Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ АРҚАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Реферат
Тақырыбы: Компьютерлік технологияны физика сабағында пайдалану
Орындаған:Қапбар Айгерім
Тексерген:Аубакирова Асель
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Физика сабақтарында компьютерді қолдану маңызы.
1.1 Физиканы оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялардың ерекшеліктері.
Физика сабағында копьютерді қолдану әдістемесі.
2.1 Физика курсындағы компьютерді қолдануды оқытудың мазмұны.
Қорытынды
Пайдaланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі таңда ақпараттық технологияның өмірімізге терең енуіне байланысты жеке сабақтарында компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін толық пайдаланып, оқушыларға терең де тиянақты білім беруге жағдай жасап отыр.Компьютер арқылы оқушылар тек информатика сабағында ғана емес, басқа сабақтарды да арнайы компьютерлік бағдарламалар мен электрондық оқулықтар арқылы зерттеп, кез келген тақырыпты оқушы өзі меңгеруге дағдылануы қажет.Ақпараттық технологиялардың оқу үрдісінде қолданылуы мұғалімдердің де, оқушылардың да мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Ақпараттық технологияның міндеті – оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру, ізденушілікке баулу.Оқыту үрдісін ақпараттандыру – қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыты болып табылады. Мұндай даму барысы, сөз жоқ, барлық салалардың да оған ілесуін қажет етеді. Бұл процестен әрине, физиканы оқыту ісі де артта қалмауы тиіс.Физиканы оқытудың дәстүрлі әдістемесіндегі техникалық құралдарды қолдану қатарына компьютерді қолдану мәселесі енді. Міндетіміз де осы айтқанмен байланысы, яғни сол үйлесімді жолдарды тауып, физиканы оқыту әдістемесіне оларды енгізіп, сабақтың неғұрлым сапалы өтуін, оқушылардың сабақты оқуға деген ынтасын арттыру болып табылады.Қазіргі ақпараттық заманда оқу процесіне компьютерді енгізу, оны пайдалану, қолдану мәселесі туындайды. Физика сабақтарында компьютерлік техниканы пайдалануға мүмкіндік мол. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, олардың ой – танымын кеңейтуге, өз бетінше шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
Оқытудағы жаңа информациялық технология аса қажетті педагогикалық проблемалардың шешімдерін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.Жаңа информациялық технологияны негізі ерекшелігі ол мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен жəне бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді жəне оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезімінен, мүддесінен, көз қарасына əсер ете отырып оның интеллектілік мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі.Жаңа информациялық техналогияның білім беру саласына енуі педагогтарға оқытудың мазмұнын, əдістері мен ұйымдық түрлерін сапалы мүмкіндік береді. Білім беруде жаңа информациялық технология: - оқып үйренушілердің адамға тəн тұлғалық сапасының негізі үлестілігі болып табылатын жеке қабілеттерінің дамуына, ашылуына, сақталуына;Оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастыруға, өзін - өзі жетілдіруге тырысуға; - оқыту мен тəрбие процестерінің мазмұнын, формасын динамикалық.Компьютерлік жəне жаңа технологияларды физика сабағында тиімді пайдалану.Болашақта Қазақстанда білім беру жүйесін ақпараттандыру телекоммунациялық желілерді жасау жəне дамытумен ұштасады.Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекоммуникациялық желіні құру жəне дамыту арқылы шешіледі. Олар: - ақпараттық мəдениетті ұйымдастыру мен жеделдету процесін жоғары деңгейге жеткізу;-жасалынған жəне дамып келе жатқан телекоммуникациялық желілерде біртұтас бүкіл əлемдік ақпараттық кеңістікке интеграциялау; - біртұтас ақпараттық кеңістікке əр түрлі деңгейді ақпараттармен алмасуды камтамасыз ету; - білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ету, дистанциялық оқытуға мүмкіндік жасау.Оқытудын дистанциялық формасы оқушыларды жəне білім беруде маңызды формасына айналып отыр. Білім беру жүйесінде телекоммуникация желілерін жасау Қазақстан Республикасының орта білім беруді, практикалық жүзеге асыруды қамтамасыз ете алатын негізгі құрал болып табылады. Біртұтас телекоммуникациялық желіні білім беру жүйесінде пайдалану басты ақпараттық ағыны мен жұмысшы ақпараттық ағынды əдеттегі іс - əрекет сəйкес пəндік аумақта дерек қорын таратуға пайдалануы қажет. Бұл жүйені дамытудыға бастауы мектепте информатика курсын оқытудан басталады. Оқытудың компьютерлік технологиясы енгізу оқу-тəрбие қызметін басқаруды интенсивтендіру мен оптималдандырудың жаңа принципті мүмкіндіктерін ашады.Физика сабағында компьютерлік техниканы пайдалану оқытуды интенсивтендірудің негізгі факторларының міндеттерін комплекті шешуге мүмкіндік береді.Олар жалпы физика курсының информативтік, мақсаттылық, сыйымдылық мазмұнын көтеру, оқыту əдістерінің белсенді формасын қолдану, оқу еңбегінің дағдасын дамыту. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын жүзеге асыру оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға мүмкіндік береді, өз бетімен танымдық жəне эксперименттік-зерттеушілік қызметін меңгереді, оқушылардың өз бетімен оқу қызметінің мəдениеті қалыптасады. - Оқу əрекетінің мəдениетін қалыптастырудың мақсатты құралы екенін атап көрсетуге болады.4.Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» - деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық жəне оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез-келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пəндерді оқытуға пайдаланылады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында жəне қолданылатын жаңа құралдың бірі – бағдармаламалық-техникалық кешен болып саналатын «Активті экран» болып табылады. Бұл кешен білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге жəне оны компьютермен басқаруға тағайындалған əмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |