Құрастырушы: педагогика ғылымдарының кандидаты, психология және педагогика кафедрасының доценті Б. Х
Құрастырушы: педагогика ғылымдарының кандидаты, психология және педагогика кафедрасының доценті Б.Х.Галиева Психология және педагогика кафедрасы 5 В010300 – Педагогика және психология мамандығының сырттай оқу нысанындағы студенттеріне арналған «Қазақстанда педагогикалық ой тарихындағы білім берушілік идеалдың қалыптасуы» пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus) Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген. 200_ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама. Кафедра меңгерушісі ______________ Е.И.Бурдина 20__ж. «____» ________ Факультет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған_____________________________ 20 _ж. «_____»____________№____ хаттама
КЕЛІСІЛГЕНКафедра меңгерушісі ______________ Е.И.Бурдина 20__ж. «____» ________ 1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары Галиева Бахыт Хасеновна Педагогика ғылымдарының кандидаты, психология және педагогика кафедрасының доценті Психология және педагогика кафедрасы Ломов көшесі, 64 мекенжайындағы «А» корпусында, 149-аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны.
«Білім мұраты» ұғымы білім саясаты мен педагогиканың ғылым ретіндегі жобалау-болжау және құндылықтық-бағдарлау бастауларын қамтиды. Қазақстанның қазіргі білім мұраты еліміздің білім беру жүйесінің құндылықтары мен дүниежүзілік мәдениет құндылықтарының біртұтастығында, ұлттық ойлау және іс-әрекет тәсілдерінің озық технологиялық үлгілермен тоғысып, адамның кәсіби құзыреттілігі мен сыни-рефлексиялық ділі тәрізді қасиеттерінің үйлесуінде көрініс алады. Қазақстанның білім мұратының қалыптасып даму тарихын зерделеу білім берудің қазіргі жағдайын түсініп, оның болашақ дамуын белгілеу үшін өте маңызды. 3 Пәннің еңбек сыйымдылығы
4 Пәннің мақсаты және тапсырмасы Пәннің мақсаты: әлемдік және отандық қоғамдық-педагогикалық ойының тарихында Қазақстанның білім мұратының даму эволюциясы, сондай-ақ білім мұратының теориялық-әдіснамалық және қолданбалы мәселелері туралы түсінік беру. Пәннің тапсырмалары:
5 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі тиіс:
Пәнді оқу нәтижесінде студент мынадай біліктер мен дағдыларға ие болуы тиіс:
нормативтік құжаттарды, білім беру тұжырымдамаларын олардың білім беру мақсаттары мен мұраттарына сәйкестігіне орай талдауға дағдылану. 6 Пререквизиттер: философия, педагогика, жалпы психология. 7 Постреквизиттер: этнопедагогика, бейіндік оқыту педагогикасы, педагогикалық тәжірибе, өндірістік тәжірибе. 8 Тақырыптық жоспар
9 Пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлем) Бұл пән элективті арнайы курс болып табылады. Оның мазмұны Қазақстандағы педагогикалық ой тарихындағы білім мұратының алғашқы жазба ескерткіштерінен бастап, қазіргі заманға дейінгі дамуын қамтиды. Курсты оқу барысында студенттер білім мұратының қалыптасып дамуының мәдени-тарихи және әлеуметтік-саяси алғышарттарын айқындайды. Сондай-ақ қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінде білім мұратының қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктерімен, ұлттық білім беру жүйесін қайта құрудың мемлекеттік стратегиясымен танысады. Нәтижесінде ХХ ғасырдың аяғындағы – ХХІ ғасырдың басындағы жаһандану және әлеуметтік-мәдени өзгерістер контексіндегі Қазақстанның білім беру жұйесінің келешегін болжай және жобалай алатын білікке қол жеткізеді. 10 Курс компоненттері Теориялық курстың мазмұны1-тақырып. «Білім мұраты» ұғымын анықтаудағы және түсіндірудегі әдіснамалық тұғырлар. Білім мұратының қалыптасып дамуының мәдени-тарихи және әлеуметтік-саяси алғышарттары. «Білім мұраты» ұғымы философиялық дәстүрде және педагогикада. Білім мұратының қалыптасуы мен дамуы мәселелеріне әр түрлі тұрғыдан келу. Әлеуметтік және педагогикалық ой тарихында білімді адам мұратының өзгеруі. Білімді адам мұратының антика дәуірінің ой мұрасында қалыптасуы және дамуы. Орта ғасырлардағы батыс қоғамының тәрбие және білім мұратына қойған талаптары. Қайта жаңғыру дәуірінің және Жаңа ғасырдың білімділік мұратының қалыптасуы. Индустриалды қоғам дамуы жағдайында білімді адам мұратының өзгеру сипаты.2-тақырып. VI-IX ғғ. түркі қоғамындағы кемел адам мұраты. Орта ғасырлардағы Шығыстың білім беру дәстүрі. Педагогикалық ойдың халықтық педагогиканың әр түрлі жанрларында бейнеленуі. Кемел адам мұратының VI ғасырдың көне түркі жазбаларындағы бейнесі. Қорқыт ата шығармашылығындағы (IX ғ.) адам туралы пікір. Шығыс ойшылдарының ізденістеріндегі (әл-Фараби, Махмұт Қашғари, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Жүйнеки және т.б.) білім және тәрбие мұраты. 3-тақырып. ХVIII ғасырдағы қазақ жырауларының шығармашылығындағы тәрбие мұраты. Қазақ философтары мен педагог-ағартушыларының білімді адам туралы ой-толғаулары (Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев). ХХ ғасырдың басындағы көрнекі ойшылдардың Қазақстанда білім беру туралы идеялары (А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және т.б.). 4-тақырып. ХІХ–ХХ ғғ. Қазақстандағы қоғамдық-педагогикалық ойда білім мұратының қалыптасуы мен дамуы. Білім мұратын қалыптастыруға аксиологиялық тұрғыдан келу. Ұлттық білім беру жүйесін дамытудағы гуманистік құндылықтардың рөлі. Білім өтпес құндылық ретінде. 5-тақырып. Ұлттық білім беру жүйесінің мұратын іздеудегі құндылықтық бағдарлар. Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінде білім мұратының қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері. Білім мұратының қазіргі әлемде және Қазақстанда дамуының тенденциялары. Еуразиялық идеясы қазіргі қазақстандық қоғамдағы білім мұратын қалыптастырудың негізі ретінде. 6-тақырып. Ұлттық білім беру жүйесін қайта құрудың мемлекеттік стратегиясы. ХХ ғасырдың аяғындағы – ХХІ ғасырдың басындағы жаһандану және әлеуметтік-мәдени өзгерістер контексіндегі Қазақстанның білім беру жұйесінің келешегі. Мемлекеттік білім беру саясаты мен білім мұратының арақатынасы. Қазіргі білім мұратының мемлекеттік білім беру стандарттарында бейнеленуі.Жаһандану үдерісі. Бүкіләлемдік білім беру кеңістігі. ХХ ғасырдың аяғындағы – ХХІ ғасырдың басындағы жаһандану және әлеуметтік-мәдени өзгерістер контексіндегі білім мұраты феномені. Семинар-практикалық сабақтардың тақырыптары мен мазмұны 1-тақырып. «Білім мұраты» ұғымын анықтаудағы және түсіндірудегі әдіснамалық тұғырлар. Білім мұратының қалыптасып дамуының мәдени-тарихи және әлеуметтік-саяси алғышарттары. Философия мен педагогикадағы «идеал (мұрат)», «тәрбие мұраты», «білім мұраты» ұғымдары. Білім мұратының қалыптасуы мен дамуы мәселелеріне аксиологиялық тұрғыдан келу. Білім мұраты мәселесін акмеологиялық тұрғыдан шешу. Білімді адам мұратының антика дәуірінің ой мұрасында қалыптасуы және дамуы (Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит және т.б.). Орта ғасырлардағы батыс қоғамының тәрбие және білім мұраты. Қайта жаңғыру дәуірінің және Жаңа ғасырдың білімділік мұраттары. Индустриалды қоғамның білімді адамған қойған талаптары. 2-тақырып. VI-IX ғғ. түркі қоғамындағы кемел адам мұраты. Орта ғасырлардағы Шығыстың білім беру дәстүрі. Халықтық ертегілеріндегі, жырларындағы, мапедагогиканың әр түрлі жанрларында мақал-мәтелдеріндегі, жұмбақтарындағы кемел адам бейнесі. Кемел адам мұратының VI ғасырдың орхон-енисей жазбаларындағы бейнесі. Қорқыт ата шығармаларындағы (IX ғ.) адам және қоғам кейпі. Әбу Насыр әл-Фарабидің білім және тәрбие мұраты. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі». Басқа Шығыс ойшылдарының ізденістеріндегі білім және тәрбие мұраты. 3-тақырып. ХVIII ғасырдағы қазақ жырауларының шығармашылығындағы тәрбие мұраты. Қазақ философтары мен педагог-ағартушыларының білімді адам туралы ой-толғаулары (А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев). ХХ ғасырдың басындағы көрнекі ойшылдардың Қазақстанда білім беру туралы идеялары (А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Домұхамедов, С.Торайғыров, М.Тынышпаев және т.б.). 4-тақырып. ХІХ–ХХ ғғ. Қазақстандағы қоғамдық-педагогикалық ойда білім мұратының қалыптасуы мен дамуы. Ұлттық білім беру жүйесін дамытудағы гуманистік құндылықтардың рөлі. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы ұлттық білім беру жүйесінің құндылықтары туралы. Білім мемлекеттік, қоғамдық және адами құндылық ретінде. 5-тақырып. Ұлттық білім беру жүйесінің мұратын іздеудегі құндылықтық бағдарлар. Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінде білім мұратының қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері. Білім мұратының қазіргі әлемде және Қазақстанда дамуының тенденциялары. Л.Гумилёвтің, П.Н.Савицкийдің, Л.П.Карсавиннің, т.б.шығармашылығындағы еуразиялық идея. Еуразиялық идеясы қазіргі қазақстандық қоғамдағы білім мұратын қалыптастырудың негізі ретінде. Қазақстан Республикасының даму стратегиясын белгілейтін құжаттарды талдау («Қазақстан-2030», «Қазақстан-2020», білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары). 6-тақырып. Ұлттық білім беру жүйесін қайта құрудың мемлекеттік стратегиясы. ХХ ғасырдың аяғындағы – ХХІ ғасырдың басындағы жаһандану және әлеуметтік-мәдени өзгерістер контексіндегі Қазақстанның білім беру жұйесінің келешегі. Мемлекеттік білім беру саясаты мен білім мұратының арақатынасы. Қазіргі білім мұратының мемлекеттік білім беру стандарттарында бейнеленуі. Оқу орны түлегінің моделі білім мұратын іске асырудың көрінісі ретінде. Жаһандану үдерісі. Білім берудегі заманауи үдерістер. Бүкіләлемдік білім беру кеңістігі. ХХІ ғасырдың білім мұраты.
4.2 Студенттердің өзіндік зерделеуіне арналған тақырыптардың тізімі 1-тақырып. Білім мұраты: қазіргі заманғы тұстары. Білім мұраты турасындағы пікірталастар.2-тақырып. Білім беру жүйесін жаңғыртудың мәні және мемлекеттің білім беру стратегиялары. 3-тақырып. Қазіргі білім беру реформаларының тәжірибесі. 4-тақырып. Қазіргі білім беру парадигмаларында білім мұратының бейнеленуі. 11 Курс саясаты Оқытушы мен студенттердің академиялық этикасының саясаты университеттің ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес болуы тиіс. Оқу процесіне белсенді түрде қатысу қажет. Оқу материалы бойынша сұрақтар қою, тиянақты жауаптар беру және өзіндік көзқарастарды таныту өте маңызды. Оқытушы мен курстастарды сыйлау керек. Оқытушы сөйлегенде, дауыстап әңгімелесуге болмайды, екінші ескертуден соң студент аудиториядан шығарылады. Сабақтарды орынды себепсіз босатуға тыйым салынады. Әрбір себеп анықтамамен расталуы қажет. Студент босатқан сабақтарының орнын оқытушының анықтаған уақытында толықтыруы тиіс. 10 минуттан артық кешіккен студент сабаққа жіберілмейді. Сабаққа кешігудің немесе келмеудің себептерін алдын-ала ескерткен жөн. Үй тапсырмасын және басқа жазба жұмыстарды дер кезінде тапсыру қажет. Бақылау жұмысын, тестті, емтиханды тапсыруда көшіруге жол берілмейді. Оқытушының консультациясына қатысу міндетті. Сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілген қалыпта болуы талап етіледі. Сағыз шайнауға дөрекілік пен мәдениетсіздіктің белгісі ретінде қатаң тыйым салынады. Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы 100 балл қойылады. Курсты меңгеру барысында балдар былай бөлінеді:
Ағымдық бақылау студенттердің өзіндік жұмыстарын қорғауы барысында іске асырылады. Бағалау кезінде төмендегі көрсеткіштер ескеріледі:
Айып балы білімді бағалаудың жүйесіне орай белгіленеді. Мәселен, дәрісті орынды себепсіз босату үшін 2 балл шегеріледі (-2); дәрістің шала конспектіленгені үшін жарты балл кемітіледі (-0,5); тәжірибелік сабақтарда белсенділік танытпай, немқұрайды қатынасу ең кем дегенде жарты балды шегерумен (-0,5) жазаланады. Межелік бақылау пәннің тиесілі кезеңде өтілген тақырыптары бойынша сынақ немесе коллоквиум түрінде ұйымдастырылады. Межелік бақылауда келесі критерийлер ескеріледі: Толық дұрыс жауап 100 балмен бағаланады, оның ішінде: 100–90 балл – тиянақты, дәйекті, байланысты, толыққанды жауап; балдардың шегерілуі жауаптың мәнін және дұрыстығын бұзбайтын кемшіліктердің кездесуімен байланысты; 89-75 балл – материалды толық игергендігі, мәселе бойынша әдебиеттерді білетіндігі көрінетін және қосымша сұрақтардың қажеттігінсіз берілген жауапқа қойылады; 74-50 балл – студент тек негізгі материалды біледі, мәселе бойынша әдебиеттерді шатастырады, қойылған қосымша сұрақтарға жеткіліксіз жауаптар қайырады; 49-0 балл – студент толық және дұрыс жауап беруге қауқарсыз, қосымша сұрақтар оған көмектеспейді, мәселе бойынша әдебиеттер қарастырмаған. Қорытынды бақылау. Курс пән бойынша тестілеу түрінде өтетін емтихан тапсырумен аяқталады. Бақылау үстінде көшіріп жазуға тыйым салынады. Емтиханда студенттің әрқайсысына тесттік формадағы 50 сұрақ беріледі. Әрбір дұрыс жауап екі баллмен бағаланады. Емтиханның жалпы бағасы дұрыс жауаптардың бағаларын қосу арқылы анықталады. Курстың ақтық бағасы бұған дейінгі жинақталған барлық балдарды ескеру арқылы қойылады. Пән бойынша рейтингті есептеу әдісі Пән бойынша әрбір рейтинг мына формула бойынша анықталады: Р1,2 = АҮ*0,7+МБ*0,3,мұндағы Р1, Р2, АҮ– бірінші, екінші рейтингтің, ағымды үлгерімнің балдары. Екі рейтингтің орташа арифметикалық көрсеткіші негізінде емтиханға жіберілу рейтингі белгіленеді:
мұндағы ЖР – студенттің емтиханға жіберілу рейтингі. Қорытынды рейтинг төмендегі формула арқылы анықталады:
ҚР = ЖР*0,6+ҚБ*0,4,мұндағы ҚР – қорытынды рейтинг, ҚБ – қорытынды емтиханның балл түріндегі бағасы. Табыс тілейміз!12 Әдебиеттер тізімі Негізгі:
Қосымша:
жүктеу/скачать 172.06 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |