Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
РЕФЕРАТ
Жеңіл өнеркәсіпті техникалық реттеудің негізгі аспектілері
Дайындаған: Баспақова Аружан
Тексерген: Онлабекова А.
Тараз 2022
ЖОСПАР
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
2.1 Жеңіл өнеркәсібі және сәйкестігін растау
2.2 Қазақстан Республикасындағы жеңіл өнеркәсіптерді техникалық реттеу жүйесінің ережелері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Елбасы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауында бес басым бағытқа айрықша тоқталған. Соның бірі - индустриялық бағдарламаны дамыту. Оның тапсырмасы бойынша қолға алынған Үдемелi индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жеңiл өнеркәсiптi өркендетудің жоба-жоспары әзірленген болатын. Құжатта шикiзатты өңдеп – дайын өнімді сыртқы нарықтарға шығару, жоғары сапалы өнiм өндiріп – жеңiл өнеркәсiп өнiмдерiне деген iшкi нарық қажеттiлiгiн толықтай қамтамасыз ету және еңбекке қабiлеттi халықты жұмыспен қамту мәселесі тайға таңба басқандай анық көрсетілген.
Жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін Қазақстан жеткілікті әлеуетке ие, республикада қолайлы факторлар мен алғышарттар бар. Бұл ретте саланың жай-күйін талдау оның күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін айқындау өте мағызды. Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп саласы шығаратын өнімдердің 51 пайызы тоқыма бұйымдар, 42 пайызын киім өндірісі, ал қалған 7 пайызы былғары және оған жататын өнімдер құрайды.
Қазақстан жеңіл өнеркәсіп саласының кез келген секторын дамытуда маңызды нарықтық мүмкіндіктерге ие осы мүмкіндіктер толықтай пайдалану өте маңызды. Қазір индустрилды-инновациялық даму бағдарламасына технологиялық-инновациялық жаңалығы бар, ғылымды қажетсінетін жобалар әзірлеп енгізілуде. Алдағы уақытта ғылым экономиканы дамытудың болашағын айқындауы тиіс. Осы ретте жеңіл өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін ғалымдар, жеңіл өнеркәсіп технологиялары және сала бұйымдарын құрастыру мамандықтары бойынша оқып жатқан студенттерді көптеп дайындауымыз қажет. Өйткені жас мамандар болашақта аталмыш саланы дамыту бағыттарын айқындайтын болады.
Жеңіл өнеркәсіп саласындағы бірқатар шешімін таппаған проблемалар бар, олар:
1) негізгі қорлардың айтарлықтай тозуы және өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмен деңгейі;
2) қосылған құны жоғары болатын өнім экспортының төмен үлесі;
3) отандық өнімнің тұтыну үлесінің төмендігі;
4) еңбек шарттарының тартымсыздығынан білікті кадрлық ресурстардың жетіспеушілігі.
Жеңіл өнеркәсіпті дамыту бойынша саясат орта мерзімді кезеңде әртараптандыруға және оның әлеуметтік тиімділігін күшейте отырып, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталады. Қазiргi уақытта дамудың бас бағыттарының бiрi Оңтүстік Қазақстан облысы қалыптастырылуды және мақта - тоқыма кластері экономикалық әлуеттi кеңейтуде. ЕЭА «Оңтүстік» жасауы жеке алғанда, барлық тоқыма өнеркәсiбіне дамуына бұрын бағытталған, даяр тоқыма өнiмдi өндiрiс үшiн әлемдiк сауда белгiлерінiң өндiрушiлерiне дайын өнiм түрінде тартады. ЕЭАның қызметi негiзгi бағыт иiрiлген жiптiң өндiрiсiн және трикотаж бұйымдары маталар, және жеке алғанда тоқылған даяр тоқыма өнiм, жоғарғы және киiм, тоқыма өнiмінiң басқада түрлерiн шығару. Осы аймақтың қызметiнің негiзгi бағыты ЕЭАның қазiргi инфрақұрылымының қалыптастыруы, сонымен бiрге жүргiзу анықталынған және тоқыма өнеркәсiпбiн облыста инновациялық жобаларды енгiзу. Қорыта келе, жеңіл қнеркәсіп өндiрiстiң тиiмдiлiгiнiң жоғарылауы үшiн мақта - тоқыма кластер осы кластердiң салалары үшiн қолайлы құратын республикада экономиканы мемлекеттiк реттеудiң жүргiзуi керек.
Саланы дамыту және алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу мақсатында Қазақстан экономикасына қолдану үшін едәуір перспективалы қолдау шаралары мыналар болып табылады: - жеңілдетілген кредиттер, несиелер, нысаналы гранттар беруді қоса алғанда, тікелей қаржылық көмек; - инновацияларды мемлекеттік көтермелеу (жаңа технологияларды енгізу, тәжірибелік және сериялық жаңа өнім шығару); - сыртқы экономикалық қызметті дамытудың экспортқа бағдарлануы және көтермелеу, оларға сақтандыруға көмектесу, халықаралық көрмелерді ұйымдастыру және қатысу, нарық туралы ақпаратты ұсыну жатады; - кешенді ақпараттарды ұсыну, жаңа технологиялар мен ақпараттарды құру саласындағы ғылыми жетістіктерді насихаттау, оларды пайдалану әдістемесі және нақты адресаттарды алуды қоса алғанда, ШОБ-ты ақпараттық қамтамасыз ету; - жабдық сатып алуға арналған кредиттер бойынша нөлдік ставка; - жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін шикізат пен қосалқы материалдарды сатып алуды субсидиялау; - Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес экспорттаушыларға өнім эксперты кезінде кәсіпорындарға ҚҚС-ны қайтару.
Салаларды экономикалық қорларды тиiмдi пайдаланудың негiзiнде өндiрiстiк шығындардың құрылымы оптимизацияның бiр бөлiгiнде республиканың мақта - тоқыма кластерiнiң мүмкiндiктерiн өткiзу бағытталған экономикалық саясаттың жүргiзуi, тауарларды өндiрiстiң бәсекеге түсе алатын деңгейiне мүмкiндiк бередi де,мақта – шикiзатын және дайын бұйымдардың экспортын дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |