8
Екінші тезис бойынша психологияның дамуы, жаңа
психологиялық білімдердің туындауы болашақта жекеленген
салалары бойынша емес, мәселелері бойынша зерттеледі.
Үшінші тезис бойынша А.Н. Леонтьев этика және
психологияны сабақтастырды.
Төртінші тезис тұлға психологиясын жүйелік және
аксиологиялық психология деп түсінуге шақырады.
А.Н Леонтьевтің бесінші тезисі психология мектебіне
байланысты.
А.Н. Леонтьевтің бес тезисі, А.Г. Асмоловтың пікірінше,ХХІ
ғасыр психологиясының бағдарламасы. Бұл бағдарламалар
қоғамда жеке адаммен профилактикалық, диагностикалық,
дамытушы, реттеуші және түзету жұмыстарына бағытталған
білімнің психологиялық қызметінің дамуына деген объективті
қажеттілікті қалыптастырды.
А.Н.Леонтьевтің және оның мектебінің зерттеулері адам
психикасының қоғамдық тарихи табиғаты мәселесін және зерттеу
әдістерін жасауға бағытталған. А.Н.Леонтьевтің
іс-әрекет және
сана туралы ойлары психологиялық тұлға теориясының зерттеу
негізі мен психологиялық ой-пікірдің дамуына қосылған өзекті
мәселе болып табылады, себебі, ол психика мен психикалық
құбылыстардың пайда болуы мен дамуын ғана емес,
психологиялық зерттеудің болашақ бағдарламасын да анықтайды.
Психология адам жан дүниесінің жан-жақты қырымен сырын
зерттейтін
пән болғандықтан, ол жан құбылыстарының
заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан жете түсінуге мүмкіндік
береді. Жаратылыстық және қоғамдық ғылымдардың әрқилы
салаларын біріктіре отырып, психология адамды танудың ең
маңызды ғылыми саласына айналып отыр. Осы бірлестікте
психология ғылымының
артықшылығының өзі сонда, ол адамды
жеке тұлға және даралық ретінде бір мезгілде қарастырады. Жеке
тұлғалық психикалық құбылыстарды ғылыми зерттеудің жалпы
ұстанымдарына объективті шындықты көрсету, зерттеліп жатқан
заңдылықтарды
тәжірибе
жүзінде
тексеру,
психикалық
зерттеудегі объективтілік, психикалық құбылыстарды іс-әрекет
барысында зерттеу және барлық психологиялық құбылыстарды
филогенетикалық,
онтогенетикалық, әлеуметтік–тарихи және
индивидуалды дамуды зерттеу жатады.