Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»



бет1/3
Дата03.07.2016
өлшемі259.5 Kb.
#175638
түріРегламент
  1   2   3


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулы жобасы
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті

атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және

кезекке қою» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына, «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органында мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 8 ақпандағы №76 қаулысына, «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді беру және пайдалану ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1420 қаулысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою» мемлекеттік қызметтің ұсынылған регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Облыс әкімі Б. Сапарбаев

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2012 жылғы «____» _______

№______ қаулысымен бекітілген


«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті орган жалдаған тұрғын үйге

мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою»

мемлекеттік қызметінің регламенті

1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою» регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) тұтынушылар – халықтың әлеуметтік әлсіз топтары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерге үміткерлер, ғарышкерлер және сайланбалы мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар, жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте апатты деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары.

Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына:

Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;

Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;

1 және 2 топтағы мүгедектер;

мүгедек балалары бар немесе тәрбиелейтін отбасылар;

Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен аурулар тізімінде бар кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінен азап шеккен тұлғалар;

жасына байланысты зейнеткерлер;

жетім балалар және ата-ананың қамқорынсыз қалған, жиырма бес жасқа жетпеген, кәмелеттік жасқа жетпей ата-анасынан айырылған балалар. Мұндай тұлғаларды әскери қызметке шақырған кезде олардың жасы мерзімдік әскери қызметті өту мерзіміне ұзартылады;

оралмандар;

экологиялық апаттар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде тұрғын үйінен айырылған тұлғалар;

көп балалы отбасылар;

мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне дайындалуды немесе ұшуды жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) тұлғалардың отбасылары;

толық емес отбасылар жатады.

2) уәкілетті орган – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі;

3) тұрғын үй комиссиясы – тұрғын үй беру кезегін белгілейтін және есепке алу бойынша ұсынымдық сипаттағы шешімін шығаратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының консультациялық-кеңесші органы.
2. Жалпы ережелер
2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745, «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе аудан (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органындағы жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» 2010 жылғы 8 ақпандағы № 76 қаулыларына сәйкес әзірленді.

3. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық), ал Орталықтар болмаған жағдайда, уәкілетті органдар арқылы көрсетіледі, олардың тізбесі осы Регламенттің 1-ші және 2-қосымшаларында көрсетілген.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңы 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73 және 74-баптарының негізінде жүзеге асырылады.

6. Тұтынушыға кезек нөмiрiн көрсетiп қағаз тасығышта еркін түрде есепке қою туралы (бұдан әрі – хабарлама) немесе негiздi себептердi көрсетiп есепке қоюдан бас тарту туралы жазбаша жауап беру мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және барысы туралы ақпаратты осы Регламенттің 1 және 2-қосымшаларында мекенжайлары мен жұмыс кестесі көрсетілген Орталықтардан немесе уәкілетті органдардан алуға болады.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы тиісті құжаттарды тапсырған сәттен бастап (тіркелген сәттен, талон, қолхат алған сәттен бастап) 30 күнтізбелік күннен аспайды;

мемлекеттік қызмет алу үшін Орталыққа қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 30 минутты, уәкілетті органға тапсырған кезде 15 минутты құрайды;

Орталықтан мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған кезде кезекте күтуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 30 минутты, уәкілетті органнан алған кезде 15 минутты құрайды.

9. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн осы Регламенттің 13-тармағында көзделген құжаттардың ресімделуінде кемшіліктерді анықтау, құжаттар пакетін толық ұсынбау және құжаттарды тиісінше ресімдемеу, сондай-ақ егер азаматтың соңғы бес жылдың ішінде өз тұрғын үй жағдайын қасақана нашарлатуы салдарынан мынадай жолдармен мұқтажға айналғаны негiз болып табылады:

1) тұрғын үй-жайын ауыстыру;      

2) оның Қазақстан Республикасының белгiлi бiр елдi мекенiнде орналасуына қарамастан, өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, тұру үшiн жарамды тұрғын үйдi, жергiлiктi атқарушы орган тұрғын үйдi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 98-1-бабына сәйкес сатып алғаннан басқа жағдайларда, иелiгiнен шығаруы;

3) тұрғын үйдiң өз кiнәсiнен бұзылуы немесе бүлiнуi;

4) тұрған кезiнде оның мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берiлуiне мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйiнен кетуi;

5) жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды тұрғызу.

10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушыдан өтінім келіп түскен сәттен бастап және мемлекеттік қызметтің нәтижесін берген сәтке дейінгі кезеңдері:

1) тұтынушы Орталыққа немесе уәкілетті органға қажетті құжаттар пакетімен өтініш береді;

2) Орталық құжаттарды қабылдауды, осы Регламенттің 13-тармағына сәйкестігін тексеруді, тіркеуді жүзеге асырады және құжаттарды уәкілетті органға береді;

3) уәкілетті орган Орталықтан немесе уәкілетті органға өтінішті берген кезде тұтынушы ұсынған өтінішті тіркеуді, қарауды жүзеге асырады, дәлелді бас тарту дайындайды немесе тұрғын үй комиссиясының қарауына құжаттарды жолдайды;

4) тұрғын үй комиссиясы құжаттарды қарауды жүзеге асырады және есепке қою немесе есепке қоюдан бас тарту туралы ұсынымдарды хаттамалық шешім нысанында шығарады және шешімді уәкілетті органға жолдайды;

5) уәкілетті орган хабарламаны ресімдейді немесе дәлелді бас тарту дайындайды, Орталыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін жолдайды немесе тұтынушыға уәкілетті органға өтінішті тапсырған жағдайда береді;

6) Орталық тұтынушыға хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

11. Орталықта және уәкілетті органда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бір қызметкерді құрайды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-қимыл

(өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы


12. Орталық инспекторы құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, ол осы Регламенттің 13-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексередi, журналға тiркейдi және құжаттарды жинақтау бөлiмiнiң инспекторына бередi.

Орталықтағы жинақтау бөлiмiнiң инспекторы құжаттарды жинауды, тiзiлiм жасауды және уәкiлеттi органға жөнелтудi жүзеге асырады.    

Құжаттарды тапсырған кезде өтiнiш берушiге:

құжаттарды қабылдау күнi;

қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;

құжаттарды беру күнi, уақыты мен орны;

өтiнiштi қабылдаған инспектордың тегi, аты және әкесiнiң аты көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi.

Қоса берiлген құжаттармен бiрге өтiнiштердi тiзбесi осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетiлген тиiстi уәкiлеттi органға жеткізуді және керi жеткiзудi Орталық осы өтiнiштердi қабылдаған күнi кемiнде 2 рет курьерлiк байланыс арқылы жүзеге асырады.

Уәкiлеттi органда құжаттарды қабылдауды осы Регламенттің 13-тармағында белгiленген талаптарды сақтаумен өтініш берушінің тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органның мамандары қабылдайды.

Құжаттар дұрыс ұсынылған жағдайда уәкiлеттi органның қызметкерi қабылданған өтiнiштi есепке алу журналына тiркейдi және:

құжаттарды қабылдау күнi;

қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;

құжаттарды беру күнi, уақыты мен орны;

өтiнiштi қабылдаған маманның тегi, аты және әкесiнiң аты көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат бередi.

13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) атқарушы орган белгiлейтiн нысан бойынша есепке қою туралы 3-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi аумақтық органының анықтамасы (өтiнiш берушiде және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерiнде меншiк құқығында оларға тиесiлi тұрғын үйдiң жоқтығы туралы);

3) әлеуметтiк қорғау органының өтiнiш берушiнiң (отбасының) әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға жататынын растайтын анықтамасы, не мемлекеттiк қызметшiнiң, бюджеттiк ұйым қызметкерiнiң, әскери қызметшiнiң жұмыс (қызмет) орнынан берілетін анықтамасы;

4) тұрғылықты жері бойынша тіркеуді растайтын құжат (мекенжайлық анықтама немесе ауылдық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы).

Қажет болған жағдайда өтiнiш берушi, сондай-ақ отбасында қосымша тұрғын бөлмеге құқық беретiн ауыр сырқат түрiмен ауыратын адам бары туралы мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемесiнiң анықтамасын тапсырады.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) іске қосылған:

1) Орталық инспекторы;

2) Орталықтағы жинақтау бөлімінің инспекторы;

3) уәкілетті органның басшысы;

4) уәкілетті органның жауапты орындаушысы;

5) уәкілетті органның кеңсесі;

6) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі;

7) тұрғын үй комиссиясы.

15. Әрбір ҚФБ әрбір әкімшілік іс-қимылдың (рәсімнің) орындалу мерзімін мәтін-кесте сипатында көрсеткен әкімшілік іс-қимылдары (рәсімдері) дәйектілігінің сипаттамасы мен өзара іс-қимылы осы Регламенттің 4-қосымшасында келтірілген.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-қимылдардың қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты бейнелейтін сызбалар осы Регламенттің 5-қосымшасында келтірілген.

17. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі есепке алу немесе жазбаша түрде бас тарту туралы хабарлама түрінде беріледі.
5. Мемлекеттік қызмет көрсететін

лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі


18. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету барысында өздері қабылдаған шешімдер мен іс-әрекеттер (әрекетсіздік) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте жауапты болады.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын

үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан

жергілікті орган жалдаған тұрғын үйге

мұқтаж азаматтарды есепке алу және

кезекке кою» мемлекеттік қызметінің

регламентіне

1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізбесі





№ р/б

Халыққа қызмет көрсету орталығының атауы

Заңды мекенжайы



Жұмыс кестесі

Байланыс
телефоны

1

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы

Өскемен қ. Белинский к., 37 а

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (7232) 22-48-03

8 (7232) 28-94-67




2

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалының № 1 Өскемен бөлімі

Өскемен қ., Сәтпаев даңғылы, 20/1

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (7232) 60-39-22

8 (7232) 60-39-20

8 (7232) 60-39-06


3

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалының № 1 Өскемен бөлімінің Меновное кенті бөлімшесі

Өскемен қ. Меновное кенті, Максим Горький к.,11а

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (7232) 57-48-43

4

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалының Өскемен қ. №2 бөлімі

Өскемен қ. Қазақстан к., 99/1

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (7232) 57-83-88

8 (7232) 55-28-73

8 (7232) 22-81-37

8 (7232) 55-29-73

8 (7232) 22-80-48


5

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалының Өскемен қ. №2 бөлімінің Жаңа Согра кенті бөлімшесі

Өскемен қ., Жаңа Согра кенті, Менделеев к., 12

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (7232) 51-61-16

6

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Глубокое ауданы бөлімі

Глубокое кенті, Попович к., 22

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72331) 2-23-35

8 (72331) 2-29-61

8 (72331) 2-30-13


7

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Зайсан ауданы бөлімі

Зайсан қ., Жангельдин к., 52 А

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72340) 2-67-81

8 (72340) 2-19-09



8

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Зырян ауданы бөлімі

Зырян қ., Стаханов к., 39

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72335) 6-02-39

8 (72335) 6-02-35



9

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Зырян ауданы бөлімінің Серебрянск қ. бөлімшесі

Серебрянск қ., Веденеев к., 14-үй

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72335) 2-17-50

10

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Зырян ауданы бөлімінің Жаңа Бұқтырма бөлімшесі

Жаңа Бұқтырма әкімдік ғимараты

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72337) 2-89-23

11

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Катонқарағай ауданы бөлімі

Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан к., 96

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72341) 2-23-60

8 (72341) 2-23-61



12

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Катонқарағай ауданы бөлімі

Катонқарағай ауылы, Жанпейісов к., 19

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8-(72342)-2-21-07

8-(72342)-2-21-06



13

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Күршім ауданы бөлімі

Күршім ауылы, Б.Момышұлы к., 37

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8-(72339)-2-13-10

8-(72339)-2-19-69



14

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Күршім ауданы бөлімінің Теректі бөлімшесі

Теректі ауылы, Крахмаля көш., 67

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8-(72343)-2-16-31

8-(72343)-2-16-95



15

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалының Риддер бөлімі

Риддер қ., Семипалатинская к., 12

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72336) 4-62-62

8 (72336) 4-42-02

8 (72336) 4-46-64


16

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Тарбағатай бөлімі

Ақсуат ауылы, Көбеков к., 8

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72346) 2-24-96

8 (72346) 2-25-03



17

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Тарбағатай бөлімінің Ақжар ауылы бөлімшесі

Ақжар ауылы, Дәулетбай к., 45

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72344) 2-01-22

18

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Тарбағатай бөлімінің Тұғыл ауылы бөлімшесі

Тұғыл ауылы, Желтоқсан к., 32

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72344) 2-21-26

19

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Ұлан бөлімі

Қасым Қайсенов кенті, 9

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72338) 2-78-96

8 (72338) 2-71-68



20

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Ұлан бөлімінің Бозанбай ауылы бөлімшесі

Бозанбай ауылы, Ленин көш., 34

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72338) 2-10-20

21

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Ұлан бөлімінің Таврия ауылы бөлімшесі

Таврия ауылы, Қайсенов к., 25

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72334) 2-12-56

22

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Шемонаиха ауданы бөлімі

Шемонаиха қ., 3-шағынаудан, 12

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (7233) 23-41-00 8 (72332) 3-42-07


23

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Шемонаиха ауданы бөлімінің Усть-Таловка кенті бөлімшесі

Усть-Таловка кенті, Школьная к., 6

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72332) 3-61-81

24

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Шемонаиха ауданы бөлімінің Первомайка кенті бөлімшесі

Первомайка кенті, Металлургтер к., 19а

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72332) -72-185

25

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалының Семей қ. №1 бөлімі

Семей қ., 408-квартал к., 21

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (7222) 33-57-97

8 (7222) 34-24-56

8 (7222) 33-55-05

8 (7222) 34-87-71

8 (7222) 33-55-22

8 (7222) 33-55-93



26

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалының Семей қ. №1 бөлімінің Қайнар ауылы бөлімшесі

Семей қ. Қайнар ауылы, ауылдық интернат ғимараты

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72256) 2-13-50

27

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалының Семей қ. №2 бөлімі

Семей қ., Найманбетов к., 161а

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (7222) 52-69-29

8 (7222) 52-69-83



28

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Абай ауданы бөлімі

Қараул ауылы, Құнанбай к., 12

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72252) 2-22-64

8 (72252) 9-23-39





29

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Абай бөлімінің Көкбай ауылы бөлімшесі

Көкбай ауылы, әкімдік ғимараты

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72252) 9-42-03

30

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Аягөз бөлімі

Аягөз қаласы, Дүйсенов к., 84

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72237) 5-24-32

8 (72237) 3-29-48



31

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Аягөз бөлімінің Баршатас ауылы бөлімшесі

Баршатас ауылы, Абылайхан к., 12А

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72237) 2-14-92

32

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Аягөз бөлімінің Қарағаш ауылы бөлімшесі

Қарағаш ауылы, әкімдік ғимараты

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72237) 2-27-52

33

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Аягөз бөлімінің Ақтоғай кенті бөлімшесі

Ақтоғай кенті, Мәметов к., 7, ДК ғимараты

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72237) 6-12-30

34

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Бесқарағай бөлімі

Бесқарағай ауылы, Пушкин к., 2 А

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72236) 34-34-72

8 (7223) 69-06-30



35

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Бородулиха бөлімі

Бородулиха ауылы, Молодежная к., 25

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (7235) 12-20-48

36

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Бородулиха бөлімінің Жезкент кенті бөлімшесі

Жезкент кенті, Дружба көш., 1

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72351) 2-58-02

37

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Бородулиха бөлімінің Жаңа Шүлбі ауылы бөлімшесі

Жаңа Шүлбі ауылы, Комаров к., 30

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72351) 4-18- 80

38

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Жарма бөлімі

Қалбатау ауылы, Достық к., 98

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (7234) 76-54-00 8 (72347) 2-13-16



39

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Жарма бөлімінің Шар қаласы бөлімшесі

Шар қаласы, Ленин к., 123

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72345) 2-27-07

40

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Курчатов бөлімі

Курчатов қ., Абай к., 12

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72251) 2-21-66

8 (72251) 2-57-53



41

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Көкпекті бөлімі

Көкпекті ауылы, Шерияздан к., 38

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72348) 2-21-71 8 (72348) 2-11-94 



42

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Көкпекті бөлімінің Самар ауылы бөлімшесі

Самар ауылы, Горохов к., 56

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72348) 2-56-34

43

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Үржар бөлімі

Үржар ауылы, Абылайхан к., 116

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72230) 2-19-85 8 (72230) 3-34-58



44

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Үржар бөлімінің Таскескен ауылы бөлімшесі

Таскескен ауылы, Нұрғазин к., 9

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72230) 3-61-29

8 (72230) 3-63-59



45

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Үржар бөлімінің Мақаншы ауылы бөлімшесі

Мақаншы ауылы, Қабанбай к., 6

Күн сайын сағ. 9.00- 20.00, жексенбі - демалыс

8 (72239) 4-20-22

8 (72239) 4-20-23




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет