Психология және арнайы білім беру кафедрасы


Салыстырмалы-психологиялық бағыт



бет23/52
Дата17.01.2022
өлшемі0.64 Mb.
#454615
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   52
Салыстырмалы педагогика және психология

Салыстырмалы-психологиялық бағыт.

Мәскеу мектебі. Мәскеу психологиялық мектептің өкілдері Н.Н.Ладыгина-Котс бастап кеткен дәстүрлерін жалғастырып, көбінесе адам мен маймыл психикасын салыстырмалы түрде зерттеді. Л.И.Анцыферова Павлов мектебі дәстүрінде жануарлар интеллектін адамның ойлау қызметімен салыстырды. А.Я.Маркова, В.С.Мухинаның еңбектерінде приматтардың мінез-құлқы байқалып, олардың сурет салу қабілеті балалар қабілеттерімен салыстырылды. С.Л.Новоселова приматтар мен балалардың ойлау қабілеті мен ойнау қабілетін салыстырды. Г.Г.Филиппова орангутандардың ақыл қабілеттерін зерттеді және философия мен онтогенездегі психика дамуының салыстырмалы зерттеулерін өткізді. Бүгінгі таңда көп себептерге байланысты жалпы зерттеулер көлемі жеткіліксіз болса бұл саладағы жұмыстар жалғастырылуда.
3 . Инстинктивті тәртіпті қазіргі заман тұрғысында түсіндіру жолдары

1. Инстинкт анықтамасы

2. Инстинкті мінез-құлықтың ішкі және сыртқы детерминанттары

3. Инстинкті мінез-құлықтың психикалық ерекшеліктері

Жануарлардың даму деңгейіне қарай мінез-құлық типтерінің ара қатынасы өзгеріп отырады. Психика дамуының ертедегі сатысында мінез-құлықтың ұрпақтан ұрпаққа берілетін қарапайым стереотиптері үстемдік еткен болатын. Бұл стереотиптер инстинкттер деп аталады. Инстинкттер-биологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты мінез-құлық аспектілері. (Инстинкт-«инстинктус»-деген латын сөзі, қазақша санасыз ұмтылу деген мағынаны білдіреді.) Инстинкттер туа бітеді-олар жыныс клеткаларына негізделген. Әр түрлі жануар тек өзіне ғана тән түрде өмір сүреді, мәселен, құндыздар өте шеберлікпен плотиналар тұрғызады және өзендер мен көлдердің жағасына бірегей әсем үйшіктер салады, қарлығаштар болса шатырдың астына, терезенің ернеуіне берік ұялар жасайды, ал аралар балауыз тұрғызады. Жануарлар жасайтын көптеген «бұйымдар» өзінің шебер қиюласуымен адамдарды таң-тамаша қалдырады: аралар сияқты балауыз жасау үшін адамдар бірқатар математикалық есептерді шығарған болар еді. Ал аралар болса, балауыз жасауға өте аз материал жұмсап, кең орын даярлай алады. Инстинкттер қалыпты тіршілік ететін ортаға сәйкес өмір сүру мен көбею процесін қамтамасыз еткен жағдайда орынды болмақ. Алайда, инстинкттер өмір сүру жағдайы мүлдем өзгерген кезде орынсыз күйге ұшырап, мақсатқа сәйкес келмес еді. Мәселен, торға орналастырылған құндыздар, оның ішінде түкке қажеті жоқ болса да плотина тұрғыза бастайды. Мұның өзі инстинкттердің-соқыр күш екенін, табиғи таңдау процесі кезінде табиғат іріктеп алып, сақтап қалған реакция екенін көрсетеді. Сондықтан әрбір жаңа ұрпақ, ешкім ешнәрсе үйретпесе де, өзінен бұрынғылар істеген әрекеттерді айна қатесіз қайталай алатын қабілетке ие. Инстинкттер жануарларда бір арнамен тізбектеліп өтіп жатады. И.П.Павлов оларды шартсыз рефлекстердің тізбегі дей келіп, инстинкттердің басты түрлеріне (жыныстық, тамақтану, өмірін сақтау т.б.) физиологиялық сипаттама берген.

Инстинкттер көбінесе жануарлардың тіршілігіне пайдалы болады. Мысалы, жоғарыда айтылған өрмекші мен оның құрған торының нәтижесінен тамағын тауып жеп, аштан өлмей жан сақтайды. Егер жануарлар, құстар және басқа да жәндіктер туысынан тез жүгіре алмаса, не ұша алмаса, түсі айналасындағы қоршаумен түстес болмаса, не кірпішешен сияқты тікенектері болмаса, олардың көбісі күн көріп, тіршілік ете алмай, құрып бітер еді. Бірақ кейбір кездерде жануарлардың инстинкттік әрекеттері олардың тіршілігіне ешбір пайда келтірмейтін кездері болады. Мәселен, өрмекшінің жемтігі өрмектен тыс жерде берілсе, өрмекші оны жемей қашады.

Жануарлардың истинкттері олардың тамақтану, қорғану және тұқым қалдыру (көбею) биологиялық мұқтаждықтарын қанағаттандыруға ғана жұмсалады. Жануарлардың биологиялық мұқтаждықтарына қарай инстинкттердің де, тамақтану, қорғану, тұқым қалдыру түрлері болады. Олар тумысымен-ақ, тамақтану инстинкті арқылы анасының бауырына жармасып емшегін еме бастайды. Құстардың балапандары жұмыртқадан шыға салысымен-ақ дәнді шоқып, жүгіріп жүріп тамақтана бастайды. Егер жануарлардың мұндай тамақтану инстинкті болмаса, олар күн көре алмас еді. Олардың тәнінде зат алмасу болмай, олар өсіп, дамитын тірі жәндік болып та саналмас еді.

Қорғану инстинкті, тамақтану инстинктінен кейінірек пайда болады, бұған қорқу, бір үйір болып жүру, өздерінің жауларына қарсы тұра алу, жануарлардың айналасындағы қоршауының түсіне түстес болып, соған ыңғайлану тағы басқа, осы сияқты әрекеттер жатады. Егер жануарлардың қорғану инстинкті болмаса, олар өздерінің жауларына жем болып, құрып кетер еді. Сондықтан қоянның өта қорқақ болып, қамыстың сылдырынан, жапырақтың қимылынан қорқып қашуы, оның жүйрік болуы-өзінің жауларынан сақтануға керекті әрекеттер. Осы себептен жаратылыстың заңдары бойынша кейбір құстар, жануарлар айналасындағы қоршаумен түстес болады, қауіп төнген кезде олар тұрған жерінде тырп етпей бұғып жатып қалса, жыртқыш аңдар оларды басып кетпейінше байқалмайды.

Жануарлардың топтанып бір үйір болып жүруі қорғануға жақсы. Егер жалғыз болса жыртқыштың келіп қалғанын сезбей, яғни оған қарсы әрекет ете алмай қалар еді. Ал топтанып жүргеннің пайдасы - үйірде жүрген жануарлардың, жыртқышты бірі сезбесе, бірі сезіп қалуы мүмкін, олардың барлығы жиналып жауға қарсы тұруына да жақсы. Егер бір ат жалғыз жүрсе, оны қасқыр тартып кетеді, ал егер бірнеше жылқы үйірмен топтанып жүрсе, қасқырларға ешқайсысы жем болмайды. Қасқырдың да топтанып жүруі олардың жауларынан сақтануына аса қажет. Мысалы, тырналар ұшып жүргенде жан-жағына «күзетшілер» қояды, егер бір қауіп төне қалса, сол «күзетшілер» басқаларына хабар береді.

Тұқым қалдыру, яғни көбею инстинкті басқа соқыр сезімдермен салыстырғанда, кешірек пайда болады. Мұндай соқыр сезімдерге жануарлардың шағылысуы жатады. Шағылысу маусымында жануарлардың тәнінде түрлі өзгерістердің пайда болып, ін қазып, ұя салып, балаларын дүниеге әкелген соң оларды өздерінше аймалап, тәрбиелейді. Егер де жануарлардың тұқым қалдыру соқыр сезімі болмаса, олар өсіп-дамымай, құрып жоқ болып кетер еді. Жануарлар, өсімдіктер, жалпы тірі заттар өсіп-өніп, көбейіп отыруы үшін, тұқым қалдырып отыруы қажет. Қаншама жануарлардың дене құрылысы күрделі болса, қаншама олар даму сатысының жоғарғы басқышында тұрып көп өмір сүретін болса, соншама олардың тұқым, нәсіл қалдыру соқыр сезімі кеш пайда болады. Қаншама жануарлар аз өмір сүрсе, қаншама олардың тән құрылысы қарапайым болса, соншама олардың тұқым қалдыру соқыр сезімдері ерте пайда болады. Мысалы, бірнеше ай ғана өмір сүретін жәндіктерді, құрт-құмырсқаларды алсақ, олардың жыныс сезімдері, яғни тұқым қалдыру соқыр сезімдері өте ерте пайда болады. Ол жәндіктердің көп өмір сүре алмаушылығымен байланысты. Ал, үй жануарлары және маймылдар сияқты жоғарғы сатыда тұрған жануарларды алсақ, олардың жыныс сезімдері кешірек пайда болады. Адам баласында бұл айтылып отырған сезімдер жануарлармен салыстырғанда өте кеш пайда болады. Бірақ адам баласында бұл сезімдердің ерте, кеш пайда болуы табиғи жағдайларға, ауа райына және оның тән құрылысына да байланысты. Мысалы, ыстық елдерде тұратын халықтардың жыныс сезімдері ертерек пайда болса, ауа райы суық елдерде адамдардың жыныс сезімдері кешірек пайда болады. Өйткені ыстық күннің сәулесі адамның денесіне тез әсер етіп, қоздырып, жыныс сезімдерінің ерте пайда болуына себепші болады.

Инстинкттер өне бойы консервативтік түрде бір қалыпта тұра беріп, жағдайлардың өзгеруімен бірге инстинкттер өзгермей бір қалыпта қалса, онда жануарлар айналасындағы дүниеге бейімделіп әрекет ете алмай өліп, құрып кетер еді.

Кейбір жүргізілген тәжірибелерге қарағанда, Ресейдегі тұмсығымен ағаштың қабағын тесіп, астындағы құрт-құмырсқаларды алып жейтін тоқылдақ (дятел) дейтін құстарды оңтүстік Калифорниядағы құрт-құмырсқалар қабыршағының бетінде болатын ағаштарға көшіргенде, олар құрттың тура алдында ауызға түсіп тұрғанына қарамастан бұрынғы үйреншікті әдетімен тұмсығымен ағашты тесе беретін болған. Бірақ кейіннен кейбір тоқылдақтар мұндай әрекеттерін тастаған, олардың ұрпақтары да ағаштың қабығын тесуге бекерден-бекер күш жұмсайтын болған. Ал бұрынғы инстинкттерін өзгерте алмаған тоқылдақтар жаңа жағдайға ыңғайлана алмай өліп қалған. Кейіннен инстинкттері өзгерген

тоқылдақтардың балапандарын қайтадан Ресейге көшіргенде, олардың көбі ағаштың қабығын тесіп астынан құрт тауып жей алмайтын болғандықтан өліп кеткен. Ал кейбіреулері жергілікті тоқылдақтардың әрекеттеріне еліктеуінен қайтадан бұрынғы ескі инстинктері пайда болып, аман қалған. Бұл мысалдан инстинктің мәңгілікті өзгермей тұрмайтынын, өзгерген жағдайларға байланысты бұлар да өзгеріп отыратынын көруге болады.

Инстинкттердің физиологиялық негізі - рефлексиялық әрекеттер. Ең бастапқы пайда болу кезінде инстинкттер рефлекстерден шыққан. Даму процесінде рефлекстердің бара-бара күрделенуімен бірге олардың кейбір топтары дифференцияланып айрықша психологиялық әрекеттерге, яғни инстинктерге айнала бастаған. Әрине, бұл процесс жануарлардың биологиялық мұқтаждықтарын қанағаттандыра алатын прогрессивтік әрекеттердің неше бір ұрпақтарға көшіп отырудың нәтижесі. Бірақ инстинкттерді рефлекстермен салыстыруға болмайды, олардың арасында үлкен айырмашылықтар бар. Егер шартсыз рефлекстерде жалғыз ғана физиологиялық әрекеттер болса, инстинктерде физиологиялық әрекеттермен қатар психологиялық әрекеттер басым. Шартсыз рефлекстер жануарлардың тәнінің әрбір саласында, жеке мүшелерінде ғана әрекет ететін болса, инстинкттер жануарлардың барлық тәнінің тұтас әрекеті, олардың барлық қылықтарымен байланысты.

Инстинкттерді шартты рефлекстермен де салыстыруға болмайды. Егер инстинкттер тұқым қуалау арқылы ата-аналарынан балаларына беріліп отырса, шартты рефлекстер жануарлардың туысынан кейін дүниедегі шартты қоздырғыштардың әсеріне қайтаратын жауаптары есебінде пайда болады. Егер инстинкттер дамудың ең төменгі сатысында тұратын жануарларда да болса, ол шартты рефлекстер жүйке саласы бар, миының үлкен жарты шарлары бар жоғарғы сатыда тұратын жануарларда ғана пайда болады.

Инстинкт рефлекстер, әсіресе шартсыз рефлекстер сияқты тәннің сыртқы тітіркендіргішке ғана қайтаратын реакциясы емес, өте күрделі қылық. Кейбір зерттеулердің қорытындысына қарағанда, ата-аналарынан аулық асыралған балалары ересек жануарлар сияқты қылықтарды атқаруы шартты рефлекс емес, тұқым арқылы үлкендерден балаларына берілген соқыр сезім әрекеттері. Инстинкттер адамда да болады, бірақ адамның инстинкттері жануарлардай емес, әлеуметтік-қоғамдық жағдайлардың әсерінен көп өзгерістерге ұшыраған. Егер жануарлар өздерінің соқыр сезімдері арқылы әрекет ететін болса, адамдар өздерінің санасы арқылы соқыр сезімдерін басқарып, олардың орынсыз жерде әрекет етуіне жол бермей, дұрыс бағытқа салып отырады.


4. Жануарлардағы үйрену түрлері

1. Үйрену процесінің жалпы сипаттамасы

2. Жануарлардағы үйрену түрлерінің классификациясы

3. Бейімделу. Жануарлардағы инсайт ерекшеліктері


1912 жылы Иеркс-жануарлардың эволюциялық дамуында үйрену әрекетіне тоқталды. Ол Т-тәрізді лабиринтте жауын құрттың қозғалуын үйретті. Ол үшін жауын құртымен тәжірибені 150 рет жүргізді.

Оқытып, үйрету-эволюциялық даму жағдайында жоғары дами береді. Үйрену-адамның туа біткен қасиеті-ол әлеуметтік орта нәтижесінде жүзеге асады.

Бейнелеудің түрлік сатысында-ол шартсыз рефлекстер арқылы жүзеге асады. Қоректену, қорғану, бағдарлау және басқа да шартсыз рефлекстер өмір сүруде маңызды. Олардың қатарына күрделі рефлекстер-инстинкттер кіреді. Осы инстинкттердің ішінде адамдағы-өзін-өзі сақтау инстинкті маңызды.

Даралық бейнеленудің негізі-шартты рефлекторлы әрекет. Сыртқы кез-келген тітіркендіргіш-белгілі бір уақыттан кейін жануар үшін маңызды нәрсеге айналады. Осы әрекетінде сезім органдары арқылы, сыртқы ортадағы барлық информацияны пайдаланады. Бірінші сигналдық жүйе нәтижесінде әрбір индивидте өзіндік образ пайда болады. Сондықтан, адам мен жануарлардың индивидуальды тәжірибесінен, олардағы субъективті образын жеткізу мүмкін емес. Мәселен, адамның ағашқа қарай отырып, ондағы алған барлық әсерді жеткізу мүмкін емес. Жануарлардағы жинақталған тәжірибе жойылып отырса, адамның өмірлік тәжірибесі сөзі арқылы келесі ұрпаққа жеткізіліп отырады.

Қоғамдық-тарихи сатыда-адамның ортасы маңызды. Екінші сигнал жүйесі нәтижесінде-адам заттар мен құбылыстарды қабылдап, түйсінген және есте сақтаған нәрсесін, ойынан өткізіп, пайдаланады. Сөздік қарым-қатынас нәтижесінде күрделі нәрселерді бірігіп жүргізеді.

Психиканың дамуы табиғи заңдылық бойынша өтеді. Жануарларда биологиялық орта маңызды болса, ал адам үшін әлеуметтік орта маңызды.

Жануарлардың коммуникациялық функциясы - олардың өмір сүру ортасымен және тіршілік қызметімен байланысты, яғни қоректенуі, көбеюі, дем алуы, тынығуы, қорғануымен байланысты. Бұл жерлерді тұрақты не уақытша, жеке не топтық (отар, табын) пайдалануы мүмкін. Әр түрлі жануарларда бұл жерлердің мөлшері, конфигурациясы және құрылымының айырмашылықтары болады. Жердің бос емес екендігін «қожайын» дыбыс беріп, өзін көрсетіп не көрнекті жерлерге, заттарға әсіресе мекен ететін шекарасына өзіне тән иісті таңбалар қалдырады. Жануарлар өз мекендерін үнемі қорғайды.

Жануарлардың әлеуметтік рангы деп, бірлестікте тіршілік ететін жануарлардың өте күрделі қарым-қатынас формасын айтады. Жануарлардың арасында отар, табын, үйір яғни, топ болып бірлесіп тіршілік ету формалары кең тараған. Бұл бірлестіктердің өзіне тән ерекшелігі олардың мүшелерінің өмір сүру иерархиясына байланысты. Олардың арасындағы қарым-қатынас өте күрделі. Әрбір жануар бірлестікте қайсысы күшті, қайсысы әлсіз екенін анық біледі. Қарым-қатынастың әр түрлі формалары арқылы (ұсақ қақтығыстар, ритуал, сайыс), олардың иерархиясы анықталып және сақталып отырады. Күштірек жануарлар қоректі бөлу, өзіне жұп таңдау мүмкіндігіне ие болады. Жоғарғы (ранг) сатыдағы жануарлар, әсіресе вожактары (көсемдері) өте беделді болады. Вожактары бұл бірлестікте ең күшті, тәжірибелі (дара) индивид. Кейбір бірлестікте сатылық деңгейі жас ерекшелігінен, жыныстық дамуынан көруге болады.

Жануарлардың өмір сүру ерекшеліктері: 1.Даралық (индивидуальность) – семьялық жұп құрмайды, өз ұрпақтарын бақпайды. Мысалы, көкек, балықтарда байқалады. Бұларда әлеуметтік құбылыс байқалмайды. 2. Уақытша байланыс – құстардың қоныс аударуы, қасқырдың аң аулауы кезінде байқалатын құбылыс. 3. Аз мамандырылған тұрақты байланыс - отар, табын, үйір болып өмір сүретін жануарларда байқалады. 4. Жоғарғы қоғамдасып ұйымдасу – белгілі бір функция атқаруына байланысты, бірігіп тамақтану, қорғану, ұрпақтарын бағу кезінде байқалады. Бұл қолониялы бірлестік. Ол пингвин, бобрларда байқалады. 5. Қауымдастықтың жоғарғы түрі – нақты маманданған – жануарлардың әлеуметтік өмірінде маңызды, олар өз алдына өмір сүре алмайды. Бұл ара, құмырсқа өміріне тән құбылыстар.

Жануарлардың тілі – белгі берудің өте күрделі жүйесі. Ол дыбыстың әр түрлілігі, дене қозғалысы, қалпы, түсі, иісі т.б. арқылы жануарлар бір-біріне биологиялық маңызды оқиға, қауіп-қатер туралы т.б. белгі береді. Жануарлар тілінің адам тілінен басты айырмашылығы семантикалық функциясының болмауы. Жануарлар тілінің элементі сыртқы заттарды нақты атамайды, ол абстрактілі қасиеттер мен қарым-қатынасқа, нақты жағдайға, мақсатқа байланысты болады. Әрбір түрдің дарасы туғаннан өз тілін біледі деп айтуға болады. Жануарлар тілінің элементтерінің генетикалық тұрақтылығы олардың инстинктті әрекеттерін күшейтуге, бәсеңдетуге басты себеп болады. Керісінше, адамның тілі – ашық жүйе, яғни генетикалық тұрғыдан тұрақты емес, үздіксіз дамиды және өзгереді. Дегенмен жануарлардың да, әсіресе үй жануарларының (ит, мысық) адамның тіліне аз мөлшерде болса да үйренуін ескерсек, жоғарыда айтылған тұжырымның нақтылығы күмән туғызатыны анық. Адамдармен қарым-қатынасында жануарларда өзіндік, тілдік белгілер пайда болады, ал оның жануардың «табиғи тіліне» ұқсастығы аз болады. Әрине бұл тілді өте баяу қабылдау және ішінара кездесетін жағдай деп қарасақ та, олардың табиғи тіліне қарағанда күрделі екендігін айтқанда жөн.

«Адамға үйір болуының арқасында,-деп жазады Ф. Энгельс,- неғұрлым жете дамыған үй жануарларымыздан қулық амалдарын күнбе-күн байқауға болады, олардың бұл амалдары балалардың дәл сондай амалдарымен бірдей деңгейде. Ит пен жылқының адаммен қатысы болуының арқасында анық сөзге келгенде құлақтарының естігіш болып дағдыланғандығы сонша, өздеріне тән ықшам түсініктердің шеңберінде олар қандай тілді болса да түсінуге оп-оңай үйренеді. Олар мұның үстіне адамға үйір болу сезімі сияқты, риза болу сезімі т.б. сезімдерге қабілетті болды, мұндай сезімдер бұрын оларға жат еді. Осындай жануарлармен көбірек істес болуына тура келгендер қай-қайсысы болса да жануарлардың сөйлей алмауын, олардың үн шығару органдарының белгілі бір бағытта бейімделгендігі сонша, олардың бұл қасіретіне қазір ешбір көмек етіп болмайды».

Жануарларда кері байланыс жоқ, олардың тарапынан белсенді түрде және үздіксіз информация беру жағы жетіспейді. Жануарлар төңіректе болып жатқан оқиғаларды «түсінеді» немесе бірдеңені «ойлайды» деп кейбір реттерде сеніммен айтуға болады.Оларға әлденені үйрете жүріп, біз өз жұмысымыздың нәтижесін болжап қана біле аламыз. Адамның хайуанмен байланыс жасауының екі жолы бар. Біріншісі – жануарлардың «тілін» үйрену, яғни олардың пайдаланатын белгілерінің жүйесін қолдану. Мұнда біз хайуанның психикасы дәрежесіне дейін еріксіз төмен түсетін боламыз. Мәселен, қауіп төніп келе жатқанда балапандарын ескертіп, мекиеннің қыт-қыттап ала жөнелетіні белгілі. Адам мұны оңай келтіре алады.

Екінші жол – хайуандарға адам тілін үйретудің бұдан анағұрлым көп нәрсе берері күмәнсіз. Бұл жайында Ф. Энгельс былай деп жазады: «Тотықұс не айтып тұрғанын өзі түсінбейді деп жұрт қарсы пікір айтпай-ақ қойсын. Тотықұсты балағат сөздердің мәнісін ұғатындай етіп сондай сөздерге үйретіңіз... сонан соң оны ызаландырып көріңіз, сонда сіз тотықұстың да Берлиннің көкөніс сататын әйелдері сияқты өзінің балағат сөздерін дұрыс қолдана білетінін тез-ақ байқайтын боласыз».

Венгрияның Печ қаласының мұғалимасы Рожена Синунштейн жас тотықұсты 4 жыл жаттықтырады. Ол 100 сөз үйреніп, 27 грамматикалық үлгіні игереді. Адам тілімен сөйлейтін құс 8-10 сөзден құралған сөйлемдерді қатесіз айтады.

Невад университетінде (АҚШ) талантты ғалымдар – ерлі-зайыпты Гарднерлер хайуандар психологиясына жетік мамандар деп саналады. Олар мына мәселе жайында қатты ойланған: «Маймылға адам тілін үйрету неліктен қиын?». Рас, маймыл «тілінде» 30 шақты дыбыс бар, бірақ мұның бәрі әсерге байланысты айғайлар болса керек. Сонда маймылға үнмен тіл қатуды үйрету не себепті қажет болып отыр? Одан басқа бізде ым тілі бар ғой, керең әрі мақау адамдар мұны тым жақсы пайдалана біледі. Жануарларға осы тілді үйретіп көруге неліктен болмайды?

Ғалымдар бір жас шамасындағы Уошо атты шимпанземен тәжірибе жүргізеді. Олар Уошоның көзінше тек қана мақауларша ыммен сөйлеседі. Жеті ай өткеннен кейін маймыл алғашқы төрт ымды жаттап алады. Енді жеті ай өткен соң оның сөздік қоры жаңадан тоғыз ыммен толығады. Тағы жеті ай өткеннен кейін 21 ым, ақыры, онан кейінгі он айдан соң 30 ым үйренеді. Сонымен, екі жарым жылдың ішінде Уошо 60-тан аса ымды игереді. Мұндағы ең елеулі нәрсе мынада: жануар белгілерді дұрыс қолданып, оларды құрастыра біледі, бірнеше сөз тіркестерін қолдана «сөйлесуді» үйренеді.

Адамша сөйлей білетін маймыл өзі білетін ымдарды нақтылы ұғымдарды белгілеу үшін ғана қолданбайды. Ол «көбірек», «жоғары», «жүр», «сыртта», «іште», «кешіріңіз», «жарайды», «қызық», «ит», «мысық» деген сөздерді нық сеніммен қолдана алатын болады. «Ашық» деген ым сөзі бастапқыда есікке ғана қатысты болатын, алайда кейіннен Уошо оны үй ішіндегі мебельге, тоңазытқышқа, ал кейіннен су құбырына қолдана алатын болды. Уошоның сөздік қоры неғұрлым молайған сайын, оның жеке ымдарды сөйлем етіп біріктіруге деген ынтасы соғұрлым арта берді. Ол алтыға келгенде «Маған есік ашатын кілтті беріңізші» деген ұғымды ыммен айта алатын. Сөйтіп жаттықтыру нәтижесінде, маймыл 30 сөз біледі және оларды орынды қолданады.

Тамаша жасалған тәжірибенің арқасында адам мен жануар арасында екі жақты информациялық байланыс тарихта тұңғыш рет осылайша орнатылған еді.

Жануарларды бірте-бірте өз дәрежемізге жақын көтеріп, мұқият баулитын болсақ, онда бұлардың едәуір нәрсені үйренуі мүмкін. Бірақ біз бұл бағытта әлде бір ғажайып құбылыстар болуы мүмкін еместігіне назар аудармақпыз. «Тәрбиелеу әдісін қаншалықты жетілдіргенмен, маймылдардың дамуы тек үш жасар баланың дәрежесіне ғана жетуі мүмкін. Шимпанзе бұдан еш уақытта және ешқашан да алға баса алмайды»,- осы заманғы ғалымдардың тұжырымы осындай.
5. Психиканың эволюциялық дамуы

1.Психика туралы түсінік.

2.Сана – психика дамуының жағдайы, формасы.

3.Жан-жануарлардың психикасының дамуы

4. Психика дамуының деңгейлері

Психика – психологияда көптеген түсініктерді біріктіретін субъективті құбылыс. Психика табиғатын түсіндіретін философиялыќ екі көзқарас бар: материалистік және идеалистік. Бірінші түсінік бойынша, психикалық құбылыс өзін-өзі басқару мен өзін-өзі танып білудегі (рефлексия) жоғарғы дамудағы тірі материяның ерекшелігі.

Идеалистік көзқарас бойынша, психиканың түсіндірілуінде бір емес екі бастама: материалдық және идеалдық. Олар бір-біріне тәуелсіз, бір-біріне тең келмейтін, бір-бірінен шықпайтын жеке бастамалар. Дамудағы байланыс жасай отыра, олар өз заңдары бойынша дамиды. Дамудың әрбір сатысында идеалды психикамен біріктіріледі.

Материалистік түсінік бойынша психикалық құбылыстар ұзақ биологиялық даму негізінде пайда болды. Қазіргі уақыт тірі материаның жоғары дамуын көрсетеді.

Қазіргі зерттеулер қорытындылары бойынша бір клеткалы қарапайымдардың психикалық құбылысына тән ерекшелік, соның ішінде: биологиялық маңызды деген тітіркендіргіштерге сыртқы белсенділік, ішкі жағдайдың өзгеруін реттеуге деген қабілеттілік. Сонымен бірге өзгермелік қабілеттілігі мен ес.

Материалистердің айтуы бойынша, психикалық құбылыстар жерде тіршілік болғаннан кейін, көп уақыт өткеннен кейін пайда болды. Алғашқы кезеңде тіршілік иесі биологиялық тітіркенушілік пен өзін-өзі сақтау қасиетіне ие болды. Ол қоршаған ортамен байланыс механизімін жүзеге асырды, көбейді, ұлғайды. Кейін дамудың келесі сатысында оларға сезімталдық пен үйренуге дайындық қосылды.

Жер бетінде алғашқы тіршілік белгісі 2-3 миллиард жыл бұрын химиялық, органикалық қосылулардан, одан кейін қарапайым бір клеткалы тіршілік иелері пайда болды. Олар биологиялық эволюцияға жол салды да, көбею, генетикалық. жүре пайда болған ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы беруге жол салды.

Кейін тіршілік иелерінің эволюциялық өзін-өзі жетілдіру арқылы организмдерде ерекше орган пайда болды. Ол орган дамуды, тәртіпті, қайта жаңғыртуды басқарды. Бұл нерв жүйесі. Оның дамуы мен жетілуіне орай, психикалық өмір сүруге қажетті: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сана, рефлексия пайда болды.

Нерв жүйесінің функциясының құрылысының жақсаруы психика дамуының қайнар көзі болды. Бұл процестің механизіміне: организмнің жаңа ерекшеліктерге ие болуы, олардың өзгеруіне байланысты жаңа органдардың өзгерістері, генотиптегі өзгерістер: өмір сүруге қажетті бейімделген органдар мен ерекшеліктердің ортақ бейімделуі.

Дамудың келесі маңызды стимулы өмір сүру шарттарының күрделенуі. Ол организм құрылысын өзгертуге әсерін тигізеді. Дүниені бейнелеу қабілеттілігі пайда болады. Қоршаған ортаны жақсырақ бағдарлай алу жүзеге асты. Сонда психиканың жетілуіне шындық өмір әсер етті: ол тіршілік иелерінде жоғарғы нерв жүйесі мен жоғарғы психиканың бейнелеу деңгейлері болуын талап етті. Бұл түсініктер материалистік болып табылады.

Идеалистік көзқарас бойынша, психика тірі материяның ерекшелігі немесе оның дамуы өнімі емес. Ол материя сияқты мәңгілік.

Психика дамуы мен жан-жануарларда тәртіп дамуы қалай жүзеге асты?

Психикалық бейнелердің даму деңгейі мен стадиясына байланысты болжамды А.Н.Леонтьев өзінің «Психиканың даму проблемасы» еңбегінде ұсынады. Кейін оны толықтырып, нақтылаған К.Э.Фабри болды. Ол жануарлар психологиясының соңғы жетістіктерін пайдалана отырып дәлелдер келтіреді. Сондықтан оны Леонтьев-Фабри концепциясы дейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет