ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ
ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
«Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ
Жаратылыстану-математика факультеті
Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафердасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы
: 《
Қазіргі мектеп тәжірибесіне инновацияны енгізудің мақсаты,
компоненттері мен алгоритмдерін анықтау》
Орындаған:
Рымова Талшын Сериккановна
Тобы: ХБ-303
Тексерген:
Айым Бәлетбайқызы
Семей, 2024
Мазмұны
Оқу үрдісіндегі инновациялық әдістер мен технологиялар
Педагогиклық қызметтің иновациялық бағыттылығы
Білім берудегі инновациялар
Білім берудегі инновациялық процестер
Қазіргі замандағы мектептерде уақыт талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, ғылыми
тілмен айтқанда, инновациялық технологияларды қолдану басты назарда болып
отыр.Ғасырлар тоғысында Қазақстанның білім беру жүйесінде көптеген ілгері
реформалар жүргізілуде. Олардың мақсаты – ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім
беру жүйесімен, әлемдік стандартқа сай негіздей отырып сабақтастыру.
«Инновация» деген сөз − латынның «novus» жаңалық және «іn» енгізу деген сөзінен
шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгерту» деген мағынаны
білдіреді.
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап даму заманында мектепте дәстүрлі оқыту
технологиясының оқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде
толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің
нәтижелерінен көрінуде. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі
педтехнологияларын жетілдіріп, оны пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы
білім сапасын жоғарлату үшін басты бағыт-бағдар берілуде.Тұтас педагогикалық
процестің инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға
апарушылар ретінде мектеп директоры, мұғалімдер мен тәрбиелеушілердің рөлі арта
түсуде. Оқыту процесінің көп түрлілігіне қарамастан − дидактикалық, компьютерлік,
проблемалық, модульдық және басқа− жетекші педагогикалық қызметті іске асыру
мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы
технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесшінің,
ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде. Мұғалімнің кәсіптік қызметі
арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту
мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын
болғандықтан мұғалімнен арнайы психологиялық-педагогикалық дайындық талап
етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске
асыруға дайындық қалыптасады.
Инновация − жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация
құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық
процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнына,
мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді
білдіреді.
Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі
проблемасы құрайды. Олар − озық педагогикалық тәжірбиені зерттеу, жинақтау және
тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін
практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық
процесстердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау
қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан
қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың
тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану
болуға тиіс.
Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда
басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Өйткені, мұғалім жаңа
педагогикалық технологияның, теория мен консепциясының авторы, талап
жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихаттаушысы қызметін
атқарады. Осы процесті басқару мұғалімнің өз қызметінде әріптестерінің
тәжірибесі немесе ғылымдағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс таңдап,
бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді. Ал педагогикалық қызметте
инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және
мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық
бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады [1].
Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар
білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие
процестерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап
етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген
мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру
саясатын жаңартудың құралына айналуда.
Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндердің көлемі мен
құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа
ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде.
Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі
арта түсіп отыр.
Үшіншіден, мұғалімнің педагогикалық жаңалықты игеру және қолдануға деген
қатынасы сипатының өзгеруі. Оқу-тәрбие процесінің мазмұнын қатаң тәртіпке
бағындырып қойған жағдайда мұғалімнің өз бетінше бағдарлама оқулық
таңдаудан бұрын педагогикалық қызметтің жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануға
мүмкіншілігі болмады. Егер бұрынғы уақытта инновациялық қызмет негізінен
жоғарыда ұсынылған жаңалықтарды практикада қолданумен шектелсе, қазіргі
уақытта ол барынша баламалы, зерттеушілік сипат ала бастады. Сондықтан да
мектеп, білім беру органы басшыларының қызметіндегі маңызды бағыттардың
бірі мұғалімдердің енгізген инновациясына талдау жасап, баға беру, оны іске
асыруға, қолдануға қолайлы жағдай жасау болуы тиіс.
Төртіншіден, жалпы білім беретін оқу орындарының нарықтық қатынастарға
енуі, жаңа типті сынып ішінде мемлекеттік емес оқу орындарының құрылуы
нақты бәсекелестік ахуал туғызуда.
Қазіргі заманғы мектепте нақты педагогикалық қызметте іске асыруға болатын
орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың бәрі бірдей
қолданыла бермейді, өйткені көптеген мұғалімдер мен басшыларда ол
тәжірбиені зерттеу және қолдану қажеттілігі қалыптаспаған, сол сияқты ол
тәжірбиелерді таңдау мен талдаудың дағдысы мен іскерлігі жетісе бермейді.
Мұғалімдер нақты іс-әрекетінде өзінің, сол сияқты әріптесінің де
педагогикалық тәжірбиесіне талдау жасаудың қажеттілігіне мән бермейді.
Қ
Педагогиклық қызметтің иновациялық
бағыттылығы
Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән
болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге
енгізудің нысанасына айналды. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол
ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық
педагогикалық тәжірибесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол
басқаруды қажет етеді.
Тұтас педагогикалық процестің инновациялық стратегиясына жаңашылдық
процестерді тікелей алға апарушылар ретінде мектеп директоры,
мұғалімдщер мен тәрбиелеушілердің ролі арта түсуде. Оқыту процесінің
көптүрлілігіне қарамастан – дидактикалық, компьютерлік, проблемалық,
модулдық және басқа – жетекші педагогикалық өызметті іске асыру
мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу – тәрбие процесіне қазіргі заманғы
технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесінің,
ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде. Мұғалімнің кәсіптік
қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен
психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі
заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан мұғаліммен арнайы
психологилық – педагогикалық дайындық талап етіледі. Осы негізде
педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық
қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |