Домбыра аспабы арқылы рухани-адамгершілікке тəрбиелеу
Акылбаева Алия Сагындыковна
ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша
"Жұлдыз" балалар өнер мектебі" КМҚК
домбыра сыныбының педагогы
Қоғамның дамуы туралы қанша сұрақ туындаса да,
адамның рухани-адамгершілік тəрбиесі туралы мə-
селе ең басты мəселелердің бірі болып қала береді.
Білім беру мен тəрбиелеудің ұлттық жүйесін дамы-
тудың өзектілігі білім беру ұйымының, отбасының
жəне басқа да əлеуметтендіру институттарының
күш-жігерін біріктіру арқылы өз жеріне, туған же-
ріне деген сүйіспеншіліктен басталады. Жеке тұл-
ғаны қалыптастырудың маңызды міндеті - адамның
рухани -адамгершілік тəрбиесі. Бүгінгі таңда «Ру-
хани жаңғыру» мемлекеттік бағдарлама жəне оның
жобаларының бірі «Туған жер» ерекше өзектілікке
ие.
Қазіргі уақытта біздің еліміздегі білім беру проце-
сінің маңызды міндеттерінің бірі балаларды ұлттық
мəдени дəстүрлермен таныстыру болып табылады.
Музыкалық дəстүрлер негізінде балалар өз халқы-
ның мəдениеті туралы идеяны ғана емес, сонымен
бірге ұлттық өзін-өзі тануды да қалыптастырады.
Сондықтан да балалардың халық игілігін игеруі-
Қазақстанның мемлекеттік жалпыға міндетті стан-
дартында белгіленген орта білім берудің негізгі
мақсаттарының бірі. Бала тəрбиесіне көңіл бөлу,
қай заманнан да келе жатқан құбылыс. Қазіргі ке-
зеңде ұстаздар қауымының алдына қойылатын мін-
дет-жастарға рухани-адамгершілік тəрбие беру
жəне осы мақсатта ұлтымыздың ұлы мұраларын
жаңғырту, яғни, ұлттық құндылықты бойына сі-
ңіру. Халық музыкалық аспаптар үлкен тəрбиелік
əлеуетке ие жəне балалардың өз халқының дəстүр-
лері туралы түсініктерін, сондай-ақ оларды
шығармашылық түрде дамыту дағдыларын қалып-
тастыруға ықпал етеді. Ең көп тараған музыкалық
аспап - домбыра. Домбыра аспабында орындала-
тын ұлттық нақыштағы қазақтың күйлерін үйрету
өте маңызды.
Домбыра — қазақ халқының өте ерте жəне кең та-
раған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Қос
ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап ішекті,
шертпелі аспаптар тобына жатады. Аспап əр түрлі
үлгіде тұтас ағаштан ойылып жасалады. Тоғыз, он
бір, он төрт, жиырма төрт пернесі болады. Күй ар-
найы құлақтарымен келтіріледі. Аспап үні қоңыр,
құлаққа жағымды əрі жұмсақ болып келеді.
Рухани-адамгершілік тəрбиесі өзіндік сананы да-
мытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның əдеп ұста-
нымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дəс-
түрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін
жəне бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Ру-
хани-адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін
дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуын-
дағы мəні зор, маңызды бағыт.
Қазақтың күй өнері арқылы оқушыларды рухани-
адамгершілікке тəрбиелеу, болашағына жол сілтеу
– бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мəселе. Рухани-
адамгершілікке тəрбиелеу білім берумен ғана шек-
телмейді. Баланың сезіміне əсер ету арқылы ішкі
жан дүниесін ояту нəтижесінде оның рухани-адам-
гершілік қасиеттері қалыптасады. Құрманғазының
күмбірлеген күйін, Тəттімбет, Дина сияқты аттары
аңызға айналған күй құдіреттерінің əсем де, сазды
əуендерін бойына сіңіріп өскен жас жаман болмауы
|