Дидактикалық ойындар
“Интервью” ойыны.
Ойынның ережесі: Сынып 3-4 топқа бөлінеді. Әр топтың 1 оқушылары жұп құрастырады: біреуі корреспондент болады, екіншісі кейіпкер (үй жұмысын тексерерде күні бұрын дайындалып келуге болады, сұрақтарды дайындайды)
“Әңгімені жалғастыр”ойыны.
Ойынның ережесі: Бұл ойында 2 оқушы (әр қатардан бір-бірден) қатысады. Бірі бастайды, екіншісі қостайды. Әр оқушы бір сөйлемнен ғана айтады. Ең соңғы сөйлемді айтқан оқушы жеңеді. Осыдан кейін тағы екі оқушы шығып әңгімені мазмұндайды. Бұл ойын оқушылардың есте сақтау, тез ойлау қабілетін, дұрыс сөйлем құруға, әңгімені тыңдауға дағдыланады.
“Таза тақта” ойыны.
Ойынның ережесі:Жаңа тақырыпты түсіңдірер алдында, мұғалім тақтаның әр жеріне сұрақтар жазып қояды, сұрақтың орнына суретті, схеманы да қолдануға болады. Сұрақтарды нөмірлеп қою керек. Мұғалім сабақ түсіндірер барысында, оқушылардан жазылған сұрақтардың жауаптарын сұрайды. Егер жауабы дайын болса, ол сұрақ тақтадан өшіріледі.
Ойынның мақсаты:Сабақтың аяғына дейін барлық жазылған сұрақтарға жауап беру керек. Бұл ойынды өткізгенде сыныпты екі топқа, немесе 3-4 топқа бөліп өткізуге болады. Әр топтың берген жауаптары саналып отырады.Бұл ойын арқылы оқушылардың оқуға деген ынтасын, белсенділігін арта түседі,қиындықты жеңуге,төзімділікке баулиды.
“Көбелек гүлге қонды ” ойыны.
Ойынның ережесі: Магниттік тақташаға гүлдер орналастырылған, әр гүлге дауысты дыбыстар орналасқан, арасында дауыссыз дыбыстар да бар. Әр қатардан 1 оқушыдан шығып көбелекті (оның ішінде дауыссыз дыбыс орнатылған) гүлге қондырады. Қалғандары қосылып буынды оқиды. Неге көбелекті дауыссыз дыбысқа қондыруға болмайды? Бұл ойынды өзгертіп өткізуге де болады. Көбелек қонған кезде сөйлем құрастыруға болады, әр шапшаң кезек сақтап оқушылар шығып сөйлемдерін айтады.
“Кім тапқыр?” ойыны.
Ойынның ережесі: сынып 3-4 топқа бөлінеді, бұл топта қамқорлар көп екенін анықтауға керек. Әр оқушының алдында дөңгелекшелер дайындалған. Мұғалім тақта алдындағы жолақшаларға дөңгелекшелермен бір сөздің схемасын құрастырады. Мысалы, 000. Мен қандай сөз құрастырдым? Кім жауап бере алады? Әр топтың жауаптары фишкамен белгіленеді. Тапсырманы өзгертуге болады. Бұл ойыннан кейін фишканы жазғызуға болады. Есіңізде қандай сөз қалды. Ұмытқан оқушылар дөңгелектерге қарап түсіре алады. Неше әріп болу керегін де санай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |