Психология тарихы” пәні бойынша Оқу әдістемелік кешен. 050103 «Педагогика және психология»



бет1/16
Дата23.02.2016
өлшемі1.5 Mb.
#6048
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті


“Гуманитарлық білім” факультеті


“Педагогика және психология” кафедрасы
Психология тарихы” пәні бойынша

Оқу - әдістемелік кешен.


050103 «Педагогика және психология»

мамандықтарының студенттері үшін

Жетісай -2009 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті


“Гуманитарлық білім” факультеті
“Педагогика және психология” кафедрасы
Психология тарихы” пәні бойынша
050103 «Педагогика және психология»

мамандықтарының студенттері үшін



Оқу - әдістемелік кешен.

(Силлабус)

Оқу түрі: күндізгі.

Курс: 4, 3-кредит

Лекция: 30 сағат

Практикалық (семинар) сабақ: 15 сағат

ОБСӨЖ: 45 сағат

СӨЖ: 45 сағат

Барлық сағат: 135 сағат

Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)

Қорытынды бақылау: емтихан (40 балл)

Жетісай -2008 ж.
Құрастырған: доцент Ташкенбаева С.М.

Оқу- әдістемелік кешен

(Силлабус)

“ Психология тарихы” пәні бойынша 050103 мамандықтарының студенттері үшін әзірленген


Оқу әдістемелік кешен Университет Ғылыми кеңесінде бекітілген.

Оқу - әдістемелік кешені типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.


Типтік бағдарламаның индексі:

Оқу - әдістемелік кешені кафедра мәжілісінде талқыланған

№ Хаттама__________ “____________” 200 ж

Кафедра меңгерушісі _____________

Факультеттің әдістемелік кеңесінде мақұлданған


№ Хаттама__________ “____________” 200 ж

Әдістемелік кеңесінің төрағасы________________________

Университет Ғылыми Кеңесінде мақұлданған
№ Хаттама________ “________” 200 ж

Ғылыми Кеңес төрағасы ________________________



Мазмұны

1. Алғы сөз................................................................................................................

2. Курстың мақсаты, міндеті..................................................................................

3. Жалпы мәліметтер...............................................................................................

4. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме......................................................................

5. Оқу сабақтарының құрылымы туралы мәлімет................................................

6. Студентке арналған ережелер.............................................................................

7. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөлінуі.......................................................................................................

8. Лекция сабақтарының жоспары, мазмұны.........................................................

9. Практикалық (семинар) сабақтарының жоспары, мазмұны ............................

10.СӨЖ – жоспары, мазмұны..................................................................................

11.ОБСӨЖ- жоспары, мазмұны..............................................................................

12. Кредиттің мазмұнына сәйкес бақылау түрлері................................................

а) тестілік сауалнамалар

б) жазбаша бақылау жұмысы

в) коллоквиумдар

г) сөзжұмбақтар

д) Глоссарий

13. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік

бақылау жүйесі..................................................................................................

14. Пән бойынша оқу процесінің картасы.............................................................



1. Алғы сөз

Оқу - әдістемелік кешені - “ Психология тарихы ” дисциплинасы бойынша

050103 мамандарын дайындауға арналып, барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдардан құралып, осы курс бойынша дәріс беруші мұғалімнің жұмысын тиімді ұйымдастыруға арналған. Білім беруде кредиттік технологияны пайдалана отыра, барлық құжаттарды бір жүйеге (комплекске) біріктіру, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру көзделініп отыр.

Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген:

ПС – практикалық сабақтар, СС - семинар сабақтар, СӨЖ – студенттердің өзіндік жұмысы. ОБСӨЖ- оқытушының басшылығымен студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқытудың мұндай бағдарламасы (SYLLABUS), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себін тигізеді деп күтілуде.

СӨЖ-де зерттеліп отырған материалды студент өз бетімен меңгеруі мен үйге берілген тапсырманы орындау көзделеді. Оқу материалы барлық оқыту формаларының өрімделуі мен ерекшеленеді.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыптан қарастырылуда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдармен терминдерді енгізеді.

Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысынын барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.

Тесттік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.

2 . Пәннің мақсаттары мен міндеттері, оның оқу процесіндегі рөлі.


Пән туралы қысқаша сипаттама:

«Психология тарихы» әлемдегі барлық психологиялық білімдер жайлы бұрынғы өткен ғұлама ғалымдарымыздың көзқарастары мен болашақты болжауының нәтижесінен туындаған, өткен тарихымыздан жас ұрпаққа мұра болып жеткен психология ғылымдарының дамуын, сондай-ақ психикалық құбылыстардың табиғаты жайлы мәселелерді қарастырады. Психология тарихы осы ғылымның негізін салушы ұлы ғұламалардың ғылыми мұраларына ұқыпты қарауға, ғалымдардың ұшантеңіз еңбектерін, ғылыми мұраларын бағалап, ғылымның әрі қарай дамуына қажетті өшпес идеяларды алуға, ғұлама ғалымдардың жанқиярлық еңбектерін бағалауға үйретеді.

Психология тарихын зерттеу арқылы бүкіл психологиялық болмысты жүйелі қарастыру қалыптасады. Ғасырлар бойы дамып келген және қазіргі психологияның ұғымдар аппаратына енген ғылымның негізгі категорияларын меңгеру жүзеге асады.

Психология тарихы курсы шетелдік психологиямен бірге отандық психология тарихында қамтиды. Арнайы түрде Шығыс соның ішінде, Қазақстан ойшылдарының психологиялық көзқарастарына көңіл аударылады. ТМД елдеріндегі психологияның қазіргі жай-күйі көбінесе кеңестік кезеңде жасалған зерттеулермен анықталады, сондықтан психология тарихы курсында отандық психологиялық ғылымдардың дамуына марксизмнің әсері де көрсетіледі.



Пәннің мақсаты: Студенттерді психология тарихының өзекті мәселелері және зерттеу әдістері мен әдіснамалық мәселелерімен таныстыру. Психология тарихы әр түрлі дәуірдегі әр тараптағы халықтардың ойшылдары мен ғалымдарының үздіксіз сұқбаты ретінде көрінеді және онда әр қайсысы психология ғылымына көптеген үлестерін қосқан.

Курста негізгі психологиялық категориялар мен көзқарастардың дамуындағы сабақтастық, әр түрлі ғылыми мектептер мен бағыттардың әрекеттестігі қадағаланып отырады.



Психология тарихы пәнін оқытудың міндеттері: Психология ғылымының даму дәрежесін түсіндіру. Психология тарихы туралы білімдерін қалыптастыру.

Пререквизиттер: Курста әлемдік және отандық тарихтың, философияның, көркем әдебиет пен өмірбаяндық әдебиеттердің, өнердің материалдарын меңгерту қажет.

Постреквизиты: Психология тарихы курсы студенттердің әлеуметтік пәндерді: философия, Қазақстан тарихы, мәдениеттану т.б. пәндерді оқып білуімен тығыз байланысты. Психологиялық категориялар мен іргелі проблемалардың мазмұны жалпы психология курсында да қарастырылады. Тарихи психологиялық мағлұматтар міндетті түрде қарастырылады. Сондықтан психология тарихын оқыту мен зерттеу осы пәнге де сүйенеді. Психология тарихы ғылымының даму логикасын меңгеру. Тарихи психологиялық материалдарды меңгеру тарихилық пен логикалық, обьективтілік, детерминизм мен тарихилық принциптеріне сүйенеді. Жалпы тұжырымдамаларға әлемдік психология классиктерін оқып салыстырмалы түрде талдау жасау, өткен дәуірдің тұжырымдамалары мен теорияларының қазіргі ғылыми көзқарастармен сабақтастық байланысын бақылау, зерттеу, ғылымның көрнекті үздік өкілдерінің рөлі мен мәнін меңгерту қажет.
2. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері




Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өткізілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

1

Әлемдік және Отандық тарих.

Қазақстан тарихы

2

Философия

Мәдениеттану

3

Көркем әдебиет

Философия











Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет