Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! Қанат Әбілқайырдың «Қара мысық»



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата23.07.2024
өлшемі0.57 Mb.
#503026
  1   2   3   4   5   6   7
Қара мысық Қ.Әбілқайыр



Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! 
Қанат Әбілқайырдың «Қара мысық» әңгімесінің осы электронды нұсқасын таратуға рұқсат бермеймін. 
Бұл шығарма kitapjaris ұйымдастырған кітап сайысында оқытылды. Ӛзіңіз ғана оқыңыз. Еңбегімді бағалаңыз. 
Аманатқа қиянат жасамайсыз деп сенемін. 
– Жолдас, подполковник!
– Иә, тыңдап тұрмын…
– Жолдас, подполковник! Саулығыңызды тілеймін.
– Айта беріңіз, құлағым сізде!
– Жиырма бес жастағы келіншектің қарнын жарып, ақтарып тастаған…
Із кесуші булығып, жылауға шақ тұр. Дір-дір еткен дауысынан-ақ майордың қатты үрейленіп 
қалғанын аңғардым.
– Келіншек жүкті екен. Ішіндегі шарананы да бауыздап тастаған.
– Іштегі шарана қанша айлық?
– Жеті айлық.
Полицияда қызмет еткеніме тура он жеті жыл. Осы уақыттың ішінде жантүршіктірер талай 
оқиғаның куәсі болдым. Талай сұмдықты естідім. Бірақ, «жүкті әйелдің қарнын жарып, ішіндегі 
шақалағын бауыздапты» дегенді естісем, құлағым керең болсын. Тіпті, басқа біреу айтса сенбес жағдай.
– Жолдас, подполковник! Айғақ зат дейтіндей ештеңе жоқ. Криминалист тіпті саусақ ізін де 
таппай жатыр. Қылмысты қолғап киіп жасаса керек.
– Майор, мені оқиға орнында күтіңіз! Қазір жетем! Ол кезде Алматы қаласы Ішкі істер 
департаменті Криминалды полиция басқармасының басшысы едім. Қалада орын алған шулы 
қылмыстарға ӛзім бел шеше араласатын кездер жиі болып тұратын. Қатардағы учаскелік полицей болып 
қызметін бастаған мен үшін кабинетте омалып отыра беру қорлықпен тең. Әйтеуір, кірпік ілмей 
қылмыскерлермен арпалысушы едік.
Мен мінген қызметтік кӛлік «Саяхат» автобекеті маңына лезде жетті. Ол кезде «Саяхат» 
автобекетінің алып ғимараты бар, сол ғимараттың маңында ауылдан келгендер мен қалалықтар 
сапырылысып жататын. Жаяу жүргіншілер жерасты ӛткелімен ары да, бері де сабылып, бұл арадан кісі 
аяғы үзілмейтін. Жерасты ӛткел – жайма базар. Қаланың ең шулы жері болғандықтан, қылмыс та жиі 
жасалатын. «Саяхат» пен «Кӛкбазар» маңындағы қылмысты ашу да қиынның қиыны еді. Адам нӛпірінің 
кӛптігі қылмыскердің ізін жасыруына қолайлы орай туғызатын.
Шопырым «Тұлпар» сауда үйі орналасқан кӛпқабатты үйге бастады. Үйге кіре бере мауыққан 
мысықтардың ащы даусы құлақты тұндырып жіберді. Қас-қабағымды аңдып келе жатқан шопырым: 
«Атаңа нәлеттердің үнінің ащысын-ай» деді. Оның сӛзіне езу тартып, жымиған болдым. Екінші қабатқа 


кӛтерілгенім сол еді, мені күтіп отырған криминалист, учаскелік полицей, тергеуші, жедел із кесуші бәрі 
қаз-қатар тізіліп тұра қалды.
– Не жағдай. Түгел, бірін де қалдырмай баяндаңыздар, – дедім.
Жолдас подполковник, – деді майор оң қолын маңдайына сарт еткізіп, құрмет кӛрсетіп. – 
Келіншектің аты – Әнел! Тегі – Күнбасова. Жасы жиырма бесте. 1975 жылы Шымкент облысы, Түлкібас 
ауданында туған. Бес жасар баласы мен күйеуі бар. Мына пәтерді жалдап тұрған екен. Үй иелерімен де 
сӛйлестік. Келіншек «Саяхат» жерасты ӛткелінде ұсақ-түйек заттар сатумен айналысыпты. Күйеуінің 
және кӛршілердің айтуынша, ешкіммен ұрыспаған. Мұндай айуандықпен ӛлтіреретіндей еш себеп 
таппай отырмыз.
– Үйден не жоғалыпты?
– Үй алуға деп жинаған екі мың доллар, теледидар, сосын, әшекей бұйымдар.
Мен алға аттап, қылмыс болған бӛлмеге кірдім. Тӛр алдында бір бүйірлеп келіншек жатыр. 
Майордың айтқаны рас екен. Жүкті әйелдің қарнын ақтарып, құрсақтағы жеті айлық шарананың басын 
кесіп алған. Анасының жанында шарананың денесі мен басы бӛлек жатыр. Ұзақ қарап тұруға шыдамым 
жетпей, қабырға жаққа жанарымды аудара қойдым. Қабырға тола баланың қолымен салынған суреттер 
екен. Әлгі суреттердің ішінде мысықтың бейнесі кӛзіме оттай басылды.
– Күйеуі қайда?
– Сыртта. Жедел жәрдем қан қысымын ӛлшеп, тыныштандырып жатыр.
– Мұнда келе ала ма?
– Қазір шақырайық!
Келіншектің күйеуі майорға ере кірді.
– Мына сұмдықты кӛргім келмейді, – деді күйеуі кіре сала еңкілдеп жылап. Оның солқылдап 
жылағанына қарап тұру мүмкін емес. Ӛзімді әрең ұстап қалдым. Аз болмағанда онымен қоса егіліп сала 
беруім мүмкін еді. Менің кӛңілім босаса, құзіретімдегі қызметкерлердің жайы қалай боларын елестету 
мүмкін емес.
– Мына суреттерді кім салды?
– Балам.
– Мына мысықтың сұлба бейнесін де ме?
– Иә…
– Мынау баланың шатпақ сызықтарындай емес, анық бейне ғой.
– Ағасы, менің келіншегімді, ішіндегі шаранасымен қоса жарып кетті. Сіз келеке еткендей 
қабырғадағы суретті сӛз етіп отырсыз! – деді күйеуі ызаға булығып.
– Жақсы, боссыз, – дедім оған. Қабырғадағы мысықтың бейнесіне қайта кӛз жібердім.
– Майор, үйден тағы не жоғалған?
– Келіншектің қалта телефонын таппадық.
– Майор, менімен бірге жүріңіз. Келіншектің телефон нӛмірін сұрадыңыз ба?
– Сұрағам. Міне, іске тіркеп қойдым.
– Қоңырау соқтыңыз ба?
– Соқтым. Қосулы тұр. Бірақ, ешкім кӛтермеді.
– Енді қайыра қоңырау соғудың қажеті бола қоймас, – дедім мен… 
– Құрманбаев келді ме, мұнда? (Аса ауыр қылмыстар жӛніндегі бӛлім басшысы), – деп сұрадым 
қолына қолғап киіп алып, оқиға орнын жіті тексеріп жүрген криминалистен…
– Подполковник мырза! Жолдас Құрманбаев сіздің алдыңызда ғана келіп кетті.
*** 
Майор екеуміз Райымбек даңғылына шығып, Фурманов кӛшесіне қарай аяңдап жүріп келеміз. 
Жапалақтап қар жауып жатыр. Кӛше бойындағы кӛліктер іркес-тіркес қаз-қатар тізіліп, кептелісте тұр.
– Майор жолдас, «Қара мысық» қылмыстық тобы туралы естіп пе едіңіз? 
– Әрине, білем! Орыстардың Иван Митині құрған қылмыстық топ туралы аңыз ӛте кӛп қой.
– Иван Митиннің қандай адам болғанын да білетін шығарсыз.
– «Еңбек Қызыл ту» орденіне ұсынылған адам.


Иван Митиннің қылмыстық тобына кіл коммунист-стахановшылар, әскери академияның 
курсанттары мүше болғанын майор жақсы біледі екен. Майор сол Митиннің бандиттері жайлы біраз 
мәліметті есіме түсірді.
– Олар қанқұйлы қылмысын жасаған соң, не істейтін еді?
– Қабырғаға қара мысықтың суретін салып кететін. Бірақ, подполковник мырза, кейбір 
зерттеушілер Иван Митиннің баскесерлері ондай сурет салмағанын, бұл елдің шығарып алған қауесеті 
екенін айтады.
– Бүгінгі қабырғадағы сурет жайлы не дейсіз?
– Оны іске тіркейін бе?
– Жоқ, елді дүрліктірудің қажеті жоқ. Сонда да ойыңызды білгім келеді… 
– Әрине, әкесі айтқандай ол суретті бес жасар баласының салуы да мүмкін. Тіпті, қылмыскердің 
қолтаңбасы болуы да ғажап емес.
– Егер қылмыскерлер салған болса, олар мұнымен не айтқысы келді?
– Подполковник мырза, кешіріңіз қылмыскерлер ме, қылмыскер ме, әлі анықтай алмадық. 
Мүмкін бұл айуандықты жалғыз адам жасаған шығар.
– Әбден мүмкін. Сұрағыма жауап беріңіз.
– Иван Митиннің «Қара мысығын» білетін біреулер шығар.
«Қара мысық» туралы түсірілген «Место встречи изменить нельзя» фильмін кӛрген адам еліктеп, 
қабырғаға қара мысықтың суретін салған болар» деген ой маған да келген. Осыны ойлап:
– Рас, кейбір қылмыстың еліктеп жасалатынын жоққа шығара алмаймын, – дедім де ойланып 
тұрып қалдым. Майор да менің сӛзімді жалғауымды күткендей, аузыма қарап қалыпты.
Жалпы, мұндай қылмыстардың қоғамға жария болып кетуінен сақтану керек. Адам 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет