Р. А. Қадырқұлов, Н. К. Берістемова цифрлық сауаттылық



бет81/93
Дата19.09.2023
өлшемі219.61 Kb.
#477978
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   93
Cifrlyk Sauattylyk Metodika 2 kl Kaz alter

«Фигуралар» әдісі.

Денсаулықты сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту және сабақ беру туралы не айтасыз?



Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту және сабақ беру туралы не айтасыз?



Мен сабақ кезінде сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиыншылықтары туралы нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аударуым керек?




30-сабақ. Жоба жасау алгоритмімен танысу

Бөлімі

VI бөлім. Роботтехника: «Билейтін робот» жобасы (ортақ тақырыптар: «Қоршаған орта», «Саяхат»)

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жоба жасау алгоритмімен танысу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.4.1.3 мәселені шешу үшін алгоритм құрастыру;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы:
Жоба жасау алгоритмімен танысады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі (1-7 мин.)

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
І. Қызығушылықты ояту
«Көңіл күйді анықтау» ойыны
Сабақ басында оқушылар бір параққа өзінің көңіл күйін келтіретін сурет (немесе смайлик) салады. Суретте олар адамның бет-әлпетін келтіруі керек (мәселен, күліп немесе езу тартып тұрған, қабағын түйіп тұрған, бейтарап т.б.). Олар суреттерін бір- біріне көрсетеді. Оларға сабақтың аяғына дейін көңіл күйлерін көтеру тапсырылады.
Көңіл күйді табиғат құбылыстары арқылы да көрсетуге болады: жарқырап күн шығып тұр, аспанды бұлт торлаған, жаңбыр немесе қар жауып тұр т.с.с. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл күй сыйлайды/.

Топтастыру

Топтастыру. «Социометрия» әдісі
Оқушыларды топқа бөлу үшін қолдануға болады. Қатысушылар көздерінің түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері, тұрғылықты жерлері, аттарының бас әрпі т.с.с. арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады.
Бұл әдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік туғызады. Нәтижесінде түстеріне қарай 3 топқа бірігеді.
І топ: «Ақ түс»
ІІ топ: «Қызыл түс»
ІІІ топ: «Жасыл түс»




(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі

Мұғалім өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында оқушыларға сұрақтар қояды.
-Қай тақырыпта жоба жұмысын орындағың келеді?
-Құратын жобаң қандай қадамдардан тұрады?
-Жобаны компьютерде рәсімдеу үшін нені білуіміз керек?

•Оқушылар ұжымдық үлгіде жауап береді.
•Егер сұраққа жауап дұрыс болмаса, мұғалім өзі бағыттап, дұрыс жауабын табуға көмектеседі.

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі бойынша бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет