3
I.КІРІСПЕ
6 ғасырда он рудан тұратын тайпалық одақ пайда болды.Ол Түрік
атауын
алды.. Рулардың ақсақалдары жаудан қорғану үшін бірігіп, бірін-бірі
қолдаған дұрыс деп шешті. Он руға ашина, үйсін, қаңлы, түргеш, ұйғыр,
қырғыз, қарлұқ, оғыз, қимақтар, қыпшақтар кірді. Түріктер өздерінің бірінші
билеушісі ретінде Ашин руының басшысын сайлады. Аңыз бойынша Ашина
бүкіл түркі халқының арғы тегі.
552 жылы мемлекет құрылды -Түрік қағанаты. Оны жоғарғы билеуші қаған
басқарды.
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Түркі мемлекеті
Бірінші қаған – Бумын. Ол
батыл, зерделі, көреген басшы болды. Ол өз
халқын жаулардың жыртқыш шабуылдарынан қорғау үшін әскер жинады.
Уақыт өте келе Бумын көршілес тайпаларды бағындырды. Жаулап алған
тайпалар Түркі мемлекетінің құрамына енді. Сөйтіп, 30-дан астам түркі
тілдес тайпалар қосылды. Олардың ішінде оғыздар,
ұйғырлар, дулулар,
үйсіндер бар.
Түрік қағандары алып империя құрды. 580 жылға қарай Ұлы Түрік қағанаты
құрылды. Бұл Корей жерінен Қара теңізге дейінгі алып көшпелі империя
болды.
Ұлы Түрік қағанаты Еуразия халықтарының басын қосқан тұңғыш ірі
мемлекет болды. Олардың тілі бір,
мәдениеті бір, тұрмысы бір болған. Осы
уақытқа дейін көптеген түркі халықтары бір-бірін оңай түсінеді.
Ежелгі түріктердің өзіндік жазба тілі болған. Ол 40 таңбадан тұрды. Түрік
қағанатында іс қағаздары жүргізіліп, жарлықтар шығарылып, басқа
4
мемлекеттердің билеушілерімен хат алмасу жүргізілді. Түріктер Қытай,
Византия, Иран сияқты мемлекеттерге сауда жасап, елшіліктерін
жіберді.Түріктер Орта Азия мен Шығыстағы сауда
қауіпсіздігін қамтамасыз
етті. Еуропадан Қытайға және кері қарай тауар керуендері жүріп жатты. Ол
кезде өте сирек кездесетін мата – жібек Қытайдан әкелінді.Ослайша Ұлы
Жібек жолы пайда болды.Осы керуен жолында Испиджаб, Отырар, Түркістан
қалалары пайда болып, өсе бастады.VII ғасырдың басында Түрік қағанаты
екіге – Шығыс Түрік және Батыс Түрік қағанаттарына ыдырап кетті.Батыс
Түрік қағанаты Қазақстан жерінде орналасты. Біртіндеп ол да ыдырай
бастады. Оның жерінде жекелеген түрік тайпалары түргеш, қарлұқ, оғыз,
қимақ, қыпшақ мемлекеттерін құрды.Бұл ерте орта ғасырлар уақыты болды.
Ерте орта ғасырлардағы қағанаттардың
халқы мал шаруашылығымен,
егіншілікпен, балық аулаумен айналысқан. Ол кезеңдегі адамдардың
көпшілігі мал шаруашылығымен айналысқан. Олар жылқы, түйе, қой өсірді.
Қазақстанның солтүстік аумақтарында көшпелі мал шаруашылығы біршама
дамыған.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың құнарлы жерлерінде жартылай
отырықшы немесе отырықшы мал шаруашылығы дамыды.
Әртүрлі қолөнер де дамыды. Орта
ғасырларда тұрғындар тоқумен, киім
тігумен, сәнді бұйымдар шығарумен айналысқан. Рудадан темір, күміс,
алтын алынды, металл қорытылды. Күнделікті өмірде ағаштан жасалған
бұйымдар: ер-тоқым,
ыдыс-аяқ, қайық, киіз үйдің бөліктері кеңінен
пайдаланылды. Елді мекендерде керамика өндірісі жолға қойылған.
Бұл кезеңде қалалар салынып, мәдениет пен жазу дамыды. Ерте орта
ғасырларда Орта Азияда ислам діні тарай бастады.