86
жеттім», – дедi. Сүлеймен құстың сөзiн естiп, тынышталып, бiраз ойланып
қалды да: «Қазiр сенiң сөзiңнiң шын әлде өтiрiк екендiгiн анықтаймыз.
Мынау хатты олардың патшасына жеткiзесің. Және олардан менiң хатыма
жауап алып кел», – деп хатты бердi. Һудһуд Сүлейменнің
бұйрығын
орындап, хатты алып, ол елдiң Билқис есiмдi әйел патшасына жеткізді.
Билқис
хатты оқып, ондағы сөздер патшалардың,
пайғамбарлардың
сөздерiндей жазылғандығын бiлдi. Хатта: «Бұл хат Сүлейменнен. Аса
Мейiрiмдi, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен бастаймын. Маған ұлықтық
қылмай, бағынып келiңдер», – делiнген. Билқис патша бұл хаттың мәні
жайлы ақылдасу үшiн елiндегi басшылар мен ұлы кiсiлерiн жинап:
«Сүлейменнiң талабына не дейсiңдер?» – деп олардың ойларын сұрады.
Олар: «Iс сiзге байланысты. Бiз – сiздiң адамдарыңызбыз. Сөзiңiздi тыңдап,
бағынамыз. Егер бұйырсаңыз, соғысуға да дайынбыз», – дестi. Бiрақ соғыс
туралы пiкiр Билқисқа ұнамай, мәселенi келiсiммен шешудi қалады.
Достарыңызбен бөлісу: