ҚР ҰҒА академигі А. М. Ғазалиевтың редакциясымен



бет1/8
Дата23.02.2016
өлшемі5.4 Mb.
#7159
  1   2   3   4   5   6   7   8


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӨЛКЕТАНУ
Студенттік топтар кураторларына көмек ретінде

4-жинақ
2-ші басылым, өңдел. және толық.

Қарағанды 2015
ӘОЖ 908 (574)

КБЖ 26.89 (5 Каз)

Ө 37
ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтың редакциясымен

Құрастырушы-авторлар: Т.И. Сүлейменов, К.З. Сәрекенов, Л.Г. Матвеенкова, А.К. Мубаракова, А.Е. Даниярова, Т.Ж. Макалаков, Е.Г. Огольцова,

К.С. Тлеуғабылова, А.А. Абдрахманова, М.Ж. Сүлейменова, В.В. Козина,

С.Д. Шаймұханова

Ө 37 Өлкетану. Студенттік топтар кураторларына көмек ретінде. 4-жинақ / ҚР ҰҒА акад. А.М. Ғазалиевтың редакциясымен. – 2-ші басылым, өңдел. және толық. – Қарағанды: Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің баспасы, 2015. – 97 б.

Бұл жинақ Орталық Қазақстан аймағының өткені мен қазіргі уақыт туралы түсінік беретін мақалаларды құрайды.

Жинақтың мақалалары «Жаңа Қазақстандық Патриотизмді Қалыптастыру» атты патриоттық тәрбиелеу концепциясын жүзеге асыру аясында кураторлық сағаттар мен басқа іс-шараларды дайындау үшін кураторларға ұсынылады.

ӘОЖ 908 (574)

КБЖ 26.89 (5 Каз)

© Қарағанды мемлекеттік

техникалық университеті, 2015






Кіріспе
Қазақстандық қоғамның барлық салаларын жаңғырту жағдайында білім беру саласындағы негізгі мақсаттардың бірі қандай да бір қоғам мен мемлекеттің, ұрпақ сабақтастығының тіршілік қабілеттілік негізі ретінде патриотизм мен азаматтылықты тәрбиелеу болып табылады. Болашақ азамат-патриотты тәрбиелеудегі күшті әдіс өлкетану болып табылады.

Өлкетану – ғылыми негізде өткізілетін қандай да бір аумақтың жан-жақты оқылуы. Оқу нысанына ауылдың, қаланың, ауданның, облыстың әлеуметтік-экономикалық, саясаттық, тарихи және мәдени дамуы жатады.

Өлкетану ғылымы өз өлкеңмен танысуға, халықтың патриоттық, рухани-адамгершілік дәстүрлерін тануға мүмкіндік береді. Ал ол дегеніміз патриоттық тәрбиелеудің бастауы мен негізі болып табылады.

Өлкетану – қандай да бір жердегі өлкенің өткені мен қазіргі уақытының қандай да бір мәселесінің ғылыми және ғылыми-әйгілеу қызметі болып табылады. Ол пәнаралық ғылыми байланысқа сүйенетін жекеден жалпыны тану тәсілі де, пән аралық ғылыми байланысқа да негізделетін жалпыдан ерекшені айқындайтын пән болып табылады.

Өлкетану – қоғамдық қызметтің қалпы болып та табылады және оған тек ғылыми манадар ғана емес, сонымен қоса қызығушылық танытқан, кемеңгер адамдар да және көбінесе жергілікті тұрғындар да байланысты. Қазақстандық өлкетанушыларға Шоқан Уалихановты, Салих Бабаджановты, Николай Коншинды, Евгений Михаэлисты, Мұхамеджан Тынышпаевты, Александар Чулошниковты, Николай Ивлевты, Владимир Проскуринды, Евгений Черныхты, Сажид Ахметовты, Неля Букетованы жатқызуға болады.

Өлкетану Отанға, туған жерге, халықтың өткен тарихына деген махаббатты тәрбиелейді. Өлкетану материалдарының мағынасын тарих танымында бағалау қиынға соғады. Ол жалпы тарихтық материалдарды нақтылауға көмектеседі. Тарихты нақты түрінде оқу қандай да бір дәрежеде тарихи кезеңнің жалпы даму заңдылығын туралы дұрыс көрініс береді.

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласында туған жерге деген махаббат – патриотизмның негізі деп белгілеп, Қазақстанның орта және жоғарғы, сондай-ақ техникалық пен кәсіби оқу мекемелерінде «Өлкетану» пәнін басқа пәндермен қоса, міндетті оқу курсы ретінде енгізуін ұсынды.




А.А. Бегенеев,

ҚР Мәжіліс парламентінің депутаты




БАТЫЛ ЖОБАЛАРҒА АРНАЛҒАН АЛАҢ
Осы тақырыпқа деген қызығушылым, «Нұр Отан» ХДП партиялық бақылау Комитетін менің мүше-әріптесім басқаратын экономикалық реформа және аймақтық дамыту бойынша Мәжіліс Комитетінің мүшесі Николай Логутов бағдарламаны жүзеге асыру кезінде бақылау бойынша Эксперттік топтың мүшесі ретінде мені сайлаған кезде пайда болған еді. Біздің көз алдымызға бірінші кезекте: қалалардың паспорттары, тұрғындардың көрсеткіші, әсіресе жастардың, даму бойынша шаралар түскен еді. Ерекше көңіл қала құратын кәсіпорындарға бөлінеді: олардың жағдайлары, жұмыскерлер саны, орташа айлық төлемі, келешек жоспарлар, және де еншілес құрылымдары қаралады. Мониторингтың маңызды аспекттеріне – МСБ субъектілерінің болуы және олардың қауымдастығы, қайта құрылатын объектілерді орналастыру, сонымен қоса мемлекеттік бағдарламалар бойынша, үкімет органдарымен, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен өзара қатынас мәселелері бойынша жұмыс жасау кіреді.

«Нұр Отан» ХДП «Қала құратын кәсіпорындар мен жергілікті үкімет органдарының көмегімен моноқалаларда кіші және орта бизнесті дамыту» бағдарламасы бойынша не істеліп жатыр? «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы қалай қолданылуда? Талдама еңбек ресурстарын, әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіруде мемлекеттің қатысуы. Депутат-нұротандықтарды әр қаланың қалай күн көретіні қызықтырады, сұрақтар азаматтардың күнделікті мүдделерінен пайда болады, сол себептен әр теңгенің шығындалуы бақылауға қойылады. Себебі көптеген адамдарға қаражаттарды сынған жолдар, қоқыс үймелері, тозған коммуникация жүйелері және нашар экологиялық жағдайлар көрінісінде әр түрлі безендірулерге жұмсалғаны ұнай қоймайды.

Мамандардың ойы бойынша, соңғы уақытта тұрғындардың кіші қалалардан кету үрдісі азая бастады: көшіп-қонудың оңтайлы сальдосы бар, қалалар мен аудандар саны 45-тен 55-ке дейін өсті. Менің ойымша, тұрғындар әл-ауқаттың одан әрі дамуын аумақты бағдарламалардың жүзеге асырылуымен байланыстырады. Ол өмірге үміттене қарауға мүмкіндік береді. Кезінде, моноқалалар бюджеттен қаражаттанбаған кезде, республикалық бюджеттің трансферттері облыстық орталықтарға ғана бөлінетін. Бағдарлама басталғаннан кейін ақша мақсатты түрде бөлінді. Нәтижесінде аббатандырылған көшелер, жөнделген жолда, қайта құрылған жылыту жүйелері болды. Жалпылай 171 жоба іске асты.

2013 жылы моноқалаларды дамытуға былтырғы жылға қарағанда, алты есеге көп ақша бөлінді – 34 млрд теңге. Бұл қаражаттар инфрақұрылымды, инженерлік жобаларға, несиелерді субсидиялауға, кәсіпкерлікке үйретуге, «Еңбекпен қамту 2020» бағдарламасының тетіктерін микрокедиттеуге жұмсалды, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы» аясында гранттар бөлуге және кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын ашуға бөлінді. Үлкен қаражат Қарағанды облысына қарастырылған, аталған соманың үш бөлігі – 11,4 млрд теңге.

Сонымен қоса, 2013 жылдан бастап, екінші деңгейдің банктері кіші бизнесті несиелеу бағдарламасына енгізіліп жатыр; салалық шектеулері жоқ несиелер бойынша пайыздық мөлшерлер субсидияланатын болады; өндірістік инфрақұрылым дамитын болады. Тұрғындарға аймақтық комиссиялармен есептелетін жаңа өндіріс құруға гранттар 1,5-тен 3 млн теңгеге дейін бөлінеді. Сондай-ақ моноқалалардың тұрғындары, еңбекпен қамтылған, табысы аз азаматтар, жұмыссыздар, оралмандар – микронесиелер алуға мүмкіндіктері бар (5 жылға 3 млн теңгеге дейін). Несие мөлшері аймақ пен әкімшілік өзгешелігіне байланысты 5 %-дан 9 %-ға дейін өзгертілетін болады.

Бағдарлама стратегиялық инвесторларды тартумен де қарастырылған. Осыған байланысты, орталық деңгейде қарастырылған және маслихатпен қабылданған моноқалалардың кешендік жоспарларында инвестициялық ұсыныстар белгіленген. Және потенциалы төмен және орташа моноқалаларда инвестициялық стратегиялық жобаларды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға газ, электрлік энергия, жер телімін алу, ғимараттар мен құрылыстар салу бойынша шығындарды төлеу мен қайтару арқылы өндірістік жәрдемақылар қарастырылған.

Инвесторларды тартудан басқа, әр моноқалаларда зәкірлі жобалар қарастырылған – республикалық бюджеттен, ҮИИД мемлекеттік бағдарламасынан немесе кәсіпорындардың өз қаражаттарынан бөлінетін көлемді әзірлемелер. Осындай жобалар құрылыс кезінде 100-ден кем емес тұрақты жұмыс орнымен және тағы объекттің іске қосылған кезінде 100 орынмен қамтамасыз етеді. Мысалға, Абай қаласында тәулігіне 10 тонна өнім шығаратын колбаса цехы мен тәулігіне 20 бас мал қабылдайтын сою пункті құрылатын болады.

2013 жылы Саран қаласында екі зәкірлі жобаның іске асуы жоспарланған – арнайы мақсатқа арналған тоқу материалдарын өндіретін зауыт құрылысының аяқталуы «Геополимер» ЖШС, сонымен қоса тұрғын үй құратын «ККК Бетон» ЖШС құрылысы. Сондай-ақ «Спецсталь» ЖШС құю өндірісін, «Полимер Технолоджи» ЖШС суперконцентрат өндірісі, «Алтай-2030» ЖШС диірмендік кешені бар макарон бұйымдарын ұйымдастыру жоспарланған. «Карагандарезинотехника» ЖШС өндірістк алаңы автомобильдік шина өндіретін зауыттың құрылысына «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС инвестициялық жобасы мен индонезиялық компанияға ұсынылды. Айтпақшы, осы жылдың бірінші тоқсанында қала құратын кәсіпорын - «Карагандарезинотехника» ЖШС-мен МСБ кәсіпорындарында тапсырыстарды орналастыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланды.

Білім, денсаулық сақтау, спорт нысандары бойынша Саран қаласында үлкен көлемді жұмыс өткізілетін болады, Ақтас мекенінде поликлиника бөлімінің ғимаратына кешенді жөндеу жұмыстары өткізілетін болады, «Сәуле» балабақшасының қайта құрылуы, көшелік жарықтандыру жүйесі мен жабық қоқыс жинағыштарды қайта қалпына келтіру жұмыстары және т.б. Белгіленген жобаларды орындауға қаланың индустриалды потенциалы жұмсалатыны бізді қуанта түсіреді.

Қаражал қаласында да өзгерістер болады, былтырғы жылы ол жерде үлкен жоба іске асты: энергия үнемдегіш жарықтандыру жүйелері көшеге орнатылып, бала алаңдары аббатанып, қатты тұрмыстық қоқыстардың шығарылуы жөнделді. Осы жылы жылумен қамтамасыз ету жүйесі жөнделуі жоспарлануда. 2012 жылға бөлінген қаражат толығымен жұмсалды. Және бұл қаражаттар келешекте де бөлініп отыру керек. Қаражалдағы жағдайды бақылау үшін партиялық бақылаудың тұрағы құрылды. Оның төрағасы қалалық маслихаттың «Нұр Отан» ХДП депутаттық фракциясының жетекшісі Т. Қасымов. Ол моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бюджеттік қаражаттардың жұмсалуын бақылау бойынша Қоғамдық кеңесті басқарады.

Шахтинск қаласы да өзгеретін болады. Бұл жерде аулалық алаңдарды аббатандыру, жылыту жүйелерін жөндеу, инженерлік инфрақұрылымның темірбетонды тіректерді айырбастау, «Шахтинская ЖЭЦ» АҚ жаңа күл төгу орны ашылады.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасын қабылдағаннан кейін Теміртаудың да болашағы жайнай түседі. Оның барлық экономикалық күшін қайталап айтпай-ақ, оның бір көрсеткішін айтуға болады: соңғы жылдары бұл қалада балалардың туу саны арта түсті.

Сондай-ақ қаланың экономикасын ұзақ мерзімді диверсификация үшін зәкірлі инвестициялық жобаны жүзеге асыруда – цементті кептіру тәсілмен өндіру № 5 технологиялық жолдың ашылуы болатынын айта кеткім келіп отыр. Оның құрылысында 302 адам жұмыспен қамтылады, іске асуында – 115. Темір жолдағы вагон мен арба өндіріс жөнделеді. Ферромарганец пен ферросиликомарганец алу үшін ферро еріту пешінің құрылысы қарастырылуда «Темиртауский электромеханический комбинат» ЖШС, электролиздық жабдықтағы штамптпар мен прессформалар өндірісінің зауыты «Практика Т» ЖШС, КарГРЭС-1 қосалқы жабдығы бар конденсациялық турбиналарды орнату.

Қосалқы және қызмет көрсететін өндірістерді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ айналасына орналастыру бойынша қала құратын кәсіпорындармен жұмыстар жасалуда, дәлірек айтқанда 120 жұмыс орны бар көмір өндіретін фабриканың құрылысы. Кешендік жоспар аясында әзірленген қала паспорты орта және ұзақ мерзімді келешекте тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға жету мақсатын алдына қояды.

Моноқалалардың болашағы үшін, менің пікірімше қалалық шаруашылық кластерлерін салу дұрыс болады деп ойлаймын: бірыңғай ақпараттық кеңістіктің қалыптасуы; ТКШ үдерістерін жетілдіру, кластердің жалпы саясатын жүйелеу, қызметкер құрамының кәсіби деңгейлерін арттыру. Еңбекпен қамту мәселесін шешуде, өзін еңбекпен қамтыған, жұмыссыздар және табысы аз тұрғындарды оқыту және еңбекпен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, еңбек қорының жинақылығын арттыру.

Жоғарыда көрсетілген мысалдарға қарасақ: моноқалаларды дамыту бағдарламасы өзінің жемістерін де беріп жатыр. Сонымен қоса, дәл осы жобалар әр түрлі саладағы батыл жобаларды іске асырудың алаңы болу керек. Және «Қазақстан-2050» Стратегиясының контекстінде осы мүмкіндікті толығымен қолдану керек. Моноқалаларды қаржымен қаражаттандыруды жалғастыру керек, соған қоса мемлекеттік-жеке ынтымақтастық ресурстарын кеңімен тарту қажет. Ал болашақта, тәжірибені ескере отырып, моноқалаларды қолдау бойынша шаралар кешенін жүзеге асыруда заң қалыптастыруға болады.


«Казахстанская правда», 2013, 16 ақпан
Ю. Попов,

жазушы-өлкетанушы


УАҚЫТ ТҮПКІРІНЕН
Өлкетану кейде тарихтың барлық жасырын тесіктеріне кіріп кетеді. Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі туған.

Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Ортажүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.

Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады.

Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары Шәкәрім Құдайбердіұлы. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.

Жеті жасында әкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының тәрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм алланың берген ақылы да бұл қазақтан бөлек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарыноқып, насихатынтыңдап, аз ғана ғылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, өз бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оку-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болды.

Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11-де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.

Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені «жетім» деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.

Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады, «молда сабағынан» басқа орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен қатар, домбыра тарту, гармоньда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды. 

Құдайбердіұлы өмір сүріп, еңбек еткен тарихи кезеңде қазақ әдебиетінде Абай іргетасын қалаған реалистік дәстүр қалыптасып кележатқанды. Шәкәрім осынау өнегелі үрдісті алғашқы жалғастырушылардың бірі болды. Абай мен Шәкәрім арасында тамырластық аса терең. Өз заманының келесі мәселелерін, қоғамдық шындықты қозғауда екі ақын да ерекше қуат танытқан. Абай тәрізді Шәкәрімнің де ақын ретінде ұсақ-түйек міндерді сынаудан бастап, өз кeзінің күрделі әлеуметтік мәселелерін көтеруге дейінгі аралықтағы терең ойлары, парасатты тұжырымдары сайрап жатыр. Шәкәрім айналасындағы құбылыстарды сырттай ғана жырлаушы болған жоқ, ол бар нәрсенің қай-қайсысына да мән бере қарады, жақсылығына қуанды, кемшілігіне күйзелді. Ақындық болмысын да осы ыңғайда қалыптастырды.

Ибрагим Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайберіұлы Шыңғыс болысы тұрғындарының мәселелерін шеше отырып, кіммен өзара қатынасты? Серіктестердің есімдерін атап шығайық.

1871 жылдың 24 желтоқсанынан бастап, Ысқақ Құнанбаев пен Абралы Мұрзабаев Шыңғыс болысында басшылық етті. Ауылдардың билері: Бердібек Увашев, Күнту Шонкин, Төребай Сақауов, Рысбай Мұрзатаев, Сөрәлі Тайменов, Мейірман Күшіков, Бытыбай Қаржауов, Тоқабай Матушкин (1973 жылдың 7 тамызында қайтыс болды), Аяз Бердіқожин.

1874 жылдың 19 қарашасынан болыс басшысында қайтадан Ысқақ Құнанбаев (1847-1901) және Абралы Мұрзабаев. Ауылдарды билері. Ибрагим Құнанбаев, Бердібек Увашев, Күнту Шонкин, Ордабай Аққұлов, Рыспай Мұрзатаев, Байұзақ Мамбетов, Сөрәлі Тайменов, Байғұлақ Базілов, Жармағамбет Сеңгірбаев.

Жақын арада Ибрагим Құнанбаев өз орнын тастап кетеді: 1875 жылдың 28 қаңтарынан Семей облысының әскери губернаторының бұйрығымен ол ылғи дау болып жататын көршілес Қоңыр-Көкше-Тобық болмысының басшысы болады.

1878 жылдың 19 қаңтарынан болыс үшінші рет басшы ретінде Ысқақ Құнанбаев пен Абралы Мұрзабаевты қабылдайды. Ауылдардың билері: Ибрагим Құнанбаев, Байғұлақ Базілов, Ордабай Аққұлов, Байұзақ Мамбетов, Сөрәлі Тайменов, Тәңірберді Құнанбаев (1834-1906), Күнтуған Шонкин, Бердібек Увашев, Жиренші Шокин.

1878 жылғы 3 сәуірдің түнінде Шыңғыс болысындағы Ибрагим Құнанбаев бидің табынына 7 ұрлықшы қылмыс жасайды. Екі табыншыны байлап тастап, тондарын, аттары мен ер-тоқымдарын алып 10 ең жақсы арғымақтарын айдап алып кетеді.

1880 жылдың 31 желтоқсанынан бастап, болысты Шахкәрім Кұдайбердиев пен Наманай Мұрзабаев басқарды. Ауылдардың билері: Әділ Божеев, Күнту Шонкин, Жиренші Шокин, Жаманай сатиев, Байұзақ Мамбетов, Қаражан Нұранов, Байғұлақ Базилев, Оразбай Аққұлов.

1883 жылдың 31 желтоқсанынан бастап болыстың басшысы болып Күнту Шонкин бекітілді, орынбасары – Абралы Мұрзабаев. Ауылдардың билері: Асылбек Сүйіндіков (1829 ж.т), Жиренше Шокин, Оразбай Аққұлов, Әділ Бажеев, Ақылбай Ибрагимов (1861-1904), Қаражан Нұрынов, Байғұлақ Базилев, Әбіл Қайықпаев.

1884 жылдың 7 қыркүйегінен қосымша № 4 ағалықтың сот биі ретінде Шахкарім Құдайбердин болды.

Ибрагим Құнанбаев 1886 жылдың 4 мамырынан Семей облыстық статистикалық комитеттің мүшесі болып сайланды.

1887 жылдың 14 қарашасынан болысты Оспан Құнанбаев (1852-1891) және Байділда Беркімбаев басқарды. Ауылдардың билері: № 1 – Ысқақ Солтабаев, № 2 – Ақберді Жақыпов, № 3 – Алдажар Есімбердин, № 4 – Матабай псурманов, № 5 – Кенжекүл Құлыншақов, № 6 – Жолабай Сатиев, № 7 – Әділ Бажеев, № 8 – Рақымберді Бекежанов, № 9 – Әбіл Қайықпаев, № 10 – Байғұлақ Базилев.

1890 жылдың 13 наурызынан болыстың басшысы болып Оспан Құнанбаев, орынбасары - Арап Абралин сайланды. Ауылдардың билері: № 1 – Ысқақ Солтабаев, Ақымқожа Сүгіров, № 2 – Шахмардан Құдайберіұлы, № 3 – Алдажар Есімберлин, № 4 – Ақберді Жақыпов, № 5 – Орман Қотжанов, № 6 – Әділ Божеев, № 7 – Мыңғат Байқадамов, № 8 – Байділда Беркімбаев пен Смағұл Құнанбаев, № 9 – Әбіл Қияқпаев пен Қаражан Нұранов, № 10 – Байғұлақ Базилев, № 11 – Құрманғожа Күденов және Жүсіп Сұранов, № 23 – Құсайын Оразбаев.

1890 жылдың шілде айында Семей және Қарқаралы уездерін Далалық генерал-губернатор барон М.А. Таубе және Семей облысының әскери губернаторы генерал-майоры О.В. Щетинин инспекциямен тексеріп кетті. Олар жергілікті тұрғындардың арасынан беделді адамдарды марапаттады. Оның арасынан - Оспан Құнанбаевқа (Шыңғыс болысы) және Ысқақ Құнанбаевқа (Қызыл-Молы болысы), алтын портупеясы бар қылышты сыйлыққа тартқан. «Шыңғыс болысының құрметті қырғызы» Ибрагим Құнанбаев орталық шайқастың аңшылық мылтығымен марапатталды. Шыңғыс болысының билері Ысқақ Солтабаев пен Әділ Божеев ІІІ деңгейдің құрмет шапандарын алды.

Болыс жетекшілері Оспан Құнанбаев пен Арап Абралин жайсыздық мазалады. 1892 жылдың 3 маусымында Абралинды ұрлықпен кінәлады. Содан кейін, болыс басшысы, орынбасарымен бірге «лауазымдарынан алынды». Босаған лауазымдарды уақытша Шаймардан Құдайбердіұлы (ауыл № 2) мен Байділдә Беркімбаев (ауыл № 3) алды.

1893 жылдың 11 қыркүйегінде болыс басшылығына Ибрагим Құнанбаев пен Әзімбай Таныбердин келеді (1866-1918). Ауылдардың билері: № 1 - Баймырза Көшкінбаев и Есендік Базилев (Базаров), № 2 - Рызыкбай (Ырзыкбай) Кудайбердіұлы, № 3 - Алдажар Акбердин, № 4 - Ыскак Кұнанбаев, № 5 - Ормек Көтжанов, № 6 - Актембек Үркүмбаев и Адель Божеев, № 7 - Айдар Акмурзин и Кенжегүл Кулуншаков, № 8 - Байділдә Беркімбаев и Ысқақ Ибаков, № 9 - Әбіл Қиякпаев и Жүсіп Сюралин, № 10 - Есмұхамед Байгұлақов және Әйнекбай Нұранов.

1895 жылдың 21 желтоқсанын болыс басшысы – Әзімбай Тәнібердин, орынбасары – Ғабдұлхакім Ысқақов (1869-1915). Ауылдағы билер: № 1 - Баймырза Кашкынбаев, № 2 - Рызыкпай (Ырзықбай) Кұдайбердіұлы, № 3 - Мұртаза Уалиев, № 4 - Ысқақ Кұнанбаев, оны 1897 жылдың 22 қазанында Ахметжан Майбасаров алмастырады, № 5 - Ормек Көтжанов, № 6 - Арыстанбек Үркүбаев, № 7 - Айдар Ақмурзин, № 8 - Байдідә Беркімбаев, № 9 - Ысқақ Жайықпаев, № 10 - Ермағамбет Байғұлақов.

1898 жылдың 15 наурызында Шыңғыс болысында 10 ауыл, 1009 шаруашылық және 6029 тұрғын болды.

1898 жылдың 22 қыркүйегінен болысты Абайдың балалары басқарды. Ақылбай Ибрагимов – 1900 жылдың 8 ақпанына дейін болыс басшысы, одан кейін ауру сырқатымен өз еркімен жұмыстан босатылады. Оның орнын Мағауия Ибрагимов алады (1900 жылдың 3 ақпанында Мадақтама парағымен марапатталады), болыс басшысының орынбасары – Тұрағұл Ибрагимов (1876-1934).

Ауылдардың билері: № 1 - Өтелбек Тұрсұнбаев, № 2 - Орынбасар Майбасаров, № 3 -Кыздар Мамбетев, № 4 - Әдел Божеев, № 5 - Әлімжан Маганев, № 6 - Арыстанбек Үркүнбаев, № 7 - Ермагамбет Байғұлаков, № 8 - Ақмағамбет Үскенбаев.

1901 жылдың 22 қыркүйекте Семей әскери губернаторының бұйрығымен болыс басшылығына Шәкәрім Құдайбердіұлы, Рызықпай Құдайбердин тағайындалады. Ауылдардың билері: № 1 - Мұхамеджан Майбасаров (1854-1921), № 2 - Орынбасар Мұрзатаев, № 3 - Кыздар Момбетаев, № 4 - Әзімбай Танібердин, № 5 - Бейсембек Жәнібеков, № 6 - Арыстанбек Үркүмбаев, № 7 - Ермагамбет Байгулаков, № 8 - Акмагамбет Өскенбаев, № 9 - Бейсембай Ержанов, № 10 - Бексұлтан Дулатов, № 11 - Жайық Көмекбаев.

Осы кезде Семей облыстық статистикалық комитеті «болыс бойынша ескі заманның ескерткіштерін» зерттеуді бастады. Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің есеп беруінде Шотқалан қорғанын және адамдардың беттері көрсетілген біраз тас тіректері көрсетті. Ш. Құдайбердіұлы 1902 жылдың 24 шілдесінде Құрмет парағымен марапатталды, бірақ 1903 жылы «Дала ережесінің 83 бабы бойынша лауазымнан босатылады». 1903 жылы Ш. Құдайбердіұлы БСБ ИОГҚ Семей бөлімшесінің мүшесіне енді бұл қоғамдық ұйымда ол 1903 жылдан 1907 жылға дейін болды. Абайдың ұлы Мағауия Ибрагимов, 1870 ж.т. 1904 жылдың 14 мамырында қайтыс болады. Абай сол 23 маусымында қайтыс болады.

1905 жылдың 31 желтоқсанынан бастап, үшжылдыққа, 1905жылдан 1907 жылға дейін, болыс басышылығында Тұрагүл Ибрагимов пен Шәкәрім Құдайбердіұлы болды. 1907 жылдың 19 қаңтарында Тұрагүл Ибрагимов ауры сырқатымен лауазымнан босатылды. Билер және олардың орынбасарлары: № 1 - Ғабидулла Ғабидханов пен Молдахмет Изгутин, № 2 - Қысатай Акбердин мен Мұсатай Мауылбердин, № 3 - Баймағамбет Айтқожин мен Кыздарбай Мамбетов, № 4 – Бұгыбай Тілеубердин мен Әзімбай Таңыбердин, № 5 - Кенжекен Беркімбаев пен Әбіш Жұбалаев, № 6 - Арыстанбек Үркімбаев пен Тілеубай Шалентаев, № 7 - Ермагамбет Байгұлаков пен Байбұлан Байғұлақов, № 8 - Ғабдиқан Ысқақов пен Ахметбек Ысқақов, № 9 - Ағысбай Әбілов пен Күнту Ысқақов, № 10 - Мамық Башбаев пен Айдар Әлмурзин, № 11 – Мұсажан Ақымғожин мен Жанқожа Көмекбаев.

Тұрағұл Ибрагимов 1906 жылдың 10 маусымынан 10 тамызға Семей облысының сыртында сауда істері бойынша демалыста» болды. Болыс басшысының уақытша міндетін атқарушы Шәкәрім Құдайбердіұлы тағайындалады.

Шыңғыс болысынан Мемлекеттік дума мүшесіне сайлаушылар болып Оспанов Омархан мен Әделов Елжан тағайындалады.

1907 жылдың 12 ақпанынан болысты ағайынды Әзімбай мен Дінислам Тәңірбергеновтар басқарады. Билер және олардың ауылдардағы орынбасарлары: № 1 - Ақылпейіс Нұрпеисов пен Молдахан Изгутдин, № 2 - Қысатай Ақбердин мен Омар Кұтжанов, № 3 - Баймағамбет Айтқожин және Мұхамед Қыздаров, № 4 - Бұғыбай Тілеубердин және Ысқақ Рыспаев, № 5 - Әлімхан Матақов және Осабай Медетов, № 6 - Інкербай Шоконтаев және Жарыспай Жамбасбаев (?), № 7 - Ермагамбет Байгұлақов және Байбулан Байғұлақов, № 8 - Ғабдұлхакім Ысқаков және Баймағамбет Сарыбаев, № 9 - Жамбай Бисембин және Үдербай Бисембин, № 10 - Омар Дүйсенбаев және Науымбай Оспанов, № 11 –Жанғожа Қалақпаев және Смағул Қалақпаев, № 12 - Арап Абралин және Асқар Абралин.

Шәкәрім Құдайбердіұлы 1910 жылдың 12 наурызынан Семей әскери губернатордың бұйрығымен қарама-қайшылықтар шиеленесе түскен Енрікей болысының басшысы болады.

1910 жылдың 22 қыркүйегінде болысты Дінислам Тәңірбердіұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлы басқарады. Билер және олардың ауылдардағы орынбасарлары: № 1 - Ғабидолла Ғабидханов және Кәгерман Байтурин, № 2 - Абдрахман Қырбасов және Қысатай Ақбердин, № 3 - Баймұхамед Айтқожин және Айтмұрза Атин, № 4 - Жагұл Майбасаров және Мака Жармұхаметов, № 5 - Әйнекпай Нұрамов және Қартқожа Байтеміров, № 6 - Жарыспай Жамназбаев және Түгелбай Дәркенбаев, № 7 - Ермагамбет Байгұлақов және Байбұлан Байғұлақов, № 8 - Әлімқұл Ақылбаев және Тұрагұл Ибрагимов, № 9 - Күнтуған Ысқақов және Уәли Әбілов, № 10 - Мұздыбай Дулатов және Алдажар Куренчин, № 11 - Жанғожа Көмекбаев және Смагұл Көмекбаев, № 12 - Барак Абралин және Керейбай Қарышалов.

1913 жылдың 17 мамырынан Шәкәрім Құдайбердіұлы ауру сырқатымен лауазымнан босатылады. Оның орнына № 3 ауылдың ағасы Мұса Әзімханов келеді.

1913 жылдың 23 ақпанынан болысты Ғабдұлхакім Ысқақов пен Ахметбек Ысқақов басқарды. Билер және олардың ауылдардағы орынбасарлары: № 1 - Молдахмет Изгутдин және Досымбек Изгутдин, № 2 - Орынбасар Майбасаров және Смагұл Құнанбаев (1852-1931), № 3 - Мұхамеджан Қыздаров және Баймағамбет Айтқожин, № 4 - Ысқақ Рыспаев және Құрманғали Рыспаев, № 5 - Қартқожа Байтеміров және Абдуламан Байтеміров, № 6 - Тілеубай Шоқонтаев және Жараспай Жанқозыбаев (?), № 7 - Ермағамбет Байғұлақов және Байбұлан Байғулақов, № 8 - Тұрагүл Ибрагимов және Баймағамбет Сарыбаев, № 9 - Уәли Әбілов және Бейсенбай Ержігітов, № 10 - Бейбол Еділов және Қасымхан Жайықов, № 11 - Баймұрза Тошыбеков және Нұрмағамбет Ғабдулғазин, № 12 - Барак Абралин және Мұхаметжан Наманбаев, № 13 - Смағұл Көмекбаев және Жанғожа Көмекбаев.

1909 жылдан бастап 1917 жылға дейін Шәкәрім Құдайбердіұлы Семей өңірлік сотының қосшы биі тағайындалды. Осы жылдары Шыңғыс болысының қосшы би лауазымын Құнанбай Тұрағұл Ибрагимұлы мен Құнанбаев Ғазыхакім Ысқақұлы орындады.

Абай мен Шәкәрім туыстары туралы толық және шынайы ақпарат «Абай. Энциклопедия» кітабында жазылған. Ол қазақ тілінде 1995 жылы Алматы қаласында жарыққа шыққан.

Аталған мақаладағы жазылған есімдерде түпнұсқадан алынған орфография қолданылған.
Индустриальная Караганда, 2013, 12 қаңтар





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет