Рабочая программа Форма
Ф СО ПГУ 7.18.2/06
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
«Қазақ әдебиетінің тарихы» пәні бойынша 050504- «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Павлодар
Лист утверждения к рабочей Форма
программе дисциплины, Ф СО ПГУ 7.18.1/06
разработанной на основании
государственного
общеобязательного стандарта
образования специальности и
типовой программы
БЕКІТІЛДІ
ОІ жөніндегі проректоры
________________ Н.Э. Пфейфер
«___»_____________2008ж.
Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Қажыбаева Г.К. _________
Қазақ филологиясы кафедрасы
«Қазақ әдебиетінің тарихы» пәні бойынша
Жұмыс бағдарламасы 050504 - «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған
Жұмыс бағдарламасы 050504 «Журналистика» мамандығының Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары ҚР МЖМБС 3.08.308 – 2006 ҚР МЖМБС 3.08.275-2006 және ҚР білім және ғылым министрлігінің 11.05.2005 ж. №289 бұйрығы бойынша бекітілген және пайдалануға рұқсат етілген типтік бағдарламасы негізінде дайындалды.
Кафедра мәжілісінде ұсынылды. «___»_________________2008ж.
№_____хаттама.
Кафедра меңгерушісі_______________________Н.Қ.Жүсіпов
Филология, журналистика және өнер факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданды.
«_____»______________2008 ж. №____хаттама.
ӘК төрайымы____________________ Е.Н.Жұманқұлова
КЕЛІСІЛДІ Факультет деканы __________Ж.Т.Сарбалаев. «____»_____________2008 ж.
жәқб МАҚҰЛДАДЫ
ЖәқБ бастығы______________А.А.Варакута «____»____________2008 ж
1 Пәннің мақсаты мен міндеттері
«Қазақ әдебиетінің тарихы» атты жалпы курстың мақсаты мен міндеті –біздің заманымызға дейінгі жазу –сызулардан бастап, XXI ғасырға дейінгі ұлттық әдебиетіміз туралы біртұтас ұғым қалыптастыру. Ежелгі дәуірден бастау алтын әдебиетімзді азамамтық тарихпен, көшпелілер мәдениетімен сабақтастыра отырып, төл әдебиетіміздің XXI ғасырға дейінгі ұзақ дәуірдегі қалыптасу кезеңдерін жүйелеп көрсету.
Пәнді оқыту мақсаты:
Әр дәуір әдебиетінің ерекшеліктерін аңғарту. Әдеби-мәдени, тарихи мәндері бөлекше жазба ескерткіштердің, XIV-XX ғасырлардағы жыраулар мен ақын-жазушылар туындыларынң мазмұн-мәні мен көркемдік мұратын талдау. Сол арқылы қазақ әдебиетінің тұтастай алғандағы өзіне тән ортақ ұқсастықтары мен ұлттық дүние қабылдау ерекшеліктерінен туындайтын шығармашылық бірліктерді айқындау.
Пәннің міндеттері:
Ежелгі дәуір және орта ғасырлардағы қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінің төл туындыларының көркемдігін, жыраулар поэзиясының құндылығын, қазіргі қазақ әдебиетінің ерекшеліктерін таныту. Қазақ әдебиетінің туу, қалыптасу, даму сипатын, ақын-жазушылардың шығармашылығын меңгерту.
Студенттер білуі тиіс:
-
Ежелгі дәуір және орта ғасырлардағы қазақ әдебиетінің ерекшеліктерін, жәдігерлерін;
-
Жыраулар поэзиясының қазақ әдебиетіне қосар үлесін;
-
Қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктерін таныту
Студенттер істей білуі тиіс:
-
Ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын;
-
Көркем шығармаға әдеби-теориялық талдау;
-
Ғылыми еңбектерді салыстыру, түйін жасау
2 Пререквезиттер:
- Қазақ халқының ауыз әдебиеті
- Ежелгі және одан бергі дәуірлердегі Қазақстан тарихы
- Әдебиет теориясы
- Түркі халықтарынң әдебиеті
Тематический план Форма
дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07
3 Пәннің мазмұны
3.1 Пәннің тақырыптық жоспары
|
№
|
Тақырып
|
Сағат саны
|
Дәріс
|
Тәжір.
|
С¤Ж
СӨЖО
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Кіріспе. Ежелгі дәуір және орта ғасырлардағы қазақ әдебиеті
|
1
|
|
4
|
2
|
Әл-Фараби. Ахмет Йасауи. Махмұт Қашқари. Жүсіп Баласағұни
|
1
|
1
|
4
|
3
|
XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Асанқайғы Сәбитұлы. Қыдан Тайшы. Қазтуған жырау. Шәлгез жырау. Доспамбет жырау. Жиембет, Марғасқа жыраулар
|
1
|
1
|
4
|
4
|
Бұқар жырау Қалқаманұлы. Ақтамберді жырау Сарыұлы. Тәтіғара жырау, Үмбетей Тілеуұлы. Шал ақын Құлекеұлы.
|
1
|
1
|
4
|
5
|
XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Дулат Бабатайұлы. Махамбет Өтемісұлы. Шортанбай Қанайұлы. Мұрат Мөңкеұлы. Сал-серілер
|
1
|
1
|
4
|
6
|
Шоқан Уәлиханов. Ыбырай Алтынсарин. Абай Құнанбаев. Абайдың ақындық шәкірттері. Ақылбай Абайұлы. Мағауия Абайұлы.
|
2
|
1
|
5
|
7
|
XX ғасырлардағы қазақ әдебиеті. XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті (1900-1950). XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті (1950-2000). XX ғасырлардың аса көрнекті ақын-жазушылары. Жамбыл Жабаев
|
1
|
|
4
|
8
|
Шәкәрім Құдайбердиев
|
2
|
1
|
4
|
9
|
Ахмет Байтұрсынов
|
1
|
1
|
4
|
10
|
Міржақып Дулатов
|
2
|
1
|
4
|
11
|
Жүсіпбек Аймауытов
|
2
|
1
|
5
|
12
|
Мағжан Жұмабаев
|
1
|
1
|
4
|
13
|
Сұлтанмахмұт Торайғыров
|
1
|
1
|
4
|
14
|
Бейімбет Майлин. Сәкен Сейфуллин. Ілияс Жансүгіров
|
2
|
|
5
|
15
|
Мұхтар Әуезов
|
3
|
1
|
5
|
16
|
Сәбит Мұқанов
|
1
|
|
5
|
17
|
Ғабит Мүсірепов
|
2
|
1
|
4
|
18
|
Ғабиден Мұстафин
|
1
|
|
4
|
19
|
Қасым Аманжолов
|
1
|
|
5
|
20
|
Әбдіжәміл Нұрпейісов
|
2
|
1
|
4
|
21
|
Мұқағали Мақатаев
|
1
|
1
|
4
|
Барлығы: сағат
|
30
|
15
|
90
|
3.2 Теориялық курс мазмұны
1-тақырып. Кіріспе. Ежелгі дәуір және орта ғасырлардағы қазақ әдебиеті
Қай халықтың да әдебиеті сол халықтың тарихымен бірге туып, бірге қалыптасып, дамиды. Әр түрлі себептерге байланысты ұзақ жылдар бойы байтақ әдебиетіміздің тек ерте кезеңі ғана емес, сонымен қатар XIV-XVIII ғасырлардағы төл әдебиетіміз, одан кейінгі XIX-XX ғасырлардағы ақын-жазушылармыздың бірсыпыра шығармалары зерттелмей, оқытылмай келгені мәлім. Соның салдарыан сан ұрпақ ежелгі дәуірден келе жатқан ғажайып жыр-дастандар мен даналық кітаптарын берідегі жеке авторлардың поэзиялық және прозалық туындыларын толық дәрежесінде меңгере алған жоқ.
Міне, осы олқылықтың орнын толтыру үшін университетімізде «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты жалпы курстың филология және журналистика факультеттерінде оқытылуы басты мақсат болып келгені мәлім. Осы тұрғыдан алғанда осынау типтік бағдарламаның біздің заманымызға дейінгі дәуірлерден бастап XX ғасырлардағы ақын-жазушылар шығармашылығына дейінгі кезеңді қамти отырып, студенттердің аталмыш уақыт ішінде өмірге келген әдеби мұрлардан толық хабардар бола отырып, барынша жете игеруі үшін жәрдемін тигізері даусыз деп білеміз.
Ежелгі дәуір әдебиеті біздің заманымыздан бұрынғы жазу, сызуларда, V-VIII ғасырлардағы тастағы жазулардан басталады. Ежелгі әдебиет сақ, ғұн, түрік дәуірлеріндегі көшпеліліер мәдениетімен, тарихымен байланысты. Түркі жұртының б.з.д. дәуірлердің өзінде 26 әріптен тұратын жазуы болған. Өзіндік әдебиеті, көне жазба ескерткштері дүниеге келген. Түркі өркениеті қалыптасқан.
Түркі қағанаты әлсіреп, ыдыраған VIII ғасырдан кейінгі дәуірлерде де түркеш, қарлұқ, оғыз тайпалары жеке мемлекет ретінде құрылып, мәдениеті мен әдебиеті қалыптасты. Әсіресе, оғыз дәуірінен (IX-X ғ.ғ) бізге «Оғыз қаған», «Қорқыт ата кітабы» сияқты жазба ескерткіштер мұра ретінде жетіп отыр. Қазіргі Қазақстан жерінде біздің заманымызға дейінгі VII ғасырлардан заманымыздағы IV ғасырлар арасында сақ, ғұн, үйсін тайпалары өмір сүргендігі. Тілі-түркі тілі, жазуы-түркі жазуы болғандығы жөніндегі бұлтартпас деректер. «Сақа», «сақы», «сақпан», «қарсақ», «сақсыну» т.б сөздердегі «сақ» түбірінің сақталуы. Геродаттың «Тарих» кітабындағы деректер. Ғұн, үйсін тайпаларының өмір тіршілігі жайындағы Сыма-Цянның «Жылнама», Бань-Гудың «Ханнама» кітаптарының маңызы.
Тарғытай, оның үш ұлы: Арпақсой, Ылпақсой, Қолоқсай туралы аңыз. Шаңырақты кіші ұл иелену дстүрінің түпкі көрінісі. Осы аңыздың қазақта жұмбақ түрінде айтылуы (түрен, балта, шөмішті тұспалдау). Тарғытайдың Ер Тарғын атымен есте қалуы.
Алып-Ер Тұңға –түркілер көсемі. Фирдаусидің «Шаһнамасындағы» Афрасияб, «Авестада» Франграсиан екендігі. Ол туралы жоқтау жырының Қашқари «Сөздігінде» (XI ғ.) берілуі.
Тұмар патшайым –ұлы сақ даласының билеушісі. Жаулап алмақ болған Кир патшаның жансыз басына жиіркен қарап тұрып: «Аңсағаның қан еді, іш енді соны» -деуі, қан толтырған сабаға тығып, өзенге лақтыруы.
Ел тағдыры үшін жанын қиған Ширақ батыр. Өз бақытына ел бақытын артық санаған Зарина сұлу. Тұмар мен Зарина үлгісінің Қарлыға, Гүлбаршын, Гүләйім бейнелерінде сақталуы.
Көшпелі сақтардың ұлы, әйгілі шешен Анақарыс (Анахарсис).
Ғұн билеушісі Мөде (Мөте, Боғда) ерліктері жайлы аңыздар. Түркілердіңі киетегі (төтемі) – «Көк бөрі» аңыздары. Есіктен табылған заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар мен жазба деректер. Алтын адамынң жанындағы тостағандағы жазу. «Аға, саңа очуқ! Без чөк! Бүкүн ічре азұқ» сөздерінің мағынасы мен мәні. Ондағы көркемдік ойлаудың көріністері.
Деректі жазу бар жерде әдебиет болатындығы.
Бумын қағанның (Елхан) түрік тайпаларының басын қосып, Түрік қағанатын құрғандығы. Бүмынның мұрагерлері Мұқан қаған мен Естеми. Елтеріс қағанның түріктерді тауғаштардан азат етуі. Құлтегін мен Білге қаған, Тоңұқұқтың тұсындағы түрік қағанаты.
«Орхон ескерткіштері», оның жазылу себебі. Зерттелуі. Ескерткіштің кілтін табудағы Дания ғалымы В.Томсен мен В.В.Радловтың еңбектері.
Орхон жазуның мазмұны мен айтар ойы. Білге қағанның ел-жұртқа үндеуі. Жырдағы айтылатын негізгі мәселе елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі екендігі. Ұрпақтарға өсиеті. Түріктердің 630-680 жылдары тәуелсіздік тізгінінен айрылып қалу себебін түсіндіруі. Бүмын, Естеми қағандардың орнына отырған хандардың біліксіздігін сынауы. Қаһармандары: Білге қаған, Күлтегін, Тоңұқұқ.
Көне түріктердің наным-сенімі, өмір туралы түсінігі. Көк тәңіріне сыйынуынан көрінстері.
Орхон жазуларының жанры. И.В.Стеблеваның, Қ.Өмірәлиевтің, Ғ.Айдаровтың, М.Жолдасбековтің пікірлері. Жырдың қазақтың дәстүрлі эпосымен ұқсас екендігі. Ортақ ұқсастық – бірліктері: тақырыбы, көтерген мәселесі, көркемдеу тәсілдері, сөз қолданысы тұрғысынан қарастыру.
Білге қағанның қазасынан соң, түркі қағаныты ішкі қырқыстары салдарынан әлсіреп, бірнеше хандықтарға бөлінуі.
Оғыз мемлекетінің құрылуы. Орталығы Жанкент қаласы болғандықтан халқының қалыптасуына негіз болған қайнарлар екені. Оғыз дәуірінің ескерткіштері: «Қорқыт ата кітабы», «Оғыз қаған жыры».
Қорқыт атаның аңыздағы бейнесі. Қорқыттың өлімнен қашуы. Өмір мен өлім туралы мифтер. Қорқыт – алғаш қобыз аспабын жасаушы, күй атасы, бақсы. Қорқыт күйлері. Қорқыттың бақсылық өнерін, күй өнерін қазақ арасындағы жалғастырушылары. Қорқыт сөзінің тарихи-лингвистикалық мағынасы. «Қорқыт ата кітабының» XV ғасырда проза түрінде хатқа түскен нұсқалары. Қазақ әдебиетінде зерттелуі. Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, М.Жолдасбеков, Ш.Ыбыраевтардың еңбектері. Аудармалары.
Қорқыттың нақыл сөздері, оның бүгінгі қазақ мақал-мәтелдермен бірдей екендігі. Ежелден от басындағы ананың рөліне мән берлгендігі. Әйелдердің төрт түрін көрсетуі. Ең сүйкімді әйел бейнесі.
Зерттелуі. Мазмұны. Жырдағы Көк бөрі оқиғасы, Ұлық Түрік бейнесі. Жырдың тарихи негіздері. Ондағы қыпшақ, қарлық, қалаш, оғыз, қаңлы, шүршіт т.б. ру-тайпаларының шығу тегін бір адамнан тарату сарыны. Түркілердің он екі мүшел жыл санауындағы хайуанаттар – олардың өз төтемдерінен хабар беретіндігі. Көк бөоріні киелі санай отырып, соынмен бірге өгіз, аққу, қарға, ағашты кие тұтатындығы, «Бұғы» киетегі. «Оғыз қаған» аңызының қай ғасырдағы оқиғалардың куәсі екендігі жөніндегі пікірлер (Ә.Қоңыратбаев, А.Машанов, Х.Сүйіншәлиев, Қ.Өмірәлиев, М.Жолдасбековтің пікірлері).
Шәкәрімнің «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресіндегі» Оғыз ханның ұрпақтары туралы деректер. Оғыздың тарихи бейнесі туралы Н.Я.Бичуриннің пікірі. Оғыз бейнесінің Мөдеге (боғда, Мөте) қатысы туралы деректер.
Жырдың құрылысы жағынан қазақ эпостарымен үндестігі.
Орта ғасырларда араб халифатының ықпалында болған азия, Африка, Индия мен Испанияға дейінгі жерлерде біртұтас мұсыламн мәдениеті жасалды. Осы мәдениеттті жасаушылар арабтар ғана емесі, араб халифаты қол асытнадығ елдер де болды. Ислам дәуірінде қазақ жерінен көпетген ғұлама ғалымдар шықты: Әбунасыр әл-Фапраби, Ғаббас әл-Жауһари, Исмаил әл Жауһари, Жамал Түркістани, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласғұни, Ахмет Иассауи т.б. Бұдан кейінгі XIII-XIV ғасырларда қазіргі Қазақстан жеріндегі түркі тайпалары Алтын орда мемлекетінің қоластына бірікті. Бұл мемлекеттің құрылуы қоян-қолтық араласа тіршілк құрған түркі-монғол тайпаларының бірінен шыққан Шыңғысхан шапқыншылығына байланысты болды. Алтын Орда мемлекетінде түркі халықтары аралас өмір кешкендіктен, әдебиеті де сол аралас оғыз-қыпшақ, шағатай тілдерінде жасалды. Сол кезден бізге жеткен ескерткіштердің таза бір тілде жазылғаны кездесе бермейді. Сондықтан да, ол мұралар – қазақ , қырғыз, татар, басқұрт, өзбек сияқты т.б. түркі халықтарының ортақ қазынасы болып табылады.
Араб халифатының қүрылуы. Ислам мәдениетін жасаудағы қазақ жерінен шыққан ғалымдар мен ақын-жазшылардың орны. Мұсылман мәдениетінің көне антикалық мәдениет дәстүрі мен шығыс дүниесі өркениетін біріктіру арқылы Еуропалық Оянушылықтың негізін жасағандығы. Ислам дінін таратудағы Мұхаммед пайғамбардың ролі.
Құран – адамзат мәдениетінің ірі ескертікштерінің бірі. Құрандағы ежелгі шығыс мифологиясы.
Орта ғасырда Араб халифатының ықпалында болған Азия, Африка, Индия, Испанияға дейінгі жерлерде біртұтас мұсылман мәдениеті жасалғандығы.
Сыр бойы мәдениеті. Қалалары. Жібек жолы туралы түсінік. Отырар, Сауран, Испиджаб, Баласағұн, Тараз шаһар-кенттерінің мәдениет-әдебиет дамуындағы ролі.
2-тақырып. Әл-Фараби. Ахмет Иассауи. Махмұт Қашқари. Жүсіп Баласағұни
Өмірі, шығармашылығы. Әл-Фараби және музыка. «музыканың үлкен кітабы» еңбегі. Бұл күрделі еңбекте музыканың тарихы, табиғи заңдылықатры, дыбыстардың табиғаты, жеке дауыспен көп дауысқа айналу құбылысын талдағандығы. Тоғыз шекті музыка аспабы туралы тұжыырмдары. Осы еңбегінің Еуропада музыка тарихынан көптен оқытылып келе жатқандығы.
Әл-Фарабидің грек оқымыстылары Платон, Аристотель, Пифогор, Евклид еңбектерін араб тіліне аударып, дамытуы. «Жоғарғы табиағттану негізі» еңбегі. Шығыс пәлсафасының тереңдігін, көне тылсымын қорытқан шығарма екендігі. «Бүкіл ғалам нұр-сәуледен пайда болған» деген ойы.
Әл-Фараби – ойшыл. Әл-Фараби және Абай. Екі алыптың көзқарасындағы ұқсастықтар: «Адамзат өз мекенінде тәртіппен, жарастықты жәрдеммен, үнемділік өлшеммен, ынсаппен өмір сүруі керек» деген тұжырымы. Әл-Фараби және математика. Әл-Фараби - әдебиеттің тегі мен түрін зерттеуші. «Өлең өнерінң қағидалары» трактаты. Әл-Фараби. –ақын. өз тұстарының бағалауы. Өлеңдері.
Еңбектерінің зерттелуі. А.Машанов, А.Көбесов, А.Қасымжанов т.б. ғалымдардың еңбегі. Фарабитану ғылымының қалыптасуы. Қорытынды: Әл-Фараби -әлемдік өркениетке зор үлес қосқан ғалым.
Ахмет Йасауи. Ақын, ойшыл, ұстаз, бүкіл түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни қайраткер, діни ағартушы, жаңа сопылық ағымның пірі.
Өмірі. Шығармалары. Ақынның ұстаздары - Ақата, Арыстан баба. «Хикметтер» кітабы адамгершілік, ізгілік жолына үндейтіндігі, күпірліктен сақтандыратындығы. Дінді құрметету, имандылық, адамшылық мәселесі. Йасауидің даналық ойларның Баласғұни мен Абай пәлсафасымен үндестігі. Ол ойлардың бір арнадан тарағандығы. Өсиет-өнегелік мәні.
Ахмет Йасауи – ойшыл. Сопылық дүниетанымның мағынасы. Негізгі ойы-адамның Аллаға шексіз махаббаты екендігі. Йассауи «Хикметтеріндегі» ғашықтық, Алланы сүю, жаратушыға іңкәрлік мағынасында берілетіндігі.
Йасауи «Хикметінде» : Алланы тану адамның өзін-өзі тануы үшін қажеттігі. Мұхаммед пайғамбар мен төрт сахабасын мадақтауы. Өмір мен өлім толғаныстары. Жер астына түсу себебі. Йассауи тақуалығының Баласағұни кейіпкері Одғұрмыштың, Шәкәрімнің, Ақан серінің қоғамнан оқшауланымен байланысы. Йасауи «Хикметтерінің» имандылыққа, адалдыққа үндейтіндігі. Тәрбиелік мәні.
Махмұд Қашқари. Өмірі туралы деректер. М.Қашқари –тұңғыш түркі филологы. «Диуани лұғатит-түрк» сөздігі. Бұл кітаптың қазақ әдебиетіне, тіліне, тарихына, этнографиясына қатысты қайнарлардың бірі екендігі. 6800 түрік сөзіне араб тілінде түсінк бергендігі.
Зертелуі. Стамбұлдан басылып шығуы. Неміс, түрік, өзбек, ұйғыр, қазіргі қазақ тіліндегі аудармалары. «Сөздіктегі» ауыз әдебиеті үлгілері: жырлар, мақал-мәтелдер, оның бүгінгі қолданыстағы қазақ мақалдарымен бірдейлігі. «Қонақ келсе, құт келер», «Екі бура үйкенісер, ортасында сона жаншылар», «Құрғақ қасық ауызға, құр сөз құлаққа жақпас», «Көсеуі ұзын боса, қолы күймес» т.б. көптеген мақалдардың бүгінге дейін айтылатындығы.
Қашқаридегі насихат-дидактикалық өлеңдер. Сопылық поэзияға тән көзқарастары: уақыттың тез өтпелілігі, қанағатшылдыққа шақыруы, жақсы қасиеттерге ұмтылу. Табиғат суреттері, ғашықтық жырлары.
Жүсіп Баласағұни. Баласғұн (Тараздың маңайы) қаласында туып-өскен Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» (1069-70) кітабымен әйгілі болғандығы. Зертеліу, аудармалары, басылымдары. «Құтты біліктің» 85 тараудан тұратындығы Шығыс патшаларының көшіртіп алып оқығандығы.
Баласғұнидің даналық ойлары: Адам. Оның кемелдену жолдары. Ғылым іздеу, ізгілік, даңқ пен дәулетке мастанбау, әділет жолын қуу, ажал есігіне адамшылықты аттамай кіру т.б. Адамдық қасиеттерді іздеу-ізгілік үшін.
Тіл, білім, қайырымдылық туралы тараулары. Адамгершілік, руханият – «Құтты біліктің» негізгі өзегі.
Кітаптың кейіпкерлері: Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат. Төрт үйлесім, үш тұтастық туралы шығыс ілімі. Кітаптың сұрақ-жауап, диалог түрінде жазылуы.
«Құтты біліктегі» қанатты сөздердің бүгінгі қазақм ақалдарымен ұқсастығы. Хас Хажыптың қызметі мен қасиететрі. Ақындар, көпестер, бітігші, уәзір, елбасы, қазынашының қызметін сууреттеуі. Табиғат сурететрі. Танымдық, тәрбиелік мәні.
Алтын орда мемлкетінің құрылуы. Халқы – түркі жұрты, тілі – түркі тілі, діні ислам екендігі. Мемлкеттің жай-жапсарана түсінік. Шығңғысхан және оның ұрпақтары. «Құпия шежіре» деректері.
Алтын Орданың алғашқы ханы –Жошы хан туралы. Мемлекеттің саяси-әлеуметтік жайы.Мәдениеті. Қалалары: Бату сарайы, берке сарайы, Сарай, Сарайшық. Алтын Орда тұсындағы қыпшақ-қазақ жері. Сарай, Сарайшық қалаларының мәдениеті мен ролі.
Әдебиет. Аударма – нәзира әдебиет: «Қисас-и-рабғузи», «Гүлстан бит-түрки», «Хұсрау-Шырын», «Қисса Жүсіп», т.б. XIII –XIV ғасыр әдебиетінің негізгі бағыты өткен тарихты, ежелгі сюжеттерді қайта жаңғырту екендігі. Шығыс ренессансы, ерекшеліктері, оның Алтын орда дәуіріндегі әдебиетке әсері. Әл-Фараби дәстүрінің әдебиеттегі көрінісі. «Нәзирашылдық», оған М.Әуезовтің берген анықтамасы. Алтын орда дәуіріндегі ескеркіштерді «аударма-нәзиралық» әдебиетке жатқызылу себебі. Әдебиеттегі «нәзира» тәсіліне түсінік. Нәзира тәсілінің тууына түрткі болған себептер. Түркі оянушылғы. Оның негізі шарттары. Түркі тілінің мән-маңызын көтеру тәсілі. Түркі өркениетіндегі оянушылықтың негізгі тәсілі болған нәзирашылдықтың орыс отаршылығының қысымына қарсылық ретінде ғасырымыздың басында дами түсуі.
Достарыңызбен бөлісу: |