Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Ӛткен тәжірбиенің есте сақталуының бҧзылысы



Pdf көрінісі
бет62/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Ӛткен тәжірбиенің есте сақталуының бҧзылысы 
Қабылданған ақпараттың (ретенция) сақталуы жӛнінде оны қайта еске 
тҥсіруге негізделіп, пікір жасалады, бҧл дҧрыс емес. Шындығына келгенде
біздің жадымыз кӛлемі және мазмҧны жағынан біз ойлағаннан едәуір мықты. 
Бҧған гипермнезия деп аталатын клиникалық факт дәлел бола алады. Кейбір 
ерекше жағдайларда, адамның есіне әлдеқашан ҧмытылып кеткендей болған 
жайлар тҥседі. 
Әдебиетте ауыр жҧқпалы аурумен сырқаттанған кәрі әйелде қызбаның ең ӛткір 
кезеңінде сана ӛзгерісі байқалған: әйел мазасызданып, тоқтамастан кӛне Грек 
шығармашылығынан ҥзінділер айтқан. Оның жағдайы жақсарып, ӛз-ӛзіне келгенде, ол 
кӛне Грек шығармашылығы туралы мҥлдем мағлҧматы жоқ екенін айтқан. Дегенмен бҧл 
науқастың жастық шағында кӛне Грек әдебиеті мәселесімен айналысқан белгілі ғалым 
ҥйінде ҥй қызметкері болып жҧмыс істегені анықталды. Ғалым жиі ӛз бӛлмесінде жҥріп 
Кӛне Греция ақындарының шығармашылықтарын дауыстап оқыған, бҧл кезде ҥй 
қызметкері ҥй шаруашылығымен айналысып жҥріп, еріксіз иесінің оқыған 
шығармашылығын тыңдайтын болған. Осылайша науқас ҥшін қажетсіз ақпарат 
қабылданған, ӛзгерген сана жағдайында ес тҧңғиығынан беткейге шыққан. 
Ӛткенді ҧмыту ретсіз емес, белгілі заңдылықпен ӛтеді. Рибо заңы 
бойынша бірінші ретте неғҧрлым кеш қабылданған, нашар ҧйымдастырылған 
дағдылар зардап шегеді; одан кейін біртіндеп естегі кӛне оқиғалар 
жойылады. Бҧл қалыпты жағдайға да, патологиялық жағдайға да қатысты, 
бірақ патологиялық жағдайда ҧмыту ҥрдісі қарқынды жҥреді және ол білім, 
дағды жинақтау ҥрдісінен басым болады. Осындай жағдайда ӛмірдің ерте 
кезеңіне қатысты ақпараттар актуализациялануы бақыланады (гипермнезия 
қҧбылыстары). Мҧндай науқас бір жыл бҧрын әйелінің қайтыс болғанын, 2 
жыл бҧрын тҧрғылықты орнын ауыстырғанын есінде сақтамайды, бҧрынғы 
мекен-жайын айтады, зейнетке 5 жыл бҧрын немесе 10 жыл бҧрын 
шыққанын айта алмайды, бірақ балалық шағын, кӛшесін, мектепке барғанын, 
алғашқы ҧстазының есімін айтып бере алады. 
Есті жер қабаттарымен салыстыруға болады: ӛмір барысында біртіндеп 
жинақталған білім, дағды ӛткен тәжірибемен қабатталады және онымен 
байланысты ҧйымдастырылады. Дерт беткей қабаттарды шайып, кӛне, 
қабаттарды бетке шығарады. 


~ 113 ~ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет