Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармасындағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстыру Атеева Аида Зейноллаевна Мұстафа Шоқай атындағы «№51 мектеп-гимназия»


Кейіпкер сөздерінен оның бойындағы құндылықтарды анықтаңыз, ажыратыңыз



бет4/7
Дата14.03.2024
өлшемі54.09 Kb.
#495490
1   2   3   4   5   6   7
Атеева А.З. Астана№51мг

Кейіпкер сөздерінен оның бойындағы құндылықтарды анықтаңыз, ажыратыңыз.

Жан тазалығы

Жамандықтың белгісі болғым келмейді. Мені аяңдаршы. Мен ел көзіне оғаш, мүгедек болғаныммен, жаксылықты ғана аңсаймын. Мен тек жақсылықты...

Арманшыл

«Өз жасыма лайық қыз болғым келеді. Иә... иә... Менің де әп- әдемі, нәп-нәзік қыз болғым ке...л...е...ді...»,

Намыс

Қолы мен аяғына әлдекімнің көзі түсе қалса, қу жанын қоярға жер таба алмай намыстанып, есі шығатын. Мынау шамадан тыс үлкейіп бара жатқан егде қолдар мен жетілмей қалған аяғына ешкімнің көзі түспесе екен, байқамаса екен деп зар қағатын.

Тағдырға өкпелеу

«Сезімсіз, жүрексіз, қатыгез адамның төрт түлігі қашанда сай болады. Табалайсың ғой, табалай бер, табала! Мен осы қасіретті құдайдан сұрап алғанмын! Иә, иә, сеніңше сұрап алған тағдырым осы, осы!

Анаға деген сағыныш.

«Қайда кеттің?» Неғып бүгін терең сайда жоқсың?» деп ана-дауыс жып-жылы алақанымен қолын жайып, сай ішінде қалықтап жүргендей. «Құлыным-ай» - деген ана-дауыс еміреніп келіп, сай ішін жағалап кетті.

Ішкі толғаныс

«О, жарық Ай, мүсіркеме сен мені. Мен күнәсіз қыз боламын. Сезімім бүтін, ақылым дұрыс. Бірақ мынау тіршілік дүниесінен безінген жұдырықтай жүрегім кек пен қасіретке толы. Мен өзіме адам сияқтымын, басқаларға адам емес адам пейілін тәубаға түсіретін мүгедекпін.

Жүрегі достық пен махаббатқа толы

Құмар... иә, сен мені үнемі «Ләйлек, Ақ Ләйлек дейтінсің. Ләйлек деген құстың аты. Ол сондай нәзік, сүйкімді құс дейтінсің!» Қыз бір түрлі есінен адасқандай есеңгіреп тұрып қалды.

Киелі туған жерге деген сезім

«Қасиетті жер еді, қадірден әбден жұрдай болды. «Жақсының арты жын» деуші еді. Шынымен-ақ адам естіп, көз көрмеген қасіреттің бәрі Абай ата басқан топырақтан шығып жатқан жоқ па? Алланың әмірі деген осы да!» деп ойлады Ләйлә-қыз.




Бағалау критерийі

Дескриптор

Кейіпкер үні, оның жан дүниесіндегі қасиеттер: материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстыру арқылы шығарманың жаңашылдығына баға бере алады.

Кейіпкер бейнесін ашады: мінезі,өмірге көзқарасы; арман-тілегі; қорқынышы, ішкі зары;

Кейіпкер бойындағы құндылықтарды анықтап, салыстыру жасайды; ( рухани/ материалдық)

Шығарманың жаңашылдығына 1 дәлел келтіре алады.

«Серпілген доп» әдісімен сұрақ қою арқылы шығарма кейіпкерінің қоғам қажетін өтеуге деген құлшынысы мен қарсылығын талдатып, кейіпкер бойындағы басым құндылықтарға тоқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет