Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! Қанат Әбілқайырдың «Қара мысық»



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата23.07.2024
өлшемі0.57 Mb.
#503026
1   2   3   4   5   6   7
Қара мысық Қ.Әбілқайыр

беріп, кешірім ала салады.
– Иә…
– Сосын, сот пара алып, екі жақты татуластыра қояды. Ылғи да біздің еңбек желге ұшады.
– Сен де жүйеге наразылық таныта бастағансың ба? – дедім майорға таңдана қарап.
– Жоқ, ӛзіңіз айтыңызшы. Бұл жерде қандай әділдік бар. Біз жылап-сықтап, қарғап-сілеп отырған 
жәбірленушіден арыз аламыз. Сосын, табанымыздан тозып қылмыскерді іздейміз. Дәлеліміз толық 
болған соң, күдіктіні қолға түсіреміз. Мойындатамыз. Ал, сол ұстаған қылмыскердің тоқсан пайызының 
ісі сотқа жетпей қалады.
– «Қара мысық» қылмыстық тобынан сондай бірдеңе байқадың ба?
– Қылмыстық топтың барлық мүшесінің қолы қанға малынған. Ісләмғалиевтің сеніміне кіру үшін 
топ мүшелеріне адам ӛлтіру міндет саналған. Іштегі шарананың басын кесіп алудың жалғыз себебі
сенімге кіру, ӛзінің осы топқа, топтың басшысына адал екенін кӛрсету үшін керек болған.
– Басқа себеп жоқ па?
– Жоқ.
– Құрманбаев анықтаған фотороботтағы жас жігіт бар ғой. Сол қылмыстық топқа мүше болу 
үшін ӛзі ұнатқан әйелдің, яғни Әнелдің қарнын жарып, шаранасын бауыздап тастаған.
– «Қара мысық» қылмыстық тобының мүшелері ӛлтірген адамдардың кейбірінің туыстары 
кешірім беріп те қойыпты. Біреу қақ маңдайдан таспен бір қойғандай есеңгіреп қалдым.
– Сосын, подполковник мырза! Кезекті еңбек демалысымды алып, «Қара мысық» қылмыс 
жасаған жерлердің біразын аралап қайттым. Мен майордың жанкештілігіне риза болып:
– Семей жақты шарлап қайтқан екенсің ғой, – дедім.
– Иә, мына тапқан суретімді қараңызшы. Қабырғадағы бейне… Мысықтікі… Әнелдің үйіндегі 
мысықтың сұлбасына ұқсай ма? Мен бір бүйірлей жатқан келіншек пен оның бауыздалған шаранасынан 
жанарымды ала қашып қабырғаға қарағанымда кӛрген бейне кӛз алдымда тағы жарқ етті. Бірақ, баланың 
қолымен сызылған шатпақтар жоқ. Қоңырқай қабырғаға салынған. Біраз жері ӛшіп үлгеріпті. Сурет 
ұстап тұрған қолым дірілдеп, қалтырап кетті. Ӛз-ӛзімді ұстай алмай қалдым.


– Бұлар адам ӛлтірген жердің бәріне сурет салған ба, сонда… – Оны нақты білмеймін, қойманың 
күзетшісі кәрі шалды ӛлтірген жерден осы суретті ғана таптым. Басқа жерлерден «қара мысықтың» 
суреті кезікпеді.
– Біраз уақыт ӛтті бәлкім, оқиға орнына салған суреттері ӛшіп қалған шығар.
– Ол да мүмкін, – деді майор.
Подполковник мырза, жәбірленуші тараптың кешірімін алған топ мүшелері тағы да 
бостандыққа шығып кете ме?
– Қараңғы бӛлмегі қара мысықты ұстау мүмкін емес, – дедім мен жұмбақтай сӛйлеп.
Қалай дәл айттыңыз, подполковник мырза! Әділетсіз қараңғы түнектегі елдің «қара 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет