ӘОЖ 374.7:378.18:39:37.00
Қолжазба құқығында
Бекмурзаева Райхан Аймағанбетқызы
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ МӘДЕНИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
6М010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша
Педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
РЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Қызылорда, 2013
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Гуманитарлық-педагогикалық институтының «Педагогика және психология» кафедрасында орындалған.
Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент Р.Т.Игенбаева
Ғылыми оппонент: педагогика ғылымдарының кандидаты, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Қожайқызы С.
Диссертация 2013 жылдың «___» маусымында сағат ___ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би 36,№7 оқу ғимараты, Гуманитарлық-педагогикалық институты, №411 дәрісхана) қорғалды.
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі қоғамдағы өзгерістер, ғылым мен мәдениет салаларындағы жетістіктер жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін жоғары деңгейге көтеруді қажет етеді. Әсіресе бүгінгі таңда жоғары мәдениетті маманға қажеттілігі байқалып келеді.
«Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасын» даярлау барысында білім беру қызметкерлері мен білім беру мекемелерінің міндеттері анықталды, онда бүгінгі таңдағы жоғары білімнің мақсаты мен басты стратегиялық бағдары – кәсіби шеберлігі мен біліктілігі жоғары, дүниетанымдық көзқарасы мол, кәсіби құзыреттілігі қалыптасқан, шығармашылық ойлауға дайындалған, іскерлік қабілеттілігі жетілген, адамгершілік қасиеттері жоғары білікті мамандардың жаңа ұрпағын даярлау қарастырылған.
Жоғары оқу орындарында студенттердің құзыреттілігін мәдени тұрғыда қалыптастыру заман талабы. Ал, студенттердің бұл сапалы жағын ұлттық құндылықтар негізінде жүзеге асыру жоғары мектеп педагогикасы ғылымындағы өзекті мәселе.
Студент-жастардың мәдени құзыреттілігін ұлттық құндылықтар негізінде қалыптастыру мәселесі ұлттық мәдениетімізді дамытуға, мәдени мұраларымыздың мәнін түсіну, тарихты зерделей отырып, жан-жақты дамыған, рухани мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеуде маңызы зор. Мұндағы басты талаптардың бірі – ұлттық қасиеттерімізді танып-білу, соның негізінде мәдени құзыреттілікті қалыптастыру.
Мәдени құзыреттілік адамның белсенді өмірін, оның кәсіби қызметі мен әр алуан әлеуметтік салаларды бағдарлайтын қабілетін анықтайды, сонымен бірге оның әлеуметтік санасы мен ішкі әлемін үйлесімділікке жетелейді. Алдына белгілі бір мақсат қоя білетін, сол мақсаттарға қол жеткізу жолдарын қарастыруға, ерікті шешім қабылдауға, олардың орындалуын өз жауапкершілігіне алуға қабілетті, жігерлі, беделді мамандарға қоғамда қажеттілік туындап отырған сәтте осындай көп қырлы сапаның маңыздылығы арта түсуде. Сонымен қатар, студенттердің мәдени құзыреттілігінің негізін салушы санатындағы жоғарғы оқу орнының заманауи оқу үдерістері осы күнде дәстүрлі жағдайынан өзгермеген, әрі аталған мәселені шешуге арналған толыққанды мүмкідіктер жасалынған.
Бүгінгі таңда «мәдени құзіретті» тұлғаға бірыңғай көзғарастардың жоқтығын ғылыми жұмыстарға талдау жасау барысы көрсетті. Мәдени құзыреттіліктің жұртшылыққа белгілі құрылымы жоқ, әрі оны бірегей айқындайтын анықтамалар да белгіленбеген. Мәдени құзыреттіліктің қалыптаспағандығы студенттердің тұлғалық өсуіне және барлық оқу үдерістерінің тиімді болуына кері әсер етуде. Сондықтан, студенттердің тұлғалық өсуін айқындайтын әрі жоғары оқу орнындағы оқу үдерістерін өркендетуге ықпал жасай алатын мәдени құзыреттілігін көп қырлы тұлғалық сапасында қалыптастырудың мәні ерекше.
Жоғары оқу орындарындағы студенттерді олардың болашақ іс-әрекетіне кәсіби даярлау жүйесінің әдіснамалық, педагогикалық, теориялық және әдістемелік негіздерін ашып көрсету үшін педагогика ғылымы саласындағы осы мәселелерге тиісті деректерге жан-жақты талдау жасау қажет.
Мәдениет, жалпы мәдениеттілік туралы проблемаларға ғалымдар әр қырынан мән беріп, түрлі зерттеулер жүргізеді. Атап айтсақ, философиялық негізін В.С.Библер, Л.Н.Коган, Д.Кішібеков, М.Х.Балтабаев, т.б. қарастырған, ал психологиялық мүмкіндіктерін Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов, С.Бабаев, А.А.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн және т.б.еңбектерінде зерттеген.
Зерттеп отырған құзыреттілік мәселесін, кәсіби құзыреттілік туралы Б.Т.Кенжебеков, Г.Ж.Меңлибекова, А.Дорофеев, А.Б.Ежова, А.В.Райцев, Б.Б.Кенджаева, М.Ж.Жадрина, Г.Қасымова, Р.Даулетова және т.б. еңбектерінде қарастырады.
Проблеманың этнопедагогикалық тұрғыдағы аспектілерін қарастырған ғалымдар С.А.Ұзақбаева, Ж.Ж.Наурызбай, К.Ж.Қожахметова, Ә.Табылдиев, Қ.Қ.Шалғынбаева және т.б. болды.
Студенттердің мәдени құзыреттілігі олардың болашақ маман ретінде кәсіби даярлығының құрамдас бөлігі болатындығын Б.А.Оспанова, Б.Д.Сыдыков, И.Б.Сихимбаев, Б.Т.Кенжебеков, С.Т.Жарбулова, Б.А.Тойлыбаев, Ш.Таубаева және т.б. кәсіби білім берудің теориясы мен әдістемесі бойынша еңбектерінде қарастырған.
Жоғары оқу орнындағы педагогикалық үдерісте педагогтың мәдени құзыреттілігінің алатын орны орасан зор. болашақ маманның мәдени құзыреттілігін қалыптастыру олардың саналы көзқарасын, ізгілікті қарым-қатынас орнатуына, жүйелі іс-әрекет жасауына мүмкіндік береді.
Мәдени құзыреттілік термині әзірге жалпылама қабылданып, нығайған ғылыми анықтамаға ие болған жоқ. Ғылыми әдебиетте «мәдениет» ұғымының көптеген анықтамасын кездестіруге болады. Бұл анықтамалар кейде бір-бірінен алшақтап кетеді. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарында-ақ американдық зерттеушілер мәдениет сөзінің 300-ге жуық анықтамасын жинақтады. Содан бері анықтамалар саны өсіп келеді. Сондықтан өз зерттеуімізде біз «мәдениет» ұғымын тереңірек талдап, түсіндіруе мән бердік. Қазіргі жастар мәдениетті тек көпшілікпен қарым-қатынас өлшемі ретінде санайды. Ал мәдениет ұғымы - өте күрделі ұғым.
Мәдениет деңгейі кез-келген қоғамның, белгілі бір мемлекеттің дамуы көрсеткіші. Егер мәдениет төмен болса, жастар да сол төмен мәдениеттің ықпалында тәрбиеленеді. Ал мәдениет деңгейі жоғары елдің жастары да сол деңгейге сай болары анық. Мысалы, мәдениеттің өзекті бөлігі өнер десек, өнерді ұғыну, түсіну арқылы адамда әсемдікке, сұлулыққа деген сезім қалыптасады, рухани дүниесі кеңейеді. Осындай сезімдер арқылы зияткерлік қабілет артады.
Соңғы жылдары халықтың санасы мен мәдениетінде жаңаша тарихи дүниетаным қалыптасып келеді. Осы кезеңге сәйкес келетін ойлау жүйесін жасау және оны әлемдік мәдениет аясында өрбітіп, шыңдап, жоғары деңгейге дамытуда үлкен талпыныс байқалады. Мәдениетті ұғыну арқылы мәдени құзыреттілік орнайды. Мәдени құзыреттілік нәтижесінде жастарды білім деңгейін сапалы, жан-жақты етіп көтеруге болады.
«Мәдениет» термині қазақ тіліне арабтың «маданият» - қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл орта ғасырларда мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні – мәдениет пен табиғатты, «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өте келе европалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі кездегі сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері; мәдениет – адамдық өркениеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі.
Бүгінгі күнде жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтық салт-дәстүрді аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу – басты міндеттердің бірі. Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын, бір-бірімен қарым-қатынас жасау мәдениетін, сөз мәнерін қалыптастыруда ұлттық құндылықтарымыздың алатын орны ерекше. Студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастыру, оны ұлттық құндылықтарымызға негіздеу бүгінгі жаһандану дәуіріндегі педагогика ғылымындағы айшықты міндеттердің бірі.
Сонымен бірге мәдени құзыреттілік проблемалары студенттерді кәсіби даярлауда жоғары оқу орындарында енгізу, осы негізде кәсіби біліктілікті шыңдау мәселесі әлі де назардан тыс қалып отыр. Болашақ мұғалімдердің кәсіби мәдени құзыреттілігін қалыптастыру, оны ұлттық құндылықтарға негіздеуге байланысты әсіресе, ана тіліндегі зерттеулердің жоқтың қасы екендігін атап өтсек, мәселенің өзекілігі қордалана түседі.
Демек, мәселе бойынша тәжірибелерге, ғылыми-педагогикалық және оқу-әдістемелік және т.б. әдебиеттерге жүргізілген теориялық талдаулар жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінде бұл проблема толық зерттелмеген және осы негізде кәсіби біліктілікті шыңдаудың шарты ретінде, арнайы зерттеулер жүргізуді талап ететіндігін дәлелдейді. Сондықтан қазіргі рухани мәдениетіміздің жаңару кезеңінде студент жастардың мәдени құзыреттілігін дамыту қажеттігі мен педагогика ғылымында аталған проблеманың теориялық түрде жүйелі зерттелмеуі; оны өмір талабына сай ұйымдастыру мен мәдени құзыреттілігін қалыптастыру мазмұны, әдістемесінің болмауы арасындағы қайшылықтар шешімін табу бізге зерттеу проблемасын айқындап, тақырыпты «Жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісінде ұлттық құндылықтар негізінде студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастыру» деп таңдауымызға себепші болды.
Зерттеу нысаны: жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: ұлттық құндылықтар негізінде студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты: студенттердің мәдени құзыреттілігін ұлттық құндылықтар негізінде қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу, әдістемесін жасау және оны тәжірибелік-эксперименттен өткізу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, студенттердің мәдени құзыреттілігін ұлттық құндылықтар арқылы қалыптастыру теориялық тұрғыда негізделіп, қоғам мен ғылым интеграциясы негізінде этнопедагогикалық тұрғыдағы студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндіктеріне мән берілсе, оқу-тәрбие процесіндегі шарттары айқындалса және әдістері ұсынылса, онда ұлттық сана-сезімі жоғары, адамгершілік мінез-құлық қасиеттерін бойына жинаған, жалпы мәдениеті басым жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік туындайды, өйткені ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеудің өмірлік орны ерекше.
Зерттеудің міндеттері:
1.Ұлттық құндылықтар негізінде студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу.
2.Студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастыруда ұлттық құндылықтарды пайдалану мүмкіндіктерін айқындау.
3.Студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастыруда ұлттық құндылықтарды пайдалану әдістемесінің тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: ұлттық құндылықтар негізінде студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастыру – кәсіби даярлықтың аса маңызды бөлігі, сондықтан оны жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесінде мақсатты түрде жүзеге асыру жаңа тұрпатты азамат тұлғасын дайындауға бағыттайды.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философия, психология және педагогика ғылымдарының жеке адамды дамыту туралы ілімдері, ұлттық дәстүрлердің философиялық және психологиялық теориясы, оқу-тәрбие үдерісінде ұлттық құндылықтарды пайдаланудың жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролі туралы психологиялық – педагогикалық тұжырым, этнопедагогиканың теориялық қағидалары, ұлттық тәлім-тәрбие, теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар.
Зерттеу көздері: рухани-мәдениет құндылықтары туралы философия, әлеуметтану, психология, педагогика салаларындағы ғылыми еңбектер, «Қазақстан Республикасы Конституциясы», «Қазақстан - 2030 даму стратегиясы», ҚР «Білім туралы» заңы, «Этномәдени білім беру тұжырымдамасы» және басқа да құжаттар мен ресми материалдар, оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, озат педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау, педагогикалық эксперимент жүргізу, жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісін бақылау, студенттермен, оқытушылармен әңгіме жүргізу, сауалнама алу, эксперимент нәтижелерін өңдеу және қорытындылау.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде зерттеу проблемасын анықтау үшін философиялық, психологиялық - педагогикалық және арнайы әдебиеттерге талдау жасалынды және жүйеге келтірілді, зерттеудің ғылыми және ұғымдық аппараты анықталды. Студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастырудың қазіргі жағдайы айқындалды.
Екінші кезеңде жинақталған деректер қазіргі педагогика ғылымының теориялық негіздері тұрғысынан сараланып, жоғары оқу орны оқу-тәрбие үдерісін зерттеу проблемасына сай жүргізудің педагогикалық мүмкіндіктері нақтыланып, әдістемелер ұсынылып, қалыптастырушы эксперимент жүргізілді.
Үшінші кезеңде тәжірибелік жұмыстың қорытындылары шығарылды және әдістемелік ұсыныстар жасалынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
- ұлттық құндылықтар негізінде студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі теориялық тұрғыда қарастырылып, оның жалпы оқу-тәрбие жүйесіндегі маңыздылығы анықталды;
- студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастыруда ұлттық құндылықтарды пайдалану мүмкіндіктері мен жоғары оқу орнындағы бүгінгі жағдайы айқындалды;
- студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастыруда ұлттық құндылықтарды пайдаланудың педагогикалық шарттары нақтыланып, ұсынылған әдістеменің тиімділігі тәжірибе жүзінде тексерілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: жоғары оқу орындарында студенттердің мәдени құзіреттігін қалыптастыру әдістемесі жасалып, практикаға еңгізілді. «Мәдени құзыреттілік негіздері» атты элективті курс бағдарламасы жасалды. Зерттеу нәтижелерін болашақ мамандардың мәдени құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесінде, сондай-ақ мамандардың біліктілігін жетілдіру институттарында қолдануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- ұлттық құндылықтар негізіндегі «студенттердің құзыреттілігі », «мәдени құзыреттілігі» ұғымдарының мәні мен мазмұны;
-ұлттық құндылықтарды жіктемеге келтіріп, сұрыптау студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастырудағы олардың мүмкіндіктерінің жоғары екендігін дәлелдейді;
Зерттеудің нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі алғашқы әдіснамалық және теориялық көзқарастармен, зерттеудің ғылыми аппаратының мазмұнға сай болуымен, зерттеу пәніне сәйкес әдістерді қолданумен, эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестігімен, теориялық тұжырымдардың практикадан алынған нәтижелерімен үйлесілімділігін тәжірибе жүзінде тексерумен, оны практикаға ендірумен дәлелденді.
Диссертация құрылымы: диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, нысаны, пәні, ғылыми болжамы, міндеттері анықталды, әдіснамалық негіздері, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні, ұсынылатын негізгі қағидалар, зерттеудің практикалық мәнділігі көрсетілді.
«Студенттердің мәдени құзыреттілігін ұлттық құндылықтар негізінде қалыптастырудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда жоғары оқу орындарында студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері сараланып, зерттеліп отырған мәселеге байланысты негізгі ұғымдарға талдау жасалып, мазмұны мен мәні ашып көрсетілді.
«Ұлттық құндылықтар негізінде студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі» атты екінші тарауда студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастырудың жаңаша жүйесін айқындаудағы педагогикалық шарттар нақтыланып, оқу-тәрбие процесіндегі оның жолдары, әдістері ұсынылды және тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының мазмұны мен нәтижелері баяндалады.
Қорытындыда педагогикалық тәжірибе жұмыстарының нәтижелері негізінде дайындалған тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазіргі уақытта бүкіл тарихи, мәдени адамгершілік, рухани құндылықтарымыз жаңа заман тұрғысынан қайта бағаланып отыр. Сонымен қатар төл мәдениетіміз, салтымыз, дәстүріміз, тіліміз, ұлттық намысымыз, табиғи ортамыз, ұлттық мәдениетіміз бекіп, жаңғырып, дамып келе жатырған кезінде «әр халықтың ұлттық өзгешелігін, ерекшелігін зерттеп біліп, тауып, шешіп қамту керек» деген талапты жүзеге асыру әбден қажет.
Жоғары оқу орындарындағы студент тұлғасын қалыптастыру, олардың кәсіби маман ретінде көрінісін білдіретін құзыреттілігін мәдени тұрғыда қалыптастыру білім беру саласындағы маңызды мәселе.
Философиялық, психологиялық және педагогикалық зерттеулерден «мәдениет» ұғымының спаттамасының көп екендігін байқаймыз. «Мәдениет» ұғымын ежелгі философтар «Жанды жетілдіру» деген мағынада қарастырыған. Кейінірек мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Уақыт өте келе, тәрбиелеу, оқыту деген ұғыммен қатар, кең мағынада білім беру, ағартушылық деген мағыналарда да қолданылған. Демек, бізге үйреншікті болып кеткен «мәдениет» ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры сонау көне заманнан бастау алады. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, олай болса, білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады.
Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын жастар ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ арқылы іске асады.
Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл білім, білік, дағдының жаңаша жай ғана жиынтығы емес, сонымен бірге ол білім алушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Сонымен, оқытудағы құзыреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын педагогикалық үдеріске енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.
«Құзыреттілік», «құзыр» ұғымдарының қолданыстағы білім, білік, дағдыдан айырмасы төмендегідей ажыратылады: білімнен айырмасы – қызмет жөніндегі ақпараттық сипатта емес, өнімді қызмет формасы түрінде байқалады. Дағдыдан айырмасы – оқыған материалды топтастыра, құбылыстарды, заңдылықтарды шығармашылықпен пайдалана отырып өзгерте алатын саналы қызмет. Біліктіліктен айырмасы – дағдыға автоматты түрде жету немесе алмастыру емес, керісінше бірнеше пән дағдыларын кіріктіру, жалпы қызмет негіздерін сезіну.
Қазіргі кезеңдегі мұғалімнің міндеті – оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, сөйтіп білім алушының жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашатын шығармашыл тұлға қалыптастыру. Әсіресе нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру – негізгі міндет. Құзыреттілік – білім алушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі.
Құзыреттілік – болашақ маманның өзінің және қоғам өмірінің өркендеуіне жауапкершілігін сезінуі, оған дайындығы мен қабілетін көрсетеді. Сондықтан білім беру жүйесі мен әр педагогтың міндеті білім алушының ізденімпаздығы мен дербестігін дамыта отырып, өз қабілеттерін жүзеге асыруда шығармашылық сипатта іс-әрекет етіп, мәдениет деңгейінің жоғары сатысына жетуде білімі мен біліктіліктерін үнемі жетілдіру болып табылады. Осы мақсатта ғалымдар (А.В.Хуторской т.б.) негізгі құзыреттілік түрлерін былайша анықтайды: интеллектуалдық, азаматтық-құқықтық, коммуникативтік, ақпараттық, мәдениеттанымдық т.б.
