Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармасындағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстыру Атеева Аида Зейноллаевна Мұстафа Шоқай атындағы «№51 мектеп-гимназия»



бет5/7
Дата14.03.2024
өлшемі54.09 Kb.
#495490
1   2   3   4   5   6   7
Атеева А.З. Астана№51мг

«Серпілген сауал» әдісі. Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз. Сұрақтың жауабын мұғалім бағаламайды, керісінше келесі оқушыға қайта бағыттайды, одан келесі оқушы. Бұл әдіс оқушылардың түрлі пікір айтуы арқылы сыни ойлауын дамытады және шығарманы бағалауға дағдыландырады. [1, 27б.]
Сұрақтар үлгісі:
-Ләйләнің мүшкіл мүгедек халін терең психологиямен суреттеу арқылы автор не айтқысы келді? Бұны жаңашылдық деп қабылдауға бола ма?
-Ләйлә бойында қоғам қажеттілігін өтеуге деген құлшыныс байқала ма, әлде қарсылық басым ба?
-Ләйләнің өмірмен ерте қоштасуы атом бомбасының зардаптары әсерінен бе, әлде айналасындағы адам баласының ісінен бе?
-Кішкентай Ләйләнің қасіреті-күллі Қарауыл аулының, күллі қазақ халқының қасіреті деген оймен келісесіз бе? Неліктен?
Жауап тыңдалады, мұғалім пікірдің дұрыс, бұрыстығын басқа оқушыға қарай бағыттайды. Нұрбол, Мағжанның жауабы туралы сен не ойлайсың?” “Әсел, Нұрболдың жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?” “Данагүл, естігеніңнің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?”
Шығармадағы ұлттық құндылықтар арқылы халық табиғаты мен болмысы, мінезқұлқының көрініс беруін талдау тапсырмалары.
«Ақылдың алты қалпағы», «Дананың кілттер» әдістері арқылы оқушылар шығарма кейіпкерлерінің әрекеттеріне баға бере отырып, шығармадағы халық табиғаты мен мінез-құлқын ашады, ұлттық құндылықтарды саралайды.[1,54б.]
«Ойлаудың алты қалпағы» бойынша талдау – оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын қарапайым және практикалық әдіс.
Ақ қалпақ -(ақпарат, дерек, сұрақ) талқыланатын немесе талқылайтын мәселе бойынша тақырып туралы түсінік беру. Шығармадағы халық табиғаты, мінез-құлқы қалай суретттелген?
Сары қалпақ –талқыланатын немесе талқылайтын мәселенің болашағына үлкен үмітпен, зор сеніммен қарау. Ол әр пікірін негіздей отырып осы бағытта ой өрбітеді. Ләйләнің іс-әрекеттерін қолдаңыз. Ләйлә трагедиясы – ұлт трагедиясы.
Қызыл қалпақ – (сезім, эмоция, интуиция) талқыланатын немесе талқылайтын мәселе бойынша өз ойын айту, өз сезіміне ерік беру. Басты кейіпкер Ләйләнің іс-әрекетін, жан-айқайын өз эмоциясымен жеткізеді. Ләйләнің тағдырына кімдер кінәлі? Ол неліктен аймен ғана сырласады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет