Регламент «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу»



Дата27.06.2016
өлшемі71.34 Kb.
#161468
түріРегламент





Павлодар қаласы әкімдігінің

2012 жылғы « 1 » тамыздағы

№ 1068/22 қаулысымен

бекітілді




«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. Осы регламент «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету стандарттарына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес әзірленген.

2. Мемлекеттік қызмет Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25 үй мекен–жайы бойынша орналасқан, электрондық мекен–жайы: org.osz.ap@pavlodar.gov.kz. «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуемттік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынылады.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
4. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 22-бабы 1-тармағы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету Ережесiнің негізінде ұсынылады.

5. Өтініш беруші алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі кресло-арба беру үшін құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіште дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
6. Мемлекеттік қызмет уәкілетті орган ғимаратында сағат 9-00 ден 18-30 дейін, түскі үзіліс 13-00 ден 14-30 сағатқа дейін, демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінсіз көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: Қазақстан Республикасының азаматтарына, мүгедек болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.

Жеке кәсіпкер – жұмыс беруші қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінен еңбек жарақатынан немесе кәсіби науқастан болған мүгедектерге көрсетіледі.



8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері тұтынушы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап он жұмыс күні ішінде;

2) тұтынушы өтініш білдірген күнгі көрсетілетін орында мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

3) тұтынушы өтініш білдірген күнгі орнында мемлекеттік қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 15 минуттан аспайды.


9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайда мемлекеттік қызметтен бас тартады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату үшін негіздемелер жоқ.



11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды уәкілетті орган қызметкері жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі кезіндегі іс-әрекет

(өзара әрекеттесу) тәртібінің сипаттамасы.
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы стандарттың 11-тармағына көрсетілген құжаттар тізімін ұсынуы қажет.

Мүгедектің өзінің баруға мүмкіндігі болмаған жағдайда, нотариалды куәландыруды талап етпейтін сенімхат негізінде кресло-арба беруге өтініш жасауға басқа адамдарға уәкілеттік бере алады.



13. Тұтынушы уәкілетті органда барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін мемлекеттік қызметке тұтынушының тіркелген және алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

14. Кресло-арба алуға құжаттарды ресімдеу (ресімдеуден бас тарту) туралы хабарламаны беру және жеткізуді тұтынушының тұрғылықты жеріндегі уәкілетті органға жеке өзінің баруы арқылы не почта байланысы арқылы жүзеге асырылады.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:

1) уәкілетті органның бастығы;

2) уәкілетті органның маманы.

16 ҚФБ әрбір әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара байланыстылығы мен өзара іс-қимылының мәтіндік кестелі сипаттамасы әрбір әкімшілік әрекеттің (рәсімдердің) орындалу мерзімінің көрсетілуімен осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

17. ҚФБ мен іс-әрекеттерінің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін кесте осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.





4. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуші лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
18. Мемлекеттік қызмет көрсетуші лауазымды тұлғалар қабылдаған шешімдері мен әрекеттері (әрекетсіздіктері) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте жауапкершілікте болады.





«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосымша





ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің өзара әрекеттестігі мен дәйектілігінің сипаттамасы
     Уәкілетті органға өтініш білдірген кезде


Негiзгi үдерiстiң (жұмыстар барысының, ағынының) әрекетi

1

Әрекет (жұмыстар барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5

2

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның бас маманы

Уәкілетті органның бастығы

Уәкілетті органның бас маманы

Уәкілетті органның бастығы

Уәкілетті органның бас маманы

3

Әрекеттiң (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Тұтыну-шымен ұсыныл-ған құжаттар-ды қабылдау және тіркеу

Кұжаттарды

қарастыру



Хабарла-маның немесе қызметті ұсынуда дәлелді бас тарту туралы жауаптың жобасын дайындау

Хабарламаның немесе қызметті ұсынуда дәлелді бас тарту туралы жауаптың жобасын қарау

Журналға тіркеу

4

Аяқтау нысаны

(деректер, құжат,

ұйымдық-басшылық ету

шешiмi)


Кұжат-тарды қабылдау туралы талон

Қарар

Хабарла-маның немесе қызметті ұсынуда дәлелді бас тарту туралы жауаптың жобасы

Хабарламаға немесе дәлелді бас тарту туралы жауапқа қол қою

Хабарламаны немесе дәлелді бас тарту туралы жауапты беру

5

Орындалу мерзімі

15 минуттан аспайды

1 жұмыс күні

6 жұмыс күні

1 жұмыс

күні


15

минуттан аспайды



6

Келесі әрекеттің нөмірі

2-баған

3 -баған

4 - баған

5 - баған








«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет

регламентіне 2-қосымша




Әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема


Уәкілетті органға өтініш білдірген кезде




























Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет