Рахметулина ж. Б


Тақырып 7. СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ



бет2/5
Дата19.06.2016
өлшемі0.77 Mb.
#148249
түріПрактикум
1   2   3   4   5

Тақырып 7. СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ. БӘСЕКЕ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯ.
Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа ықпал етуші факторлар.

Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа ықпал етуші факторлар.

Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі. Нарық тепе- теңдігі.

Бәсеке мәні. Еркін бәсеке. Бәсекелік сайыстың тнрлері. Монополия.


Тақырып бойынша ауызша сұрау:


  1. Сұраныс және ұсыныс дегеніміз не?

  2. Сұраныс қисығы нені көрсетеді?

  3. Сұраныстың бағалық емес факторларын атаңдар.

  4. Ұсыныс қисығы қандай байланысты көрсетеді?

  5. Ұсыныс детерминанттарын сипаттаңдар.

  6. Сұраныс және ұсыныс заңдарында тағы да қандай ауытқулар болады? Олардың мәні неде?

  7. Сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңдік жағдай дегеніміз не?

  8. Сұраныс икемділігінің коэффициенті қалай есептеледі?

  9. Ұсыныс икемділігінің коэффициенті қалай есептеледі?

  10. Тұтынушылық таңдау дегеніміз не және оның факторлары?

  11. Тұтынушылық іс-әрекетті қалыптастыру неге негізделеді?

  12. «Бюджет сызығы» мен «немқұрайдылықтың қисығы» нені көрсетеді?

  13. Бәсеке және оның түрлері.

  14. Монополия: экономикалық табиғаты және пайда болу себептері.

  15. Монополияның түрлері мен формалары

  16. Монополияға қарсы реттеу.

  17. Бәсеке дегеніміз не? Бәсекенің түрлерін атаңдар

  18. Таза бәсеке нарықтарын сипаттаңдар.

  19. Монополияның қандай түрлерін білесіңдер?

  20. Монополияның формаларын атаңдар

  21. Салаға кіру үшін қандай кедергілер бар?

Дұрыс - Қате


  1. Нарықтағы тепе- теңдік – бұл сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.

  2. Нарықтағы артықшылық- бұл нарықтық баға теңдік бағадан төмен болғанда сұраныс ұсыныстан артып кетеді

  3. Икемділік бұл белгілі бір фактордың бір %-ға өзгеруінен сол тауарға деген сұраныстың (ұсыныстың) қанша % өзгертетінін көрсетеді.

  4. Бәсеке- бұл қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін нарық субъектілерінің экономикалық жарысы.

  5. Олигополия- нарықта көптеген ұсақ сатушылар мен сатып алушылар, сатушылардың әрқайсысының өнімдері әр текті бір бірінен өзгешелеу алмастыруға болатын өнімдер (сапасы, сыртқы әрленуі, ассортименті, қызмет көрсету бойынша бөлінеді), олар фабрикасына қарай немесе басқаша белгі салу тәсілдеріне қарай ажыратылады. Бағалық бәсеке орын алады, нарыққа кіру және шығуда оңай жеңіл.

  6. Монополистік бәсеке - нарықта бірнеше ғана сатушылар, олардың өнімдері біркелкі, біртекті стандартталынған немесе диференциалданған.

  7. Картель өнімінің көлемі және баға туралы укелісу арқылы бірнеше ірі фирмалардың бірігуі.

  8. Концерн бірнеше бағыттағы фирмалардың біріңғай қаржы орталығына бірлесу.

  9. Конгломерат– бұл бірлесіп ірі жоба жасауда өнеркәсіптің, банктердің уақытша бірлесуі.

  10. Трест бұл меншікті, өндірісті, тауар өткізуді жалпы бірлесіп басқару үшін ұйымдастырылған бірлестік.


Келесі тапсырмаларды ойланып көріңдер:
1. Кестені толтырыңдар:


Тауарлар көлемі


Жалпы пайдалылығы


Шекті пайдалылығы

1




10


2


18




3


25







  1. Аяқ қиім бағасына деген сұраныс пен ұсыныс кестеде берілген деп ұйғарайық:




р


1000


900


800


700


600


теңгемен


Qd


2


4


6


8


10


Парымен

Qs

10

8

6

4

2

Парымен

А) Аяқ-киімнің сұраныс пен ұсыныс графиктерін салыңдар. Аяқ-киім нарығындағы графикалық теңдік баға мен теңдік көлемді анықтаңдар.

В) Сұраныс пен ұсыныстыњ теңдігін жазыңдар. Теңдік баға мен теңдік көлемді аналитикалық жолмен есептеңдер.

С) Нарықта баға 980 тенге болып белгіленді дейік, нарықта артықшылық әлде тапшылық пайда бола ма әне оның көлемі қандай екендігін анықтаңдар.

Д) Нарықта баға 630 тенге болып белгіленді дейік,нарықта артықшылық әлде тапшылық пайда бола ма әне оның көлемі қандай екендігін анықтаңдар

Е) Тұтынушылардың табысы өсті дейік, бұл сұраныстың өсуіне әкелді:




Р
Р


1000


900


800


700


600


тенгемен


Qd

3

5

7

9

11

Пармен

Бірінші графикте сұраныс қисығының жылжыуын көрсетіңдер. Сұраныстың жаңа теңдігін есептеп, теңдік баға мен көлемді анықтаңдар.

3. Видеокассета нарығындағы жағдайды мына көрсеткіштер бейнелейді:


Баға, ақша бірлігі

8

16

24

32

40

Сұраныс, млн.дана

70

60

50

40

30

Ұсыныс, млн.дана

10

30

50

70

90

Видеокассета сұранысы мен ұсынысының графигін сызып көрсет.

а) Егер бір кассетаның бағасы 8 ақша бірлігін құраса, нарықта қандай жағдай орын алады- видеокассетаның артықшылығы немесе тапшылығы пайда болады. Осы артықшылық немесе тапшылық көлемін анықтаңыздар.

б) Бір кассетаның бағасы 32 ақша бірлігі болған кездегі тап осы тапсырманы орындаңыз.

в) Осы нарықтағы видеокассетаның тепе-теңдік бағасын анықтаңыз.

4. Әр түрлі нұсқалар бойынша сұраныс пен ұсыныс функциялары берілген:




Нұсқалар

Сұраныс көлемі

Ұсыныс көлемі

№1

100-11P

40+4P

№2

80-16P

20+4P

№3

50-4P

10+1P

№4

60-6P

20+2P




  1. Сұраныс пен ұсыныс қисықтарын сызыңыз;

  2. Графикалық және аналитикалық жолмен тепе- теңдік баға мен көлемді анықтаңыз;

  3. Өнімнің алғашқы бірлігі сатып алынатын максималды бағаны анықтаңыз;

  4. Мемлекеттің өнімнің бағасын тепе-теңдік бағадан 1 бірлікке жоғары етіп орнатуға шешім қабылдаса қандай жағдай орын алады (аналитикалық және логикалық жолмен).


Тақырып 8. КӘСІПОРЫН КАПИТАЛЫНЫҢ АЙНАЛЫМЫ.
Кәсіпорындар капиталының шеңберлі айналымы және толық айналымы.

Негізгі және айналмалы капитал.

Негізгі капиталдың табиғи және моралдық тозуы. Амортизация.

Инвестиция өндіріс қорларын қаржыландыру көзі ретінде.


Тақырып бойынша ауызша сұрау:
1. Капиталдың айналымы мен шеңбер айналымы дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Капиталдың негізгі және айналымға бөлінуінің мәні неде?

3. Негізгі капиталдың тозу формалары қандай?

4. Айналым капиталы мен айналым құралдары түсінігі қалай қатысты?



Дұрыс – Қате


  1. Айналым капиталға: ғимарат, салынып жатқан құрылыс, машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары, т.б. яғни капиталдың пайдалануына қарай құнын өнім бағасына бөлшектеп ауыстыратын бөлігін айналым капиталға жатқызады.

  2. Негізгі капиталы, әдетте өндіріс процесі кезінде өзінің натуралды – заттық формасын өзгертеді, әрбір өндіріс циклы кезінде өзінің құнын дайын өнімге көшіріп және оны толық қолданады.

  3. Айналым уақыты– бұл капиталдың бастапқы ақша формасының бір қозғалысынан өтіп алғашқы формасына (қосымша пайда өсімімен) қайта оралатын үздіксіз капитал қозғалыс уақыты.

  4. Инвестициялар – бұл пайда табу мақсатымен ел ішіндегі салаға немесе шетелге мемлекеттің немесе жеке капиталдың ұзақ мерзімге салынуы.

  5. Мультипликатор– көбейткіш, ал акселератор – жылдамдату, деген мағынаны білдіреді.


КЕЙС 1
Инвесторға төмендегі кестеде көрсетілгендей екі түрлі жоба берілген. Оны инвестор бірдей параметрлері бойынша бағалауы қажет:


Жетістікке жеткен жағдайдағы табыс

Жетістік болмаға жағдайдағы табыс

2100

5100

1510

1100

Егер инвесторда жобаның мүмкін болатын максималды табысы қызықтырса, онда ол 1-ші жобаны талдайды. Бірақ, бұл жағдайда жолы болмаса төменгі табыспен шектелуге тәуекелденеді.

Егер екінші жоба таңдалса, онда инвестор үлкен потенциалды табыстан бас тартуға дайын болып, жолы болмаған жағдайда өзін сақтауды ғана ойлайды.

Сөйтіп, инвесторды үлкен табыстар қызықтырмайды, табыстың төмен болуы да ойландырмайды, тек өзге ақпараттар болмаған кезде екі жоба да бірдей құндылықта деп бағалайтын болады.



Нақты жағдайға қойылатын сұрақтар:

  1. Екеуінің қортындысының ықтималдылықтары қандай?

  2. Инвестор қай жобаны іске асыруы қажет?

  3. Қай жоба инвесторға тиімсіз және неліктен?



КЕЙС 2
Халқы тығыз орналасқан Шымкент аудандардың бірінде орналасқан «Визит» Акционерлік Қоғамының негізгі өндіріс көзі – алкогольсіз сусындар болып табылады. Қазан айында анықталғандай, көктемгі, жаз айларындағы қызу жұмыстың нәтижесінде кризистік көлемде 55 тонна қатты өндіріс қалдықтары жиналыпты. Қалдықтың көпшілігі пластикалық ыдыстар, қағаз этикеткалар және қақпақтардан тұрады. Кәсіпорынның қатты өндіріс қалдықтарын тастауға арналған арнайы орынның сыйымдылығы – 60 тонна.

«Визит» Акционерлік Қоғамының басшылығының алдындағы негізгі мәселе – «Қандай жолмен ешқандай зардаптарсыз осынша қалдықтан құтылуға болады?». Қалдықтарды утилизациялау қымбат шара болып табылады, дәл осы кезде кәсіпорынның басшылығы түскен пайданың негізгі бөлігіне жаңадан өнім шығаруға арналған қымбат тұратын құрал-жабдық сатып алуға шешім қабылдады. Қоқысқа төгейін десе, Қоршаған Ортаны Қорғау басшылықтары рұқсат бермейді.



Нақты жағдайға қойылатын сұрақтар:

1. Қалдықты утилизациялаудың оптималды шешімін табыңыздар;

2. Кандай мүмкін болатын шешімдер осы мәселеден мүлдем құтылуға көмектеседі?

КЕЙС 3
Қазақстанға капитал тартымдылығы мен даму тәжірибесіне байланысты инвесторларды қызықтыратын үш аймақты қарастыруға болады.

Біріншісі Астана болып табылады және экономиканың әр түрлі секторларына инвестиция тарту 2000ж. 56 млрд. құрады.

Өте жоғарғы қарқынмен құрылыс жүргізілуде. Қала жаңа қазіргі заманғы талаптарға сәйкес әкімшілік- шаруашылық және тұрғын үй ғимараттарымен көркейтілуде. Архитектуралық жоғарғы сапа және қазіргі дизайн еліміздің астанасына көрік беріп тұр.

1999ж. бастап Астана қаласының «Тұрғын үй құрылысын ипотекалық несиелендірудің қалалық бағдарламасы» жүзеге асырылуда. Барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдар және халық 2001ж. маусымында жалпы көлемі 104586 шаршы метр болатын 727 пәтер тұрғызды және 2003ж. маусымымен салыстырғанда тұрғын үй салу 1,3 пунктіге өскен.

Қала халқы жоғарғы қарқынмен өсіп, 2005ж. 529,3 мың адамға жеткен. Сондықтан, қаланы тұрғызудың жаңа көзқарастарының бағдарламаларын жасау қажет.Оның даму Есіл өзенінің оң жағында орналасқан ескі қаланы қайта салу арқылы және сол жағалауға ірі құрылыс жүргізу арқылы жүзеге аспақ.Қазіргі кезде шет елдік компаниялармен бірлесіп қаланың жаңа бас жоспары қарастырылуда. Өзеннің сол жақ жағалауында жаңа әкімшілік орталық салынады деп күтілуде. Қаланың өсуіне жағдай жасайтын ірі құрылыс құрылымдары үшін территория ізделінуде. Басты инвестициялық жобалардың ішінде – «Астана- сити» деңгейлі іскер және мәдени кешенді салу тұр. Ол қаланың орталығында орналастырылып, бизнес орталықтарды, экспозициялық орталықты, мейрамханаларды және де басқа нысандарды біріктіреді.

Бұдан басқа, қаланың сол жақ жағалауын тұрғызудың негізгі инженерлік обьектілері су және электр қуатымен, жол мен көпірлерді, территорияны инженерлік қорғау, байланыс және коммуникациямен қамтамасыз етуді қарастырып отыр. Жалпы Есіл өзенінің сол жағалауын тұрғызуға 300 млн.$ жұмсалады. Осы ауданда құны 12 млн.$ болатын дипломатиялық қалашық орналасуы қажет.

Қаланы салу жоспарына кірпіш және басқа да материал өндіретін зауытты салу да бар. Қазіргі уақытта қала троллейбус паркін жаңарту мен қайта жөндеуге мәжбүр. Сонымен қатар, Астана қаласы мен Вячеслав су қоймасын біріктіретін су құбырын салу жобасы қарастырылып отыр және ол қала әкімшілігінің айтуынша ауыз су сапасын да жоғарылатуға сапасын тигізеді. Осы жобаны қаржыландыруды француздық несие бағытына бері жоспарланып отыр.

Келесі аймақ Алматы болып табылады. Алдыңғы қатарда қаланы дамытудың нақты стратегиялық жоспарлар, сонымен қатар, ағымдағы жылдың салалық бағдарламалары мен орта мерзімді перспективалар алынған.

Қазіргі таңда Алматыда өндірілетін өнімнің 80%-нан астам өнім жеке меншік негізінде өндіріледі.

Тағы бір оң фактор – тұрғын үй құрылысының өсуі. Сонымен қатар, салынған үйлер жеке капиталдан тартылған. Капиталды құрылыс саласында коммерциялық негізде аяқталмаған құрылысты бітіруге қызығушылықтар бар. Қазіргі кезде Алматы қаласындағы әр түрлі құрылыс дайындықтағы 20%-дан 80% -ды қамтитын 400 мың шаршы метр жер бар. Қалалық билік әсіресе, өнеркәсіптік өндіріс, транспорт, құрылыс және басқа да әлеуметтік теңсіздікті тудыратын салалларға көңіл бөлуде. Алматы қаласын еркін кәсіпкерлік қаласы деп жариялағаннан соң кей салада өсу байқалып, шағын және орта бизнесті дамытуға үлкен әсер етті. Қазіргі кезде қалада Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің мәліметі бойынша 39740 шағын және орта бизнес қызмет етеді. Ірі жобалардың ішінде троллейбус шығаратын «Шкода» біріккен кәсіпкерлік компаниясының, «Алматы маргарин зауыты» АҚ-ның және «LG Электроникс» зауытының қызметтері бағаланды.

Осыған байланысты, Алматыда алғашқы өнеркәсіптік аумақтар мен бизнес-инкубаторлар даму алды. «ТИКО» қазақ-түрік қоры арнайы 3 мың шаршы метр көлемді алатын өнеркәсптік зона құруды көздеп отыр.

Басты мәселе қаланың ішіндегі транспорттық құрылысты шешу болып отыр. Кейінгі кезде қалаішілік тасымал магистралінің даму өткір мәселе болып отыр. Алматы әкімшілігі үкіметтен ішкі қарыз есебінен 700 млн. теңгеден аса қарыз алуға рұқсат алды. Әкімшілік қаладағы барлық асфальт қабатын қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Екінші жағынан, әкімшілік қала территориясынан автомайқұю бекеттерін алып тастап, оның орнына «Қазақойлдың» қатысуымен май құю бекеттерінің кешенін соғуды көздеп отыр. Осы кешенді салу үшін 20 жер участогы бөлінді.

Келешекте Алматы әкімшілігі қалалық туризмді қолға алу шараларын қабылдауда. Ең алдымен, ол нормативтік- құқықтық қамтамасыз ету, туристерді қызықтырудағы кедергілерді азайтуға және инфрақұрылымды дамытуға тиесілі.

Келесі аймақ Қызылорда облысымен аяқталады. Мұнда регионның шикізаттық базасын дамыту көзделген. Арал бассейнін барлау 75 млн. тонна мұнай мен 2,3 трлн. шаршы метр газдың бар екендігін болжады.

Қазіргі таңда мұнай өңдеумен 4 біріккен кәіспорын айналысады және оған шет елдік компания тарапынан 193 млн.$ инвестиция тартылған. Жыл сайын территория аумағында 3 млн. тонна мұнай өңделеді. Облыстың мұнай-газ кешенінің дамуы екі маңызды инвестициялық жобалардың жүзеге асуына байланысты. Оның біріншісі – мұнайды өңдеу зауытының құрылысы, бұл тағы қосымша 500 мың тонна мұнай өндіруге және республиканың оңтүстігінде мұнай өңдеуші базаның альтернативасы болуға кепілдік береді. Екіншісі – 75 млн.$ құны бар газды утилизациялау, ол Оңтүстік Қазақстанды толығымен газбен қамту мәселесін шешеді.

Қызылорда облысы республикада полиметалл қоры бойынша үшінші орынды алады. Мұнда уранның 17%, ванадийдің 90%- ы, мырыштың - 15%-ы орналасқан. Барлау жұмыстарының нәтижесінде онда алтынқұймалы, титанды және басқа да кен түрлері анықталған. Кен қазбаларынан басқа аймақтың үлесіне республикадағы тұздың 60%-ы, толық құрылыс материалын өндіру үшін толық жағдай бар. Шыны өнеркәсібінің дамуы үшін кварц құмының көп мөлшері ашылған.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Алматыда қаланы дамытудың стратегиялық жоспары бойынша қандай нәтижелер алынды?

  2. Неліктен Алматы қаласының билігі өнеркәсіп өндірісі саласында, транспорт және құрылыс саласында байланыстарды кеңейтуга үлкен мән береді?

  3. Алматыны еркін кәсіпкерлік қаласы деп жариялағаннан соң қандай жетістіктерге қол жеткізілді?

  4. Астананы жаңа жоспар бойынша салу немен байланысты? Қаланың бас жоспарын құрастырудың мәні неде?

  5. Астана қаласының әкімі ауыз су сапасын жақсарту үшін қандай шаралар қолдануда?

  6. Қызылорда облысындағы мұнайгаз кешенін болашақта дамыту неге байланысты?

  7. Қазақстанның 3 аймағының қайсысы стратегиялық маңызы жоғары болып табылады?

  8. Неліктен экономикалық реформалар жүргізудің ауыртпалығын аймақтарға бөлген?

  9. Шет ел инвесторлары үшін өнеркәсіптің қай салалары тартымды болып табылады?

  10. Шет елдік инвесторлардың мүдделері ҚР-ның ішкі мүдделерімен сәйкес келеді ме?


Тақырып 9. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ, ОНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫ. КӘСІПОРЫНЫҢ (ФИРМАНЫҢ) ШЫҒЫНДАРЫ МЕН ТАБЫСЫ.
Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні, қызметтің түрлері және ұйымдық формалары.

Кәсіпорын шығындарының түрлері.

Фирманың жалпы, орташа және шекті табысы. Бухгалтерлік, экономикалық және мөлшелрі (нормалды) пайда.
Тақырып бойынша ауызша сұрау:


  1. Кәсіпкерлік дегеніміз не?

  2. А.Смит кәсіпкер деп кімді түсінді?

  3. Кәсіпкерліктің сипатты белгілері қандай?

  4. Кәсіпкерліктің қандай түрлері бар?

  5. Ірі бизнестің басымдылығы неде?

  6. Серіктестік дегеніміз не?

  7. Акционерлік қоғам қалай құрылады және басқарылады?

  8. Акция дегеніміз не?

  9. Облигация дегеніміз не?

  10. Кәсіпкерліктің әр формасының артықшылықтары мен кешіліктерін атаңдар.

  11. Біздің елдегі шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағыттарын атаңдар.

  12. Қазақстанда кәсіпкерлік қандай ерекше орын алады?

  13. Фирманың нарықтағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қызметі арасындағы айырмашылықтарды көрсетіңдер.

  14. Марксистік және неоклассикалық концепциядағы шығындардың түсіндірілуі қандай?

  15. Өндірістің пайдасы мен өтімділігі қалай есептеледі?

  16. Шығындардың түрлеріне сипаттама беріңдер.

  17. Өндіріс көлемінің оң, теріс және тұрақты эффектісін сипаттаңдар.

  18. Жалпы, орташа және шекті шығындар қалай есептеледі?


Дұрыс – Қате


  1. Шығындар – бұл өнім өндіру процесінде өндіріс факторларын сатып алуға кеткен ақшалай қаражат.

  2. Өзгермелі шығындар - өнім көлеміне байланысы жоқ шығындар.

  3. Тұрақты шығындар - өндірілген өнім көлемі өзгерген сайын өзгеріп отыратын шығындар.

  4. Орташа шығындар – бұл бір данаға шыққан шығындар.

  5. Шекті шығындар – бұл шығындар өнім өндірудің ең жоғары көлемін анықтау үшін қолданады.

  6. Экономикалық шығындар – бұл есепке алынған айқын шығындар.

  7. Бухгалтерлік шығындар – бұл айқын мен айқын емес шығындардың қосындысы.

  8. Бухгалтерлік пайда– бұл жалпы табыс пен бухгалтерлік шығындар арасындағы айырмашылық.



Келесі тапсырмаларды ойланып көріңдер:
1. Акционерлік қоғамның қызметіне жалпы акционерлер жиналысы арқылы қалай ықпал етуге болады?

2. Төменде келтірілген тізімде қайсысы тұрақты, ал қайсысы өзгермелі шығындарға жатады: қаларалық байланысты төлеу; арендалық төлем; жылуға төлеу; шикізат сатып алу; құралдарды сатып алу; зейнетақы қорына аударымдар; амортизация; басқармалық персоналға еңбекақы төлеу; жұмысшылардың еңбекақысын төлеу; электроқуатына төлеу; телефонды қолданғаны үшін төлеу?

3. Келесі берілгендердің негізінде жалпы және шекті шығындар көлемін есептеңдер:


Шығарылым көлемі, Q

Тұрақты шығындар, FC

Өзгермелі шығындар, VC

Жалпы шығындар,ТС

Шекті шығындар, МС

0

100

0







10

100

50







20

100

100







30

100

150







40

100

200






4. Фермерлік шаруашылық картоп өсіреді. Кестеде өнімді шығарудың көлемі менқысқа мерзімді өзгермелі шығындардың динамикасы көрсетілген. Тұрақты шығындар 40 бірлікке тең. Шығындардың келесі түрлерін есептеңдер: ТС, VС, АТС, АРС, МС. Соңғы төрт көрсеткішті графикалық түрде көрсетіңдер.




Q (тонна)

АVС (бірлік)

0

1


0

40


2

3


40

46,6


4

5


55

72


6

86,6

5. Келесі берілгендердің негізінде бухгалтерлік және экономикалық пайданы есептеңдер:




Шығындар түрі

Тенге

Жалдамалы жұмысшылардың еңбекақысы

Кәсіпкерлің айқын емес табысы

Кәсіпкердің әйелінің айқын емес табысы

Несие үшін пайыздарды төлеу

Жеке капиталы үшін айқын емес пайыз

Амортизация

Шикізат пен материалдар

Жалпы пайда



58

12

24



16

4

22



18

186




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет