Реферат тақырыбы: «Есік қорғанынан табылған Алтын адам»



бет1/5
Дата15.02.2024
өлшемі120.67 Kb.
#491765
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Турсынбек Альбина


Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Математика, физика және информатика институты

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:


« Есік қорғанынан табылған Алтын адам»
Тексерген: Адилова Ф.
Орындаған: Турсынбек А.
Алматы 2024 ж.


Жоспар

Кіріспе..............................................................................................................3


1. Есік қорғанынан табылған Алтын Адам...................................................4
2. К.Ақышевтің қазба жұмыстары.................................................................6
3. "Есік" қорғанында жерленген адам...........................................................8
Қорытынды....................................................................................................10
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................11
Кіріспе
Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темірқанжар – ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді. «Алтын адам» – Алтын және бағалы металдар мемлекеттік музейінің бірегей, құнды жәдігері.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет