Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі



бет1/7
Дата20.09.2022
өлшемі123.5 Kb.
#460965
түріПрограмма
  1   2   3   4   5   6   7
Программалы амтамасыз етуді жалпы сипаттамасы ж не жіктелуі


Тақырыбы: Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі


Мақсаты: Программамен қамтамасыз ету туралы түсінік қалыптастыру, программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсету, операциялық жүйенің қызметі, оның құрылымы, жүктелу тәсілі туралы ұғым қалыптастыру. Оқушылар білуі тиіс: «Программамен қамтамасыз ету» ұғымын, оның түрлерге бөлінетінін, қызметін, құрамын, «операциялық жүйе», «драйвер» (қосымшалар) және «утилита» түсініктерін, қолданбалы программалар қызметін, программалау жүйелерін, ОЖ қызметін.
Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
Компьютерде сақталатын барлық программалар оның программалық жабдықтамасын құрайды. Компьютердің ПЖ - сы жүйелік программалық жабдықтама, қосымшалар және программалау жүйелері болып бөлінеді. Жүйелік ПЖ - ға операциялық жүйе, драйверлер, мен утилиталар жатады.
Операциялық жүйе - компьютердің жұмысын басқаратын басты бағдарлама.
Драйверлер - компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар.
Утилита - компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.
Программалау жүйелері – басқа программаларды құруға арналған орта.
Компьютер іске қосылғанда операциялық жүйе дискілік жадыдан оқылып, компьютердің жедел жадына орналастырылады. Бұл үдеріс операциялық жүйенің жүктелуі деп аталады.
Операциялық жүйе – компьютердің жұмысын басқаратын басты программа.
Операциялық жүйесіз тұтынушыға компьютермен жұмыс істеуге қиын болар еді. ОЖ әртүрлі құрылғылардың жүйелік блоктың ішінде орнатылуымен де сыртына қосылуымен де байланысты міндеттерді орындайды. ОЖ – ны компьютердің қатты дискісіне компьютер сататын фирмалар орнатады. ОЖ-сыз компьютерді сатып ала алмайсың. Компьютер іске қосылғанда ОЖ жедел жадыға жазылады да, онда компьютер өшкенге дейін сақталып қалады. Бұл үдеріс операциялық жүйенің жүктелуі деп аталады.

Операциялық жүйе туралы жалпы түсінік.
Бағдарламаларды өңдеу, олардың таралуы компьютердің барлық құрылғыларының дұрыс пайдалануы- өте күрделі процесс. Сондықтан компьютерлер операциялық жүйе деп аталатын бағдарламалық қамтамасыз ету деңгейінде жабдықталған. Операциялық жүйелер жәй интерфейс пайдаланылған бағдарламаларды қамтамсыз етеді. Және барлық құрылғыларды басқару жұмысын атқарады. Операциялық жүйелер компьютердің аппаратты жабдықтарымен қолданылатындар арасындағы интерфейс есебінде сипатталуы мүмкін. Сонда операциялық жүйе дегеніміз – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланушының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Операциялық жүйе – адам мен комьютер арасындағы байланысты жүзеге асыратын ең басты және ең алғаш программа балып саналады. Ол басқа бір программалар жіберетін сигналдарды қабылдап, оны машина тіліне түсінікті тілге «аударады».
ЭВМ-нің операциялық жүйесі:
— қандай да бір бағдарламалау тілдерімен байланыссыз автономды ортаны бейнелейді;
— нақты аппараттық платформада жұмыс істейді, мысалы ІВМ РС(бір платформа үшін бірнеше операциялық жүйелер бар болуы мүмкін);
— қосымшалар деп аталатын нақты қолданбалы бағдарламалардың жұмысын басқарады.
Операциялық жүйе файлдары жүйелік дискіде сақталып, компьютерді іске қосқанда оперативті жадқа дискіден автоматты түрде жүктеледі.
Оның негізгі қызметі – программаларлардың бірі-бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттестігін ұйымдастыру, жылдам жадты бөлу, компьютердің жұмыс істуі кезінде қате жіберілу сияқты оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдалушының программасын іске қосып, оны орындау, т.б. Яғни операциялық жүйе – машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты дискіде сақталып қойылады. Сондықтан операциялық жүйені дискілік операциялық жүйе (DOS) деп те атайды.
Мәліметтер қоры ( МҚ ) – белгілі бір пәндік аймаққа жататын объектілерді ( процестерді, құбылыстарды, оқиғаларды ), олардың қасиеттерін және өзара қатынастарын бейнелейтін, өзіндік аты бар мәліметтер жиыны. Пәндік аймақ дегеніміз мәліметтер қорын қамтуға тиісті нақты дүниенің бар бөлігі болып табылады.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі ( СУБД ) – мәліметтермен жан – жақты қатынас құра отырып, олардың өңделуін қамтамасыз ететін база құру мен сүйемелдеуге арналған бағдарламалық кешен ( комплекс ).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет