Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С



Pdf көрінісі
бет6/73
Дата15.06.2023
өлшемі4.67 Mb.
#475077
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Конструкторлық графика. Бұл автоматтандырылған проектілеу
жүйесінің элементі. Оның міндеті:
техникалық конструкцияны проектілеу процесінде (жазық және үшөлшемді 
бейнелерді алу) сызба дайындау;
модельдеу (графика+есептеу) – оптимальды конструкциялау.
Безендірмелік графика. Компьютерде графикалық редакторлар
көмегімен сурет салу;
Көркемдік және жарнамалық графика. Өте күшті графикалық пакеттерді 
пайдаланып жарнамалық роликтер, компьютерлік ойындар, мультфильмдер, қиын 
шынайы графикалық бейнелер құру. Яғни, графикалық бейнелерді құру
және өңдеу үшін қолданылады, мысалы, баспа басылымдарын, жарнамалық 
роликтерді, фотобейнені қалпына келтіру және өңдеу, мультфильм құру
видеосабақ, компьютерлік ойын жасау үшін қолданылады. Архитектурада сызба 
дайындау процесін автоматтандыруға және ғимараттарды қабаты бойынша 
жобалауға мүмкіндік береді.
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
Компьютерлік графиканың бағыттарын ата.
Олардың міндеттері мен қолданылу аймақтарын түсіндір.


3-дәріс. Графика форматтары
Дәрістің мақсаты: Графикалық файлдардың форматтарымен жеке танысу.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
Графика форматтары.
Форматтардың ерекшеліктері.
Дәрістің тезисі: Компьютерлік графикада мәліметтерді сақтау үшін аз 
дегенде файлдардың отыз шақты форматтары қолданылады. Бірақ солардың ішінде 
бірнешеуі ғана көпшілік программада қолданылып, стандарт ретінде қалыптасқан. 
Ережеге сай, сәйкес келмейтін форматтар растрлық, векторлық, үш өлшемді 
бейнелі файлдар болып келеді, дегенмен әр түрлі класқа жататын мәліметтерді 
сақтауға мүмкіндік беретін форматтар да жоқ емес. Көптеген қосымшалар өзінің 
жеке «өзіне тән» (спецификалық) форматтармен ғана жұмыс істейді; олардың 
файлдарын өзге программаларға ауыстыру арнайы фильтрлерді қолдануға немесе 
бейнені «стандартты» форматқа алмастыруға мәжбүрлейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет