Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет80/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Қозғалыстық бҧзылыстар 
Қозғалыс бҧзылыстары психотикалық жағдайларда жиі кездеседі. 
Қозғалыстың және толықтай жҥріс-тҧрыстың бҧзылысы қоршаған ортадағы 
адамдардың назарын ӛзіне аудартады және олармен психикалық дерт белгісі 
ретінде дҧрыс қабылданады. Қозғалыс бҧзылыстары элементарлы тҥрде 
бӛлінеді - гипо-, гипер- және дискинетикалық – яғни қозғалыс белсенділігінің 
тӛмендеуіне, кҥшеюіне немесе бҧрмалануына байланысты бӛлінеді. 
Қимылдық мелшиіп қалу 
Қимылдық қозғалыстың кҥрт азаюымен немесе толық қозғалыстың 
тоқтауымен мелшиіп қалу ступордың клиникалық суреттемесін береді. 
Органикалық гипо- және акенезиядан ступордың айырмашылығы - моторлы 
зонаның тежелуінен туындаған қайтымды жағдай. Ступор терең жалпы 
қатып қалу тҥрінде толық және қозғалыс сферасын толық қамтымайтын
тҧрақсыз, толық емес болып бӛлінеді. Толық ступор кезінде науқас бір 
қалыпта қозғалыссыз, кейде ыңғайсыз позада жатады. Қоршаған ортаға 
ешқандай реакциясы жоқ, ӛзін кҥтпейді, ҧқыпсыз болады, табиғи 
қажеттіліктерін тӛсекке жібереді. Науқастың ӛзінің тамақтануы мҥмкін емес. 
Тамақты аузына салғанда шайнамайды және жҧта алмайды; тек зондпен 
тамақтандыру және кҥтім кӛрсетілген. Терең ступор жағдайында науқаспен 
сӛздік қатынас мҥмкін емес; науқастар сӛйлеспейді және жауап қатпайды. 
Ступормен науқастардағы сӛйлемеу мутизм деп аталады. Бҧл кезде 
айналадағы адамдардың сӛздерін және болып жатқан жайттарды тҥсінеді; 
ступор жағдайынан шыққан науқастар кейде қатып қалу жағдайында неге куә 
болғанын анық айтып бере алады. 
Егер қимылдық мелшию бірден дамымай, біртіндеп дамитын болса, 
онда әртҥрлі субступорлық жағдайды байқауға болады. Науқас бҧл кезде 
біртіндеп тежеле тҥседі, жай дауыспен сӛйлейді немесе қысқа уақытқа жҥріп 
келе жатып аяғын кӛтеріп тҧрып қалады, тамақ ішіп жатқанда кейде қасықты 
аузына тақап тҧрып қалады. Науқасты дауыстап, сыртқы тітіркендіргіш 
әсерімен кейде қозғалыстық мелшию жағдайынан шығарып алуға болады, 
бірақ біраз уақыттан кейін ол қайта қайталанады. Толық емес ступор 
жағдайында науқастар кейбір инструкцияларды орындауы мҥмкін, берілген 
тамақты ӛзі ішіп, дәретханаға бара алады. Толық емес ступор кейде мутизм 


~ 135 ~ 
дамуымен шектеледі. Науқастар сӛйлемейді, бірақ бҧрынғы белсенділігі 
сақталады, ымдау немесе хат арқылы тҥсіндіруге тырысады. Толық емес 
ступордың клиникалық кӛрінісінде патологияның нозологиялық формасына 
сәйкес басқа симптомдар да болуы мҥмкін. Ӛзінің табиғатына байланысты 
ступор кататониялық, депрессиялық, психогенді, истериялық болуы мҥмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет