Разин ауылдық округі әкімі а.Қ.ӨЖекенованың 2015 жылғы есебінің тезисі



Дата09.07.2016
өлшемі75.24 Kb.
#188252
РАЗИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ А.Қ.ӨЖЕКЕНОВАНЫҢ

2015 ЖЫЛҒЫ ЕСЕБІНІҢ ТЕЗИСІ
Бүгінгі кездесудің мақсаты: 2015 жылы атқарылған жұмыстардың есебі және Разин ауылдық округінің 2016-2017 жылдарға арналған әлеуметтік–экономикалық даму Бағдарламасымен таныстыру.

2015 жылғы жалпы әлеуметтік–экономикалық жағдай тұрақты деп саналады.

Разин ауылдық округінің жер көлемі 261 кв.км. құрайды.

Округте - 3 ауылдық мекен бар. Орталығы – Красная Шемонаиха ауылы. Округте 01.01.2016 жылға 1640 адам тұрады, оның ішінде экономикалық белсенді халық саны – 799, жұмыспен қамтылған – 792, жалданбалы жұмысшылар – 647, өздігімен жұмыс жасайтындар – 145, жұмыссыз халық – 5, аз қамтылған отбасы – 1. Зейнеткелер саны – 178, мүгедек балалар – 6.

Тұрғын үй көмегін 2 отбасы 30 804 мың тенге көлемінде алды.

Ұлттық құрамы: қазақтар 23% , орыстар – 68% , басқа ұлттар – 9%.



Ауыл шаруашылық.

Егін шаруашылығы.

«Қазақстан 2050 қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясында жаңа технологияларды енгізу есебінен егіс алқабын көбейту және егін түсімділігін арттыру, дүние жүзі деңгейінде мал шаруашылығының жем қорын құру арқылы ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

Округтің базалық саласы - ауыл шаруашылық. 2016 жылғы 01 қаңтарға оругта 31 ауыл шаруашылық құрылымдары тіркелген.

Округ аумағында 454 жеке қосалқы шаруашылық ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен айналысады. Соңғы үш жылда 32 ұсақ шаруашылықтар өздерінің жер учаскелерін тұрақты дамыған ауыл шаруашылық құрылымдарына берді. Разин ауылдық округінің ауыл шаруашылық жері 23,3 гектар, соның ішінде 13,7, 2,1 мың гектар шабындық және 9044 гектар жайылым. Оругтің егістік жерінің бонитет баллы – 68

Ірі ауыл шаруашылық құрылымдары: «Белокаменское» ЖШС, «Востоксельхозпродукт» ЖШС, орташа «Восход» шаруа қожалығы, «Бондаренко» шаруа қожалығы.

2015 жылы округтің шаруашылықтары – гектарынан 14 центнерден орташа түсіммен 16946 тонна дәнді дақылдар, күнбағыс – 12 364 тонна, орташа түсімділігі 14 центнерден. 410 тонна ет, 4200 тонна сүт, жылдық орташа сауым 3 мың 720 тонна, жұмыртқа 195 мың дана өндірді.

«Белокаменское» ЖШС- басшысы Д. Б. Исабаев – егістік алқабы 7811 га;

Шаруашылықтың инвесторы «Восток-Молоко» Сейілжан Жиренұлы Сайлаубаев, сүт- ет мал шаруашылығына және егін шаруашылығына мамандандырылған.

Шаруашылықта инвестициялық және иновациялық даму жолдары белгіленген . Негізгі құралдарды, алқаптарға түгендеу жұмыстары жүргізілуде. 2015 жылы «Казагрофинанс» АҚ арқылы 8 млн. теңгеге булодозер сатып алынды, 2016 жылы 30 млн. тенгеге 1 егін жинайтын комбаин сатып алуды жоспарлауда.

«Востоксельхозпродукт» ЖШС - басшысы С. А. Глушков – егістік алқабы 3361 га.

Үлкею үрдісі жүруде, соңғы 3 жылда 19 ұсақ шаруа қожалықтары шаруашылық құрамына кірді.

Шаруашылық тұрақты дамуда: 12 млн. теңгеге 500 кв.м жылытылған жөндеу боксы, жұмысшыларға арналған 12 млн. теңгеге асхана-қонақ үй салынып пайдалануға берілді. «Казагрофинанс» АҚ арқылы 11,5 млн. Теңгеге 2 трактор, 26 млн. теңгеге 1 комбаин сатып алды. Шаруашылықта 44 адам жұмыс істейді, орташа жалақы 82 мың теңге. ЖШС жұмысшыларына үнемі материалдық көмек көрсетіледі.



Мал шаруашылығы.

Разин ауылдық округінде мал шаруашылығымен жеке сектордан басқа «Белокаменское» ЖШС айналысады, «Востоксельхозпродукт» ЖШС 2014 жылдан бері қой өсірумен айналыса бастады, қазіргі уақытта 85 қой бар, 3,5 млн. теңгеге қора салынды және қосымша 5 жұмыс орны ашылды. Келешекте мал басын көбейту жоспарлануда.

2016 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша округте:

Ірі қара мал 2 892 бас, былтырғы жылмен салыстырғанда 104 %, соның ішінде 988 сиыр 90% («Белокаменское» ЖШС – 2320 бас, 01.01.2015 ж. 104 %, соның ішінде сиыр – 736 бас, 01.01.2015 ж. 98% ) жылқы - 366 бас (116 %), ұсақ мал – 937 бас (128 %) шошқа 579 бас (88 %), құс 6278 (140%) бар.

Округте ауыл шаруашылығын әрі қарай дамытуға мүмкіндіктер бар:

«Белокаменское» ЖШС – алдағы 5 жылға селекциялық – асылдандыру, сүтті қызыл – ала сиырларды көбейту жоспарлары әзірленді. Шаруашылық қара-ала және симментальды асыл тұқымды ірі қара мал басын өсірумен айналысады, ірі қара малды семірту үшін семірту алаңы, 1 сою алаңы, 3 малды көму, 1 ветаптека бар. 2015 жылдың қыркүйек айынан қараша айына дейін әртүрлі мал ауруларына вакцинация жасалды. Осы уақытқа дейін 5 маман ветеринария саласында РФ Барнаул қ. біліктіліктерін арттырып қайта даярау курсынан өтті. Сонымен қатар Алтай институтының қызметкерлерін шақырумен мал басын қайта өсіру тақырыбы бойынша «Белокаменское» ЖШС мбазасында апталық оқу өткізілді.

2015 жылы Белый Камень ауылындағы 3 млн. теңгеге базаны жаңарту, 2 қойманың жабындысына 5 млн. теңгеге күрделі жөндеу, Красная Шемонаиха ауылындағы базаға 6 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары атқарылды. Шаруашылықта 200 адам жұмыс істейді. Орташа жалақы 60–65 мың теңгені құрайды. Шаруашылық қызметкерлеріне биылғы жылы 500 мың теңгеге көмек көрсетілді.

Округта ардагерлер кеңесі (Т.А. Семьянова, Семерня Г.Е.), қауымдастық Кеңесі (Г. Д. Грейбер) жұмыс жасайды. Олардың көмегімен округ аумағын аббаттандыру, әлеуметтік көмек көрсету, халықтың аудандық жарыстарға қатысуына байланысты сұрақтар шешіледі.



Кіші және орта бизнесті дамыту

Президент өз жолдауында басымды бағыттарының бірі «Кәсіпкерлікті жан- жақты қолдау- ұлттық экономиканың күші» ерекше көңіл бөледі. Қазіргі таңда қалаларда, ауылдарда кіші және орта бизнесті дамытпай мемлекетіміздің экономикасын көтеру, халықтың тұрмысын жақсарту, жұмыссыздықты жою мүмкін еместігін барлығы түсінеді. Округте мал шаруашылығын дамыту, ірі қара мал басын арттыру үшін «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» іске асырылып жатыр.

2014-2015 жылы Бағдарламаның осы бағытында өз істерін ашамыз деген және ашуға мүмкіндігі бар азаматтар қатысты. Осы бағдарлама бойынша ірі қара мал өсіруге 4 адам 8,5 млн. теңге және 1 адам арнайы техника сатып алуға 1 млн. теңге шағын несие алды. 5 адамға жаңа жұмыс орны ашылды. (30 бас ірі қара, 60 қой, 1 трактор)

2015 жылы «Белокаменское» ЖШС және «Востоксельхозпродукт» ЖШС 16 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 5 адам қоғамдық жұмыспен қамтылды, содан кейін 2 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. «Востоксельхозпродукт» ЖШС 2016 жылы жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 адамды комбайншы мамандығына оқытуды жоспарлауда.

Округ аумағында 5 дүкен, 2 аптека бөлімшесі бар.

Инфрақұрылым.

Тұғын үй - коммуналдық шаруашылық.

2015 жылы жолдарды қардан тазалауға бөлінген 650 мың теңге игерілді, негізгі шығын «Белокаменское» ЖШС және «Востоксельхозпродукт» ЖШС жатады. Көшелерді жарықтандыруға (жөндеу, электрэнергия төлемдері) 1145 мың теңге, санитарлық тазалыққа 341 мың теңге бөлінді.

Белый Камень, Медведка ауылдарындағы су құбырлары жүйесі

«Шемонаиха водоканалына» берілді. Су- құбыр жүйелері 90 % тозған. 2015 жылы «Топаз фирмасы» Медведка ауылының су қорына мониторинг жүргізді.

Красная Шемонаиха ауылының су жүйесін ұстау және жөндеу мәселесімен і «Белокаменское» ЖШС айналысады. 2015 жылы осы мәселені шешуге шаруашылық өз қорынан 1,5 млн. теңге жұмсады.

Ауылдарда телефон байланысы бар.

Ауылдан қалаға дейін көлік қатынасы бар.

Білім , денсаулық саласы

Красная Шемонаиха, Медведка ауылдарында 2 негізгі орта мектептер бар. Өткен жылы Медведка ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Округтегі оқушылар саны 220 оқушы. Белый Камень ауылынан Медведка ауылына оқушыларды мектептің автобусы тасымалдайды. Оқушылар тегін тамақпен, сүт, балмен қамтамассыз етілген.

Округтің үш денсаулық сақтау мекемесі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау және дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыстарын жүргізуде. 22 адам дүниеге келді, 13 адам қайтыс болды, туберкулез ауруы, бала мен ана өлімі жоқ, 11 адам онкология ауруы бойынша есепте тұр.

Мәдение және спорт

Округ аумағында 3 клуб, 2 кітапхана жұмыс істейді.

Мәдениет пен спортты дамытудың мемлекеттік, аймақтық, аудандық бағдарламалары жүзеге асырылуда.

Шаруа қожалықтарының, ЖШС басшыларының белсенді көмектерінің арқасында округ спортшылары аудандық, қалалық жарыстарға қатысып, әртүлі спорт түрлерінен жүделі орындарға ие болды. Осы орайда мектептеріміздің денешынықтыру пәнінің мұғалімдері Асхат Қабдумуталиевич Мусинді, Станислав Игоревич Федоровты атап кетуге болады. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ауыл жастары, оқушылар, округ мекемелерінің мамандарының қатысуымен Медведка ауылында ұлттық ойындар өткізілді.



Халықты әлеуметтік қорғау. Меморандум.

Біздің мемлекетіміздің Президенті «Мемлекет және бизнес бір бірімен тек экономикалық сұрақтарды шешуге ғана емес және де әлеуметтік жағдайларды шешуге толық серіктес болуы керек» деп атап өтті. Соған орай Меморандумды орындау аясында 2015 жылы әлеуметтік салаға 9 млн. теңге жұмсалды. «Востоқсельхозпродукт» ЖШС есебінен жолдарға құм төсеу, Медведиха көпірінің жолына 1,5 млн. теңге, ауылды аббатандыруға, жолдарды жазда, қыста ұстауға 500 мың теңге, соғыс ардагерлеріне, тыл ардагерлеріне, қарттарға 150 мың теңге жұмсалды. Оругте ұйымдастрылатын әртүрлі шараларға материалдық көмек көрсетеді.

Соғыс ардагерлері, тыл ардагерлері, көп балалы отбасылар, жағдайы төмен отбасылар үнемі бақылауда тұр. 2015 жылы «Белокаменское» ЖШС күшімен ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына 26 тыл ардагерлеріне, 1 соғыс ардагеріне, қарттар күніне 88 зейнеткерге, 26 тыл ардагерлеріне, 1 соғыс ардагеріне жалпы 305 мың теңгеге демеушілік көмек көрсетті. «Восход» ШҚ, «Бондаренко» ШҚ демеушіліктері арқасында ҰОС ардагеріне, қарттарға көмек көрсетілді. Қорыта келгенде ЖШС басшылары – Глушковқа, Исабаевқа, ШҚ басшылары – Лонскийға, Бондаренкоға, Козыреваға, Шеслерге, жеке кәсіпкерлер – Цыкуновқа, Сорокинға, округ тұрғындары С.В.Филимоновқа, А.Г.Исаковқа, Д.Б.Ивановқа алғысымды айтқым келеді. Осы адамдардың және де басқа тұрғындардың көмегінсіз барлық проблемаларды шешу қиын болар еді.

Округта ардагерлер кеңесі (Т.А.Семьянова, Г.Е.Семерня), қауымдастық Кеңесі (Г.Д.Грейбер) жұмыс жасайды. Олардың көмегімен округ территориясын аббаттандыру, әлеуметтік көмек көрсету, халықтың аудандық жарыстарға қатысуына байланысты сұрақтар шешіледі.



Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету

2015 жылы қылмыспен күрес, нашақорлық және құқықтық тәртіпті сақтау бойынша жұмыс белсенділік танытты. Полиция учаскелік инспекторлары есеп беру уақытында 50 оперативтілік - алдын алу шаралары жүргізілді. 11 қылмыс тіркелді. Есепке 55 адам тұрғызылды, емделуге 7 адам жіберілді. 160 адамға әкімшілік хаттама жасалды. Полиция учаскелік инспекторлары, мектеп директорлары, ИДН инспекторларымен бірлесіп алдын – алу кеңестерін, бейберекет отбасыларға рейдтер жүргізді. Округ бойынша 2015 жылы ауыр қылмыстар , мал ұрлығы тіркелген жоқ.



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Округ тұрғындарынан 14 өтініш келіп түсті. Олардың барлығы қаралып түсініктеме берілді. Сенім телефоны 3-59-23 істейді. Азаматтардың Өтініштерін қарау мониторингі жүйелі жүргізіледі. Округ әкімі аппаратының бюджетін орындауда жариялылық және ашықтық қамтылады. 2015 жылы Разин әкімі аппаратының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықпен күрес заңын бұзу фактілері тіркелген жоқ. Тәртіптік жазаға тартылған және теріс себептермен жұмыстан шығалырған мемлекеттік қызметшілер жоқ.


2016 -2017 жылдарға арналған негізгі бағыттар:

Округ халқына сапалы мемлекеттік қызмет көрсету

Округтің әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштерін арттыру бойынша мақсатты бағыттар және тиімді жұмыстарды атқару

Округ халқын «Жұмыспен қамту жол картасы 2020», «Бизнес жол картасы 2020», «Өнімділік 2020», «Сыбаға» мемлекеттік даму бағдарламаларына белсенді қатыстыру


Разин ауылдық округінің әкімі А.Өжекенова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет