Психология тарихы” пәні бойынша Оқу әдістемелік кешен. 050103 «Педагогика және психология»


Психология тарихының кезеңге бөлінуі



бет3/16
Дата23.02.2016
өлшемі1.5 Mb.
#6048
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Психология тарихының кезеңге бөлінуі

Философия шеңберінде психологияның дамуы

Уақыты

Зерттеу пәні

Маңызды қорытындылар

Б.з.д. VI ғ - б.з.д. V ғ.

Жан

Екі бағыттың қалыптасуы - материализм мен идеализм - пайда болуының түсіндірілуі мен жан дүниенің көрініс табуы. Психикалық процестер мен құбылыстар туралы алғашқы эмпирикалық білімдер -қабылдау, ес, қиял, ойлау, аффект, ерік, мінез, ерекше жағдайлар (түс көру, экстаз).

Мәселені ажыратып көрсету: "Жан мен дене"; "Тумысынан пайда болған немесе жүре пайда болған", ішкі сезімге сүйену жанды танып-білу әдісі ретінде.

V - ХІІІғ.

Философиялық зерттеулер мен медициналық білім аясыңда жан туралы зертгеулердің дамуы


Томистік психологияның қалыптасуы. Зерттеудің тәжірибелік әдіснамасының басталуы.

ХІУ-ХУІғ.

ХІУ-ХУІғғ ұлы ғылыми жаңалықтар ашу мен анато-мофизиологиялық зерттеулер контекстінде жан туралы зерттеу-лердің одан әрі дамуы


Жан зерттеу пәні және көлеңкелі сондай-ақ психикалық құбылыстарын түсіндіру принциптерінің пәні деген ойдан бас тарту. "Психология" терминінің енуі.

ХУИ-ХІХ ғ. ортасы

Сана құбылыс-тарын бақылау ретінде ішкі тәжірибе

Эмпирикалық интроспективті және ассоционистік психологияның қалыптасуы. Бейсаналық психология туралы түсінік.

Психологияның жекеленген ғылым ретінде дамуы


ХІХғ.басы мен XIX ғ. 60-жылдары

Жүйке жүйесінің және сезім органдарының іс-әрекеті. Физикалық және психикалықтың арасындағы арақатынас. Психикалық процестер ағымы, жылдамдығының өзгерісі.


Жекеленген ғылым ретінде психологияның табиғи-ғылыми алғышарттарының қалыптасуы. Эксперименттік әдіс. Қабылдау мен сезіну фактілері мен теориялары. Психофизиканың қалыптасуы. Психометрияның қалыптасуы. Рефлекс туралы зерттеулер.


XIX ғ. 60-жылдары және XIX ғ. аяғы

Тәжірибенің тікелей мазмұны. Психикалық актілер мен функциялар. Мінез-құлқындағы бейімделу функцияларына байланысты психика мен сана.


Эксперименттік әдістердің психологияға ене бастауы. Психологиялық теориялық бағдарларының қалыптасуы. Психологияның иңдивидуалды физиологиялық, табиғи және рухани-ғылыми мәдениет пен тарихқа бағыттала бөлінуі. Психологияда қолданбалы зерттеулердің пайда болуы. Психологияның жаңа салаларының туындауы.


XX ғ. 10-30 жылдар

ортасы

Мінез-құлық бүтіңдей психикалық құрылымдар. Бейсаналылық. Сана оның қоғамдық тарихи шартында. Тарихи пайда болған құн-дылықтармен сәйкестігіндегі жан дүниенің мағыналық құрылымы. Бағдарлар. Жоғары психикалық функцияның дамуы. Іс-әрекетті психологиялық зерттеу.


Психологиядағы ашық дағдарыс. Шетел ғылымында мектептердің пайда болуы: бихевиоризм, психоанализ, гештальтпсихология, француздық социологиялық мектеп, мағына психологиясы, индивидуадды психология, аналитикалық психология және т.б. Кеңес психологиясының туындауы: бағдар теориясы, мінез-құлықтық бағыттар, мәдени-тарихи теориялар, іс-әрекет теориясы. Кеңестік және шетел психологиясында психотехника мен педологияның дамуы. Психикалық іс-әрекет пен қозғалғыш актілердің физиологиялық механизмдері туралы табиғи-ғылыми түсініктердің дамуы.


XX ғ. 30-50 жылдар аяғы


Өткен кезеңнің базистік тәсілдердегі эволюциясы.


Ашық дағдарыс кезеңінде ғылыми мектептер эволюциясы. Необихевиоризм, неофрейдизм. Жаңа салалар мен бағыттарының пайда болуы: генетикалық психология, тұлғаның персоналистік тұжырымдамасы және т.б. Кеңестік психология туралы пікірта-ластар (Павлов зерттеулері мен бекітулер теориясы негізінде ғылымның қайта құрылуы). Кеңестік психологияда іс-әрекет теориясының дамуы.




XX ғ. 60 ж. аяғы.

Пәндік салалардың дамуы. Бағытбағдарлану процесі. Когнитивті құрылымдар және олардың мінез-құлықтағы рөл-дері. Тұлға.


Шетел психологиясында жаңа бағыт-тардың туыңдауы: гуманистік психология, логотерапия, когнитивті психология. Кеңес ғылымында ақыл-ой әрекеттері мен ұғымдардың сатылап қалыптасу теориясының туындауы. Психология пәні туралы және бейсана-лылық, қарым-қатынас мәселелері бойынша кеңестік психологиядағы пікір-таластар.



Лекция №2

1.Лекцияның тақырыбы:

Антикалық психология.
2.Қарастырылатын мәселелер.

1. Ежелгі психология.

2. Антикалық кезеңдегі психология дамуының нәтижесі.
3.Лекцияның мақсаты:

Студенттерді Ежелгі Грек жұртының ғұламалары. Гераклит (Б.з.д VІ ғ ), Демокрит, Платон, Ежелгі Римнің көрнекті ойшылдары Лукреций (б.з.д. І ғ.), Гален (б.з.д. ІІ ғ.) грек ойшылы Сократ (б.з.д. 470-399ж.ж)т.б. жан туралы ой-пікірлерімен таныстыру.


4.Пайдаланатын әдебиеттер:

1. А.В.Петровский, М.Г.Ярошевский. История психология. М.1994ж.

2. А.В.Петровский, М.Г.Ярошевский. История и теория психология. М.1996ж.

3. В.А. Якунин. История психология. 1998ж.

4. Қ.Б.Жарықбаев. Қазақ психологиясының тарихы. А. 1996ж.

5. Қ.Б.Жарықбаев. Развитие психологической мысли в Казахстане А. 1998ж.

6. А.Н.Ждан. История психология. 1997ж.

7. В.А. Якунин. История психология. 1996ж. 1-ое изд.

8. М.Г. Ярошевский. История психология. М.1995ж. 3-ое изд.
5.Лекцияның мәтіні:

Сонау ерте замандардан бері адамдардың әлеуметтік өмірі олардың күнделікті сан-алуан іс-әрекеттерінен, бір-бірімен қарым-қатынасынан, олардың жан дүниесінің сырын мінез –құлық сипаттарынан өзара белгілі болған. Осындай ұғым түсініктерде адамның жаны тәні мен бірге болды деп саналған. Өндіріс пен кәсіптің, өнер мен мәдениеттің, салт – сананың дамуы мен қатар әр алуан әдет – ғұрыптар да қалыптасып отырады. Адамдар өздері тіршілік ететін орта мен айналадағы әрқилы заттарда, құбылыстарда өзіндік жан болады деп ұғынған. Мұндай ұғым анимизм (латынша «анима» - жан деген сөзден шыққан) деп аталады. Ежелгі Грек жұртының ғұламалары. Гераклит (Б.з.д VІ ғ ), Демокрит ол сол табиғат заңына ынғайланбауда деген пікірді қолдады. Демокрит психиканы (жанды) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп санады. Сонымен, жан туралы ілім- психологияны адам тәнінің қызыметі деген бірынғай материалистік түсінікті тудырды.

Сол заманның ғұлама ойшылы Платон (б.з.д.427-347ж.ж) жан мәңгілік нәрсе, ол өлмейді, өшпейді деген қорытынды жасады. Ол бұл пікірімен өз заманында үстемдік құрған билеуші топтың мүддесін қорғап, психиканы түсіндіруде идеалистік бағытты жақтады. Оның көзқарасы психологиядағы материалдық пен рухани дүние екеуі бірдей қатар өмір сүреді деген дуалистік көзқарастың негізін салды. Ол психиканы түсіндіруде идеалистік бағытты жақтады. Ежелгі дүние тарихында айрықша орын алатын энциклопедист ғалым Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж) психологиялық ой-пікірді табиғи негізге сүйеніп, биология мен медицина саласына бағыттады. Ол психика туралы ілімді одан әрі зерттеп, “жан туралы” – деген еңбек жазды. Аристотель бұл шығармасында жан дүниесінің(психиканың) әрекетін шындық әдіс арқылы зерттеп, оны тәжірибеге негіздеп құруды мақсат етті. Психология Аристотель заманында – ақ дербес сипаттағы ғылым саласына айналғанды.Ол психиканы тән мен бірге өмір сүретінін айта келіп, психикалық әрекеттердің басым көпшілігін материалистік тұрғыдан шешті. Платонның психика жайындағы дуалистік көзқарасын обьективтік шындыққа, материалистік бағытқа қарай бұрды. Сонымен, Гераклит пен Демокриттің Платон мен Аристотельдің жан жайындағы көз қарастары психологиялық ілімнің келешектегі дамуына ғылыми негіз болып қаланады. Жан жүйесі жайындағы ертедегі ілім көптеген ойшылдар мен ғұламалардың шығармаларында өзіндік орнын тапты.

Ежелгі Римнің көрнекті ойшылдары Лукреций (б.з.д. І ғ.), Гален (б.з.д. ІІ ғ.) психологияның жан дүниесінің сырымен байланысты табиғи негіздерін іздестірді. Ал грек ойшылы Сократ (б.з.д. 470-399ж.ж)”өзіңді өзің тани біл” деген ұлағатты пікірін адамның жан дүниесімен, сырымен ұштастырды. Сондай – ақ адамның жаны тәніне тән деп санап, ол ақыл-ой арқылы реттеліп отырады деді. Ежелгі дүние ғұламаларының жан дүниесі жайындағы ой-пікірлерінің философиялық және әлеуметтік негіздері сол заманның экономикалық-саяси құрылысына орай түрлі идеялық бағытта (материалистік не идеалистік) болуы таңданарлық жайт емес.



Философия шеңберінде психологиялық білімнің дамуы.

Г. Эббингауздың сөздері бойынша психологияның ұзақ жылдар бойы жалғасқан өткен шағы бар, бірақта ол қысқаша тарихқа ие. Осы екі кезеңнің бөлінуі арнайы негіздемені қажет етпейді, өйткені оның критерийлері түсінікті-ақ. Олардың әрқайсысы жүз жылдап созылуда, ыңғайласқан кезеңге бөлінуі қажет. Оны формальды белгілер бойынша жүргізуге болады -хронологиялық (XVII ғасыр психология тарихының XVIII ғасыр психология тұрғысынан айырмашылығын білуге болады), элемдік жэне отандық психология кезеңдерінің де айырмашылығын анықтауға болады.

Психология антика дәуірінде (б.ғ.д. IX ғасыр - V ғасыр) философия шеңберінде дами бастады. Университеттердің алғашқы үлгісі ретінде Сократтың диалогтары болады. Сократ Афина қаласының орталығындағы мрамор алаңына келгенде, барлық жас қалалықтар дерлік жиналатын. Әңгімесін диалог түрінде жүргізіп ол жастарды қүлдық саясатына қарсы бағыттап, азаматтық белсенділікке шақыратын. Сол үшін ол сотталып қаза табады. Сократты психологиялық әрекет ету әдісі арқылы өзге адамдарға әсер ете алған алғашқы психолог-практик ретінде есептеуімізге болады.

Платон әлемдік жан дүние, космостық жан дүниені материалдық емес субстанция ретінде қарастырған. Оның айтуынша жан дүние космостан көп энергия алады. Адам мінез-құлқын түсіңціруді ұсынған алғашқы теориялар адам қатынасының факторларын қарастырған (мысалға, денедегі және ол дүние салғанда одан кететін "көлеңке" немесе құдайлар). Басқа да грек философтары, әсіресе Аристотель денемен етене болатын және ой мен сезімді қадағалап жүретін, сонымен қатар өмір сүру ағымында жиналатын тәжірибеге сүйенетін жанның бар деген идеясын ұсынған.

Жан психологияньщ пәні деген ойды XVIII ғасыр басталуына дейін, негізгі ойлардың, қазіргі заманғы типіндегі психологияның алғашқы жүйесі қалыптасуына дейін барлық зерттеушілер мойындаған болатын. Адам денесіндегі барлық процестердің, тіпті "жан дүниесінің қозғалысы" себептері ретінде жан деп есептелінген. Жан туралы ойлар идеалистік және материалистік тұрғыда болды.

Орта ғасырлар (Ү-ХУП ғасыр ортасы) ерте ғасырдағы жанға қатысты айтылған ойларды толықтырады. Аристотельдің жан туралы көзқарастары дін маңыздылықта көрінеді. Оларды тұжырымдамалаған Фома Аквинский болды.

Орта ғасырдың аяғында жаңа бағыттар туындады. Жан деп аталатын психикалық құбылыс (феномен) психологияның пәні бола бастады. Жан адам дүниесінен кетуі мүмкін. XVII ғасырда жанды сана ретіңде қарастыру бағыт қалыптасты. Сана ассоционизм зерттеуінің пәніне айналды (ассоциация - байланыс), ол сананың жекеленген жақтарын зерттей бастады (сезіну, қабылдау т.б.). Ұқсастық жағынан, контраст жағынан (қабылдау заңдары) ассоциация заңдары бар.

XVIII ғасырдан бастап жанның орнын сана құбылысы баса бастады, яғни ол бақылай алады, "өзінен" табады, өзінің "ішкі жан дүниесінен" осы сана құбылысы арқылы тауып отырады. Ол жеке тәжірибеміз бойынша әрқайсымызға белгілі еске алу, сезім, тілек, ойлар. Мұндай түсініктің негізін салушы деп Джон Локкты айтуға болады.

XVIII ғасырдың басында ең әуелі танымдық салада, сонан соң сезім және ерік саласында барлық жан дүниенің өмірі түрлі әрекеттермен күрделі үйлесімділігі мен үлгілерінің қалыптасуы мен алмасуы процесі деп қарастырылған.


Лекция №3

1.Лекцияның тақырыбы:

Орта ғасыр мен Қайта өркендеу дәуіріндегі психология.
2. Қарастырылатын мәселелер.

1. Орта ғасырдағы психология.

2. Қайта өркендеу дәуіріндегі психология.
3.Лекцияның мақсаты:

Студенттерді Әбу Насыр Әл – Фараби (870-950 ж.ж), Әбу Али Ибн Сина (980-1037), Ибн Рошид (1126-1198 ж.ж) сияқты орта ғасырлық ғұламалардың зерттеулері арқылы адамның жан дүниесі жайындағы іліммен Иранның медик ғалымы Закария Рази (865-925 ж.ж), өз еңбектерінде адам жан жүйесі жайлы ғылыми жетістіктеріне сүйеніп, түрлі зерттеулер жүргізгендігімен таныстыру.


4.Пайдаланатын әдебиеттер:

1. А.В.Петровский, М.Г.Ярошевский. История психология. М.1994ж.

2. А.В.Петровский, М.Г.Ярошевский. История и теория психология. М.1996ж.

3. В.А. Якунин. История психология. 1998ж.

4. Қ.Б.Жарықбаев. Қазақ психологиясының тарихы. А. 1996ж.

5. Қ.Б.Жарықбаев. Развитие психологической мысли в Казахстане А. 1998ж.

6. А.Н.Ждан. История психология. 1997ж.

7. В.А. Якунин. История психология. 1996ж. 1-ое изд.

8. М.Г. Ярошевский. История психология. М.1995ж. 3-ое изд.
5.Лекцияның мәтіні:

Ежелгі дүниенің, құл иеленушілік қоғамның іргесі қаусап, тарих сахнасынан кеткен соң оның орнына бірнеше ғасырларға созылған феодалдық қоғам орнады. Бұл дәуірдің тарихи даму сипаты ғылыми идеялар мен жеке адамның даралық өсу қасиеттерін тоқырауға ұшыратты. Ерте дүниеден бері қалыптасқан адам психикасы жайындағы ілім мистикалық және діни көзқарастар ықпалына көшті. ”Жан екі түрлі сипатта өмір сүреді” – деп уағыздалды. Жан жайындағы аристотельдік ілім өмірден шеттетілді. Алайда VІІ-ХІІ ғасырларда араб тілді Шығыс елдерінде философиялық ой-пікірлер өркен жайып, ғылыми зерттеулер және адамның жан дүниесі жайындағы ілім жанданып жаңа сипатқа ие болды. Араб тілді Шығыс елдеріндегі мәдениетпен ғылымның орта ғасырда Еуропа мен басқа елдерге тарап, кең қанат жайып, жалпы адам баласы мәдениетінің өркендеуіне әсер етті.

VІІ-ғасырда Халифат мемлекеті құрылып, араб тілінің мемлекеттік тілге айналуы, ислам дінінің таралуы, Халифат астанасы Бағдат пен өзге шаһарлардың өсуі оны дүниежүзілік мәдениеттің орталығына айналдырды. Жаратылыстану, медицина, математика мен адамтану ғылымдары өркен жайып ежелгі дүние ғұламалары Платон мен Аристотель, Гален мен Архимедтің еңбектері араб тіліне аударылды. Сөйтіп бұл еңбектер Кіндік Азия елдеріне, Үндістаннан бастап сонау Пиреней түбегіне дейін таралды, сол елдерді мекендеген халықтардың төл мәдениетінің, философия мен өзге де ғылымдардың қарқынды дамуына өз шарапатын тигізді. Аристотельдің және басқа да ғалымдардың идеялары, ашқан жаңалықтары, ой-пікірлері жаңа сипат алып, біздің аты әлемге әйгілі ғұлама бабамыз Әбу Насыр Әл – Фараби (870-950 ж.ж), Әбу Али Ибн Сина (980-1037), Ибн Рошид (1126-1198 ж.ж) сияқты орта ғасырлық ғұламалардың зерттеулері арқылы адамның жан дүниесі жайындағы ілім өркендеді. Араб ғалымы Ибн әл-Хайсам (Әлгазен) (965-1039 жж.), Иранның медик ғалымы Закария Рази (865-925 ж.ж), өз еңбектерінде адам жан жүйесі жайлы ғылыми жетістіктеріне сүйеніп, түрлі зерттеулер жүргізді. Әбу Насыр Әл-Фараби –сан алуан еңбектер жазып, “Әлемнің екінші ұстазы” атанған данышпан ғалым. Оның адам жан дүниесінің қыр-сырын ашып көрсететін бірнеше еңбектері бар.


  1. Ізгі қала тұрғындары.

  2. Азамазаттық саясат.

  3. Мемлекеттік қайраткерлердің өнегелі сөздері т.б.

шығармаларында ол бүкіл философиялық жүйені метафизика мен психологиядан бастап, әдеп пен социологияға дейінгі ғылым жетістіктерін кеңінен талдайды, сонымен қатар әрбір мәселенің мән-жайына анықтама түсініктер береді. Әл – Фараби Аристотельдің еңбектерін, әсіресе, оның “Жан туралы» еңбектерін жете зерттеп, араб тіліне аударды. Жан жүйесінің сырын зерттеуде Әл – Фарабидің Аристотельдің ықпалында болғандығы шындық фактор. Ұлы ойшыл Әл-Фараби психология ғылымы туралы айтқан бір пікірінде “Дүние материядан құралады, ол жойылып кетпейді, бір түрден екінші бір түрге көшіп өзгере береді, жан тәннен бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды” - деген ғылыми пайым жасайды. Сондай – ақ ол дүниеге келісімен адамның бойында түрліше күш-қуат пайда болады, сол күш-қуат қабілетінің негізгі түрлері мынандай деп көрсетті: адамды қуаттандыратын күш (арабша-«әл-қуат әл-газийа»); түйсіну қуаты; қиялдау қуаты; ақыл-ой не ойлану қуаты; қозғаушы күш; белгілі іс-әрекетке ұмтылу қуаты. Адам бойындағы күш – қуаттың

әл – Фараби атаған түрлері жеке психикалық процестердің атауы мен мәніне дәл келеді. Ал ол өзінің «Екінші ұстаздың сөз (ақыл-ой) мағынасы туралы ой толғамдары» дейтін еңбегінде психикалық процестердің барлығына жуығын адамның белгілі мүшелерінің қатысуымен жасалып отыратын материалдық құбылыстар деп анықтап, әсіресе, адам жанының ақыл-ойға байланысты болатындығының ерекше маңызы бар деп көрсетеді. Адам қиялы оның түс көруіне де әсер етіп, іс-әрекетінің ерекше бір жалғасы болып саналады. Түс көруді осы заманғы психология да дәл осы мағынада қарастырады. Әл – Фарабидің психология жайындағы мұндай ой жүйесін адам жанының шынайы болмысын және табиғат негізін ғылыми тұрғыдан шешкен көзқарас деуге болады.

Орта ғасырларда жан тураалы ілімді аристотельдік идеялар тұрғысынан іздестірген араб тілді елдердегі көрнекті ойшылдар шығыста – Ибн Сина, ал батыста – Ибн Рошд болды. Бұлар табиғи ғылымдарды зерттеумен шұғылданып, олардың нәтижелері еуропалық елдерде кеңінен таралды.Ибн Синаның «Медицина қағидасы» деп аталатын еңбегі бес жүз жыл бойы жұмыр дүниенің шартарабына таралып, барлық деңгейдегі медициналық мектептердегі бірден-бір құрал болды. Ал Ибн Рошдтың ақыл-ойдың дамуы жайындағы зерттеулері еуропалық схоластиканы діңкелетіп, дүние болмысы мен адам туралы жаңаша білімнің іргесін қалады. Сөйтіп, Ибн Сина мен Ибн Рошд көзқарастары табиғаттың мәңгілік өмір сүретініне айқын көз жеткізіп, жанның тіршілігі тәнге байланысты, оның заңдылығын қалай болса, солай өзгерту мүмкін емес, әрбір адамның жаны мен даралығын мәңгілік деп санау шындыққа сай келмейді дейтін мистикалық ұғымның жалғандығын ашып көрсетті.

Ибн Синаның көзқарастарындағы тағы бір маңызды мәселе—оның жан туралы философиялық және медициналық тұрғыдан қарастырған бір – біріне қайшы пікірі. Оның анықтауынша, жан туралы түсінік ғылым мен дін арасындағы аралық қабат сияқты.

Алайда, ол бұл мәселенің психофизиологиялық мәнін ашып көрсету үшін тәжірибелік зерттеулерді барынша үдете түсу керек дейді. Медициналық психология саласында Ибн Сина пікірлерінің түйіні — өткен замандағы беделді ғалымдардың пікірлерін дәріптей бермей, шығыс медицинасының табыстарына иек артьп, неғұрлым тәжірибеге, оның жетістіктеріне сүйену қажет дейді. Мұндай ой-тұжырымдарын ол өзінің «Медицина қағидаларында» кеңінен баяндайды. Адам психикасының ми қызметіне тәуелді болып отыратындығы бұл еңбекте материалистік тұрғыдан қа-растырылады. Ибн Сина зерттеулерінде жанның (психиканың) адамның көңіл-күйіне қатысты сезімі мен эмоциясының және аффекттің табиғи негізінің іздестірілуі сол замандағы психология іліміндегі жаңашылдық бағыт еді. Ибн Синаның психологиялық ой-пікірлері мен зерттеулері, негізінен, тәжірибелік бақылауға жүгінді.

Орта ғасырлық араб тілді ғұламалар Закария Разидің ғылымды бақылау нәтижелерімен тәжірибеге негіздеу жайындағы ой-пікірі, Ибн әл-Хайсамның психофизиологиялық идеялары Ибн Сина зерттеулерімен ұштасып, жан жүйесі жайындағы ғылымның қанат жаюына елеулі үлес қосты.

Орта ғасырлардағы еуропалық жанның мәңгі өлмейтіні, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы психологиялық ой-пікірлер одан әрі қарай өрістеп, идеалистік көзқарастың дами түсуіне жол ашты. Осы бағытта Фома

Аквинский (1225—1274 жж.) мен басқа да философтардың схоластикалық жүйедегі көзқарастары үдей түсті. Алайда, мұндай схоластикалық түсініктердің шындықка сай еместігіне көз жеткізген ағылшын оқымыстылары Гроссетест (1175—1263 жж.), оның шәкірті Роджер Бэкон (1214—1292 жж.) барлық ғылымдар тәжірибеге және математика ғылымына сүйенуі керек деген тұжырым жасап, жан туралы және оны материямен бірлікте өмір сүреді дейтін аристотельдік қағиданы жаңғыртты, Пси-хологияның даму тарихында орта ғасырлық дәуір таластартысты оқиғаларға толы болды. Психология ғылымының тарихында XVII ғасырдың алатын орны ерекше. Бүл кезеңде Еуропа халықтары дамуында елеулі өзгерістер болып, психология ілімі жайында жаңаша көзқарастар қалыптаса бастады. Әйгілі ағылшын ғалымы Френсис Бэкон (1561—1626 жж.) ғылымды тәжірибелік зерттеулерге негіздеп, оның нәтижелерін адамның құралына айналдыру қажет деп санады. Оның пікірінше, адамның ақыл-ойын жетілдіру үшін оның табиғат жайындағы білімін өсіріп, күш-қуатын арттыру керек. Бұл орайда дүниенің сырын тәжірибелік зерттеу арқылы ашқан тиімді деп тапты: XVII ғасырдағы психологиялық ой-пікірді дамытуда: а) жанды дененің соның ішінде адамның да жан дүниесін зерттеп, олардын кұпия сырларын ашу; ә) әрбір индивидке (жеке адамға) тән сананы, оның ішкі дүниесін бақылау арқылы өзіндік пихикалық күй-жайын; б) адамның құмарлығы, мен аффектті күйлерін, оның өз мінез-құлқын меңгеруін, жақсы, жаман істерге бой ұруын; в)денесінің күш-қуатын, жүйке жүйесінің қызметі мен психикалық жағдайлары ара қатынасының қандай күйде екендігін анықтауға ерекше мән берілді. Психологиялық ілімді өрістету жолындағы мұндай көзқарастарды қолдап, өздерінің еңбектерін жазған ойшылдар — Декарт (1596— 1650 жж), Т. Гоббас (1588—1679 жж.), Б. Спиноза (1632 — 1677 жж.), Г. Лейбниц (1646—1716 жж.), Дж. Локк (1632—1704 жж.) сияқты аттары әлемге әйгілі адамдар болды.




Лекция №4

1.Лекцияның тақырыбы:

ХV11- ғасырдағы Европалық психология.
2. Қарастырылатын мәселелер.

1. Р. Декарттың ілімі туралы.

2. Б. Спиноза. Таным мен қабілеттілік туралы ілімі.
3.Лекцияның мақсаты:

Студенттерді Қайта өрлеу дәуірінде қайтадан "жанның* ғылыми-жаратылыстану зерттеулеріне қызығушылық танытып, Р.Декарт, Т.Гоббас, Б.Спиноза, Д.Локк және тағы басқа да европа ғалымдарының еңбектерімен таныстыру.


4.Пайдаланатын әдебиеттер:

1. А.В.Петровский, М.Г.Ярошевский. История психология. М.1994ж.

2. А.В.Петровский, М.Г.Ярошевский. История и теория психология. М.1996ж.

3. В.А. Якунин. История психология. 1998ж.

4. Қ.Б.Жарықбаев. Қазақ психологиясының тарихы. А. 1996ж.

5. Қ.Б.Жарықбаев. Развитие психологической мысли в Казахстане А. 1998ж.

6. А.Н.Ждан. История психология. 1997ж.

7. В.А. Якунин. История психология. 1996ж. 1-ое изд.



8. М.Г. Ярошевский. История психология. М.1995ж. 3-ое изд.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет