Екі мыңыншы жылдарда қылмысты телефон арқылы ашу деген болмайтын. Қазіргідей ІТ
технология дами қоймаған, қарақшылар қолды болған телефонның нӛмірін ауыстырмай-ақ пайдаланып
жүре беретін заман еді. Нӛмір жеке тұлғаның атына тіркелмейтіндіктен, олардың кіммен байланыс
орнатқанын, кіммен қай жерден сӛйлескенін анықтау мүмкін емес-ті. Бүгінгідей телефон арқылы
күдіктінің қайда жүргенін анықтай қоятын мүмкіндікті қиялдай да алмайтынбыз.
Кафеге кіріп, оңаша һәм жайлы орын іздеп, алға озғаным сол еді, аяғыма әлдебір қара мысықтың
орала кеткені. Жүрегім аузымнан шығып кете жаздады.
Аяқ-қолым дірілдеп, ӛз-ӛзімді ұстай алмай
қалтырадым да қалдым. «Адам деген – жыртқыш аң. Кім әлді сол әлсізді жұлып жейді» дедім ӛз-ӛзіме.
Бұл сӛзді неге, кімге айтқанымды ӛзім де білмеймін. Сол-ақ екен, жанарымнан жас саулады. Бір
бүйірлей қарны ақтарылып жатқан келіншек. Оның қасында басы кесілген шарана. Айтуға оңай
болғанымен, кӛзбен кӛрген картинаны ұмыту әсте мүмкін емес еді. «Ертең рапорт жазып,
қызметтен
кетем» дедім. «Мынандай сұмдықты кӛрмей де жан бағуға болады».
– Сізге не болды? Сізге не болды, аға, – деп бәйек болып жатыр даяшы қыз. Формадағы
подполковниктің жылағанын кӛріп шошып кеткен.
– Ештеңе де болған жоқ, қарындас. Алаңдамаңыз, – дедім.
– Маған дереу жүз грамм арақ әкеліңіз. Тек тезірек жеткізіңіз.
Даяшы қыз сӛзімді екі етпеді. Графинге құйылған жүз грамм мӛлдір суды кішкене стаканымен
алдыма қойды. Стаканды ысыра салып, графиндегі арақты басыма кӛтере салдым. Ішімдік ішімді
күйдіріп бара жатыр.
– Қарындас, енді елу грамм. Сосын, қоюлап кофе әкелсеңіз.
Арақты тіскебасарсыз қотара салғаныма даяшы таңқала қарап қалыпты. Оның кӛзіне қарғаным
сол еді, қайтадан ішім алай-дүлей болып кетті.
– Жасыңыз нешеде? – дедім ӛксігімді баса алмай.
– Жиырма бесте, – деді даяшы қыз менен кӛзін ала қашып.
– Сендей жап-жас, сенімен түйдей құрдас, дәл сенімен жасты…
Ары қарай айтар сӛзім кӛмейіме кептеліп, ештеңе айта алмай тежеліп қалдым. Сӛйттім де:
– Сендей әдемілікті аялау,
қорғау керек қой, қарғам, – дедім.
– Аға, қызып қалған сияқтысыз. Такси шақыртайын, үйіңізге қайтасыз ба?
– Анау мысық кімдікі?
– Қожайындікі.
– Маған ұстап бересіз бе? Мысықтарды қатты жақсы кӛруші едім, – дедім мен.
Даяшы айтқанымды әп-сәтте орындады. Қара мысықты алдыма қондырдым да, бір қолыммен
кеудесінен ұстап отырып, екінші қолыммен арқасын сипалай бердім. Ол байғұс сытылып кете алмасын
білген соң, амалсыз менің дегеніме кӛнгендей маужырап, кӛзін жұмды. Жүкті келіншектің кеше ғана
мынау даяшы қыздай алаңсыз жұмыс жасап жүргенін ойлап едім, «рапорт жазып, қызметтен кетемін»
деген ой санамнан ұшты-күйлі жоғалды. Оның орнын «Қайтсем де
қанішерлерді тауып, жазасын
беремін» деген ой басты. Осы сәтте алқын-жұлқын майор да жетіп еді. Мен шіреніп отыра қалдым.
Майор алдымнан қара мысық кӛрем деп ойламаса керек, шошып кетті.
– Под-пол-ков-ник мыр-за, қо-лы-ңызда қа-ра мы-сық… – деді тұтығып.
– Қайдағы мысықты айтып отырсың? – дедім ештеңені аңғармай тұрған адамның кейпінде.
– Қо-қо, қа-қа, мы-мы… – деп кекештеніп, жұтына берді. Аяқ-қолы дір-дір етеді.
– Кӛзіңе жын кӛрініп тұр ма? – дедім ашуланған болып.
– Қа-қа, – деп лоқсыды.
– Майор жолдас, қорқа кӛрмеңіз. Кәдімгі үйдің
мысығы ғой, – деп әудем жерге қолымдағыны
лақтыра салдым. Мысық ұшып барып, жерге аяғымен түсті.
– Майор, ӛз-ӛзіңізді қолға алыңыз. Міне, мына суды ішіп жіберіңіз, – деп елу грамм арақты
графинімен алдына жылжыттым. Майор да арақты бір-ақ қылғытты. Сӛйтті де жылап жіберді.
– Кешіріңіз, подполковник мырза! Кешірім етіңіз! Сӛйтті де, тұра сала әжетханаға қарай жүгірді.
Мен ақырын тұрып, артынан бардым. Майор
әжетхана ішін кілттеп алып, лақылдатып құсып жатыр
екен. «Иттер, малдар… Ӛлтірем. Қолыма бір түссінші, ӛздерін бауыздап тастаймын» дейді құсып жатып.