Республиканское государственное учреждение



Дата03.07.2016
өлшемі32.94 Kb.
#174076


Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 30.12.2015ж. № 12637 тіркелген



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

2015 жылғы 19 желтоқсан
Алматы қаласы




№257
город Алматы




«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 24 тамыздағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу және айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша АҚШ долларын және еуроны теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 265 қаулысына өзгеріс енгізу туралы





«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 24 тамыздағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу және айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша АҚШ долларын және еуроны теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 265 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10146 тіркелген, 2015 жылғы 29 қаңтарда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері:

1) АҚШ доллары үшін – 6 теңге;

2) еуро үшін – 7 теңге болып белгіленсін.».

2. Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (Үмбетәлиев М.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:


  1. Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

  2. осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

оны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу рәсімінен өткеннен кейін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жіберуді;



  1. осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.



5. Осы қаулы ресми жариялануға жатады және 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.



Ұлттық Банк

Төрағасы


Д. Ақышев




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет