Құрастырушы: доцент, ф м.ғ. к. Досанов Т. С



Дата05.07.2016
өлшемі245.52 Kb.
#179875


Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37


Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Физика және аспап жасау кафедрасы

5В070300 – Ақпараттық жүйелер, 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандықтарының студенттеріне арналған

Физика 1
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар



Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38




БЕКІТЕМІН

ФМжАТ факультенің деканы

________ Нурбекова Ж.К.

«____»_____________20__ ж.


Құрастырушы: доцент, ф.-м.ғ.к. __________ Досанов Т.С.
Физика және аспап жасау кафедрасы
5В070300 – Ақпараттық жүйелер, 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандықтарының күндізгі жалпы орта білім негізінде оқу нысанының студенттеріне арналған «Физика 1»

пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 20__ ж. __________ «____» бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
20__ ж. _____«____» кафедра отырысында ұсынылған

Хаттама №____


Кафедра меңгерушісі__________Биболов Ш.К. 20___ ж. _______ «____»
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған 20___ ж. «____»_____________

Хаттама №_____


ОӘК төрағасы _______________________Муканова Ж.Г.
КЕЛІСІЛГЕН

АжБ кафедрасының меңгерушісі________Хацевский В.Ф. 20__ ж. ____ «___»


ИжАЖ кафедрасының меңгерушісі_______Асаинова А.Ж. 20__ ж. ____ «___»
ЕТжБ кафедрасының меңгерушісі________Потапенко О.Г. 20__ ж. ____ «___»

1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Досанов Талғат Сапарғалиевич ф.-м.ғ.к., физика және аспап жасау кафедрасының доценті – дәріс және тәжірибе сабақтары.

Мурзалинова Бақыт Шайдуллаевна физика және аспап жасау кафедрасының оқытушысы – зертханалық және СӨЖМ сабақтары.

Қабылдау сағаттары: А-313, сабақ кестесі бойынша консультациялар.


2 Пән туралы мәліметтер

Пәннің ұзақтылығы 15 апта, 2 семестрде оқытылады. Пәннің жалпы көлемі 135 сағат, олардың ішінде 45 сағат –аудиториялық, 90 сағат – студенттердің өздік жұмысына (СӨЖ) арналған.

Аудиториялық сағаттардың үлесуі календарлық жоспарда көрсетілген.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы


Семестр

Кредиттер саны

Аудиториялық сабақтар

түрі бойынша сағаттар саны



Студенттің өздік жұмысының сағаттары

Бақылау түрі

Барлығы

дәріс

тәжірибелік

зертханалық

студиялық

жеке

барлығы

СӨЖМ

2

3

135

15

15

15







90

45

Р1, Р2, емтихан


4 Пәннің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:

«Физика» пәні жоғарғы техникалық оқу орындарында жоғарғы математика, теориялық механика, жалпы химия және т.б. пәндермен қатар бакалаврлар дайындау бағдарламаларының жалпы теориялық негізін құрайды және кез келген техникалық бағыттар бойынша жоғарғы инженерлік-техникалық оқу орнын бітіруші мамандардың келешек қызметтерінің негізгі (базалық) міндетін атқарады.



Міндеттері:

- студенттердің көзқарасын, қазіргі заман физикасының көмегімен әлем бейнесінің сипатын көрсете білу қабілеттілігін және ғылыми көзқарасын қалыптастыру;

- студенттерге физиканың іргелі заңдарын классикалық теорияларын, қазіргі заман физикасы туралы білімін және оларды іс жүзінде қолдануды икемділіктерін қалыптастыру, сонымен қатар кәсіби мамандығының негізгі жүйесі ретінде физикалық зерттеулердің әдістемелерін игеретін деңгейде білім беру.

Жоғарғы техникалық оқу орындарындағы физика курсының міндеттері:

- классикалық және қазіргі физиканың теорияларын, заңдарын олардың ішкі өзара байланыстарын, бір тұтастығын т.б. көріністерінің негізгі мән мағынасымен таныстыру, сондай-ақ болашақ инженерлер үшін физикалық үғымдар мен қүбылыстарды және олардың заңдарын игеріп, белгілі жағдайда тиімді пайдалана білудің қаншалықты маңызды екендігіне көз жеткізу;

- студенттерді, кәсіби мәселелерді шешудің негізі болып табылатын физика пәнінің әр түрлі салаларына қатысты мәселелерді (теориялық және эксперименталдық оқу мәселесі) шешуге дағдыландыру;

- студенттерді эксперименталдық немесе теориялық зерттеу әдістері арқылы алынған нәтижелердің дүрыстығының дэрежесін анықтауға дағдыландыру;

- студенттердің физикалық қүбылыстардың моделін компьютер арқылы жасау, табиғи қүбылыстарды өз бетімен танып білу, творчестволық ойлау жүйесін дамытуға жол ашу;

- студенттерді қазіргі өлшеу аспаптарымен таныстыру, эксперименталдық зерттеулерді жүргізу, нэтижелерді өңдеу дағдысы мен іскерлігін жетілдіру, болашақ мамандығына байланысты қолданбалы мәселелердің нақты физикалық мағынасын танып білуге үйрету.
5 Студенттердің біліміне, шеберлігіне және дағдыларына қойылатын талаптар

Пәнді жоғары деңгейде меңгеру үшін сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия, математикалық талдау, диффренциалдық теңдеулер, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика элементтері саласында білімдер қажет.


6 Пререквизиттер

«Математика».


7 Постреквизиттер

«Физика 2», «Цифрлік техника және микропроцессорлық құралдар», «Тәжірибе техникасы және оны өндеу», «Компьютерлік модельдеу негіздері», «Интеллектуалды ақпараттық жүйелер», «Компьютерлік моделдеу», «ЭЕМ-ді ұйымдастыру».



8 Тақырыптық жоспар


п/п

Бөлімдердің атауы

Сағаттар саны

Дәріс

Тәж.

Зерт.

СӨЖ

1

2

3

4

5

6



Механика

5

5

5

30



Молекулалық физика және термодинамика

5

5

5

30



Электр және магнетизм

5

5

5

30

Барлығы

15

15

15

90


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

«Физика 1» курсы болашақ техникалық маманын дайындауда жетекші орындардың бірін алады және онсыз мамандырды дайындау мүмкін болмайтын іргелі міндеттерді атқарады.


10 Курстың компоненттері

10.1 Дәрістік сабақтардың мазмұны

Тақырып 1. Механика. Кинематика. Механикалық қозғалыс-материя қозғалыстарьщың ең қарапайым түрі. Кеңістік және уақыт. Санақ жүйесі. Материалдық нүкте түсінігі. Материалдық нүкте козғалысын кинематикалық сипаттау. Қозғалыс заңы. Траектория теңдеуі. Жылдамдық және үдеу-радиус-вектордың уақыт бойынща туындысы. Айналмалы қозғалыстың кинематикалақ элементтері. Қисық сызықты қозғалыс кезіндегі жьшдамдық пен үдеу. Бұрыштық жылдамдық және бүрыштық үдеу.

Материалдық нүктенің және қатты дененің динамикасы. Ньютон заңдары. Масса. Күш. Механикадағы күштердің түрлері. Гравитациялық күштер. Бүкіл әлемдік тартьшыс заңы. Серпімділік күштері. Гук заңы. Үйкеліс күштері. Инерциалды санық жүйелері. Салыстырмалылықтың механикалық принципі. Галилей түрлендірілуі. Инерциалды емес санақ жүйесі. Абсолют қатты дене түсінігі. Қатты дененің инерция моменті және күш моменті. Қозғалмайтын оске қатысты қатты дененің айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі. Штейнер теоремасы.

Сақталу заңдары. Сақталу заңдары кеңістік және уақыттың симметриялы екендігінің салдарлары. Материалдық нүктелер жүйесі. Сыртқы және ішкі күштер. Массалар иентрі. Механикалық жүйенің массалар центрі (инерция центрі) және оның қозғалыс заңы. ІІмпульстің сақталу заңы - табиғаттың іргелі заңдарының бірі. Реактивті қозғалыс. Энергия - әр түрлі көріністегі формалы қозғалыстар мен өзара эсерлесудің эмбебап өлшемі. Күш жұмысы және оның қисық сызықты интеграл арқылы берілетін өрнегі. Қуат. Механикалық жүйенің кинетикалық энергиясы және оның жүйеге түсірілетін сыртқы және ішкі күштерінің жұмысымен байланысы. Сыртқы күш өрісіндегі материалдық нүктенің потенциалдық энергиясы және оның материялық нүктеге эсер ететін күшпен байланысы. Консервативті және консервативті емес күштер. Механикадағы энергияның сақталу заңы. Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы. Гироскопиялық эффект.

Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері. Эйнштейн -постулаттары. Лоренц түрлендірілуі. Түрлендірілудің инварианттары. Жылдамдықтарды кесудьщ релятивтік заңы. Релятивтік динамика.

Тұтас орталар механикасың элементтері. Тұтас орта түсінігі. Сұйықтар мен газдардың жалпы қасиеттері. Идеал және тұтқыр сұйық. Бернулли теңдеуі. Сұйықтардың ламинарлық және турбуленттікағыны. Стокс өрнегі. Пуазейл өрнегі. Серпімді кернеулер. Серпімді деформацияланған дененің энергиясы.

Тербелістер мен толқындар. Гармониялық тербелістердің жалпы сипаттамалары. Серіппедегі жүктің тербелісі, математикалық және физикалық маятниктер. Тербелістерді косу. Векторлық диаграмма. Еркін өшетін тербелістер. Өшу коэффициенті. Өшудің логарифмдік декременті. Синусоидалық күштің эсерінен болатын еріксіз тербелістер. Еріксіз тербелістердің амплитудасы мен фазасы. Резонанс. Автотербелістер. Толқындық козғалыстардың негізгі сипаттамалары. Толқын теңдеуі. Қума және тұрғын толқындар. Фазалық жылдамдық. Допплер эффектісі. Дыбыс. Ультрадыбыс.

Тақырып 2. Молекулалық физика және термодинамика. Статистикалық физика және термодинамика. Молекула - кинетикалық эның негіздері. Молекула-кинетикалық көзқарас тұрғысынан газдың қысымы. Температураның молекула - кинетикалық теория тұрғысынан мағынасы. Идеал газ молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы. Термодинамикалық параметрлер. Тепе-теңдік күйлер мен процестер, оларды термодинамикалық диаграммаларда көрсету. Идеал газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі.

Статистикалық таралула. Ықтималдық және флуктуация. Максвелл таралуы. Бөлшектердің жылулық қозғалысының жылдамдығы. Сыртқы потенциялық өрістегі бөлшектер үшін Больцман таралуы. Еркіндік дәреже саны. Еркіндік дәрежесі бойынша энергияның таралуы. Идеал газдың ішкі энергиясы. Идеал газдың жылу сыйымдылығының молекула- кинетикалық теориясы және оның шектелуі.

Термодинамика негіздері. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Изопроцестер. Қайтымды және қайтымсыз жылульгқ процестер. Карно циклі және оның п.ә.к. -і. Карно теоремасы. Келтірілген жылу. Клаузиус теоремасы. Энтропия. Термодинамикалық потенциалдар. Термодинамиканьщ екінші бастамасы және оның физикалық мағынасы. Термодинамиканың екінші бастамасының стстистикалық сипаттамасы. Энтропияның күй ықтималдылығымен байланысы. Сызықты емес жүйелерінің энтропиясы. Өзін-өзі үйымдастыратын жүйелер.

Тасымалдау қүбылысы. Тасымалдау қүбылысының жалпы сипаттамасы. Молекулалардың соқтығысуының орташа саны және еркін жүру жолының орташа үзьшдығы. Релаксация уақыты. Термодинамикалық теп-тең емес күйлердегі тасьгмалдау қүбылысы. Жылу өткізгіштік, ішкі үйкеліс (түтқырлық), диффузия – тасымалдау қүбылыстарының молекула-кинетикалық теориясы. Тасымалдау коэффициенттері.

Нақты газдар. Молекулааралық өзара әсер күштері. Молекулалардың эффективті диаметрі. Ван-дер-Ваальс изотермалары. Бірінші және екінші текті фазалык тепе-теңдік және фазалык алмасулар. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Кризистік нүкте. Метастабильді күйлер. Үштік нүкте.

Тақырып 3. Электр және магнетизм. Электростатика. Электр зарядтарының өзара әсерлері. Электр зарядтарының сақталу заңы. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Суперпозиция принцігаі. Электрлік диполь. Вектор ағыны. Гаусс теоремасы. Электр өрістерінің кернеуліктерін есептеу үшін Гаусс теоремасын қолдану.

Электростатикалық өрістің жүмысы. Электростатикалық өрістің циркуляциясы. Потенциал. Потенциалдың электростатикалық өріс кернеулігімен байланысы.

Электростатикалық өрістегі өткізгіштер. Өткізгіштер және өткізгіш бетіне жақын жердегі электр өрісі. Өткізгіш - вакуум шекарасындағы шекаралық шарттар. Электр сыйымдылық. Конденсаторлар. Әр түрлі геометриялық пішіндегі конденсаторлардың сыйьмдылығы.

Электростатикалық өрістегі диэлектриктер. Поляризацияланған зарядтар. Диэлектриктердің түрлері. Заттардың диэлектрлік өтімділігі және оның температураға тэуелділігі. Электрлік ығысу. Екі диэлектриктің шекарасьшдағы шарттар.



Электр зарядтарының өзара әсерлесу энергиясы. Зарядталған конденсаторлардьщ және өткізгіштер жүйесінің энергиясы. Электростатикалық өріс энергиясы. Электрлік және өріс энергиясының көлемдік тығыздығы.

Түрақты электр тогы. Электр тогының болу шарттары және оның жалпы сипаттамасы. Металдардың электрлік өткізгіштігінің классикалық электрондьгқ теориясы. Ом және Джоуль- Ленц заңцарының дифференциалды түрі. Бөгде күштер. Гальваникалык элементі бар тізбектің бөлігі үшін жалпы Ом заңы. Кирхгоф ережелері. Газдар мен плазмадағы электр тогы.

Магнит өрісі. Магниттік индукция векторы. Суперпозиция принципі. Био-Савар-Лаплас заңы. Қарапайым жүйелердің магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектің қозғалысы. Лоренц күші. Холл эффектісі. Ампер заңы. Магнит өрісіндегі тогы бар орам. Тогы бар рамкаға эсер етуші күш моменті. Магнит ағыны. Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы. Тогы бар өткізгішті магнит өрісінде орын ауыстырғанда істелетін жүмыс.

Заттағы магнит өрісі. Магнетиктер. Магнетиктердің түрлері. Диамагнетиктер. Парамагнетиктер. Ферромагнетиктер. Магниттік гистерезис. Кюри температурасы. Екі ортаның шекарасындағы шекаралык шарттар. Заттағы магнит өрісі үшін толық ток заңы.

Электромагниттік индукция құбылысы. Электромагниттік индукцияньщ негізгі заңы. Ленц ережесі. Өзара индукция және өздік индукция қүбылысы. Ұзын соленоидтьщ индуктивтілігі. Өзара индукция коэффициенті. Токтың магнит энергиясы. Магниттік энергияның тығыздығы.

Максвелл теңдеулері. Электромагниттік индукция күбылысының Фарадейлік және Максвелдік түсініктемесі. Ығысу тогы. Максвелл теңдеулерінің жүйесі Электрлік және магниттік өрістерінің салыстырмалылығы. Векторлық және скалярлық потенциалдар. Толқындықтеңдеу. Электромагниттік қозудың таралу жылдамдыгы.

Электромагниттік тербелістер. Тербелмелі контур. Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер. Резонанс. Айнымалы электр тогы. Айнымалы ток үшін Ом заңы. Кернеулер мен токтардың резонансы. Динамикалық хаос.
10.2 Тәжірибелік сабақтар тізімі және мазмұны




Тақырыптардың аталуы

Мазмұны

1

2

3

1

Механика

Материалық нүктенің кинематикасы. Материалық нүктенің динамикасы. Қатты дененің динамикасы. Импульстің сақталу заңы. Энергияның сақталу заңы. Импульс моментінің сақталу заңы. Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері. Түтас орталар механикасының элементтері. Серпімді кернеу. Серпімді деформацияланған денелердің энергиясы. Гармониялық тербелістер. Толқындық процестер.

2

Молекулалық физика және термодинамика

Газ заңдары. Статистикалық таралу. Тасымалдау қүбылысы. Термодинамиканегіздері. Реал газдар.

3

Электр және магнетизм

Вакуумдағы түрақты электр өрісі. Электростатикалық өрістегі өткізгіштер мен диэлектриктер. Электрсиымдылық. Электр өрісінің энергиясы. Тұрақты электр тогы. Вакуумдағы магниттік өріс. Заттардағы магниттік өріс. Электромагниттік индукция. Максвелл теңдеулері. Магнит және электр өрістерінде зарядталған бөлшектердің қозғалысы. Электромагниттік тербелістер. Айнымалы электр тогы.


10.3 Зертханалық сабақтардың тізімі және мазмұны




Тақырыптардың аталуы

Сабақтардың мазмұны

1

2

3

1

Механика

Өлшеу нэтижелерін математикалықөңдеу. Атвуд машинасындағы бірқалыпты үдемелі қозғалыстар загдарын тексеру. Маховик дөңгелегінің инерция моментін анықтау. Обербек маятнигінде айналмалы қозғалыстардың заңдарын зерттеу. Гироскоп көмегімен прецессия күбылысын зерттеу. Физикалық маятниктің тербеліс зандарын зерттеу. Денелердің серпімді және серпімсіз соқтығысын зерттеу. Иірілмелі тербелістер жэрдемімен жылжу модулін анықтау. Математикалық маятник эдісі бойынша ауырлық күшінің үдеуін анықтау. Айналмалы маятник жэрдемімен ауырлық күшінің үдеуін анықтау. Баллистикалық маятник жәрдемімен оқтың ұшу жьшдамдығын анықтау. Максвелл маятнигінің инерция моментін анықтау.Иірілмелі тербелістер көмегімен дененің инерция моментін және эллипсоидасын анықтау.

2

Молекулалық физика және термодинамика

Резонанс эдісі бойынша адиабат көрсеткішін және еркіндік дэреже санын анықтау. Тамшы санын есептеу бойнша сұйықтың беттік керілу коэффициентін анықтау. Стокс эдісі бойынша сұйықтың тұтқырлық коэффициентін анықтау. Клеман-Дезорм эдісі бойьшша меншікті жылу сиымдылықтарының қатынасын аныктау.

3

Электр және магнетизм

Амперметр мен вольтметрді градуирлеу. Электростатикалық өрісті зерттеу. Баллистикалық гальванометр және Соти көпірі көмегімен конденсатор сыйымдьшығын анықтау. Уитстон көпірінің көмегімен өткізгіштің кедергісін анықтау. Өткізгіштің меншікті кедергісін өлшеу. Компенсация әдісімен Э.Қ.К. анықтау. Термоэлектрондық эмиссия құбылысын зерттеу. Жартьшай өткізгіш диодын зерттеу. Жердің магниттік өрісінің горизонтал кұраушысын анықтау. Электрондардың металдан шығу жұмысын анықтау. Өзара индукция құбылысын зерттеу. Ферромагниттік материалдардың гистерезисын зерттеу. Тербелмелі контурдағы еріксіз тербелістерді зерттеу.


10.4 Студенттердің өздік жұмысының мазмұны

10.4.1 СӨЖ түрі


п/п

СӨЖ түрі

Есеп түрі

Бақылау түрі

Сағаттарда көлемі

1

2

3

4

5



Дәріс сабақтарына дайындалу




Сабаққа қатысу

15



Практикалық сабақтарына дайындалу, үй жұмысын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15



Зертханалық сабақтарына дайындалу

Конспект

Зертханалық жұмыстарды тапсыру

15



Аудиториялық сабақтарына кірмеген материалды зерттеу

Конспект (және т.б.)

Коллоквиум (және т.б.)

15



Бақылау жұмыстарына дайындалу




МБ 1, МБ 2, коллоквиум (тестілеу және т.б.)

30

Барлығы

90


10.4.2 Студенттер өз бетімен игеруге берілетін тақырыптардың тізімі




Тақырыптардың аталуы

Мазмұны

Ұсын.

әдебиет



Механика

Механика

[3,4,8]



Молекулалық физика және термодинамика

Молекулалық физика және термодинамика

[3,4,8]



Электр және магнетизм

Электростатика. Тұрақтыток. Электромагнетизм. Электромагниттік тербелістер мен толқындар. Айнымалыток.

[3,4,8]


11 Курстың саясаты

Талаптар жүйесі:

  • оқу процесіне белсенді қатысу;

  • тапсырмаларды уақытымен және толық орындау;

  • ішкі тәртіп ережелерін бұзбау;

  • сабаққа кешікпеу және сабақты босатпау.

  • босатылған сабақтарды оқытушымен белгілеген уақытта өтеу;

  • курстастарымен және оқытушылармен тілектес, іскер стильді ұстану.

Әрбір сабаққа дайындалу ұсынылған материалды толық оқу сияқты міндетті.

Студенттердің білімін тексеру тәртібі

Сіздердің дайындықтарыңыз бақылау жұмыстарымен, тест тапсырмаларымен, ауызша және жазбаша сұраулармен тексеріледі.

Курсты оқу барысында студенттердің білімін рейтингілік бағалау жүйесі қолданылады.

1. Семестрдің ортасы мен соңында 100 балдық шкала бойынша пәннің оқылған модулі бойынша студенттің ағымдағы үлгерім (АҮ) бағасы анықталады. АҮ бағасы – бұл келесі жинаған балдардың қосындысы:

1) дәрістік бақылау рейтингісі;

2) зертханалық сабақтар рейтингісі;

3) үй тапсырмасын орындау рейтингісі;

4) өздік жұмыс рейтингісі кіреді.

Дәрістік бақылау рейтингісіне дәріске қатысу және дәріс сабақтарының тапсырмаларын орындау кіреді.

Зертханалық сабақтар рейтингісі – бұл зертханалық сабақтарда зертханалық жұмыстарды орындау, қорғау.

Үй тапсырмасының рейтингісі – бұл үй тапсырмасын орындауды бағалау.

Өздік жұмыс рейтингісі – бұл өздік жұмыстарын орындауға және қорғауға қойылатын баға.

Барлық тапсырмалар белгіленген мерзімде орындалу қажет. Егер студент сабақ үстінде тәртіп ережесін бұзса, ол қатаң түрде жазаланылады, тіпті аудиториядан босатылады. Сабақты босатқан үшін келесідей айып салынады:

Сабақ себепсіз босатылса - 0 балл; әрбір өтелмеген сабақ үшін 0 балл; уақытында тапсырылмаған тапсырмаға төмен балл қойылады.

Егер де сіз қандайда бір себептермен бақылау шарасына қатыспасаңыз, онда сізге оқытушымен кеңесу кезінде бақылауды жазуға мүмкіндік беріледі, керісінше жағдайда 0 балл қойылады.

Рейтингілік балдар бақылау шараларының күнтізбелік графигінде көрсетілген.

2. Межелік бақылау да (МБ) 100 балдық шкала бойынша анықталады.

Студенттің пән бойынша (Р1 және Р2) рейтингтері АҮ және МБ бағаларының қорытындысы бойынша анықталады


Р1(2)=АҮ1(2)*0,7+МБ1(2)*0,3.
Егер студент МБ-дан өтпесе немесе МБ-дан 50 балдан төмен алса, рейтинг анықталмайды. Бұл жағдайда декан МБ тапсырудың жеке мерзімдерін белгілейді.

3. Пән бойынша студенттің рұқсат рейтингісінің (РР) бағасы семестр бойынша мынаған тең:

РР=(Р1+Р2)/2.

4. Студенттердің пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды рейтингісімен (Қ) анықталады. Қорытынды рейтинг салмақтық үлестерін ескерумен рұқсат рейтинг (РР) және қорытынды бақылау (ҚБ) бағаларының қосындысынан құралады



Қ=РР*0,6+ҚБ*0,4
Салмақтық үлестер жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ол РР үшін 0,6-дан кем, ал ҚБ үшін 0,4-тен кем болмау қажет.
Ескерту: АҮ – ағымдағы үлгерім; МБ – межелік бақылау; РР – рұқсат рейтингісі; СӨЖ – студенттің өздік жұмысы; СӨЖМ – студенттің оқытушымен бірге өздік жұмысы; ҚБ – қорытынды бақылау; Қ – қорытынды рейтинг.
Пән бойынша қорытынды рейтинг 1 кестеге сәйкес сандық, әріптік және дәстүрлік бағаға аударылып, «Студенттердің оқу жетістіктерінің журналы» мен «Рейтинг парағына» енгізіледі.
Кесте 1

Балл түріндегі қорытынды бағалау (Қ)

Балдардың сандық белгілері (С)

Әріптік жүйеде бағалау

Дәстүрлік жүйеде бағалау

Емтихан

Сынақ

95 - 100

4

A

Өте жақсы

Сынақ-талды

90 - 94

3,67

A-

85 - 89

3,33

B+

Жақсы

80 - 84

3,0

B

75 - 79

2,67

B-

70 - 74

2,33

C+

Қанағаттанарлық

65 – 69

2,0

C

60 – 64

1,67

C-

55 – 59

1,33

D+

50 – 54

1,0

D

0 - 49

0

F

Қанағаттанарлықсыз

Сынақ-талған жоқ


12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Бедельбаева Г.Е. Семестровые задания по курсу общей физики. 2003г.

  2. Волькенштейн В.С. Сборник задач по общему курсу физики для студентов технических вузов Изд. доп., перераб. - 327 с. {Специалист} СПб: СпецЛит, 2002 г.

  3. Савельев И. В. Жалпы физика курсы. 1 том. - Алматы. Мектеп, 1977 (аударма)

  4. Савельев И. В. Жалпы физика курсы. 2 том. - Алматы. Мектеп, 1982 (аударма)

  5. Савельев И.В. Курс общей физики. Учебное пособие для втузов. В 5 книгах.. М. Астрель/ АСТ 2003г.

  6. Сулеева Л.Б. Электронный учебник. Механика и молекулярная физика. 2004г.

  7. Сулеева Л.Б., Полякова Л.М., Спицын А.А., Бегимов Т.Б., Джумабаев Р.Н. Механика и молекулярная физика. Физический практикум 2003.

  8. Трофимова Т.И. Курс физики: Учебное пособие для инженерно-технических специальностей ВУЗов, Изд. 6-е/ 7-е - 542 с. М: Высшая Школа, 1999 г.

  9. Трофимова Т.И. Сборник задач по курсу физики для втузов: У .ебное пособие для инженерно-технических специальностей высших учебных заведений. Изд. 3-е - 384 с. М: Оникс 21 век /Мир и Образование, 2003 г.

Қосымша:

    1. Арсентьев В.В., Кирпиченков В.Я., Князев С.Ю. и др. Курс физики: Учебник для / вузов: В 2 тт (под ред. Лозовского В.Н.) Изд. 2-е, испр. - 1168 с. {Учебники для вузов: Специальная литература} СПб: Лань, 2001 г.

    2. Беликов Б. Решение задач по физике. - М,: Высшая школа, 1986.

    3. Белонучкин В.Е., Заикин Д.А., Кингсеп А.С. и др. Задачи по общей физике, 336 с, М: Физматлит, 2001 г.

    4. Брейтот Дж. 101 ключевая идея: Физика (пер. с англ. Перфильева О.), 256 с. {Грандиозный мир}, М: Фаир-Пресс, 2001г.

    5. Иродов И.Е. Задачи по общей физике М: Наука, 1999.

    6. Иродов И.Е. Основные законы механики. 246с- М: Высшая школа, 1978.

    7. Квасников И.А. Молекулярная физика - М: Эдиториал. УРСС, 1998.

    8. Козел С.М., Лейман В.Г., Локшин Г.Р. и др. Сборник задач по общему курсу физики: Ч. 2: Электричество и магнетизм, оптика: Учебное пособие для вузов (под ред. Овчинкина В.А.) Изд. 2-е, испр. - 368 с. {Физика} М: МФТИ, 2000 г.

    9. Курс физики. : в 2-х т., под ред. Лозовского В.Н., С-П.: «Лань», 2001.

    10. Матвеев А.Н. Электричество и магнетизм. - М: Высшая школа, 1983.

    11. Птицина Н.Г., Соина Н.В., Гольцман Г.Н. и др. Сборник вопросов и задач по общей физике Изд. 2-е, испр. - 328 с. {Высшее образование} М: Академия, 2002 г.

    12. Пул Ч. Справочное руководство по физике: Фундаментальные концепции, основные уравнения и формулы (пер. с англ. Фоминой М.В. и др.) - 461 с. М: Мир, 2001 г.

    13. Савченко Н.Е. Решение задач по физике: Учебное пособие Изд. 4-е, испр. - 479 с. Мн: Вьшгэйшая школа, 2002 г.

    14. Сивухин Л.В. Общий курс физики. - М.: Наука, 1977-1986, т. 1-5.

    15. Трофимова Т.И. Сб. задач по общему курсу физики. - М: Высшая школа, 2001.

    16. Трофимова Т.И. Физика: 500 основных законов и формул: Справочник для студентов вузов Изд. 3-е - 63 с. М: Высшая Школа, 1999 г.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет