Психология және арнайы білім беру кафедрасы



бет40/52
Дата17.01.2022
өлшемі0.64 Mb.
#454615
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   52
Салыстырмалы педагогика және психология

Индукциялық тәсіл (жекеден жалпыға қарай) салыстырмалы педагогикалық зерттеуді деректерді жинаудан бастап, оны жүйелеп талдау және оған теорилық түсніктеме беру болып табылады.

Дедукциялық әдіс (жалпыдан жекеге қарай) – мәселені талдау, болжам жасау және соны дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын деректер жинауды білдіреді.

Социологиялық тәсіл (білім берудің қоғамдағы орны) – қазіргі әлеуметтік инфрақұрылымдағы білім беру жүйесінің алатын орнын, білімнің қоғамдық өмірдің басқа салалармен байланыс нысандарын анықтайды.

Экономикалық тәсіл (білім берудің экономикасы) – білім беру жүйесі дамуының экономикалық жайын: ғылыми-техникалық прогресс және экономика, маман күшін толықтыру; білім беруге қаражат жұмсаудың сандық мөлшері, ұлттық табыс және мемлекеттік қаржының төлену бөлігі; табыс көздері, білім берудің тиімділігінің есебі және т.б. анықтайды.

Тарихи тәсіл білім берудің бір елде, сол сияқты бір аймақта немесе дүниежүзінде дамуына тарихи талдау жасаудың өте қажеттілігін білдіреді. Құбыылстың хрононлогиялық шегін анықтау белгілі шамамен ғана мөлшерленеді. Өткен мен бүгінің шегі тез өзгеріске түседі, көбінесе білім берудің дамуының жаңа кезеңі қарастырылады. Кей жағдайда жаңа тенденциялар оларға жан-жақты және объективті талдау жасауға мүмкіндік беретіндей деңгейде қолданылмай жатады. Ондай жағдайда белгілі мәселеге өткенді шолу өте пайдалы болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет