Республикамызда ет өндіру ауыл шаруашылығында негізгі және басты бағыттардың бірі болып табылады. Негізгі нәтижелер 80 жылдардың соңында алынды, ол жылдары ет өндірудің жылдық көлемі 1,5 млн тоннадан асты және 1 адамға 95 кг ет құрады. Ет консерві комбинаттары, көптеген шұжық цехтары, сою цехтары сияқты өндеу өндірістері жақсы дамыды. Бірақ 1991-1997 жылдарда мал және құстар басының күрт төмендеуінен (2-4 есе) шикізат көздері көлемінің және концентрациясының төмендеуіне, сонымен қатар еліміздің ет өндеу өнеркәсіптерінің жағдайына және қызметіне әсерін тигізді. Көптеген кепілді және үздіксіз мал басымен қамтамасыз етумен істеген ірі және орташа қуаттылықтардағы өнеркәсіптер қазәіргі нарықтық жағдайда және бәсекелестік ортасында тиімсіз болып қалды: бір бөлігі банкротқа ұшырап өз қызметтерін тоқтатты, екінші бөлігі өз өндірістерін уақытша тоқтатты. Орташа және кіші өндірістер нарыққа тұрақты және бейімделген болып шықты. Соңғы жылдары жеке өндірістердің тұрақтануы және аздаған өсуіне қарамастан ішкі нарықта құс еті және шұжық өнімдері, ет және ет-өсімдік консервілері импортының өсу тенденциясы (52%) байқалады. Республикамыздың ет өндеу өнеркәсіптері жаңа заманауи технологияларды меңгеру саласында және техикалық жабдықталуы бойынша артта қалып келеді. Ет өндіру бойынша Қазақстан Ресей және Украинадан кейін 3 орынды алады. По производству мяса Казахстан занимает третье место после России и Украины. Қазақстандағы ең ірі ет комбинаттары Семей, Алматы, Орал және Петропавл қалаларында орналасқан. Бірақ Қазақстанда ет жеткіліксіз көлемде өндіріледі. 2018 жылы етке сұраныс (ұлттық нормаға сәйкес) 735,2 мың құрады, ал негізгі тұтыну деңгейі 970 мың тоннаны құрады, ол өндіріс көлемінен 234 мың тоннаға немесе 32% аз. Қазіргі кезенде нарықты отандық өндірісінің ет өнімдерімен байыту, сапасын жақсарту, бәсекелестікті жоғарылаты, ассортиментін үлкейту мәселесі елеулі мәнге ие. Еліміздің агроөндірістік кешені мүмкіндіктері осы өнімдер бойынша агроазық-түліктік қауіпсіздікті және халқымыздың сұранысын өтей алады.
1 Жылқы еттінің қысқаша тарихы және өндірістегі қазіргі жағдайы
Жылқы етінің қысқаша тарихы
Жылқы етін тамақ ретінде тұтынудың мыңдаған жылдық тарихы бар. Жабайы жылқы ежелде басқа жануарлар сияқты аңшылықтың бірден-бір көзі болған, бір қатар ғалымдардың айтуынша етті жануар ретінде қолға үйретілген. Жылқы еті және жылқы сүті құнды тамақ өнімдері ретінде ұлы ойшылдар – Геродот, Страбон және Ибн Сина еңбектерінде жазылып өткен. Шығыс елдері, христиандар тарихи көздер бойынша жылқы, сиыр және қой еттері көп тұтынған.
Шығыс көшпенді халықтарында етті және сүтті жылқы шаруашылығы көптеген ғасырлар бойы дамып келе жатқан. Қазақтардың ұлттық ет түрі жылқы еті болып саналады, бірақ бұл етті қой және сиыр етіне қарағанда аз қолданады. Жылқы етінен қазы, қарта, шұжық және т.б. қазақ асханасына тән ұлььық өнімдер әзірленеді. Ет бұйымдарының атаулары шикізат құрамына және әзірлеу тәсіліне байланысты емес, олар ұлттық салт бойынша бөлшектеулерге байлынысты бөлшек атауына сәйкес аталады. Олар: қабырға, төс, төстік, жанбас, жал, жая, қазы, сұр ет, белдеме, және т.б.
Қазіргі кезде әлемде табиғи және генетикалық өзгертілген өнімдер, экологиялық таза ет және жасанды қоспалары бар жемдермен өсірілген жануар еті, денсаулыққа зиянды және адам ағзасын көптеген сырқаттан қорғауға қабілетті пайдалы тағам туралы коп ойлар айтылып жатыр, жылқы еті тек оң нәтижелерімен байқалады.
Жылқы еті жеңіл сіңірілетін диеталық ет, құрамында жеткілікті мөлшерде толық құнды ақуыздар бар және амин қышқылды құрамы бойынша тиімді сәйкестірілгін. Егер сиыр еті адам ағзасында 24 сағатта қорытылса, жылқы еті 3 сағатта қорытылады.
Жылқы етінің пайдасы туралы көптеген еңбектер жазылды және оның құндылықтарын медициналық тұрғыда толықтай атау мүмкін емес.
1.2 Жылқы етін өндірісіндегі қазіргі жағдайы
Қазақстан жылқы етін өндіру бойынша 3 орынды алады. Әлемдік жылқы еті өндірісі 1 035 мың тоннаны құрайды. Сонымен қатар өндіріс көлемі 143 мың тонна Мексика бірінші орында, 126 мың тоннамен Қытай екінші орында, Қазақстан 114 мың тоннамен үшінші орынға ие. Жылқы етін тұтыну көлемі бір адамға есептегенде қой етімен бір деңгейде болады.
Қазіргі уақытта есептеу бойынша Қазақстанда 1,5 миллион бас жылқы бар. жыл сайынғы өсу көлемі 4-8 пайызды құрайды. 3-4 жыл аралығында 2 миллион басты құрау керек, қазақстандық жылқы еті басқа елдердін етімен дәмдік және қоректі сапасы бойынша салыстыруға келмейді, ол экспорт құралы ретінде лайықты орынды алады .
Жоғары сапалық жетістіктерге жету үшін мал, өсімдік шаруашылығы және оларды өндеуден кейінгі өнімдерін өндіру көлемін жоғарылату керек.
2018 жылы барлық мал және құс еттері өндіру көлемі таза салмағы бойынша 282 мың тонна (+4,2% 2018 жылға), сүт 914,9 мың тонна (+4,3% 2017 жылға) және жұмыртқа 148,7 млн. дана (+0,6% 2017 жылға) құрады. сонымен қатар мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің ұлғаюмен қоса, барлық шаруашылықтарда мал, құс басының (қой, ешкіні есептемегенде) көбеюі байқалады.
2018 жылы етті мал шаруашылығын дамыту мақсатында Шығыс Қазақстан облысына 3190 бас мал алынды. 6 мың басқа арналған 3 азықтандыру алаңы жасалды, оның ішінде Тарбағатай ауданында 5 мың басқа және Аягөз ауданында 1 мың басқа азықтандыру алаңы жасалды.
2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында тірі салмақта жылқы етін өндіру көлемі 26646,66 тонна құрады, 2017 жылдың осы мерзімдегі көлемінен 12,5% есе көп (23703,4 тонна) .
Достарыңызбен бөлісу: |