Бірінші кадрға қайтадан келіп, Insert - Great Motion командаларын
орындаймыз.
Enter клавишін басып Flash фильмінің орындалу нәтижесін көреміз.
Бұл қарастырылған мысалда объект бірқалыпты қозғалады.
Мұндай
қозғалыс объектінің көрерменге жақындау процесін табиғи түрде көрсете
алмайды. Фильмде вертолет жақындаған сайын оның
жылдамдығы азаятындай
әсер береді. Бірқалыпты қозғалыстың әсерін жасау үшін кадрдан кадрға көшкенде
объектінің орын ауыстыру жылдамдығы ұлғаяды. Ол үшін Properties (Қасиеттер;
Свойства) терезесінде Ease (Баяулату; Заедление) параметрі пайдаланылады. Бұл
параметрдің оң мәні объектінің қозғалысын соңғы кадрға дейін баяулатады. Ал
теріс мәні оны жылдамдатады. Біздің жағдайда -80 мәнін енгізуге болады.
Сонымен біз осы уақытқа дейін объектінің түзу сызықты қозғалысын
қарастырдық. Flash MX ортасында берілген траектория бойынша қозғалыс
анимациясын құруға мүмкіндік бар.
Берілген траектория бойынша қозғалыс анимациясы
Flash програмасында объектілердің траектория бойынша қозғалысын жасауға
болады. Қозғалысты жүзеге асыру үшін келесі командалар жиынтығын
орындау
қажет:
Жаңа фильм құрамыз.
Анимацияның объектісі ретінде кез келген суретті немесе графикалық
элементті қолданайық және оны ерекшелейік.
Объектіні топтастырамыз: Изменить (Өзгерту, Modіfy) - Группировать
(Топтау, Group) командаларын орындаймыз.
Уақыт шкаласында орналасқан
қозғалыс бағыттаушысын қосатын пернені басыңыз
(Добавить
направляющюю движения)
. Уақыт шкаласында
орналасқан ерекшелеген жаңа
қабат пайда болады.
Қарындаш сайманын таңдаңыз
және
кадрдан өтетін объектінің
қозғалысын бейнелейтін сызық сызамыз.
261-сурет.
5.
- көрсеткішті қолданып, объектінің
центрі сызықтың басымен
теңесетіндей етіп орналастырамыз. Іnsert (Қосу, Вставить) - Сreat Motіon Tween
(Қозғалыс құру, Создать двойное движение) командаларын орындау арқылы
анимация жасалады.
Келесі фильмнің барлық кадрларын жасаймыз. Тышқанмен бағыттаушы
жолындағы 30 көрсеткішін басып тұрып, 1-ші қабатқа қарай орнатамыз.
Іnsert (Қосу, Вставить) - Keyframe (Кілттік
кадрды қосу, Ключевой кадр)
командасын орындағаннан кейін соңғы кадр пайда болады. Сонымен қатар
программа автоматты түрде аралық кадрларды қояды.
Объектілерден ерекшелеуді алып тастау үшін тышқанмен кадрдың бос орнын
белгілеңіз.
Объектінің центрі сызықтың соңына орналасатындай етіп орналастырамыз.
Фильмді ойнатып көрейік.
262-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: