Құрметті жерлестер!



бет2/4
Дата23.02.2016
өлшемі0.55 Mb.
#11050
1   2   3   4
Осы кемшіліктерді жою бойынша ауыл шаруашылығы және ветеринария мен жер қатынастары бөлімдеріне селолық округтар әкімдерімен бірге келесі міндеттерді орындауды тапсырамын:
1. Ауылшаруашылық малдарының генетикалық әлеуетін жақсарту және мал өсіруде ірі көлемді селекция жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
2. Аграрлық сектордың техникалық және технологиялық жабдықталуын жақсарту, ауылшаруашылық өнімін қайта өңдеу қуаттылығын арттыруды жалғастыру;
3. Асыл тұқымды шаруашылық дәрежесін алу жөніндегі жұмыста «Жебе» жылқы тұқымын өсіретін «Нұр» шаруа қожалығына (К.Онғарбаев), қойдың «Байс» тұқымын өсіру бойынша «Мәмбет» шаруа қожалығына (Е.Мәмбетов), ара өсіру бойынша «К.Тұңғышпаева» жеке кәсіпкеріне әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
4. «Жұмыспен қамту 2020» Бағдарламасының микрокредиттік ресурстары есебінен 9 селолық округта шағын құс шаруашылықтарын ашу;
5. Жеке секторда мал шаруашылығын дамыту үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
6. Эпизоотияға қарсы және ветеринарлық-санитарлық іс-шаралар жоспарын толық, сапалы және уақтылы орындау. Қажетті көлемде мал қорымдары мен арнайы қоршау салуды және жаңғыртуды жүргізу;
7. Жерді тиімді пайдалану ережелерін мүлтіксіз орындауды, егін және суармалы жерлер көлемін ұлғайтуды қамтамасыз ету. Ауылшаруашылық айналымына егістікке жарамды жерлерді тарту.
8. Егін құрылымындағы күнбағыстың үлес салмағын 15-18 %-ға дейін азайтуды және жемшөп дақылдарының 17% өсіміне қол жеткізу. Әртараптандыру үшін соя, нұт, қыша, сафлор, рапс сияқты дақылдарды енгізу.
9. Жер учаскелерін конкурстық негізде жалға беру және пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жұмысты жалғастыру.
Осы аталған тапсырмалардың барлығы орындалатын мәселелер, оларды іске асыру ауданның ауылшаруашылық кешенін әлдеқайда жоғары межелерге шығаруға мүмкіндік береді.
АУДАН БЮДЖЕТІ
2012 жылы аудан бюджеті 3 миллиард 773 миллион теңгені құрады. 2011 жылмен салыстырғанда 798,8 миллион теңгеге артқан. Бюджеттік қаражатты игеру пайызы 99,9% құрады.
Аудан бюджетінің басым бөлігі әлеуметтік бағыттарға тиесілі. Негізгі үлесі білім саласында – 62,6 %, әлеуметтік қорғау – 6,7 %, мәдениет – 7,0 %.
Меншік кірістері бойынша жоспар 100,8 % орындалып, 576 миллион теңге жоспардан нақты түскені 580,7 миллион теңге. Өткен жылы кірісті 157,5 миллион теңгеге дейін ұлғайтуға қол жеткізілді.
Меншік кірістерге жасалған талдау 2008 жылғы 323,9 миллион теңгеден 2012 жылы 580, 6 миллион теңгеге дейін өсімді көрсетеді, өсу қарқыны 179,3 %. Мемлекеттік сектордан түскен меншік кірісі 285 миллион теңгені немесе кірістің жалпы сомасынан 49,1 % құрайды. Нақты сектор түсімі 295,6 миллион теңгені немесе 50,9 % құрайды. Сонымен бірге, жеті ірі шаруашылық субъектілерінің: «Кумаров и К» ЖШС, «ЕТГ «Инвест холдинг» ЖШС, «SТМ» ЖШС, «ДСУ -14» ЖШС, «Рыбпром» ЖШС филиалы, «СемГео» ЖШС, «Каскад-Н» ЖШС салықтары 119,0 миллион теңге немесе барлық түсімнің бесінші бөлігін құрайды. Аудандағы барлық шаруа қожалықтарының, яғни 660 қожалықтан түсетін салық көлемі 5,4 миллион теңге немесе 0,9 % құрайды.
2013 жылдың 1 қаңтарына бюджетке берешек пен кредиторлық берешектер жоқ. Дебиторлық берешек 10,2 миллион теңгені құрайды.
Жоспарланған іс-шараларды іске асыру және қаржы тәртібін нығайту үшін қаржы бөліміне келесі тапсырмалар беріледі:
1. Бюджеттік заңнама талаптарының, мемлекеттік сатып алулар рәсімдерін өткізу ережелерінің сақталуына бақылауды күшейту;
2. Аудандық коммуналдық мүлікті тиімді басқаруды қамтамасыз ету.
КӘСІПКЕРЛІК
Салық басқармасының деректеріне сәйкес ауданда 1633 шағын бизнес субъектілері тіркелген. Соның ішінде 902 жеке кәсіпкер (55 %), 660 шаруа қожалықтары (39,8 %), 80 заңды тұлғалар (5%).
2012 жылы шағын және орта бизнес субъектілерінен 434,3 миллион теңге салық түсті, бұл алдыңғы жылмен салыстырған 30,6% артық, соның ішінде жергілікті бюджетке алдыңғы жылдан 62,8 % өсіммен 286,7 миллион теңге түсті.
Аудан тұрғындарына 30 қоғамдық тамақтану объектісі, 15 наубайхана, 23 дәріхана, 12 ЖҚС, 270 дүкен мен киоск, 6 сауда базарлары, 83 басқа объектілер қызмет көрсетеді.
Өткен жыл ішінде 300 жаңа жұмыс орындары құрылып, 3 дүкен, 1 дәріхана киоскісі, 2 кафе, 2 шаштараз, 3 тігін цехы, фотоателье, шиномонтаж цехы, техникалық қызмет көрсету орталығы, пима басу цехтері мен компьютерлік қызмет көрсету орындары ашылды.
Жаз мерзімінде Казнаковка, Миролюбовка, Мариногорка, Палатцы селолық округтарында 8 көкөніс өсіру бригадалары жұмыс істеді, 40 маусымдық жұмыс орыны құрылып, 3,5 мың тонна көкөніс пен бақша дақылдары өсірілді.
Ауданның көкөніс өсірушілерінің ішінде шеберлер деп Казнаковка селолық округындағы Зульфиевтер ағайындыларын, Көкпекті селолық округының «Кенжетай» шаруа қожалығын, Үлгілімалшы селолық округының «ҚалМұхЖомАхмет» шаруақожалығын атап өтуге болады.
Бағаны тұрақтандыру үшін селолық округтар әкімдерімен өткен жылы әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына 10 %-дан аспайтын үстемені бекіту жөнінде 196 меморандум жасалды. Тұрақтандыру қорынан алынған ұнды мақсатымен пайдалану ұйымдастырылды. Ауданның жеті ірі нан пісірушілерімен («Мәмбет», «Көктерек», «Қайсар», «Дюсупов» шаруа қожалықтары, Д.Мирзасов, А.Кудушева, Л.Дюсюпова жеке кәсіпкерлері) тұрақтандыру қорынан алынған ұннан пісірілген 1 бөлке нанды 48 теңгеден сату жөніндегі міндеттеме белгіленген 7 меморандум жасалды.
2012 жылдың қыркүйегінен желтоқсан айына дейін тұрақтандыру қорынан ауданға 503,5 тонна ұн жеткізілді, соның ішінде нан өндіруге 206 тонна, тұрғын халыққа сату үшін 297,5 тонна берілді.
«Мықты бизнес – мықты мемлекет» қағидасын іске асыра отырып, ауданда шағын кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсетілуде. Сенімгерлік басқаруға 1 объект берілсе, 9 объект кәсіпкерлерге жалға берілген. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру үшін шағын бизнес субъектілеріне 31 жер учаскесі берілді.
Кәсіпкерлікті дамытудың маңызды тетіктерінің бірі қаржы-несиелік қолдау болып табылады. Қаржыландырудың барлық көздерінен кәсіпкерлерге 1 миллиард теңгеден астам несие берілген. Соның ішінде: «Көкпекті несие НС» ЖШС 80,7 миллион теңге, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 244,4 миллион теңге, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 82 миллион теңге. БТА банкінің филиалы 47 миллион теңгеге 5 жобаны қыржыландырған. «Азия несие қоры шағын несиелендіру ұйымы» АҚ кәсіпкерлікті дамыту үшін 82 миллион теңге, «ҚазАгроҚаржы» АҚ 418,4 миллион теңге бөлді.
Ерекше мәнге бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ие болуда. 2012 жылы 299,5 миллион теңгеге 331 меморандум жасалған. Олардың орындалуы 300,5 миллион теңге немесе 100,4 % құрады.
Кәсіпкерлікті дамытудағы кемшілік факторы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу саласындағы шағын бизнес субъектілері үлесінің аздығы болып табылады. Ауданда өсірілген көкөніс өнімдерін сақтауға мүмкіндік беретін қоймалар жоқ. Қызмет көрсету сапасы әлі де нашар. Ауылдардың қоғамдық өміріне атсалысуға келгенде кәсіпкерлердің көбі енжарлық танытатыны байқалады.
Шағын және орта бизнесті дамыту үшін кәсіпкерлік бөліміне және селолық округтардың әкімдеріне тапсырамын:
1. Бизнес – бастамаларды қолдау бойынша шаралар қабылдау, мемлекеттік қолдау инструменттері туралы кәсіпкерлерді хабардар етіп отыру;
2. Ауылдар үшін маңызды жобаларға инвестиция тарта отырып, «Туған жерге тағзым» акциясы шеңберінде, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша меморандумдар жасауды қамтамасыз ету;
3. Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және сақтаудың жаңа өндірістерін құруды басымдық ретінде ала отырып, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты жандандыру;
4. Өндіру және тұтыну балансын әзірлеу;
5. Индустрияландыру Картасына енгізу үшін «Талап» және «Мәмбет» шаруа қожалықтарында бордақылау алаңын құру жөніндегі жобаларды дайындау;
6. Баға мониторингін жүргізу, инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша уақтылы шаралар қабылдау;
7. Жергілікті бизнес – бастамаларды ынталандыру және қолдау арқылы ішкі нарықты дамыту.
ТҰРҒЫН ҮЙ – КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Жергілікті билік органдары жұмысының негізгі бағытының бірі тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымдарының тұрақты жұмыс істеуі болып табылады. Олар: жылумен қамсыздану, автокөлік жолдарын дамыту, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.
2012 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша Көкжайық ауылындағы көше жолдары жөнделіп, жарықтандыру шамдары орнатылды. Үлкенбөкен-Көкжайық-Үлгілімалшы автомобиль жолының 2 шақырым учаскесінде 22,9 миллион теңгеге орташа жөндеу жүргізілді. Үлкенбөкен-Көкжайық-Үлгілімалшы автомобиль жолының 27 шақырым учаскесіне 250,0 миллион теңгеге күрделі жөндеу жұмысы басталды.
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау және ағымды жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен былтыр 45,3 миллион теңге бөлінді.
Жаз мерзімінде ұзындығы 34 шақырым Көкпекті-Биғаш автомобиль жолын, Мәметек өзені арқылы өтетін көпірдің су шайған учаскесін, Ажа ауылының кіреберіс жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Автокөлік жолдарының тозуы қомақты қаржы салу мен шығынды талап етеді, сондықтан жөндеу жұмыстары бағыттардың әлеуеттілігі және ауылдар мен халық санын ескере келе жүргізіледі.
Сумен қамтамасыз етудің басты міндеті қолданыстағы су құбыры желілерін жөндеу арқылы халықты сапалы ауыз сумен қамту болып табылады. Ауданда 4 ауылда тұрғындар орталықтандырылған суды пайдаланса, 52 ауылда санитарлық нормаларға сай жергілікті су көздерін пайдаланады.
Жерасты суларының қоры бекітілгеннен кейін Үлгілімалшы, Бастаушы, Теректі және Көкпекті ауылдарында сумен жабдықтау жүйесін салу және жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобалар 2013-2015 жылдарға арналған республикалық «Ақ бұлақ» бағдарламасына енгізіледі.

Су қысымын арттыру құрылыстары мен су құбырлары желілері «Көкпекті» және «Самар» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың балансында. Бұл кәсіпорындармен Көкпекті ауылындағы 21,6 шақырым, Самар ауылындағы 44 шақырым, Сарыбел ауылындағы 16,5 шақырым, Палатцы ауылындағы 6 шақырым су құбыры желілеріне, 20 су ұңғымаларына, 11 су сору станцияларына, 2 жергілікті су қысымын арттырушыларға қызмет көрсетіледі. Су желілерінің тозуы 70 %-дан артық.


Коммуналдық кәсіпорындармен алдын алу жөндеулері, құдықтар орнату және су құбыры желілеріндегі жарылуларды жою бойынша белгілі жұмыстар жүргізілуде. 2012 жылы су құбырларының жұмысына Самар және Көкпекті коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына 42, 4 миллион теңге бөлінді. Көкпекті ауылының Раев көшесіндегі 400 метр су құбырын ауыстыру арқылы су желілеріне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Самар ауылының солтүстік бөлігі тұрғындарын үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін Әуежай ауданында орналасқан су айдау стансасы іске қосылды, Красноармейская көшесі бойынша су мұнарасы орнатылды, Фонов көшесі бойындағы су құбыры жүйесіне құбырларды қосу арқылы ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қабылданған шараларға қарамастан, бұл мәселелер бойынша бірқатар кемшіліктер бар. Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жобалау-сметалық құжаттамалардың жоқтығы кедергі жасайды. Сондықтан, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне, селолық округтардың әкімдеріне сумен қамтамасыз етудің жаңа желілерін салу үшін тиісті құжаттамаларды әзірлеу бойынша шаралар қабылдау қажет. Коммуналдық кәсіпорындардың тиімділігі әлі де төмен.
Тұрғын үй комиссиясымен мемлекеттік тұрғын үй қорының есебі бойынша жұмыстар жүргізілді. Тексерудің қорытындысы бойынша тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің балансында 90 тұрғын үй және 34 пәтер тұр.
Бүгінгі күнге мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу үшін кезекте 325 адам тұр, оның 60-ы бюджеттік сала қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер, 265 адам халықтың әлеуметтік әлжуаз тобы (соның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 178 жетім балалар).

Қатты мұқтаждар тізіміндегі 7 өтініштің 6-уы қанағаттандырылды. Көкпекті және Самар ауылдарынан Ұлы Отан соғысы ардагерлері үшін 2 үй, Көкпекті мен Преображенка ауылдарында қатты мұқтаждар үшін 2 үй, №1 медицина бірлестігінің гинеколог–дәрігеріне, Казнаковка ауылындағы күнкөрісі төмен отбасына үйлер сатып алынды. 12 пәтер қызметтік деп табылды.


БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА
Телекоммуникацияны дамыту мақсатымен 2012 жылы екі антенна діңгектерінің құрылысы басталды, олардың іске қосылуы Палатцы, Новостройка, Мариногорка, Московка, Подгорное ауылдарының абоненттерін сандық байланысқа қосуға мүмкіндік береді.
«Megaline» қызметін ұсыну үшін Үлгілімалшы, Тассай, Үлкенбөкен және Сарыбел ауылдарында арнайы қондырғы қосылды.
Байланыс сапасын жақсарту үшін байланыс желілеріне ағымды жөндеу жұмыстары, бөлу шкафтарын күрделі жөндеу жүргізіліп, Сарыбел ауылындағы АТС талшықты оптикалық байланыс желісіне қосылды.
Көкпекті аудандық электр стансасымен 2012 жылы 111 шақырым электр өткізгіш желілері жөнделді, жоспарлы-ескерту жұмыстары және қолда бар құрал-жабдықтар мен өткізу желілеріне техникалық қызмет көрсетілді. Осыған қарамастан электр жарығын апаттық сөндірулер мен кемшіліктерді жою мерзімінің ұзақтығы орын алуда, бұл халықтың наразылығын тудырып, қалыпты тіршілікті қамтамасыз ету және әлеуметтік сала нысандарының жұмыс істеуіне қауіп келтіреді.
КӨРІКТЕНДІРУ
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан елді мекендерді санитарлық тазалау және көріктендіру мәселесіне көңіл бөлінеді.
Өткен жылы 4 апатты қоқыс орындары жойылды, 3 иесіз, қираған объектілер бұзылып, шығарылды, 4 әкімшілік ғимараттың қасбеті жөнделді. 5700 дана ағаштар, 1175 қума метр тал, 1785 шаршы метр аумақта гүлзарлар отырғызылды. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 33,4 миллион теңге сомасына Көкжайық ауылындағы демалыс саябағы, орталық алаң, талдар белдеуі абаттандырылып, иесіз аумақтар қоршалды. Преображенка ауылында 7,6 миллион теңгеге спорт және балалар алаңы салынды. Самар ауылында 18,0 миллион теңгеге Жеңіс саябағы жаңғыртылып, балалар алаңы салынды.
Елді мекендерді көріктендіруге ауыл тұрғындары да өздерінің аумақтарын ретке келтіріп, дәстүрлі сенбіліктерге белсенділікпен шығу арқылы үлкен үлес қосты. Бірлік пен еңбектің арқасында бүгін жаңарған саябақтар мен гүлбақтар ауылдарымыздың ішкі көрінісін жақсарта түсті. Тірек ауылдық елді мекендерін көріктендіруді мемлекеттік қолдау биыл да жалғасын табады. Осылайша, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 6,5 миллион теңге сомасына Көкжайық, Самар ауылдарының көше жолдарына ағымды жөндеу жүргізу, 1,5 миллион теңге сомасына Преображенка ауылын жарықтандыру жоспарланған. Осы жоспарларды біз тек халықтың белсенді қолдауы мен көмегі арқылы ғана жүзеге асыра аламыз.
Ағымдағы жылға тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің алдына келесі міндеттерді қоямын:
• Коммуналдық кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуі үшін заңнамамен бекітілген мерзім ішінде төлемдерді жинауды қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету қызметінің оңтайлы таррифтерін белгілеу мәселесін шешу, су құбыры желілерінің жеке учаскелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;
• «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты жандандыру, Тассай ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысын 2013 жылы аяқтау, Көкпекті, Теректі, Преображенка ауылдарындағы су құбыры желілерін салу және жаңғырту үшін жобалау - сметалық құжаттамаларын әзірлеу;
• Московка және Воздвиженка ауылдарына кіреберістегі көпірлерге, Преображенка-Шұғылбай, Биғаш - Комсомол, Биғаш – Егінбұлақ автокөлік жолдарындағы су өткізгіш құбырларын және автокөлік жолдарының жеке учаскелерін жөндеу;
• Иесіз электр желілерін мамандандырылған кәсіпорынның балансына беру жұмыстарын аяқтау;
• Подгорное, Палатцы, Новостройка, Мариногорка, Жұмба, Московка ауылдарының абоненттерін санды байланысқа қосу, Үлкенбөкен АТС үшін талшықты оптикалық байланыс желілерінің құрылысын және Самар ауылында телекоммуникция желілерін жаңғыртуды бастау;
• Ауылдарды көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмысты жалғастыру.

ҚҰРЫЛЫС
2012 жылы құрылыс жұмыстарының көлімі 25,5 % өсіммен 1,4 миллиард теңгені құрады. 15,2% өсіммен 1419 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.


Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес Мамай мен Ақ-ой ауылдарында апаттық мектептердің орнына жаңа мектептер салынды.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының үшінші бағытын іске асыру шеңберінде Көкжайық ауылындағы екі пәтерлі 10 үйдің құрылысы аяқталуда.
Көкпекті ауылында 2013 жылы кәріз желілері мен тазарту құрылыстарын салуды аяқтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Самар ауылында спорт модулі салынуда.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің жұмысында жобалау-сметалық құжаттамаларды дайындауға ерекше көңіл бөлінді. Көкпекті ауылындағы орталықтандырылған жылу беру қазандығын салудың жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстары аяқталуда, Тассай ауылындағы су құбыры желілерін салу үшін құжаттамалар әзірленді. Көкжайық ауылының бас жоспарын түзету және Преображенка ауылында құрылыстар салу кестесін әзірлеу жұмыстары аяқталуда. Көкпекті және Самар ауылдарында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салудың жобалау-сметалық құжаттамаларына қайта есептеу жүргізілді.
«Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді.
Сонымен қоса, облыстық құрылыс басқармасы мен мердігерлер арасындағы нашар байланыс объектілерді тапсыру кестесінің орындалмауына әкеп соғуда. Бұл бөлінген қаражаттардың толық игерілмеуінің басты себебі болды. Құрылыс талаптарын бұзу фактілері мен жұмыс сапасының төмендігі аудандық құрылыс бөлімі тарапынан тиісті бақылаудың жеткіліксіздігін көрсетеді, ал, бұл халықтың сыни ескерту айтуына себепші болады. Жобалау-сметалық құжаттамаларды зерделеуге үстіртін қарау құрылыс кезінде анықталып жататын кемшіліктерге әкеп соғады және жұмысқа кедергі жасайды.
Ағымдағы жылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне тапсырамын:
•Самар ауылындағы спорт модулінің, Көкпекті ауылындағы кәріз желілерінің, Көкжайық ауылындағы сыртқы инженерлік желілердің құрылысын уақтылы және сапалы аяқтау бойынша шаралар қабылдау.
• «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты шеберінде жетпей тұрған инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдарды орнату мен дамытуды, сондай-ақ аумақтарды дамыту Бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
Жергілікті атқарушы органдар жұмысының негізгі бағыты әлеуметтік салалар қызметін ұйымдастыру болып табылады.
БІЛІМ БЕРУ
Білім саласында 4401 оқушы қамтылған 42 мектеп, тәрбие жұмысы Орталығы жұмыс істейді.
Үкіметтің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 Қаулысына сәйкес үш жыл бұрын білім беру сапасын арттыруға бағытталған білім саласын оңтайландыру жұмыстары басталды. Былтыр Романовка мектебі қайта құрылды. Бүгін ауданда контингенті бойынша білім беру ұйымдары желілерінің тиісті нормативтеріне сай келмейтін 16 мектеп бар. Бұл бағыттағы жұмыстар заңнама талаптарына сәйкес жалғасатын болады.
«Балапан» бағдарламасы сәтімен жүзеге асуда. Ауданда 510 бала қамтылған 3 балабақша және 1406 келуші бала санымен 42 шағын орталықтар бар. 2012 жылы Мариногорка және Амангелді мектептерінде толық күн жұмыс істейтін 40 орынға арналған 2 шағын орталық ашылды. Осылайша, 2 жастан 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндердің барлығы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етілген.
Көкпекті мектебінің ішінде «Қазақстан жолы» оқу-тәрбие орталығы ашылды.
Ауданда 915 мұғалім жұмыс істейді, соның ішінде 73 жоғары категориялы, 276 бірінші категориялы. Жыл ағымында біліктілік арттыру институтында ауданның 245 мұғалімі оқу курстарынан өтті.
Дәстүрлі «Жыл ұстазы» конкурсында аудандық және облыстық деңгейде Октябрь орта мектебінің мұғалімі Рашиева Назымгүл 1 орын алды.
«Дарын» ғылыми-практикалық орталығының жұмысы талантты және дарынды балаларды қолдауға бағытталған. Облыстық олимпиадалар мен конкурстарда ауданның 8 оқушысы жүлделі орындар алды. «Алматыдағы қысқы ертегі» республикалық фестивалінде Әуезов атындағы мектептің оқушылары өздерін жоғары дәрежеден көрсетті. Преображенка мектебінің оқушысы Мусина Надия қазақ тілінен өткен Халықаралық олимпиадада 3 орын алды. Менің дарынды балалармен және үздік мектеп түлектерімен кездесулерім дәстүрге айналды.
2012 жылы Самар ауылындағы кәсіптік лицей аграрлық –техникалық колледж дәрежесін алды. Қажетті мамандықтар оқытыла бастады. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша электромонтер, омарташы, газ-электр дәнекерлеуші мамандықтарына 60 оқушы оқытылатын 3 топ құрылды. Осы курстардың ашылуымен колледжді жаңғыртуға және материалдық техникалық базасын жаңартуға 9 миллионнан астам қаражат бөлінді.
Педагогикалық кадрларды орнықтыру үшін мақсатты жұмыстар жүргізілуде. 2012 жылы ауданға 42 жас маман келсе, соның ішінде 19 мұғалім «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша. 11 жас маманға көтерме жәрдемақылары, 7 маманға тұрғын үй алуға жеңілдетілген несиелер берліді.
Өткен жылы 382 түлек мектеп бітіріп, 262 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 73,1 құрап, облыстық рейтингте 6–шы орынға шығуға мүмкіндік берді.
Мектептердің материалдық – техникалық базасы айтарлықтай жақсарды. 1,8 миллион теңге сомасына 3 химия кабинеті, асханаларға техникалық құрал–жабдықтар мен жиһаздар, 1,8 миллион теңгеге медицина кабинетіне және акт залына арналған жабдықтар, 1,1 миллион теңгеге спорттық құрал–жабдықтар, 11,9 миллион теңгеге мүгедектерге арналған жабдық, 7,4 миллион теңгеге компьютерлер, 12,9 миллион теңгеге оқулықтар, 1 миллион теңгеге Самар ауылының шығармашылық үйіне жиһаз сатып алынды.
Ақ–ой мен Мамай ауылдарындағы апаттық мектептердің орнына жаңа мектептер салынып, облыстық бюджеттен 556 миллион теңге игерілді. 94,6 миллион теңгеге Көкжайық мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Октябрь, Аухадиев атындағы, Жұмба, Абай атындағы (Бастаушы ауылы), Самар ауылындағы тәрбие жұмысы орталығының ғимараты ағымды жөндеуден өтті.
Ауданның жазғы сауықтыру лагерьлерінде барлығы 510 бала демалды. 2012 жылы жазғы демалыстың барлық түрімен 2718 бала қамтылды, бұл жалпы оқушылар санының 60% құрайды.
Білім саласындағы жетістіктермен қоса бірқатар шешілмеген мәселелер де орын алады. Ақпараттық технологияларды енгізу жұмысы нашар. Ауданның бір де бір мектебінде электрондық оқыту жүйесі жұмыс істемейді. 2020 жылға дейін балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқумен толық қамтуға қол жеткізу жөніндегі Елбасының тапсырмасын орындау бізден бұл міндетті шешуде жаңа тәсілдер қолдануды қажет етеді.
Балалар қылмысы, маскүнемдік, нашақорлық, өзіне өзі қол жұмсау – мектептің ғана емес бүкіл қоғамның проблемасына айналды. Олардың шешу жолы – балалар мен жеткіншектердің бос уақытын ұйымдастыру, спортқа, саламатты өмір салтына тарту.
Осыған байланысты білім беру бөлімінің алдына келесідей міндеттер қоямын:
• Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
• Пантелеймоновка мен Ажа ауылдарындағы мектеп ғимараттарының мәселесін шешу бойынша зерделеп, ұсыныс енгізу.
• Бастаушы ауылындағы апаттық жағдайдағы мектептің орнына жаңа мектеп салу және Подгорное мектебінің ғимаратын ағымдық жөндеу мәселесін шешуді бақылауға алу.
• 5 мектепті резервті дизель электрстанцияларымен, 10 мектепті асханаларға арналған технологиялық жабдықтармен жыбдықтауды, «Қазақстан жолы» орталығын материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз ету.
• ҰБТ көрсеткіштерін жоғарлату, білім сапасын арттыру, 12 жылдық білім беруге жоспарлы көшу бойынша жұмысты жалғастыру.
• «Балапан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Ж.Шайжүнісов атындағы, Қ.Аухадиев атындағы және Жұмба мектептерінің шағын орталықтарын толық күн жұмыс уақытына ауыстыру.
• Оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды, интерактивті жабдықтарды пайдалануды және электрондық оқыту бағдарламасын енгізуді қамтамасыз ету.
• Ауыл мұғалімдері арасында компьютерлік сауаттылыққа оқыту курстарын ұйымдастыру.
ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Мемлекеттің стратегиясы әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік прогреске бағытымен құрылады. Барлығы 2012 жылы ауданның әлеуметтік саласына 273,2 миллион теңге жұмсалды, соның ішінде аудандық бюджеттен 192,9 миллион теңге.
2013 жылдың 1 қаңтарына ауданда 122 жұмыссыз тіркелген, экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,7 % құрап, 2011 жылдың деңгейінде қалып отыр. Өткен жылы қоғамдық жұмыстарға 401 адам тартылды, 646 жұмыс орны құрылды, 355 адам жұмысқа орналастырылды. Көкпекті және Көкжайық ауылдарында ұйымдастырылған бос орындар жәрмеңкесінде 53 адам жұмысқа жіберіліп, 60 адам кеңес алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет