24 шілде
|
Ауыл, қала әкімдері
|
2.
|
Аудан әкімі орынбасарының қатысуымен «Жақсылықты жаса» ұранымен «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру және өткізу бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту
|
24 шілде
|
Білім бөлімі
|
3.
|
Мектепке бармайтын балаларды анықтау мақсатында білім алушылардың жаңа жинағын ескере отырып, мектептердің әлеуметтік паспортын, көмекке мұқтаж балалардың деректер банкін қалыптастыру
|
28 шілде, 4,11 тамыз
|
Аудандық білім бөлімі, мектеп басшылары
|
4.
|
Дәлелсіз себептермен мектепке бармайтын балаларды анықтау мақсатында "Жұмыспен қамту", "Түнгі қаладағы балалар" (қоғамдық орындар, компьютерлік клубтар) рейдтерін ұйымдастыру және өткізу
|
30 қыркүйекке дейін
|
Полиция басқармасы, Аудандық білім бөлімі, мектеп басшылары
|
5
|
Мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтуды қамтамасыз ету мәселелері бойынша аудандық, қалалық білім бөлімдерінің мамандары үшін кеңестер өткізуді ұйымдастыру
|
24 шілде
|
Білім бөлімі, аудандық әдістемелік кабинеті
|
6
|
Азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін "жедел желілердің", "сенім" телефондарының, қоғамдық қабылдау бөлмелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету
|
24 шілде
|
Білім бөлімі
|
7
|
Атаулы көмек көрсету үшін мектепке дайындық кезінде қолдауды қажет ететін оқушыларға мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қамқорлығын бекіту
|
4 тамызға дейін
|
Ауылдық, қалалық әкімдер мен білім бөлімі
|
8
|
Мектеп тауарларын төмен бағамен сату үшін кәсіпкерлердің кең ауқымын тарта отырып, мектеп жәрмеңкелерін ұйымдастыру
|
1-31 тамыз
|
Ауылдық, қалалық әкімдер мен білім бөлімі мектеп басшылары
|
9
|
Мектеп тауарларын төмендетілген бағамен сату үшін кәсіпкерлерді тарта отырып, шалғайдағы ауылдық елді мекендерге көшпелі мектеп автодүкендерінің қызметін ұйымдастыру
|
7-31 тамыз
|
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы
ауылдық, қалалық әкімдер, аудандық кәсіпкерлік бөлімі, білім бөлімі, мектеп басшылары
|
10
|
"Мектепке жол" акциясы аясында балаларға қайырымдылық көмек көрсеткен меценаттарға, демеушілерге салтанатты түрде құрмет көрсетуді ұйымдастыру
|
қазан
|
Ауылдық, қалалық әкімдер мен білім бөлімі, мектеп басшылары
|
|