Білім берудің негізгі мақсаттарына, әлеуметтік тәжірибенің құрылымы мен жеке тұлға тәжірибесіне, сондай-ақ білім алушы іс-әрекетінің негізгі түрлеріне байланысты мынадай білімдік құзырлықтар маңызды:
1. Құндылық түсінігі– бұл білім алушының құндылық бағдары, қоршаған әлемді көре білуі мен түсіну қабілеті, өзінің ондағы рөлін сезінуі, өз іс-әрекетінің мәнділік және мақсатты ұстанымының болуы, шешім шығара білуі. Бұл құзыреттілік ты меңгерген білім алушы оқу және басқа іс-әрекетте өз білімі мен біліктерін жүзеге асыра білу қабілетіне ие болады, нәтижесінде білім алушының жеке білімдік кеңістігі және оның өмірлік әрекет бағдарламасы қалыптасады.
2. Ұлттық құндылықтарға негізделген мәдени құзыреттілік – жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық мәдениет аймағындағы адамның іс-әрекет тәжірибесі, адамзат қоғамы мен жеке халықтардың, адам өмірінің рухани-адамгершілік түсінігінің болуы. Оған адам өміріндегі ғылым мен діннің ролі, әлеуметтік құбылыстар мен дәстүрлер, отбасы мәдениеті, олардың қоршаған әлемге әсері, білім алушының оны игеруі мен мәдени тұтастықты сезінуі.
3. Оқу-танымдық құзыреттілік – білім алушының дербес танымдық іс-әрекет арнасындағы құзыреттіліктер жиынтығы: білім мен мақсаткерлік, жоспарлау, талдау, оқу-танымдық әрекетті өзіндік бағалау. Білім алушы жаңа шығармашылық әрекет дағдыларын меңгереді: нақты жағдайда іс-әрекет тәсілдерін біледі, мәселені шешуде эвристикалық әдістерді қолданады. Бұл құзыреттілік аумағында білім алушының сауаттылық талаптары анықталады: шындықты, фактіні анықтай білу, өлшеу дағдыларын игеру, статистикалық, мүмкіндік және басқа таным тәсілдерін білуі.
4. Ақпараттық құзыреттілік – білім алушының оқу пәніндегі және білім алу шеңберіндегі, сондай-ақ қоршаған әлем туралы ақпаратты қолдана білу дағдылары. Түрлі нысаналар (теледидар, үнтаспа, телефон, компьютер) және ақпараттық технологиялар (бейне, таспа, электрондық почта, Интернет т.б.) көмегімен ізденімпаздық біліктері қалыптасып, ақпаратты талдау, саралау, сараптау, сақтау және оны тарата білуге үйренеді.
5. Коммуникативтік құзыреттілік – тілдерді білу, айналасындағы адамдармен сөйлесу, топта жұмыс істей білу дағдысы, түрлі әлуметтік рольдерді меңгеруі. Білім алушы өзін таныстыра білуі, хат жазу, сауалнама толтыру, өтініш жазу, сұрақ қою, пікірталасқа қатыса білуі т.б. керек.
6. Әлеуметтік-қызмет құзырлылығы – азаматтық-қоғамдық әрекет шеңберіндегі (азамат, бақылаушы, сайлаушы, өкіл т.б. рөлін орындау), әлеуметтік-қызмет аумағында (тұтынушы, сатып алушы, өндіруші), отбасы қатынастары мен міндеттері көлемінде, экономика және құқық сұрақтарында, кәсіби бағдар бойынша білімдері мен тәжірибелерін меңгеруін көрсетеді.
7. Жеке тұлғалық өзін-өзі жетілдіру құзырлылығы – білім алушының дене, рухани және интеллектуалдық өзіндік дамуы, эмоционалдық тұрғыда өзін-өзі реттеу мен жүзеге асыру тәсілдерін меңгеруге бағытталады. Білім алушы өз қызығушылығы мен мүмкіндіктері арқылы өзіндік танымын, қазіргі кезеңдегі қажетті жеке тұлғалық қасиеттерін дамытып, психологиялық сауаттылығын, ойлау мәдениеті мен мінез-құлық мәдениетін меңгереді. Сондай-ақ бұл құзыреттілік қа жеке бас гигиенасы, өз денсаулығы мен экологиялық мәдениет кіреді.
Мәдени құзыреттіліктің құрамы төмендегідей: құзыреттіліктің көп қырлылығы: барлық көріністерінің біртұтастығын сақтай отырып түрлі мекемелерде байқалуы; әлеуметтігі: жоғары дәрежедегі мәдени құзыреттілігінің тұлғалық сипаты(әріптестері мен жолдастары ортасындағы беделі), сонымен бірге қоғамдық ортадағы мәні; реттеушілігі: тұлғаның өзін - өзі реттеуі мен өзін - өзі тануына мәдени құзыреттіліктің ықпалы; дарашылдық: шығармашылық даралыққа қалыптастыруды жүзеге асыру;үздіксіздік: субъектінің өзін дамытуға үнемі қажетсінуін және үздіксіз білім алуға тұлғалық ұмтылысы. Біз мәдени құзыреттілікті үнемі қозғалыстағы әрі ашық жүйе деп қарастырып отырғандықтан, үздіксіздік бұл жүйенің ең маңызды құрамы.
Зерттеу барысында педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге теориялық талдаулар нәтижесі бізге мынадай анықтама беруге мүмкіндік берді: ұлттық құндылықтар негізіндегі студенттердің мәдени құзыреттілігі дегеніміз – болашақ кәсіп иелерінің халықтың рухани құндылықтарын түсінуі арқылы оларды құзыреттілікте қолдана алуымен анықталатын, кәсіби мәнді, тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуын құрайтын адамгершілік тұрғыдағы мәдени басқарушы іс-әрекеті.
Зерттеу жұмысымызда біз студенттердің бойында мәдени құзыреттілікті ұлттық құндылықтар негізінде қалыптастырудың жоғары, орта, төмен деңгейлерін анықтадық.
Жоғары деңгей: ұлттық құндылықтарға негізделген мәдени құзыреттілік сапалары, ұлттық дәстүрлерді эмоционалды түрде қабылдай алады, оларға деген қызығушылығы мен сыйлы қатынасы жоғары, ұлттық құндылықтардың дұрыс ықпалының бар екенін жақсы түсінеді, ұлттық дәстүрлер жайлы білімі терең, оларды мәдени құзыреттілік тұрғысында пайдалана біледі және өзінің өмірін мәдени құндылықтарға бағыттай отырып, көрсете алады.
Орта деңгей: ұлттық құндылықтарды , ұлттық дәстүрлерді эмоционалдық тұрғыда қабылдауға ұмтылады, оған қызығушылығы мен сыйлы қатынасы болып, бірақ оны мәдени құзыреттілікте пайдалануға мән бермейді, өз тарапынан оны түсінуге, талдауға ниеттенбейді, өзі өмір сүріп отырған ортасында құзыреттілікте ұлттық құндылықтарды пайдалануға біршама қызығушылық көрсеткенімен, өзінің іштей психологиялық мүмкіндігінің таяздығынан ешбір белсенділік көрсете алмайды. Студенттердің арасында әлі де өзінің мәдени сапаларын көрсете алмайды.
Төмен деңгей: ұлттық құндылықтардың мәдени құзыреттіліктегі маңызын түсінбейді. Ұлттық құндылықтарға қызығушылығы мен сыйлы қатынасы болғанымен, мәдени құзыреттіліктің қалыптасуындағы ықпалын жете түсінбейді.
Осындай бірізділікпен айқындалатын мәдени құзыреттіліктің қалыптасу деңгейлері оқу-тәрбие процесінде студенттердің адамгершілік сезімі, ұлттық санасы, еркі, рухани мәдениеттілігі мен мінез-құлқына, өмірлік бағдарының дұрыс қалыптасуына жүйелі, ықпалды әрекет жасауға мүмкіндік туғызады.
Бірқатар ғылыми ізденіс нәтижелерін талдап, зерттеуді қорытындылай келе біз ұлттық құндылықтар негізінде студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастырудың мынадай жолдарын айқындадық: ұлттық құндылықтар негізінде студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастыруды жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісіне енгізу мүмкіндігін бағалау; осы бағытта студенттерді кәсіби бағыттылықты құраушы мазмұнды аспектідегі оқу-тәрбие материалдарын іріктеу; студенттердің мәдени құзыреттілігін ұлттық құндылықтар негізінде қалыптастыру бойынша әдістемелер ұсыну; және оларды жүзеге асыру құралдар жүйесін тиімді пайдалану.
Зерттеу жұмысында колданылған формалар мен әдістер мына жағдайларда ескеріп жүргізілді: студенттердің өзара және ұстаздар арасындағы мәдени құзыреттілігі, яғни әңгімеге тарта алу, қызықтыру, байсалдылықты сақтай отырып, өзінің тілегін, өтінішін білдіруі, ересектердің қойған талаптарын орындаудан бас тартқан кезіндегі реакциясы, сыпайы сөздерді қолдану ситуациялары оның өзінің көзқарасына иландыра алу икемділігі; сол сияқты өзінің іс-қимылын ұйымдастыра алуы, өзін-өзі, өзара бағалай алуы. Әңгімені бастамас бұрын ойды жинақтап, сөйлеу барысына мақсат қою дағдысы, сөйлесіп отырған тұлғаның сөзін бөлмей, жауапты тура беру; және сөйлесушіге ықыласын білдіре алуы, жәрдем бере алуы, өтінішті ескеруі, қамқор бола алуы. Ал дос, жолдастары, курстастары арасындағы мәдени құзыреттілігі, ол сыпайылылық сақтап, сәлемдесу, қоштасу әдетінің қалыптасуы; сыпайылылық, байсалдылық сақталуы.
Студенттердің мәдени құзыреттілігін ұлттық деңгейде жетілдіру негізінде, құзыреттілік дағдысы мен икемділігін қалыптастыру бойынша арнайы курс ұсынылды. Практика барысында әдістемелік және рольдік ойындарды модельдеу, тренингтер қолданылды.
Ұлттық құндылықтар негізіндегі мәдени құзыреттіліктің технологиялық мазмұны оны ұйымдастырудың жолдарын қарастыру, іздестіру болды. Оқытушы тек қана студенттердің оқу әрекетін ұйымдастырып, басқарып қана қоймай, оның оқу әрекетін айқындаудың жолын табатын педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталады.
Мәдени құзыреттіліктің технологиясы төмендегідей болып табылады: мәдени құзыреттілік жағдайына бейімделу, сырттағы адамдарды өзіне қарату, объектінің жан дүниесін жаулап алу; сөздік мәдени құзыреттілікті іске асыру; эмоционалды және мазмұнды байланысты ұйымдастыру.
Студенттердің мәдени құзыреттілігін жоғарылату үшін қажеттті мағлұматтарды ескере отырып қасындағы әңгімелесушілермен эмоционалды қатынас құруға мүмкіндік жасалды. Әдістемелік құрал ретінде әртүрлі көріністегі суреттер, драматизациялық көріністер, әңгімелесулер мен драмалық көріністер қолданылған болатын. Студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастыру үшін, біріншіден, өз жеке басының ерекшеліктері және ішкі қажеттіліктерін ескере отырып, сөйлеу мәнерін, эмоционалды жағдайларын ескеруді қажет ететіндігін ескерте келе, оны қолданудың мүмкіндіктерін негізге алдық. Байқалғаны: өзгенің көңіл күйін сезіне білуге ұмтылу, содан кейін оның іс-әрекетіне, ым-ишарасына көңіл бөліп, оның қандай оймен немесе қандай көңіл күйде отырғандығын сезіне білу. Содан кейін белгілі іс қимылдарды мәдени құзыреттілік жасау барысында қолданылатын іс қимылдар, ым-ишаралар арнайы түрде қолданыла бастады. Жұмыстың нәтижелілігі студенттердің шынында да өздерін ұстауы, сөйлеу мәнері өзгергендігін аңғартады.
Тәжірибе барысында көрсеткендей, студент пен білім алушының арасындағы мәдени құзыреттілік ерекшелігін анықтап, деңгейін талдау және оған баға беру мәдени құзыреттіліктің деңгейін өлшей алу мүмкіншілік беретіндігін айта кетуге болады.
Студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастырудағы басты принциптерді талқылай отырып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдерді сараптадық. Көрсетілген принциптерге сүйене отырып, студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастыруда көптеген әдіс-тәсілдерді ұсынуға болады, мұнда мынадай жағдайлар ескерілуі керек: мәдени құзыреттілігін қалыптастыру мақсаттары мен міндеттері; студенттердің қызығушылығы мен қажеттері; мәдени құзыреттілік жасау деңгейлері; күтілетін нәтижелер; білім алушының өз басының мүмкіндіктері.
Студенттің мәдени құзыреттілігін қалыптастырудағы оқытушы тарапынан болатын педагогикалық қолдаудың мәні мынада: ұнамды психологиялық жағдай жасау; тұлғаның өз бойындағы мүмкіндіктерін өзінше іске асыруына шарт-жағдайлар түзу; ұлтының дәстүрлеріне т.б. мақтан тұтуын қаматамасыз ету; көмек көрсету, үлгі-өнеге болу; білім алушының кәсіби деңгейі мен мәдениеттілігінің жоғары болуы.
Студенттердің мәдени құзыреттілігінің қалыптасуы тәрбиенің барлық түрінің өзара байланысуы арқылы жүзеге асады: ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене т.б. Сонымен бірге студенттерде ұлттық құндылықтар негізінде мәдени құзыреттілігінің қалыптасуы ұлттық тәрбиенің қозғаушы күші – ұлттық санаға сіңіп, қалыптасқан салт-дәстүрлер, ұлттық рух, ұлттық намыс, ұлттық абырой, ар, ұят, кісілік т.б. байланысты.
Зерттеу тақырыбымыз бойынша алға қойған мақсат, міндет және ғылыми болжам негізінде тәжірибелік-эксперимент жұмысы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өткізілді.
Тәжірибелік эксперимент жұмысы үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) жзүргізілді
Экспериментке 42 студент қатысты, оның 21-эксперимент тобында, 21-бақылау тобында.
Айқындаушы эксперимент бойынша жүргізілген жүйелі зерттеу жұмыстары жоғары оқу орындарында ұлттық құндылықтар негізінде студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастыру жұмыстары жүргізілмейтіндігі, көбіне ол тек мәселе түрінде ғана қойылатыны және оны оқытушылар кей кездерде ғана, еш жүйесіз іске асыратыны байқалды. Сауалнама, тест нәтижелері студенттердің мәдени құзыреттілік ұғымына және бұл мәселеге аса мән бермейтіндігін, болашақ кәсіби қызметіне тікелей маңызы бар екеніне, мәдени құзыреттілік қажет деп есептегенімен, оны жүзеге асыру әдіс-тәсілін білмейтіндігін көрсетті. Кейбір студенттердің өзін-өзі бағалауы нақты емес. Олардың көпшілігі яғни 48%-ы мәдени құзыреттілікті дамытудағы басты рөл өздерінде десе, 26%-ы оқытушыларға, 12% ата-аналары мен жақындарына, 14% достарына, курстастарына байланысты деп есептейді.
Осылайша айқындаушы эксперимент нәтижелері аталған мәселені шешудің тиімді жолдары мен құралдарын анықтау, оларды қорыту және оқу-тәрбие процесінде студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастыруды педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз етудің үлгісін жасау, оны тәжірибеге ендіру, оның тиімділігін көз жеткізу қажеттігін айқындады.
Студенттердің мәдениетін қалыптастырудағы басты принциптерді талқылай отырып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдерді сараптадық. Көрсетілген принциптерге сүйене отырып, студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастыруда мынадай әдіс-тәсілдерді ұсындық: мәдени құзыреттілігін қалыптастыру мақсаттары мен міндеттері; студенттердің қызығушылығы мен қажеттері; қоршаған әлеуметтік жағдайлар; қарым-қатынас жасау деңгейлері; күтілетін нәтижелер;
Көрсетілген шараларды оқу-тәрбие процесінде тақырыппен сабақтастыра жүргізу оң нәтижеге жеткізіп, ол студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастыруға негіз болады деп есептеп, арнайы әдістеме ұйымдастырдық. Алдымен «Ұлттық құндылықтар негізінде студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында арнайы курс дайындалды. Арнайы курс бағдарламасының мазмұны кесте-3-те берілген.
3–Кесте «Ұттық құндылықтар негізінде мәдени құзыреттілікті қалыптастыру» арнайы курс бағдарламасының мазмұны
№
|
Тақырыптар:
|
Дәріс
|
Пр
|
БА
ОӨЖ
|
БА
ӨЖ
|
1.
|
Мәдени құзыреттілік ұғымына сипаттама
|
2
|
1
|
1
|
2
|
2.
|
Қазақ халқының этномәдениетіне ғұлама ойшылдар мен жыршы-жыраулардың, ағартушы-қоғам қайраткерлерінің әсері.
|
2
|
1
|
1
|
4
|
3.
|
Қазақ халқының дәстүрлі мәдени тәрбиесінің мәні, мазмұны
|
1
|
1
|
1
|
4
|
4.
|
Жетілген адам – қазақ халқының дәстүрлі мәдени тәрбиесінің идеалы.
|
1
|
|
1
|
2
|
5.
|
Ұлттық этикет – қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің көрсеткіші
|
1
|
1
|
1
|
2
|
6.
|
Ұлттық құндылықтардың
педагогтың мәдени құзыреттілігіндегі көрінісі
|
1
|
1
|
1
|
4
|
7.
|
Мәдени құзыреттілікті жоғары білім беру жүйесінде пайдалану тұжырымдамасы және оны жүзеге асырудың бағыттары
|
1
|
|
1
|
2
|
|
Барлығы:
|
10
|
5
|
8
|
22
|
Осы жағдайларды негізге алып, студенттердің ұлттық салт-дәстүрлер негізінде білім деңгейлерін арттыру мақсатында «Ұлттық құндылықтар –мәдени құзыреттіліктің іргетасы» тақырыбында тәрбиелік –ісшаралар кешені дайындалды. Оның негізгі мақсаты - студенттердің мәдени құзыреттілігін ұлттық құндылықтар негізінде қалыптастыру. Тәрбиелік іс-шаралар кешенінің мазмұны мен жоспары 4 кестеде көрсетілген.
4-Кесте «Ұлттық құндылықтар – мәдени құзыреттіліктің іргетасы» атты тәрбие жұмыстар кешені
р/с
|
Тақырыбы
|
формасы
|
1.
|
Мәдени қарым-қатынас - білім мен мәдениет компоненті
|
Лекция-сұқбат
|
2.
|
Жаһандану жағдайындағы ұлттық мәдениет сипаты
|
Педагогикалық айтыс
|
3.
|
Ұлттық құндылықтардың бай мұралары
|
Дәрісбаяндар
|
4.
|
Сіз мәдениеттісіз бе?
|
пікір-сайыс
|
5.
|
Ұлттық құндылықтар негізінде мәдени құзыреттілікті дамыту
|
Ашық микрофон
|
6.
|
Қыз бен жігіт қарым-қатынасы және мәдениет
|
қарсыластар сайысы
|
7.
|
Көркем мінез - көріктілік келбеті
|
сыр-сұқбат
|
8.
|
Жақсы сөз – жарым ырыс
|
интеллектуалды сайыс
|
9.
|
Мәдени құзыреттілік – сапалы білім, білік, дағды және саналы тәрбие айнасы
|
Пресс-конференция
|
|
Қазақ халқындағы туыстық қарым-қатынас мәдениеті
|
Тәлімгер сағаты
|
10
|
Мәдени құзыреттілік деңгейінің педагогикалық іс-әрекеттегі көрінісі, тәрбиелік мәні
|
Дөңгелек үстел
|
Студенттердің мәдени құзыреттілік жағдайының жетімсіздігі мен сол бойынша бірізділікпен берілген әдістемелік жүйенің жоқтығы, студенттердің ұлттық сипаттағы жалпы мәдениеттілігін дамыту үдерісі бойынша жоғары оқу орындарында қалыптастыру экспериментін жүргізу қажеттігін тудырды.
Қалыптастыру экспериментін өткізу барысында мынадай міндеттер қойылды: студенттердің мәдени құзіреттілігін қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасау, оқу-тәрбие үдерісіне проблемалық тапсырмалар, іскерлік ойындар енгізу.
Тәжірибелік-эксперимент жұмыстары барысында студенттер өз жетістіктерін, қателіктерін, сәтсіздіктерін өзі сараптауға, өз жұмысының ерекшеліктерін анықтауға, мәдени құзыреттілігін жақсарту жолындағы мүмкін нұсқаларды іздестіруге бағытталған тапсырмалар орындады.
Қалыптастырушы эксперимент кезеңінде студенттердің психологиялық-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттермен орындаған жұмыстары маңызды болды. Студенттерге құбылысты жан-жақты түсіне білуге, жағдайды дұрыс жеткізе білуге қажетті білімге деген қажеттілік туындады.
Студенттердің мәдени жетістіктерін сараптай келе, педагогикалық іс-тәжірибе қарастырылып отырған сапаның құрамдас бөліктерінің қалыптасуына әсерін тигізгендігін айқындадық.
Студенттердщің мәдени құзыреттілігін қалыптастыру бойынша ұсынылған әдістемелер студенттермен жұмыс жасау үдерісінде сынақтан өтті. Алынған нәтижелер сарапталды және төменде көрсетіліп отырған қорытындыларды жасауға мүмкіндік берді (5-кесте).
Кесте 5 - Студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастыру деңгейлерінің қорытынды көрсеткіштері (% есебімен
Деңгейлер
топтар
|
|
|
ЭТ
|
БТ
|
Жоғары
|
38,4
|
12,1
|
Орта
|
38,3
|
36,6
|
Төмен
|
22,3
|
51,3
|
Тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижелері бойынша бақылау топтағы жоғары деңгей 12,1% болса, ол көрсеткіш экспериментальды топта 38,4%-ға өскенін байқауға болады. Төмен деңгей бақылау тобында 51,3% болса, экспериментальды топта 22,3% болды. Эксперимент жұмыстарының қорытынды динамикасын сурет 2-ден көруге болады
2 – Сурет Студенттердің мәдени құзыреттілігінің қалыптасу динамикасы
Сонымен, зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
1.Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге жасалған сараптама ұлттық мәдениеттіліктің қалыптасып дамуына әсер еткен факторларды талқылау, қазіргі кезеңде жоғары оқу орындарында ұлттық құндылықтар негізінде студентердің мәдени құзыреттілігін қалыптастыруға мазмұндық тұрғыда сипаттама беруге ықпал етті;
2.Студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастыруда ұлттық құндылықтарды пайдаланудың мәні мен мағынасы ашылып, олардың мәдени құзыреттілігін арттыруда шешуші роль атқаратыны анықталды.
3. Ұлттық құндылықтарың білім алушылардың мәдени құзыреттілігін қалыптастырудағы тәрбиелік, тағылымдық мүмкіндіктері жоғары екендігі, олар ұрпақ тәрбиесіне кешенді түрде әсер етіп, адамгершілік, ізгілікке негізделген студенттердің мәдени құзыреттілігінің қалыптасуына негіз болатыны айқындалды.
4.Ұлттық құндылықтар негізінде мәдени құзыреттілігін қалыптастыруда студенттерді кәсіби даярлау әдістерінің қажетті деңгейде қамтылуы; студенттердің мәдени құзыреттілігін жоғары оқу орындарында қалыптастыруды ұйымдастырудың инновациялық формаларының қамтылуы; осы бағытта студенттерді кәсіби даярлау жүйесіндегі оқыту технологиялары; «мәдени құзыреттілік негізі» атты арнайы курс енгізу; студенттердің мәдени құзыреттілігін ұлттық құндылықтар негізінде қалыптастыру үдерісін мақсатқа сәйкес ұйымдастыру жүйесі нақтыланды.
5.Жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісінде студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастырудың жолдары мен әдістемелері ұсынылды.
6. Жұмыстың зерттеу проблемасына орай тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар өткізіліп, оның тиімділігі айқындалды.
Алынған зерттеу нәтижелері бойынша бірқатар ұсыныстар жасауға болады:
- жоғары оқу орны студенттеріне ұлттық құндылықтар негізінде мәдени құзыреттілігін қалыптастыруға байланысты оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар шығару;
-студенттердің мәдени құзыреттілігін қалыптастыруда ұлттық құндылықтарды пайдалану жоғары оқу орны оқытушыларының осы бағыттағы нәтижелі іс-әрекетінің негізінде қамтамассыз ету мүмкіндігі ескерілуі қажет.
-жоғары оқу орындарында, біліктілігін жетілдіретін институттарда ұлттық құндылықтарға негізделген студентердің мәдени құзыреттілігін қалыптастыру проблемасы бойынша элективті курстар, әдістемелік семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру т.б. өткізу;
Зерттеу проблемасы күрделі болғандықтан, оның барлық қырларын түбегейлі шешіп, қарастыру мүмкін емес, келешекте мәдени құзыреттілігін қалыптастырудағы түрлі ұғымдары мен имандылық, рухани-адамгершілік құндылықтардың мәні мен маңызын ашу, сол тұрғыда адам болмысын тану проблемалары дербес зерттеуді қажет етеді.
РЕЗЮМЕ
Бекмурзаева Райхан Аймаганбетовна
Формирование культурной компетентности студентов на основе национальных ценностей
6М -010300 – Педагогика и психология
Актуальность проблемы:
Проблема формирования культурной компетентности студентов на основе национальных ценностей имеет большое значение в развитии национальной культуры, в воспитании разносторонней, духовно-богатой, культурной личности. В этом случае одним из основных требований к современному специалисту является знание национальных достоинств, на основе которых формируется общекультурная компетентность. Умение поднять свой национальный уровень через самопознание, т.е. национальные особенности, систематизировать, обогащать, распространять соответственно современным требованиям. В связи с этим, в высших учебных заведениях при подготовке будущих бакалавров формирование культурной компетентности на основе национальных ценностей необходимо рассмотреть как неотделимую часть профессиональной подготовки.
Возросший интерес к проблеме формирования культурной компетентности студентов, в последние годы показывает, как важны эти вопросы для нашего государства, однако недостаточная разработанность данной проблемы как в теории, так и в практике педагогической науки в соответствии с современными тенденциями развития нашего общества, указывает на ее актуальность, и соответственно определила тему нашего исследования «Формирование культурной компетентности студентов на основе национальных ценностей».
Объект исследования – учебно-воспитательный процесс в вузе.
Предмет исследования – формирование культурной компетентности студентов на основе национальных ценностей.
Цель исследования – теоретическое обоснование формирования культурной компетентности студентов на основе национальных ценностей, разработка его методики и проверка в опытно-экспериментальной работе.
Введущая идея исследования: формирование культурной компетентности студентов на основе национальных ценностей является составной частью профессиональной подготовки, поэтому осуществление его в учебно-воспитательном процессе вуза дает возможность подготовки личности педагога нового поколения.
Задачи исследования:
-
Теоретически обосновать формирование культурной компетентности студентов на основе национальных ценностей
-
Определить возможности использования национальных ценностей в формировании культурной компетентности студентов.
-
Определить педагогические условия использования национальных ценнстей в формировании культурной компетентности студентов, экспериментально проверить, апробировать эффективность разработанной методики.
Источники исследования: научные труды по философии, социологии, психологии и педагогики о духовно-культурных ценностей, Конституция Республики Казахстан, программа «Казахстан-2030», «Закон об образовании» Республики Казахсатан, Концепция этнокультурного образования, а так же официальные материалы и документы, учебно-методические пособия, программы, передовой педогогический опыт и педогогическая деятельность автора.
Методы исследования: теоретический анализ философской, психологической, педагогической и научно-методической литературы, материалы по передому педагогическому опыту, педагогический эксперимент, наблюдение в учебно-воспитательном процессе вуза, беседы со студентами и преподователями, анкетирование, моделирование, обработка и обобщение полученных результатов.
Теоретика-методологической основой исследования является учение о развитии личности в области философии, психологии и педагогики; философская и психологическая теория народных традиций, психолого– педагогические исследования о роли этнопедагогики в формировании личности в учебно – воспитательном процессе; принцип единства сознания и действия; национальное обучение и воспитание, взаимосвязь теории и практики профессионального образования.
Научная новизна и теоретическая значимость:
-
теоретически обснована необходимость использования материала этнопедагогики в формировании культурной компетентности студентов, определена значимость в общей педагогической системе;
-
выявлены возможности использования материала этнопедагогики в формировании культурной компетентности студентов и их реальное состояние на данный момент в высшем учебном заведении;
-
определены педагогические условия формирования культурной компетентности студентов на основе материала этнопедагогики, экспериментально проверена эффективность методики формирования культурной компетентности студентов.
Практическая значимость исследования: введена в практику высших учебных заведений методика формирования культурной компетентности студентов; разработаны: спецкурс «Основы культурной компетентности». Основные положения работы по формированию культурной компетентности будущих специалистов на основе материала этнопедагогики могут быть использованы в учебно-воспитательном процессе высшего учебного заведения, а также в институтах повышения квалификации.
SUMMARY
Formations of common cultural competence of students on the basis of ethnopedagogics material
Bekmurzayeva Raikhan Aimaganbetovna
6M 010300 - Pedagogy and Psychology
Actuality of the problem:
The problem of formation of common cultural competence on ethnopedagogics material is of great importance in developing national culture in understanding of national values and up-brining of versatile, spiritually–cultural person. In this case one of the basic requirements is the knowledge of national advantages on which basis common cultural competence is formed. Ability to lift the national level through self-knowledge, understanding others, i.e. to systematize, enrich, extend the national features according to modern requirements. In this connection, formation of common cultural competence on the basis of ideas of national pedagogies should be considered as an inseparable part of vocational training of the future bachelors in higher educational institutions.
The increased interest to a problem of formation of common cultural competence of students shows how these questions are important for our country, and also the insufficient readiness of the given problem both in the theory, and in practice of a pedagogical science according to modern lines of development of our society specifies in its urgency, and has defined a theme of our research «Formations of common cultural competence of students on the basis of an ethnopedagogics material».
Object of research – teaching and educational process in a higher educational institution.
Subject of research – formation of common cultural competence of students on the basis of an ethnopedagogics material.
Aim of the research – to prove theoretical bases in formations of common cultural competence of students on the basis of an ethnopedagogics material, working out its technique and to check up skilled-experimental work.
Research problems:
1. To prove theoretically formations of common cultural competence of students on the basis of ethnopedagogics material.
2. To define possibilities of using a material of ethnopedagogics in formation of the common cultural competence of students.
3. To develop model of formation of common cultural competence of students on the basis of ethnopedagogics elements to define criterion and indicators.
4. To define pedagogical conditions of using materials of ethnopedagogics in formation of common cultural competence of students experimentally, to check up efficiency of the developed method.
Methodological and theoretical basis of research is the doctrine about development of the person in the field of philosophy, psychology and pedagogies; the philosophical and psychological theory of national traditions, psycho– pedagogical conclusion of the ethnopedagogics role in formation of the personality in educational process; a principle of unity of consciousness and action; national training and education, interrelations of the theory with practice, studying professional education.
Scientific novelty and the theoretical importance:
- Theoretically proved the necessity of using a material of ethnopedagogics for formation common cultural competence of students, the importance is defined in the general pedagogical system;
- Possibilities of using a material of ethnopedagogics in formation of common cultural competence of students and their present condition in higher educational institutions are revealed.
- The model of formation of common cultural competence of students on the basis of an ethnopedagogics material is developed, levels and criteria are defined.
- Pedagogical conditions of formation of common cultural competence of students on the basis of an ethnopedagogics material are defined, efficiency of a technique of formation of common cultural competence of students is checked up experimentally.
The practical importance of research methodology of formation of common cultural competence of students in higher educational institutions is entered into practice. The elective course «Basis of common cultural competence» is developed. Substantive provisions of work can be used in purpose of formation of common cultural competence of mutual relations of the future specialists in teaching and educational process of a higher educational institution, and also at institutes of improvement of professional skill.
Достарыңызбен бөлісу: |