ТАҚЫРЫБЫ: Латын тілі жəне оның қысқаша тарихы. Латын алфавиты. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Дыбыстардың ұзақтығы мен қысқалылығы. Фонетика.
Жоспар:
1. Латын тілі жəне оның қысқаша тарихы. Латын алфавиты.
2. Латын тілінің дəуірлері.
3. Латын тілінің қазіргі замандағы орны.
Латын тілі Апеннин жарты аралында көне Лаций (қазір Лацио) мекенінде орналасқан Latini тайпасының атынан шығып отыр. Аңыздарға қарағанда, біздің заманымыздан бұрынғы 753 жылдары осы аралда ағайынды Ромул жəне Рем Рома (Рим) мемлекетін көтерген. Рим мемлекетінің шапқыншылық-басқыншылық саясатының арқасында оның шекарасы барған сайын кеңейіп, Жерорта теңізінің бассейінінде ғана емес, жақын жатқан жерлердің бəрін бағындыруының арқасында, Рим мемлекетінің шекарасы үлкейіп, отарланған елдеріне латын тілінің де ықпалы жүре бастады. Бірақ, осыған қарамай, б.э.д. 146 жылдары өзі бағындырған Греция жеріне латын тілінің əмірі жүрмеді. Керісінше, Греция жəне Шығыс елдерінде латын тілі тарихы тереңде жатқан, мəдени деңгейі биік жергілікті тілдерді бағындара алмай, эллин (грек) мəдениетінің ықпалына енді. Рим империясында грек философтары, дəрігерлері, жазушылары_______, ораторлары дəріс оқыды. Сауатты римляндықтар міндетті түрде грек тілінде сөйлескен. Мектептерде грек тілін оқытты, өйткені грек тілі ғылымның көп саласына жол ашты. Сөйтіп, грек тілі латын тілінің қойны-қонышынан бірақ шықты. Кірме грек тілі латындандырылды жəне латын əліпбесінің кеңеюіне алып келді. Латын əліпбесіне Y жəне Z (ипсилон, зета) деген екі əріп қосылды.
Латын тілі тарихында келесі кезеңдер көрініс береді:
Архаикалық кезең (б.э.д. 650-480 жылдары) осы заманнан қалған қолжазбалардан дерек береді. Б.з.б. IV ғасырда өмір сүрген Аристотель жануарлар жəне өсімдік əлемін қорытындылауға тырысқан, ал оның оқушысы Феофраст (IV-III б.з.б.) өсімдіктердің құрылысы жəне көбеюі туралы трактат жазып қалдырған.
Классикаға дейінгі кезең (б.э.д. 3 жəне 2 ғасырларда) - əдеби латын тілінің аяққа тұру кезеңі болып саналады. Бұл заманнан Теренция мен Плавтаның комедиялары, Энния мен Невияның поэзиялары, Катонның «Жер игеру» туралы трактаты хабар береді. Латын тілінің ең жоғары биігіне жеткен кезеңі, бұл б.з.б. I ғасырда император Августың билік құрған кезеңі – «Алтын кезең». Алтын немесе классикалық кезең, латын тілінің грамматикалық, синтаксикалық жəне стилистикалық мəресіне жеткен кезеңі. Ғалым Диоскорид (б.э.д. I ғ.) 400-дей өсімдік туралы мағлұмат берген. Соңынан көптеген жануарлар мен өсімдіктердің аты латындандырылып, зоологиялық жəне ботаникалық номенклатураға енгізілді.
Латын тілінің «Күміс дəуірі» (б. з. 14-117 ж) классикалық латын тілі дəуірінен шегінген уақыты. Бұл кезде латын əдеби тілінің фонетикалық, морфологиялық заңдылықтары жəне орфографиялық анықтамалары толық деңгейіне жеткен кезеңі болатын. Бұл заманның көрнекті жазушылары - Петроний, Марциал, Тацит, Сенека и Ювенал.
Келесі кезеңді латын тілінің соңғы дəуірі (б.з. 2-5 ғасырлар) алады. Бұл дəуірде латын тілі басқа да Еуропа елдері тілдерімен араласып кеткен кезеңі. Бұл кезеңде тарих, заң, жер игеру, сəулет өнері жəне əдеби шығармалар көп жазылды. Біздің заманымыздың 5 ғасырында Рим империясы құлдырағаннан кейін де, латын тілі əдеби жəне сөйлесу құндылықтарын жойған жоқ. Бара-бара Еуропа елдері бір-бірінен алшақтап, əр елде ұлттық тіл пайда бола бастады. Бұл кезеңде қазіргі Италия, Франция, Испания, Португалия, Румыния елдерінің территориясында роман тілдері (Romanus - римдік) қалыптаса бастайды. Осыған қарамай, əр мемлекет ортақ тілге зəру болды – бұл тіл көп ғасырлар бойы мемлекеттік мекемелер, дипломатия, шіркеу, білім жəне ғылымда пайдаланған - латын тілі болып келді.
Достарыңызбен бөлісу: |