Қарағанды қаласы әкімдігінің
2012 жылғы «______»__________________
№ __________ қаулысымен
бекітілген
«Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу»
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Қарағанды қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ҚалаББ) арқылы көрсетiледi.
2. Мемлекеттiк қызмет Неке (ерлі –зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 115-132-баптары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 маусымдағы «Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы» №404 және «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 31 тамыздағы №1119 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызмет қорғаншылық және қамқоршылық жөнiндегі анықтамалар берудің тәртібін анықтайды.
4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтің түрі: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі осы регламентқа 1-қосымшаға сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаєғн балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) беру не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабын ұсыну болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаға (бұдан әрi – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетiледi
7. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмдерi:
-
мемлекеттік қызметті алушы осы регламенттің 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік отыз күнді (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды;
-
өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күту уақытының барынша ұзақтығы 20 минуттан аспайды;
-
өтiнiш берген күнi сол жерде мемлекеттік қызметті алушыға көрсетiлетiн қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
9.Мемлекеттiк қызмет ҚалаББ өтiнiш бiлдiрген кезде:
1) демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес көрсетiледi;
2) қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, кезек тәртiбiнде жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет Қарағанды қаласы, Степной 2 ықшамауданы, 9 үй (53-59) мекен жайы бойынша орналасқан ҚалаББ ғимаратында көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті ұсыну үшін қажетті құжаттарды дайындауға және күту үшін (күтуге арналған зал, құжаттарды толтыруға арналған орындар, қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жарақталған) жағдай жасалады. Ғимарат физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдардың өтуіне арналған пандусы бар кіреберіспен жабдықталған.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттік қызметті алушы мындай ҚалаББ мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
1) жеке тұлғаның ҚалаББ басшысының атына өзінің қорғаншы (қамқоршы) болуға ниеті туралы өтініші еркін нысанда ресімделеді;
2) егер қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет бiлдiрген адам некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келiсiмi;
3) егер қорғаншы (қамқоршы), тәрбиешi болуға ниет бiлдiрген адам өтiнiш некеде тұрған жағдайда берушiнiң және жұбайының (зайыбының) жеке куәлiгiнiң түпнұсқасы мен көшiрмесi;
4) осы регламентің 2-қосымшасына сәйкес қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет бiлдiрген адамның және некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындысы;
5) егер өтініш беруші некеде тұрмаған жағдайда нотариалды расталған анықтама;
6) мемлекеттік қызметті алушының өмірбаяны еркін нысанда ресімделеді;
7) өтініш берушіге жұмыс орнынан берiлген мiнездеме;
8) жұмыс орнынан анықтама;
9) жалақысы туралы анықтама;
10) тұрғылықты жерiнен анықтама;
11) некеде тұратыны туралы куәлік (некеде тұрған болса);
12) мемлекеттік қызметті алушының және оның жұбайының (зайыбының) сотталмағаны туралы анықтама.
Аталған құжаттарды тапсырғаннан кейiн баланы тәрбиелеуге үмiткер адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргiзiледi, оның қорытындысы бойынша акт дайындалады.
Сонымен қоса, заңнамаға сәйкес қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) берiлетiн әр бала үшiн қорғаншылық (қамқоршылық) ресiмдеуге ниет бiлдiрген адам мынадай құжаттарды ұсынады:
1) мектеп әкiмшiлiгi растаған баланың келiсiмi (егер бала 10 жастан асса);
2) баланың туу туралы куәлiгi;
3) баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және баланың даму тарихынан үзiндi;
4) ата-анасы туралы құжаттар (қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі, сот үкімі немесе шешімі, ата-анасының ауруы немесе іздестірілуі туралы анықтама, бала некеде тумаған жағдайда № 4 нысандағы анықтама);
5) баланың білім алу орнынан анықтама;
6) зейнетақы алатын балаларға зейнетақы кiтапшасы, алименттердi өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi;
7) аға-iнiлерi мен апа-қарындастары және олардың орналасқан жерлерi
туралы анықтама;
8) тұрғын үйінің бар немесе жоқ екендігі туралы құжаттар.
Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi қоса берiледi, кейiн құжаттардың тұпнұсқалары мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады.
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін бланкілер ҚалаББ орын-жайларында үстелдерде орналастырылады немесе ҚалаББ мамандарында болады.
13. Толтырылған бланкілер, нысандар, өтініштер және мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті басқа да құжаттар ҚалаББ маманына тапсырылады.
14. Мемлекеттік қызметті алушы барлық құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алған күні көрсетіліп жазылған, барлық құжаттарды алғандығы туралы қолхат беріледі.
15. Анықтама мемлекеттік қызметті алушы жеке өтініш білдірген кезде беріледі.
Егер де мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды алуға мерзімінде бармаған жағдайларда ҚалаББ дайын анықтамалар мен қаралған құжаттардың екі ай сақталуын жүзеге асырады.
16. ҚалаББ мына жағдайларда құжаттарды қабылдаудан бас тартады:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы регламенттің 11-тармағында көрсетілген толық емес құжаттардың пакетін ұсынбаған жағдайда;
2) қызметті ұсыну туралы шешімді қабылдау үшін қажетті құжаттардағы дәйексіз немесе бұрмаланған мәліметтерді анықтаған кезде.
3. Жұмыс қағидаттары
17. ҚалаББ мамандарының мемлекеттік қызметті алушыға қатысты іс-қимылы мына қағидаттарға негізделеді:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік міндетін атқару кезінде заңдылықты сақтау;
3) мемлекеттік қызметті алушылармен жұмыс кезінде сыпайылық;
4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
5) өтініштерді қарау кезінде лауазымды тұлғалар қызметінің ашықтығы;
6) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
7) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау және құпиялылық.
4. Шағымдану тәртібі
18. ҚалаББ мамандарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiруді, сондай-ақ шағымды дайындауға жәрдем көрсетуді осы регламенттің 10 тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша ҚалаББ жүзеге асырады.
19. Қызмет көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда ҚалаББ басшысының атына немесе Қарағанды қаласының әкімдігіне беріледі.
20. Қызмет тиісті деңгейде көрсетілмеген жағдайда шағым демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ҚалаББ беріледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. ҚалаББ шағым беру үшiн мемлекеттік қызметті алушы еркiн нысанда өз қолымен жазылған өтінішті береді.
25. Қабылданған шағым кіріс ақпаратын есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмде қаралады. Мемлекеттік қызметті алушыға күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген талон берiледi.
Шағымды қарау нәтижелері мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
«Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға
арналған құжаттарды ресiмдеу»
мемлекеттiк қызмет регламентіне
1-қосымша
Үлгi
Аудан (қала) әкiмiнiң қаулысына
қосымшадан үзiндi көшiрме
елдi мекен___________________
20__жылғы «___»_________ №____
Қорғаншылық (қамқоршылық)
белгiлеу туралы
Неке (ерлі –зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 115 – 132 баптарына сәйкес, (Т.А.Ә.)_______________ өтiнiшi негiзiнде Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) белгiленсiн
Р/с №
|
Қорғаншы (қамқоршы)
|
Қорғаншылыққа алынушы
|
Қорғаншылық пен қамқоршылықты ресiмдеу негiзi
|
|
Т.А.Ә.
|
Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынғанбаланың Т.А.Ә., туған жылы
|
|
2. Қолда бар тұрғын үй _____________________бекiтiлiп берiлсiн
Әкiм _________қолы (Т.А.Ә.)
М.О.
«Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға
арналған құжаттарды ресiмдеу»
мемлекеттiк қызмет регламентіне
2-қосымша
Жеке тұлғаға арналған үлгi
Жолдама
Қамқоршының (бала асырап алушының) денсаулық жағдайы туралы қорытынды
Т.А.Ә._____________________________________________________________
Туған жылы___________________________________________________________
Үйiнiң мекенжайы_____________________________________________________
Психиатр__________________________________________________________
Нарколог__________________________________________________________
Дерматовенеролог__________________________________________________
Кеуде қуысының рентгеноскопиясы______________________________________
Терапевт___________________________________________________________
Қорытынды________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |