Үшінші компонент – негізгі құрастырушылық өлшеу
тестілері мен әрекет-амалдарынан тұрады. Кішкене
балаларға арналып «даму тестілері» өңделді. Даму процесі
ескеріліп, басқаша құрылымда жаңа тесттер жасалған.
161
Соңғы компонент – бұл диагностикалық процестің өзі.
Дамудың қалай түсінілетіндігі нақты диагностика үшін маңызды.
Диагностика міндеттеріне клиенттің қиыншылықтарына байланысты
мінез– құлқының өзгеруі мен дамуға қатысты болжамдарды
(шынайы немесе иллюзиялық) құрастыру кіреді. Диагностикалық
үрдістің басты сәті алуан түрлі ақпараттарды біріктіру болып
табылады. Осылайша, бұл компонент мазмұндылықтан гөрі форманы
көбірек
таңдайды.
Болжамды
анықтау
–
практикалық
диагностиканың басты міндеті. Бұл міндетті қолданыстағы
модельдермен
шешу
шектеулі
сипатта
болады,
себебі
психодиагностикада сызықтық (сызықтық регрессия моделі жақсы
танымал) болжам моделі басымырақ. Осыған орай, даму теориясы
болжамды құруда сирек қолданылады. Сонымен қатар, даму
барысындағы мінез – құлықтағы әртүрлі проблемалармен және
ауытқушылықтар
ерекшеліктерін
сипаттайтын
«теорияға»
негізделген практикалық тәжірибе бар.
Психодиагностикада басқада ғылымдар сияқты өз пәні, әдіс-
тәсілдері
және
негізгі
түсініктері
анық
болуы
тиіс.
Психодиагностика әдістері көмегімен зерттеу проблемасы ғана
емес, одан да негізгі және күрделі мәселе, ол тұлғаның
психикалық
құбылыстарының
өзара
байланысын,
даму
заңдылықтарын қарастырады.
Психодиагностика
–тұлғаның психологиялық даралық
ерекшеліктерін зерттеп, бағалау барысындағы теориялар мен
принциптерін қарастыратын психология ғылымының бір тармағы
және психологиялық қызметтің негізгі бағыттарының бірі.
Психодиагностика – тұлғаның жеке басына тән ерекшеліктерді
танып білудегі әдіс-тәсілдер мен әдістемелерді қолданудағы
практикалық психологияның негізгі формасы.
Психодиагностиканың
көмегімен
алынған
нәтижелер
белгілері салыстырылады. Соған байланысты диагноздың екі типі
туралы айтуға болады:
- біріншіден, қандай да болсын белгінің бар-жоқтығы
негізінде диагноз қойылады. Бұл жағдайда диагностика арқылы
сыналушы психологиясының индивидуалды ерекшеліктері
туралы
мәліметтер
қалыпты
жағдаймен
(дамудың
ауытқуышылығын анықтауда) немесе белгіленген критериймен
салыстырылады;
162
- екіншіден, қандай да болмасын сапалардың көрінуіне
байланысты сыналушы және сыналушылар тобының орнын
анықтауға мүмкіндік беретін диагноз. Ол үшін диагностикада
алынған мәліметтерді, яғни ішкі зерттеу таңдаулары, белгілі бір
көрсеткіштің сыналушының деңгейіне қарай реттеу, белгілі бір
критерий негізінде даму ерекшеліктерінің жоғары, орта және
төмен көрсеткіштерін салыстыру жолымен енгізу (мысалы,
психологиялық норма бойынша). Психодиагностикалық әдістер
сыналушының диагнозын айқындауға (қасиеттері туралы
мәліметтерді жинақтауда) барынша тез және сенімділікпен
тағайындалған.
Соңғы жылдарда біздің елімізде психодиагностика мәселелеріне
деген қызығушылықтың артуы психологиялық қызметтің дамуымен
және жаңа мамандық–практикалық психологтың пайда болуымен
байланысты.
Психодиагностикалық
жұмысты
қолданатын
практикалық салаларды топтастырсақ:
1.Психодиагностика оқу және тәрбие үрдістерін оптимизациялау
мақсатында қарқынды қолданылады. Оның көмегімен оқу-тәрбие
мекемелері: балабақша, мектептен бастап, әртүрлі оқу-ағарту
мекемелері алдында тұрған міндеттерді шешуге болады. Мысалы,
баланың мектепте оқуға әзірлігін, үлгермеушілік пен жеке тұлғалық
ауытқушылықтың басым себептерін анықтап, оқытуды саралау,
кәсіби бағдар беру, дарынды балаларды анықтау, жеке тұлғалық
қасиеттерді зерттеу және т.б.
2.Диагностика арнайы кәсіби кеңес орталықтарында,
жұмыспен қамту мекемелерінде, өндіріс орындарында және
мамандандырылған оқу орындарында өткізілетін кәсіби
таңдау, кәсіби оқу және бағдар бойынша мамандар
қызметінің негізін құрайды.
3.Психологиялық сынақтар нәтижесін клиникалық кеңес
және психотерапевтік жұмыстарда қолданады. Бұл жағдайда
психодиагностиканың
міндеті
кеңес
алушының
нақты
мәселесінің туындау себебін іздеу болып табылады (туыстарымен
қатынастағы қиыншылықтар, қорқыныш, үрей, мазасыздану мен
уайымдар т.б. ) және бұл мәселені шешу үшін тиісті тәсілдер мен
әдістерді таңдау.
З.И.Загвязинский
қазіргі
заманғы
психологиялық
-
педагогикалық
зерттеулердің
теориялық
негіздері
және
мәселелерін қарастыра отырып, былай тұжырымдайды:
163
1.Қоғам талаптарына сай оқыту мен тәрбиелеудің мақсатын
үздіксіз жаңаруын әлеуметтік жетілдіру; жеке тұлғаны қазіргі
қоғам өзгерістеріне бейімдеу, әзірлеу, жетілдіру; әр адамның
дамып, қалыптасуына қолайлы жағдай жасау;
2.Өмірдің заңдылықтарына тұлға қалыптастыруда тәрбие
үрдістерінің тұтастығы; Бұл отбасы мен қоршаған ортаның әсері
күшті болғандықтан оның педагогикалық потенциалын анықтап,
қолдану қажеттілігі туындайды;
3.Білім беру кеңістігі мен білім беру жүйесінің тұтастығын
қамтамасыз ететін білім мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны және
әдістерінің бірлігі, сабақтастығы және перспективалылығы;
4.Педагогикалық үрдістің барлық маңызды қырлары,
педагогикалық үрдісті ұйымдастыру жолдары; жеке тұлғалық
немесе қоғамдық басқару және өзін-өзі басқару, орындаушылық
және бастамашылдық, әрекетшілдік пен шығармашылдық,
нормативтілік пен еркіндік, тұрақтылық пен қозғалғыштықты
үйлестіру шараларын қолдану ;
5.Демократиялық қоғам және оның оқу - тәрбие жүйелерінің
басты міндеттері әлеуметтену мен даралану бірлігі; тәрбиенің
жеке тұлғаға бағытталуы мен оның әлеуметтік болмысын
міндетті түрде есепке алу; адамның мүмкіндіктерін жүзеге асыру,
қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі, оны жүзеге асыру;
оқшаулығы, еркін даму құқығы –білім беру мен тәрбиедегі
жетістіктің негізі;
6.Жеке тұлғаның дамуы қоршаған ортамен өзара әрекет
арқылы жүзеге асады, сонымен бірге, оқу мен тәрбие тәсілдері
қоғамдық қалыптасқан әрекеттерді орындау мен оларды
жаңғыртуға байланысты дамиды;
7.Жеке тұлғаның адамгершілік-эмоционалды дамуындағы
қатынастардың
рөлі.
Басқа
адамдарға,
адамгершілік
құндылықтарға,
іс-әрекетке,
қатынастар
жаңалығына,
мазмұндылығына, эмоционалды әсерленуі;
8.Оқу–тәрбие құрылымдары қызметінің тұтастығы мен
кешенділігі педагогикалық міндеттердің көп қырлылығымен, оқу
мен тәрбие жеке тұлғаның ішкі салаларының өзара байланысына
және уақыттың шектеулілігіне байланысты болуы;
9.Педагогикалық үрдісті ұйымдастыру және оның мазмұнын
оптимистік және шығармашылық тұрғыдан құру.
164
Жоғарыда келтірілген ережелердің негізіндегі зерттеудің
әдіснамалық және теориялық мәселелер:
- теориялық негізін анықтауда және педагогикалық қызметтің
басты проблемаларын шешуде, білім беру мекемесінің даму
принциптері мен бағыттарын таңдауда философиялық, әлеуметтік,
психологиялық және педагогикалық заңдылықтарын анықтау;
- нақты ғылымның психологиялық – педагогикалық зерттеу
әдістері мен көзқарастарын іріктеу тәсілдері;
-педагогикалық – психологиялық жүйенің ерекшелігі:білім
беру, тәрбиелеу, түзету, профилактика, емдеу – сауықтыру т.б.;
- психологиялық – педагогикалық жүйелерді құру және
олардың дамуын жобалауда әлемдік, аймақтық, жергілікті жердің
қызығушылықтары мен жағдайларын салыстыру;
- педагогикалық үрдістегі шаралар мен үйлесімділікті
меңгеру және оған қол жеткізудің практикалық тәсілдері;
-білім
кеңістігіндегі
әлеуметтену
үрдістерінің
өзара
байланысы мен салыстырылуы;
-білім
беру
мекемелерінің
ерекше
типтерінде
тәрбиеленушілердің
жеке
тұлғасының
дамуы,
тәрбие
жұмысының жетістігі;
- педагогикалық жобалау технологиясы мен әдіснамасы (пән,
білім мекемесі, қала, аудан, аймақ және т.б. педагогикалық
жүйесі деңгейінде);
-
барлық зерттеуді жүзеге асыруда педагогикалық,
психологиялық әдіс-тәсілдер түрлері.
Психологиялық қызмет жүйесіндегі психодиагностиканың
маңыздылығы;
- тез арада шешімі қажет нақты мәселерді талдап-шеше білу:
-психодиагностика білім беру жүйесінде және мектептегі
психологиялық қызметтің негізіне айналуы;
-диагностика мәліметтері негізінде түзету, дамыту, тәрбиелеу
жұмыстарын жүзеге асыруы;
- психопрофилактикалық жұмыстарды диагностика көмегімен
жүргізу.
Психодиагностикалық міндеттер түрлі әдіс-тәсілдер арқылы
шешіледі. Ол тәсілдердің бірі –зерттеушіге психологиялық көмек
көрсету барысында ұзақ уақыт бақылау (психологиялық кеңес және
психотерапия). Келесі бір тәсіл –нақты өмір жағдайында бақылау.
Бұл тәсілдер арқылы зерттелуші туралы мәліметтер мен ақпараттар
165
алуға
болады.
Сондықтан,
психодиагностикада
арнаулы
психодиагностикалық әдістемелер жеке тұлғаның немесе топтың
психологиялық ерекшеліктері мен барлық жағдайды зерттеу
барысында
қолданылады.
Психодиагностикалық
әдістемелер
мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:
диагностикалық ақпараттарды қысқа мерзімде алу;
алынған ақпараттан адамның жеке басына тән
ерекшеліктерді білу;
салыстырмалы
түрде
сандық
және
сапалық
ақпараттар алу.
Психодиагностикалық әдістемелердің көмегімен алынған
ақпараттар индивидтің белгілі бір істе қабілеттілігін немесе даму
барысында және қарым-қатынастағы ерекшеліктерін ескеруге
көмектеседі.
Психодиагностика принциптері диагностикалық әдістеменің,
әдістемелік, теориялық және эксперименталдық жақтарын негізге
ала отырып, олармен тығыз байланыста дамиды.
Жалпы психодиагностика –жалпы психология, әлеуметтік
психология, дифференциалды психологиямен байланысты болса,
арнаулы психодиагностика жас ерекшелігі психологиясы,
медициналық психология, заң, әскери, спорт, әлеуметтік, еңбек
т.б. психология салаларымен байланысты дамиды.
Психология
пәні
мен
аталған
ғылым
салалары
психодиагностиканың негізін құрайтын бір бөлімі болып саналады.
Жалпы психодиагностиканың екінші бір базалық негізі немесе
іргетасы болып дифференциалды психометрия есептеледі.
Дифференциалды психометрия ілімі диагностикалық әдістерді
талдау,
есептеу,
өлшеу
жақтарын
қарастырады.
Психодиагностиканың үшінші негізі –практикалық салада
қолданылатын психологиялық ілім, яғни психодиагностиканың
мақсат-міндеттерін анықтап, кешенді әдіс-тәсілдері қолдану және
белгілі бір нысанға нақты, жан-жақты зерттеу жүргізудегі
психологиялық заңдылықтарды білу.
166
Ғылыми психология осы негіздерді ұғымдар жүйесі арқылы
түсіндіреді. Мысалы, кәсіптік немесе қабілет түсініктері
қажеттілік, білім, мотив, іскерлік, дағды, нышан, білгірлік т.б.
ұғымдар жүйесінен тұрады. Сонда, теориялық психодиагностика
психологиялық білімнің үш саласын қамтиды:
- психологиялық пәндік заңдылықтарды білу;
- нақты құбылысты тану;
-психологиялық білімді қолдана отырып, психометрия
арқылы тұлғалық ерешеліктерді анықтау;
Практикалық психодиагностика теориялық психодиагностикадағы
мәселелерді қамти отырып, құбылыстарды белгілі бір салалар
бойынша топтастырады (инженерлік, спорт, медицина, заң,
әскери т.б.).
Педагогикалық үрдістегі психодиагностика – оқытушының
өз пәні және күнделікті оқу-тәрбие үрдістерін жоспарлап,
жүргізіп және бағалай отыра, нәтижесін оқу үрдісінде пайдалану
және сол бағытта жұмыстануы.
Оқыту
барысындағы
оқушы
дамуының
даралық
ерекшеліктерінің диагностикасы. Оқытушы және сынып
жетекшісі оқушылардың психикалық даму деңгейін білу үшін,
түрлі психодиагностикалық зерттеулер, әр оқушы қабілетін
анықтау, дарынды балалар мен арнаулы мектептерде оқитын
балаларды анықтау, танымдық және кәсіптік бағдарын анықтау
және т.б. жұмыстарды жүргізеді.
Даму деңгейі төмен және мүмкіндігі шектеулі балалар
диагностикасы және олармен жүргізілетін коррекциялық
жұмыстар психодиагностиканың негізгі қызметтерінің бірі.
Балалар даму деңгейінің төмендегідей екі формасы бар:
1. Жүйке жүйесінің органикалық бұзылуы салдарынан даму
деңгейі төмен балалар. Олармен клиникалық – психологиялық
немесе
медициналық-
диагностикалық,
психотерапиялық
диагностика жүргізіледі.
2.Сыртқы, ішкі ұнамсыз факторлар әсерінен мінез-
құлқындағы өзгерістер салдарынан даму деңгейі төмен балаларға
арналған психодиагностика. Бұл жағдайдағы негізі мақсаттар:
біріншіден, балалардың даму деңгейінің нашарлау себептерін
анықтау, екіншіден, сол анықталған мәліметке қарай даму
деңгейіне байланысты диагностика жүргізу және коррекциялық,
психотерапиялық әдістерді қолдану.
167
Психодиагностиканың
қолданатын
ұстанымдары:
психодиагностика құпияларын сақтау, психодиагностикалық
әдістемелердің ғылыми негізделуі, сыналушыларға зиян
келтірмеуі, тұжырымдардың нақтылығы және ұсынылған
практикалық сипаттамалардың нәтижелілігі.
Психодиагностика –психологтың кәсіби әрекетіндегі күрделі,
жауапты бөлім, үлкен кәсіби шеберлікті талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |