Пимно – 22а сауат ашу Пейсенова Мадина



Дата25.04.2024
өлшемі19.54 Kb.
#499824
Сауат ашу СӨЖ-12 тезис


ПиМНО – 22А
Сауат ашу
Пейсенова Мадина


СӨЖ 12
Жазу жұмыстарының бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерінің (қабылдау, ес, ойлау, зейін т.б.) дамуына ықпалы туралы тезис жазу.

Бастауыш мектеп - бұл оқушы тұлғасымен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан да бастауышғы білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруда жаңа технологияны тиімді пайдалана білу үлкен рөл атқарады. Оқушыларға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру үшін оқыту әдісін жетілдіру әр ұстаздың негізгі міндеті. Мұғалім бұрын жаңалықтың жаршысы, білім нәрін өзі айтып қана жеткізуші, ал оқушы тыңдаушы, дайын білімді тыңдап қайталаушы болды. Ал қазір оқушы – өздігінен ізденетін, шығармашылық әрекеттер жасайтын жеке тұлға, ал мұғалім – нақты бағыт сілтеп, оқушы еңбегін ұйымдастырушы, бақылаушы. Қазіргі таңда оқушыны қызықтырып, жаңа технологиялармен сабақты түсіндіру маңызды. Қай технологияны қолдансақ та естен шығармайтын нәрсе – оқушының өзіне деген құштарлығын, қызығушылығын жоғалтып алмау. Оқушылардың танымдық белсенділігін, ақыл – ой қабілеттерін дамытуда, оқуға қажетті біліктер мен дағдылар, алған білімін қолдану мен басқара алуда көрнекіліктер мен инновациялық технологиялардың маңызы зор. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыда танымдық белсенділік қалыптасады.


Қазіргі мектеп бағдарламасында оқушылардың сауатты жазу дағдысын қалыптастыруға ерекше назар аударып отыр.Бұл үшін оқушының тілін ауызша да жазбаша да дамыту қажет.Сауат ашу жұмыстары нәтижелі болу үшін тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байданыстарды бірдей ескеру қажет.Оқушылардың сауатын ашу,тілін дамыту-бастауыш мектеп бағдарламасының негізгі бір бөлігі.Сауат ашу жұмысы жазу арқылы іске асырылады.
Бастауыш мектептің 1-4 сыныптарында жазба жұмыстары арқылы тіл дамыту,сауаттылыққа үйрету әдістерін жинақтау,талдау және тиімді түрлерін негіздеу.Жазу,таза жазу,дұрыс жазу,сауатты жазу-қай тілдің болмасын басты ұстанымы.Сауатты жазудың алғышарты бастауышта қаланады.Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап балаға дұрыс сөйлету үшін сөздердің дыбыстық жағы,дұрыс айтылуы қадағаланады.Оқушылардың орфографиялық не пунктуациялық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруда сезім анализаторларының барлығы да:есту де,көру де,қол қозғалысы да қатысуы керек және оқушылардың іздегенін ойы-есін,қиалын т.б таным қабілеттерін дамытуға,сондай-ақ олардың жазбаша тілін жамытуға көп күш салыну қажет.Бастауыш сынып оқушылары орфографияны игере отырып,сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады,яғни өзінің сөйлеу және таным мүмкіндіктерін жетілдіре біледі,жеке басының жалпы даму деңгейі жоғары дәрежеге көтеріле береді.Міне осыдан жазуға үйренудің басты маңызы анықталады.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамытуда жекелеген психикалық процестерді дамытумен қатар жүреді. Балалар мектепке қабылдау процестері біршама жетіліп келеді, алайда оқыту барысында қабылдау формалары әр түрлі болады. Бір затты қабылдау әр адамда әр түрлі жолмен жүреді. Сол затты талдау, саралау, оның жекелеген қасиеттерін аңғару арқылы жалпы бір түсінікке келуге болады. Сабақ барысында оқушы қандайда бір мәліметтерді қабылдап, әрі қарай қолданыс сатысына өтеді.
Мектепке келген кезде балада бір затқа бағытталған зейін болмайды. Олар зейіндерін өздеріне қызықты заттарға немесе пәндерге аударуы мүмкін, алайдв бұл тұста басқа пәндерді де ысырып тастамаған жөн. Сондықтан мұғалім балаға ырықта зейінге үйретеді. Ырықты зейін арқылы мұғалім оқушыға түсіндірген материалға бағыттай отырып дағдыландырады. Оқушы біртіндеп сырттай тартымды заттарға ғана емес, қажеттілерге зейінін бағыттап үйренеді. Бастауыш сынып оқушыларына ақыл – ой әректәнен гөрі, сыртқы әрекеттерді орындауда зейіні неғұрлым тұрақты болады. Бұл ерекшелікті оқыту процесінде ойын арқылы түсіндіру, физиологиялық қимыл – әректтер арқылы пайдаға асыруға болады. Ойын кезінде бала көңілі көтеріледі , өзіне сенімділігі артады, білімге деген ынта-ықыласын жетілдіреді. Ойынды ойнағанда мұғалімнің мақсаты айқын болу керек, оқушылардың ерекшелігіне сай таңдап алынуы тиіс.
Бастауыш сынып жасындағы бала көбіне эмоциялы оқиғаларды, суреттерді, әңгімелерді есте сақтай алады. Бірақ мектепке келген соң оқу материалдарында есте сақтауды талап етеді. Басында оқушы жаттап алу арқылы есте сақайды, содан соң материалды түсіну арқылы есте сақтап үйренеді.
 Осылайша мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтар дамыта оқыту сабақтары болып табылады. Әр сабақта оқушының алдына проблема қойып және сол проблемаларды тікелей қазіргі өмірмен байланыстыра түсіндіру керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет