ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№ 1 тақырып. «Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің түрлері. Өкпе ұяшығының гипо- және гипервентиляциясы» .
Сабақ мақсаты:
Өкпе гиповентиляциясының обструкциялық және рестрикциялық түрінің этиологиясы мен патогенезі
Оқыту міндеті:
Берілген тақырыпты меңгерген студент орындай алады:
Бронхообструкциялық синдромның патогенезін түсіндіре алу
Гиповентиляцияның рестрикциялық түрінің, өкпе тінінің тығыздалуы, плевра қуысында сұйықтықтар мен газдар жиналуының патогенезін түсіндіре алу
Спирометрлік көрсеткіштер арқылы гиповентиляцияның түрін анықтау
Ситуациялық есептер бойынша қорытынды жасау
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі туралы түсінік. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің патогенезі, орналасуы, қанның газдық құрамының өзгеруі, ағымы бойынша жіктелуі.
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің желдетулік түрі туралы түсінік, түрлері. Өкпе гиповентиляциясының обструкциялық түрі. Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының обструкциясы кезіндегі өкпе көлемі мен сыйымдылығы өзгеруінің патогенезі мен себептері.
Өкпе гиповентиляциясының рестрикциялық түрі, өкпеішілік (өкпе тінінің тығыздалу синдромы) және өкпеден тыс себептері (плевра қуысында сұйықтық және газ жиналу синдромы ж.б.), патогенезі, өкпе көлемі мен сыйымдылығының өзгеруі.
Оқыту және сабақ беру тәсілдері:
Ауызша сұрау, сынамалау, шағын топтармен жұмыс істеу: тапсырманы орындау, пневмограммаларға тұжырым жасау
Машықтық жұмыс
Мына сұрақтарға жауап беріңдер:
Қандай тыныс алу көрсеткіштері өзгереді және олар қандай жолдармен өзгереді (тереңдігі, жиілігі, демді ішке тарту және демді шығару кезеңдерінің арақатынасы)?
Тыныс алу түрі өзгерістерінің патогенезі қандай?
Осындай бұзылыстар қандай аурулар мен дерттік үрдістерде дамиды?
№ 2. тапсырма
|
Суретті қолдана отырып, кеуде іші және кеуде сыртында тыныс жолдары тарылғанда, демді ішке тартқан кезінде және демді шығарған кезді тыныс жолдары саңылауының өзгеруін түсіндіріңдер. Өзгерістің даму тетігі қандай?
|
№3 тапсырма.
Бастапқы пневмограмма № 1 тапсырмада. Жасанды гидроторакс кезіндегі тыныс алу ерекшелігінің өзгерістерін сипаттаңыз және осы бұзылыстардың патогенезін көрсетіңіз. Осындай тыныс алу бұзылысы қай ауруға тән?
Достарыңызбен бөлісу: |